Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pp02.07.2011-767kz (1).doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
775.68 Кб
Скачать

1. Жалпы ережелер

 

213. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау жергілікті атқарушы органдар бекіткен маршрут желісі бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушылар легін талдау, шалғай ауылдық елді мекендердің тұрғындарына көлік жеңілдігін қамтамасыз ету негізінде, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстары бойынша жасалады.

214. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттық желілерін салу мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады:

1) халықтың тасымалдауға мұқтаждығын қамтамасыз ету;

2) маршруттың жүру жолындағы барлық жақын жатқан елді мекендерді қамтудың барынша мүмкіндігі;

3) тасымалдаудың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ экологиялық зиянды қалдықтардың мөлшерін төмендету мақсатында маршруттарда жұмыс істеу үшін автобустардың, шағын автобустардың оңтайлы саны мен үлгісін (класын) пайдалану.

215. Маршрут бойынша 400 километрден астам тоқтаусыз жүрген жағдайда тасымалдаушы жолаушылардың демалуы және қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін кемінде он минут технологиялық аялдаулар көздеу тиіс. Технологиялық аялдауларда қосымша жолаушыларды отырғызуға тыйым салынады.

 

 

2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарын айғастыруға қойылатын талаптар

 

216. Жолаушылар мен тұрақты тасымалдаудың маршруттары ең төмені V санаты бар республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жасалады.

217. Маршруттардың ұзақтығы 100 км артық кезде, оларды жасау жүру жолы бойынша телефон байланысының болуы ескеріледі. Осы талапты қанағаттандыру мүмкін болмаған кезде, осындай маршруттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылар автобустарды сенімді ұялы байланыспен қосымша жабдықтайды.

218. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарының қалаларда және ірі селолық елді мекендерде орналасқан аралық аялдау пункттері мүмкіндігінше автовокзалдарда (автостанцияларда) болуы тиіс.

219. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарының автовокзалдардан (автостанциялардан) тыс орналасқан аралық аялдама пункттері осы Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталады.

 

 

3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру тәртібі

 

220. Автобусқа, шағын автобусқа отырғызу кезінде жолаушыда жол жүру құжатының (билеттінің) болуы тексеріледі. Автовокзалдарда (автостанцияларда) тексеруді - отырғызу бойынша кезекші, ал осындай кезекшілер жоқ аялдама пункттерінде жүргізушілер немесе бақылаушылар жүзеге асырады.

221. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау маршруты бойынша жол жүру билеттері, оларда көрсетілген күн мен рейстің нөміріне ғана жарамды болып табылады.

222. Жолаушылар жол жүру құжаттарын (билеттерді) сапардың барлық уақыты бойы сақтайды және заңнамаға сәйкес олардың болуын бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың бірінші талабы бойынша тексеру үшін көрсетеді.

223. Жолаушы билетте көрсетілген нөмірге сәйкес автобуста орын алады. Тасымалдау кезінде жолаушыларды, автобустың отыратын орындар санынан асатын мөлшерде тасымалдауға жол берілмейді.

224. Жолаушымен 7 жасқа дейінгі бірнеше бала жүрген жағдайда, олардың әрқайсысына жеке орын беріледі.

225. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдаудың маршруттарында сапарды жүзеге асыру кезінде:

1) жол жүру құжаттарына қандай да болмасын түзетулер енгізуге;

2) автобустың, шағын автобустың салонында багаж алып жүруге;

3) темекі тартуға, қоқсытуға, спирт ішімдіктерін ішуге;

4) жүргізушіні әңгімемен алаңдатуға, сондай-ақ автобустың қозғалысы кезінде салон ішінде жүруге;

5) от қауіпті, жарылғыш, улағыш, жеңіл тұтанатын, улы, уытты және күлімсі иісті заттарды, құндағы және дәрімен атылатын ілеспе құжаттары жоқ қаруды, сондай-ақ жолаушыларға, не автобус салонының жабдығына немесе жарағына залал (ластау немесе зақымдау) келтіруі мүмкін заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берілмейді.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]