Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pp02.07.2011-767kz (1).doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
775.68 Кб
Скачать

5. Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу

 

147. Осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган Конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, Конкурстың өткізілетін күнін, орнын және уақытын, Конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттарды, өтінімдерді қабылдау орны мен мерзімдерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.

148. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде Комиссия конкурс алдындағы Конкурс өткізу мәселелері бойынша конференция өткізеді.

149. Комиссия төрағасы Конкурсқа қатысушылар ұсынған мәліметтердің растығын сол жерге шығып тексеруді ұйымдастыру үшін (бұдан әрі - Тексеру) Комиссия құрамына кірмейтін жергілікті атқарушы органдардың, көліктік бақылау органдардың және жол полицияларының өкілдерінен конкурс алдындағы комиссия құрады.

Комиссия төрағасының болмауына байланысты конкурс алдындағы комиссия құрамы туралы шешімді уақытында қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, Комиссия конкурс алдындағы комиссия құрамын алқалы түрде анықтай алады.

150. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттаманың жиынтығына өтінім береді және олардың құнын төлейді. Конкурстық құжаттама жиынтығының құны, конкурс өткізуге байланысты шығындардың калькуляциясына сәйкес болуы тиіс, бірақ Конкурс өткізу туралы хабарландыру шығатын күнге бекітілген ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 есе мөлшерінен аспауы тиіс.

151. Осы Қағиданың 143-тармағының 1), 4), және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, конкурсқа қатысушылар үшін дайындалған конкурстық құжаттаманың жиынтығы жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу Конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады және оның басталуына дейін он жұмыс күн ерте аяқталады.

152. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін тиісті лот бойынша Конкурсқа қатысу үшін өтінімді (бұдан әрі - өтінім) Комиссияға конкурстық құжаттамаға қоса берілген конвертке салынған мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қатысушы туралы ақпараттың толтырылған бланкісін;

2) өз қызметін заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

3) жолаушылар мен багажды жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариалдық куәландырылған көшірмесін (қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа);

4) автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

5) техникалық құжаттардың және әрбір бірлік үшін алдыңғы тоқсанға мемлекеттік техникалық байқаудан өту туралы куәліктердің көшірмелерін (жергілікті атқарушы органдардан көрсетілген автокөлік құралдарының басқа жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында тіркелмегені туралы анықтаманы);

6) жүргізушілер құрамы туралы анықтама (әрбір жүргізуші бойынша еңбек шарттарының және жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін қоса);

7) маршруттың барлық ұзақтығына диспетчерлік сүйемелдеудің және телефонның немесе басқа байланыстың болуы, сондай-ақ техникалық себептер бойынша (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) маршрутта олардың қозғалысы тоқтаған жағдайда автобустарды ауыстыру мүмкіндігі туралы анықтаманы;

8) «Автокөлік құралдарының техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысымен бекітілген шарттарға сәйкес жылжымалы құрамды техникалық жөнділік қалпында ұстау бойынша қажетті кешенді жұмысты өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттар көшірмелерін, соның ішінде өнеркәсіптік-техникалық базаға құқықтық орнататын және құқықтық куәландыратын құжаттар, профилактикалық медициналық қарауды жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық қызметкермен шарттың көшірмесі;

9) жолаушылар мен багажды маршруттың тоқтау пунктері бойынша, соның ішінде маршруттағы екінші дәрежелі тоқтау пунктері бойынша (қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа) тасымалдауға ұсынылатын тарифтер;

10) барлық тұрақты маршрут бойынша автобустар жүргізушілерінің ауысу уақыты мен орнын көрсетумен (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) жүргізушілердің еңбек және тынығу режимі графигін;

11) толтырылған және қатысушының қолымен және мөрімен расталған, конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандардың санына тең мөлшердегі конкурстық ұсыныстарды.

Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда біркелкі, түзетулерсіз және өшірулерсіз ресімделеді.

Құжаттармен қоса берілген өтінім нөмірленеді, тігінделеді және конкурсқа қатысушының мөрімен бекітіледі.

153. Комиссияның хатшысы мерзімінде берілген өтінімдерді қабылдайды да, қатысушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама (анықтама) беріледі, содан кейін конкурстық ұсыныстарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.

Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерді бұзып берілген өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды Комиссия қарамайды.

154. Өтінімдерді қабылдау осы Қағиданың 152-тармағында көзделген барлық құжаттар болған кезде жүргізіледі.

155. Қабылданған өтінімдермен қатар конкурс алдындағы комиссия немесе Комиссия хатшысы Тексеру кестесін жасайды және 3 күннен кешіктірмей әрбір қатысушыны Тексеру уақыты туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Қатысушы тексеру күні конкурс алдындағы комиссияға барлық қажетті материалдарды ұсынады және оларды талап етілетін объектілермен таныстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

156. Конкурс алдындағы комиссия мүшелері конкурстық құжаттамаға қоса берілетін құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын, конкурстық ұсыныста көрсетілген автокөлік құралдары класстарының, моделінің және тіркеу нөмірінің сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық ұсыныста көрсетілген жылжымалы құрамды сақтау, өнірістік-техникалық базада техникалық қызмет көрсетуі және жөндеу мүмкіндігін тексереді.

Тексеру нәтижелері бойынша конкурс алдындағы комиссия конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы туралы, қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкісіне белгі қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Қағиданың 1-тарауының 3-бөлімінде көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анықтаманы (бұдан әрі - Анықтама) қоса тіркейді.

Уақытты оңтайландыру және Анықтамаға қол қою үшін конкурстық ұсыныстарда берілген мәліметтердің дәйектілігі туралы пікірлер қалыптастыру мақсатында объектілер және тексеру түрлері бойынша конкурс алдындағы комиссия мүшелерін бөлуге рұқсат етіледі.

Көрсетілген құжаттар қатысушы ұсынған өтінім мен құжаттар бар тиісті конвертке жабылады.

157. Конкурс өткізілетін күні Комиссия мүшелері қатысушылардың өтінімдері мен қоса берілген құжаттары бар конверттерді кезекпен ашады да, конкурстық ұсыныстарды қатысушыларды тіркеу тізіміне сәйкес қарайды.

Комиссия мүшелері бағалау шкаласына сәйкес осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес конкурстық ұсыныстарды бағалау парағына баллдарды қояды.

Конкурстық комиссия қатысушылардың өтінімдері мен қоса берілген құжаттарын қарау кезінде конкурста қатысу үшін өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша түрде қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұратады.

158. Конкурстық ұсыныстарда көрсетілген автобустардың, шағын автобустардың (резервтік жылжымалы құрамды ескере отырып) санаты, жолаушылар сыйымдылығы және саны осы Қағиданың талаптарын және маршруттардың негізгі сипаттамаларын қанағаттандырмаған жағдайда, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылар белгілеген қосымша талаптарды орындау конкурстық ұсынымдарда көрсетілмеген жағдайда Комиссия өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды қараудан бас тартады.

159. Тасымалдаушыға өтінішті қараудан мынадай жағдайларда бас тартылады:

1) ұсынылған құжаттардың толық емес және белгілінген талаптарға сәйкес еместігі;

2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерінің нақты еместігі;

3) осы Қағиданың талаптарына жылжымалы құрамының сәйкес еместігі;

4) жылжымалы құрамды техникалық жарымды жай-күйде ұстау бойынша қажетті кешенді жұмысты өткізуге және автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруге, сондай-ақ жүргізушілерді рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруге мүмкіндігі болмаса;

5) осы Қағиданың 178-тармағында көрсетілген шарттың елеулі шарттарын орындамау себебі бойынша тасымалдаушы соңғы алты ай ішінде мерзімнен бұрын шарттарды бұзса.

160. Қатысушылардың нақты лотқа құжаттары бар барлық конверттер қаралғаннан және бағаланғаннан кейін Комиссия хатшысы конкурстық ұсыныстарды бағалау парақтарының қорытынды баллдарын тиісті қатысушылар бойынша қосады да, жалпы жиынтық баллды анықтайды, ол хаттамаға тіркеледі.

161. Жалпы жиынтық баллдардың нәтижелері бойынша Комиссия мүшелері барынша жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын, оның ішінде Анықтамасын қарайды.

Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Қағиданың 1-тарауының 3-бөлімінде көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы конкурс алдындағы комиссияның оң бағасы болған жағдайда, осы қатысушы тиісті лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп танылады.

Конкурс алдындағы комиссия теріс қорытынды шығарған жағдайда, Комиссия мүшелері жоғарылығы бойынша келесі жалпы жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын қарауға көшеді.

162. Егер бір қатысушының өтініші ұсынылғанда, жолаушылардың және багаждың маршрутқа қызмет көрсету құқығына Конкурс өтпеген деп танылады. Егер конкурсты қайта өткізген кезде бұл маршрутқа бір қатысушының өтініші ұсынылғанда, онда онымен конкурс талаптарына сәйкес болған жағдайда шарт жасалады.

Егер қандай да болмасын лот бойынша бір де бір қатысушы тіркелмесе, Конкурс өтпеген деп танылады және Конкурсты ұйымдастырушы осы лот бойынша негізгі талаптарды өзгертеді немесе басқа лот жасайды және келесі Конкурсқа шығарады.

Егер паритеттік жақтан қалааралық облысаралық маршруттарға қызмет көрсету құқығына өтініштер түспеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган екінші паритеттік тасымалдаушыға барлық маршрутқа қызмет көрсету құқығын ұсынады.

163. Өткізілген Конкурстың нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия мүшелері қол қояды да, Комиссия төрағасы бекітеді. Комиссияның әрбір мүшесі өзінің айрықша пікірін жазбаша жазады және оны хаттамаға қоса береді.

Комиссияның шешімі, егер оның отырысына мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса, заңды деп танылады.

164. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурс өткізілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде өздері ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау нәтижелерін барлық қатысушыларға жазбаша жібереді.

165. Конкурс нәтижелері сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.

166. Жекелеген лоттар бойынша Конкурс нәтижелерін сот жарамсыз деп таныған жағдайда, сондай-ақ Конкурс өтпеген деп танылған жағдайда, қайта Конкурс алдыңғы Конкурстың нәтижелерін жою туралы сот шешімі қабылданғаннан немесе оны өтпеген деп танығаннан кейін 30 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Бұл ретте алдыңғы Конкурстың қатысушыларына конкурстық құжаттама тегін беріледі.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]