Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология Тажин.doc
Скачиваний:
236
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.61 Mб
Скачать

Саяси социологияның зерттеу объектісі мен пәні

Саяси социологияның объектісін саяси институттар, жүйелер, адамдардың осы шеңбердегі іс-қимылдары, саясатқа адамдардың, әлеуметтік қауымдастықтардың, топтардың әсер етуі құрайды.

Саяси социологияның зерттеуінің пәндік сапасы: қоғамның саяси өмірінің әлеуметтік аспектілері, саяси биліктің әлеуметтік феномен ретінде саяси саланың қоғамның басқа салаларымен әлеуметтік өзара әрекеттесуі. Саяси социологияның негізгі пәні: саяси билік, оның қызмет етуінің әдістері мен формаларын және индивидтердің, әлеуметтік топтардың, этникалық қауымдастықтардың саяси санасын, мүдделері мен іс-қимылын нақтылы және жеке-жеке жіктеп зерттеу.

Саяси социологияның субъектісін түсіну

Саяси социологияда саяси субъектілер - саяси қатынастар генераторы және саяси қатынастардың иеленушілері ұғымдарына жіктеледі. Бірінші жағдайда - субъект шешім қабылдайды, оның орындалуын қадағалайды, өзінің қабылдаған шешімдеріне жауапты болады. Екінші жағдайда - бұл негізінде саяси субъектілердің объектісі болып табылатын азамат.

Саяси субъект өз қызметінде әлеуметтік процестердің өзгеруі үшін белгіленген мақсат-міндеттер мен дәлелденген нұсқаулардың бүкіл немесе жекелеген саласын реформалауға мақсатты әсер етеді. Оның негізгі мүддесі әлеуметтік қауымдастықтарды бағындыру, оны саяси сахнадағы күрес үшін ұйымдастыру болып саналады.

Әлеуметтік субъект кең ауқымды мүдделерге (психофизикалық, демографиялық қайта өркендеуден басқа субъектілерді басқаруына қатысуына дейін) ие. Осының барлығы өз жиынтығында оның өмір сүру саласын құрайды. Ол дәлме-дәл белгіленген мақсаттарымен менсінбеуі және жағдайлар мен процестерге талдау жүргізбеуі де мүмкін. Оның негізгі міндеті өз қажеттіліктерін іске асыру болып табылады.

Сонымен әлеуметтік субъект - бейтарап ұғым, саяси субъект - мақсатқа бағытталған ұғым, әлеуметтік субъект өзін-өзі сақтауға, қайта өркендеуге тырысады, саяси субъект - билікке және күш көрсетуге тырысады. Әлеуметтік субъектіде - оның көрсетілмеген, әлеуметтену процесінде кейінірек алынған немесе туылған бойда алынған көптеген мақсаттар болуы мүмкін. Субъектіде мақсаттар және оған қол жеткізу жолдары айқын түрде қойылуы керек. Оның өзі “мүдделер тобына” бірігеді және енеді, ал әлеуметтік субъект қауымдастыққа табиғи жолмен, сондай-ақ, бағытталмаған немесе бақыланбайтын жағдайлар нәтижесінде енеді.

Саяси социологияның әдістері және заңдылықтары

Саяси социология зерттеу әдісінің нақтылы бір ғана түрі пайдаланып қоймай, өз мәнінде пәнаралық ғылым болып табылады. Саяси социология да жалпы ғылыми, пәнаралық әдістер: талдау және синтез жасау, абстрактіден нақтылыққа абстрактілену және шыңына жету, логикалық және тарихи талдаудың сәйкестенуі, түрлендіру, математикалық әдістер кең қолданылады.

Саяси социологияны және жалпы социологияны басқа қоғамдық ғылымдардан эмпирикалық әдістер мен нақтылы социологиялық зерттеулер, атап айтқанда - статистикалық мәлімдемелерді қолдану, құжаттарды талдау, сауалнамалық сұрау, фокус-топтар, адамдардың жүріс-тұрысын қиын жағдайларда бақылау, т.б. ерекшеленеді. Бұл әдістерді іске асыруда саяси социология формалар мен нормалардың келесі жиынтығына ерекше мән береді. Олар: диалог, жақтардың мүдделерін және адамдардың әлеуметтік психологиясын есепке алу, дәлелдеу, сендіру, қоғамдық пікірді зерттеу және оған арқа сүйеу, саяси және идеологиялық шыдамдылық, адамдарға сенім арту, ымыраға келу.

Саяси социология жалпы әлеуметік саяси қатынастардың төрт деңгейін зерттейді:

1. Саяси-әлеуметтік жүйелердің қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын, саяси іс-әрекетті, оларды тұтастай алғанда зерттеуіне жауапты жалпы саяси социологиялық деңгей.

2. Жекелеген елдердің әлеуметтік-саяси қатынастарын талдайтын және сипаттайтын елтану деңгейі.

3. Жекелеген әлеуметтік-саяси процестерді және саяси іс-әрекеттердің түрлерін, мысалы, сайлау компаниясын зерттеуге бағытталған іс жүргізу деңгейі.

4. Нақтылы социологиялық зерттеулер арқылы қоғамдық пікірді анықтау және талдаудың сарапталу деңгейі.

Саяси социологияда төмендегідей заңдарды түрлендіру ұсынылады:

1. Әлеуметтік-саяси өмірдің қызмет етуінің заңдары. Әлеуметтік-саяси іс-әрекеттердің, оны ұйымдастыру амалдарының заңдары. Қызмет ету заңдары әлеуметтік саяси өмірдің түрлі элементтерінің, субъектілер мен объектілердің өзара әрекеттесуінің байланыстарын ашады.

2. Әлеуметтік-саяси өмірдің даму заңдары.

Даму заңдары - ол әлеуметтік-саяси өмірдің бір жағдайдан екінші жағдайға өту, сапалы өзгерістер заңдары. Олар әлеуметтік-саяси құбылыстардың себепті байланыстарын аша түседі, өзгерістердің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды.