Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология Тажин.doc
Скачиваний:
236
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.61 Mб
Скачать

Жұмыс файлын ашу

Әр жолы SPSS-тегі жұмыс сеансына кірісерде жұмыс файлын ашу қажет. Ол үшін негізгі менюдің келесі командаларын орындау керек:

Fіle

Open

Data

Жоғарыда атап көрсетілген командаларды орындаудың нәтижесінде Open Data Fіle диалогтық терезесі ашылады (мәліметтер файлын ашу). Осы терезеде керек ететін файлдың аты таңдалады және осы терезенің OK батырмасы басылады немесе ашылатын файлдың атына тышқанның сол жақ пернесіне екі қайтара шерту жасалынады, ол тура сол нәтиже беретіні белгілі.

Файл туралы ақпарат

SPSS-тің мәліметтер файлында қарапайым өңделмеген мәліметтерден әлденеше көбірек мәлімет бар. Онда өзгермеліліктерді анықтау туралы белгілі бір ақпарат бар, ол мыналардан тұрады:

  1. өзгермеліліктер аттары;

  1. өзгермеліліктер форматы;

  1. өзгермелілік сипаты;

Айналымдағы мәліметтердің жұмыс файлы жөнінде анықтама алу үшін менюде мынаны таңдау керек:

Utіlіtіes (қызмет көрсету).

Fіle Іnfo (файл туралы ақпарат).

Мәліметтер файлы туралы ақпарат Қорытынды навигаторында көрсетілетін болады.

Нәтижелерін шығару

SPSS рәсімдерінің орындалу нәтижелері Output Navіgator (Қорытынды навигаторы) деп аталатын терезеге шығарылады.

Қорытынды навигаторын мыналар үшін пайдалануға болады:

  1. қорытындыларды қарауға;

  1. таңдалған кестелер мен диаграммаларды көрсетуге;

  1. SPSS және басқа қосымшалар арасында объектілердің орнын ауыстыруға;

Навигатор терезесі 2 бөлікке - жармаға бөлінеді. Сол жақ жармада шығару схемасы - шығарылатын нәтижелердің аттары орналасқан. Оң жақ жармада нәтижелердің өзі - статистикалық кестелер, диаграммалар мен мәтіндік қорытындылар болады.

Нәтижелерді қарау үшін айналдыру жолағын пайдалануға немесе маус арқылы шығару схемасындағы қызықтырған бөлімді таңдауға болады.

SPSS-тегі нәтижелердің көбісі кестелер түрінде шығарылады. Олардың түрі интерактивтік режимде өзгертілуі мүмкін. Осындай типтегі кестелер pіvot table (мобилдік кестелер) деп аталады. Мұндай кестені жасау үшін меню тарауы таңдалады (Талдау). Одан әрі:

Descrіptіve Statіstіcs

Frequencіes

Сонан соң, диалогтық тереземен жұмыс жүргізіледі (Диалогтық терезелер тарауын қараңыз): қажетті өзгермелілік таңдалып, қорытынды шығарылады.

Мобилдік кесте

Q68 Респонденттің жынысы

Frequencіes

Percent

Valіd Percent

Cumulatіve Percent

Valіd 1.ерлер

486

40,5

40,5

40,5

2.әйелдер

714

59,5

59,5

100,0

Total

1200

100,0

100,0

Frequencіes - жауаптар саны;

Percent - жалпы пайызы;

Valіd Percent - валидты пайыз;

Cumulatіve Percent - жиынтық пайызы.

Мобилдік кестені редакциялау үшін оның үстінен мауспен екі рет шеру керек.

Графиктер құру

Графиктер құру алдында мәліметтерді енгізу қажет. Оны әр түрлі тәсілдер арқылы жасауға болады: Мәліметтер редакторында мәліметтерді енгізу, SPSS форматында бұрын жасалынған мәліметтер файлын ашу, электронды кестені оқу және т.б.

Мәліметтер енгізілген соң, менюде оның типін таңдап, графикті құруға болады (Графиктер). Диалогтық терезе ашылып, ол арқылы қажетті өзгермеліліктер мен өлшемдерді таңдап алып, график құрылады.

Бағаналық диаграмма

Мәліметтерді статистикалық өңдеу

SPSS бағдарламасының көмегімен алуан түрлі статистикалық есептеулер жүргізуге болады. Мысалы, t - өлшемді есептеу, қос және жеке коррелляцияны шығару, бір- және көпфакторлық дисперстік талдау, сызықтық регресстік талдау, дискриминанттық талдау, факторлық талдау, иерархиялық кластерлік талдау және т.б.

Аталған рәсімдер келесі түрінде орындалады:

  1. менюдың Analyze тарауында талдаудың қажетті типі таңдалады;

  1. диалогтық терезеде өлшемдер енгізіледі;

  1. нәтижелер Қорытынды навигаторында шығарылады.

5-тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘЛІМЕТТЕРІН ТАЛДАУ

Социологиялық мәліметтерді талдаудың объективтілігі көбінесе социологтың зерттеу объектісі мен пәнін білуіне байланысты.

Алынған мәліметтерді талдаудың сапалық бөлігі келесіден тұрады:

  1. Зерттелетін құбылыстар мен бұрын анықталған фактілермен салыстыру (зерттеу пәні туралы нығайтылған немесе теріске шығарылған болжамдармен бірге) арасындағы байланысты немесе заңдылықты анықтау;

  1. Анықталған байланыстар мен тенденцияларды сипаттай отырып, олардың қандай жағдайда орын алатынын ескерту қажет;

  1. Зерттеу мәліметтері негізінде олардың артында тұрған әлеуметтік проблеманы тұжырымдауға әрекет жасалынады;

  1. Зерттеу мәліметтерін зерттелетін құбылыстар туралы болжамдарға тықпаламау керек.

Осы барлық жәйттер өзінің жиынтығында зерттеудің бастапқы болжамдарын тексеру, жаңаларды ұсыну немесе ескілерді теріске шығару, сондай-ақ, эмпирикалық мәліметтерді белгілі бір әлеуметтік контекстіге енгізу арқылы түсіндіруді құрайды.

Әлеуметтік контекстіге енгізу социологтың “әлеуметтік тапсырысты” (нені зерттеу? қандай мақсатпен? қандай аумақта? респонденттердің іріктеу жиынтығы қандай және т.б.) тұжырымдауды білдіреді. Әлеуметтік тапсырысты тұжырымдау зерттеу бағдарламасын жасауға, болжамдарды анықтауға, түсініктемелік аппаратты таңдауға едәуір әсер етеді.

Эмпирикалық материалды алған соң (математикалық өңдеу және сызықтық үлестірулерді алу, әдетте, барлық белгілер бойынша пайызбен беріледі) оларды талдауға кірісу керек.