- •Социология
- •Пiкiр жазғандар:
- •Қазақстан социологтары ассоциациясының президенті, социология ғылымдарының докторы, профессор м.Тәжиннің алғы сөзі
- •І бөлім. Социологияның ұғымдық аппараты
- •Социологияның объектісі мен пәні
- •Социологиялық білімнің құрылымы
- •Социологияның функциялары
- •Пайдаланылған әдебитеттер тізімі
- •Социологияның категориялары мен ұғымдарын жіктеу
- •Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •Қоғам құрылымындағы тұлға
- •Әлеуметтік мәртебелер және рөлдер
- •Әлеуметтік стратификация
- •Әлеуметтік топтар
- •Әлеуметтік институт
- •Қоғамның басты институттарының белгілері [40]
- •Әлеуметтік ұйымдар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері
- •Қазақстанда социология ғылымының қалыптасуы (ретроспективті шолу)
- •Қазақстанда қазіргі заманғы социология ғылымы дамуының негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары
- •Социология бойынша докторлық диссертациялар1
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Іі бөлім. Социология ғылымының қалыптасуы және дамуы
- •Әлеуметтік білім эволюциясы
- •Социологиялық ойдың дамуын кезеңге бөлу
- •Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Греция мемлекеттеріндегі әлеуметтік ілімдер Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер
- •Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
- •Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі
- •Орта ғасырлардағы әлеуметтік таным
- •Араб шығысының социологиялық ойы
- •Жаңа дәуірдің социологиялық ойлары
- •Қайта өрлеу дәуірі
- •Ағылшын ағартушылығы
- •Француз ағартушылығы
- •Неміс ағартушылығы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Идеялары, теориялары және өкілдері Огюст Конт
- •Джон Стюарт Милль
- •Карл Маркс
- •Герберт Спенсер
- •Вильфредо Парето
- •Фердинанд Теннис
- •Эмиль Дюркгейм
- •Гаэтано Моска
- •Георг Зиммель
- •Макс Вебер
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Жаһанданудың қазіргі теориялары
- •Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы
- •Энтони Гидденстің жаһандану теориясы
- •Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы
- •Мануэль Кастельс: ақпараттық экономика және жаһандану процесі
- •“Қайраткер - құрылым” теориялары қазіргі қоғамды зерттеудің құралы ретінде
- •Маргарет Арчердің морфогенез теориясы
- •Құрылымдық келісім
- •Мәдени-әлеуметтік өзара іс-қимыл
- •Құрылымды өңдеу (Морфогенезис) Құрылымды ұдайы өсіру (Морфостазис)
- •Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы
- •Қызмет және құрылым: Джеффри Александердің жаңа функционализмі
- •Жаңа институционализм теориясы
- •Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ііі бөлім. Орта деңгей теориясы
- •Экономикалық социология пәні
- •Экономикалық социологияның тарихи дамуы
- •Экономикалық социологияның негізгі категориялары
- •Нарық социологиясы
- •Қазіргі заманғы капиталистік нарықтардың әлеуметтік құрылымы (жетілген типтер) [21]
- •Кәсіпкерлік социологиясы
- •Шаруашылық ұйым социологиясы
- •Еңбек нарығы және жұмыспен қамту порблемасының социологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттір тізімі
- •Саяси социологияның пайда болуы мен дамуы
- •Саясаттану және саяси-әлеуметтік пікір алысулардың айырмашылығы
- •Саяси социологияның зерттеу объектісі мен пәні
- •Саяси социологияның субъектісін түсіну
- •Саяси социологияның әдістері және заңдылықтары
- •Институттар - саяси социологияның орталық категориясы ретінде
- •Билікке түсінік беру
- •Саяси социологиядағы мемлекет категориясы
- •Азаматтық қоғам және оның институттары
- •Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны
- •Саяси жетекшілік
- •Қоғамдық пікірдің саяси социологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ғылым социологиясы
- •Білім беру социологиясы
- •Мәдениет социологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы
- •Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
- •Діни ұйымдар мен діни индивид типологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Этникалылықтың теориялық мәселелері
- •Этносаралық қатынастар
- •Қазақстандағы этносаралық қатынастарды социологиялық зерттеу
- •Этносоциологиялық зерттеу методологиясы
- •1. Олардың ішінде аймақтарға үлестіргенде сұралуға тиіс:
- •2.Тұрғылықты мекенжайы бойынша:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Әлеуметтік жанжал табиғаты
- •Жанжалды жіктеу
- •Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі
- •Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері
- •Жанжал қоғам мен тұлғаның әлеуметтік әрекеттесуінің
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Іv бөлім. Социологиялық зерттеудің методологиясы мен әдістері
- •Методологиясы мен логикасы
- •Ғылыми және социологиялық зерттеудің методологиясы мен логикасы
- •Социологиялық зерттеудің кезеңдері
- •Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
- •Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау. Іріктеу жиынтығы
- •Сипатты есептеу
- •Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
- •Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Социологиялық зерттеулерді жіктеу
- •Сандық және сапалық әдістер: бәсекелестік пен серіктестік
- •Формализмге негізделген сұрау
- •Формализмге негізделмеген сұхбат
- •Фокус-топ
- •Бақылау
- •Социологиялық және маркетингтік ақпарат жинаудың халықаралық ережелері
- •Формализмге негізделген сұрақнама
- •Қымбатты “n”-лық!
- •Қатысқаныңыз үшін алдын ала алғыс білдіреміз!
- •Өзіңіз туралы айта кетсеңіз:
- •Қатысқаныңыз үшін рахмет!
- •Фокус-топтың гайды
- •22.Ядов в.А. Стратегия социологического исследования. - м., 1998
- •10.0.5. Нұсқасындағы spss статистикалық мәліметтер жинаудың, талдаудың көпфункционалдық кешені Бағдарламамен танысу
- •Терезелер
- •Диалогтық терезелер
- •1 Сурет. Диалогтық терезенің басқару элементтері.
- •Мәліметтермен жұмыс. Мәліметтерді талдаудағы негізгі қадамдар
- •Мәліметтер редакторы
- •2 Сурет. Мәліметтер редакторының терезесі.
- •Жаңа файл жасау
- •Мәліметтерді енгізу
- •Мәліметтерді түзету
- •Файлды сақтау
- •Жұмыс файлын ашу
- •Файл туралы ақпарат
- •Нәтижелерін шығару
- •Мобилдік кесте
- •Мәліметтерді талдау кезеңдері
- •Зерттеу нәтижелерін ұсыну
- •Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу
- •Мазмұны
Кәсіпкерлік социологиясы
Тұрақты даму мен халықтың халін қалыпты деңгейге жеткізудің стратегиялық факторларының бірі, Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы өркениетті кәсіпкерлікті қалыптастыру болып табылады. Қазақстан терең экономикалық дағдарыстан шығып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсіп, әлемдік шаруашылықтың, әлемдік нарықтық қатынастарына тең дәрежелі субъект сипатында енуде ең негізгі факторларының бірі болып саналатын кәсіпкерлік шынайы стратегиялық ресурс болуы үшін кәсіпкерліктің әлеуметтік мәні мен мазмұнын дұрыс түсініп алу керек. Осындай іргелі ғылыми негізде кәсіпкерлердің әлеуметтік тобын қалыптастыру қажет.
Кәсіпкерлік теориясын қарастырудың бірнеше қайнар көзі бар:
- кәсіпкерлік бойынша социологиялық ойдың даму тарихын терең зерттеп білу;
- кәсіпкерлікті қалыптастырудағы қазіргі заманғы және отандық тәжірибелерді ғылыми байыту.
Кәсіпкерлік теориясы мына бағыттарда дамыды. Бірінші бағыттың өкілдері кәсіпкерлікті тәуекелмен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін қалаушы ретінде Р.Кантильонды айтуға болады. Ол кәсіпкер дегенге алдын ала болжай алушы және тәуекелге, сонымен қатар, қосымша табыс табуға бейім индивидті жатқызамыз деген қорытындыға келеді. Ол кәсіпкер өндіріс, айырбас, тұтыну процесінің кез келген кезеңінде іс-әрекетпен шұғылдануы мүмкін. Мысалы, айырбастау процесіндегі сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылықты пайдалана отырып тәуекелге бел буып, тауарларды арзан бағамен сатып алып, оны қымбат сатып, тәуекелге бармағандармен салыстырғанда жоғары табыс алуы мүмкін деп есептейді.
Бұл көзқарасты И.Тюнен және Ф.Наит дамыта түсті. Тюнен кәсіпкерлікті күтпеген тәуекелмен байланыстырады. Өз ісінде тәуекелді қолдану және ол үшін жауапкершілікті толық өз мойнына ала отырып, кәсіпкер болжауға мүмкін емес табыс алады. Наит бұл тұжырымдаманы дамыта отырып, болжауға мүмкін емес төтенше анықсыздықпен байланыстырады. Кәсіпкер мұндай төтенше жағдайларды пайдалана алу қасиетіне ие бола, басқалардан жақсы және жылдамырақ болжамдай отырып, әдеттегі бизнесменмен салыстырғанда жоғарырақ пайда алады.
Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші бағытты Ж.Б. Сэй және А.Маршалдың көзқарастарымен байланыстыруға болады. Бұл атақты ғалымдар, кәсіпкерліктің қызметі өндіріс факторларының (капитал, жер және еңбек) рационалды комбинациясы мен кәсіпкерлік табыс алуды іске асыруға келіп тіреледі деп санады.
М.Вебер “өзіне-өзі капитализмнің негізін салушы кім?” деген сұрақ қойып, ол ерекше мінезге - “этосқа” ие кәсіпкерлер мен жұмысшылардың жаңа типі деп жауап береді. Ол протестанттық дінге және капиталистік бағыттағы белсенділікті дәлелдейтіннің барлығына талдау жасайды. Вебердің сөзімен айтсақ, “капитализм үздіксіз, ұтымды капиталистік тапқырлық, ...еркін еңбекті ұтымды капиталистік ұйымдастыру есебінен алынатын немесе ұлғайып отыратын табыстың артынан қуып отырумен теңестіріледі” [22].
Алғашқы екі бағыттың логикалық жалғасы ретінде Й.Шумпетердің кәсіпкерлік тұжырымдамасын келтіруге болады. Кәсіпкерлік теориясын жасаудағы бұл үшінші бағыт ең негізделген және болашағынан үміт күттіретін болып саналады. “Кәсіпкерлік” ұғымы оның қызметімен және оны кез келген қоғамда шын мәнінде жүзеге асыратын индивидумдарының қасиеттерімен анықталады. Жаңа комбинацияларды іске асыруды тоқтаған шаруашылық жасаудың жаңа субъектілері кәсіпкер болудан тыс қалады.
Кәсіпкерлік қызметті ерекше жаңашыл қасиеттерге ие адамдар орындай алуы мүмкін. Бұл жаңа комбинацияны іске асыру нәтижесіндегі жай ғана табыс емес, жоғары табысты алу процесі.
Бұл бағытқа Эверет Хагенді де жатқызуға болады. Ол экономикалық өсімнің күшеюінің, кәсіпкерліктің таралуы мен капиталдың жинақталуының алғышарты ретінде инновациялық тұлға деген ұғым енгізді. Хаген құрылымдықтың көрінуіне “мәртебеден шығу” қызмет етеді, өз кезегінде ол қандай да бір әдеттегі “бейімделулерге” алып келеді дейді. Хаген үшін жаңалық пен бүлік ең көп қызығушылық әкеледі, өйткені олар жаңашыл тұлғалардың, кәсіпкерліктің пайда болуын туғызады деген пікірде болды [23].
Капитализмнің дамуы туралы тағы бір көпшілікке мәлім әлеуметтік нұсқаулар жөніндегі теория Мак Клелландқа тиесілі. Ол жаңалыққа ұмтылу, жауапкершілікті жоғары сезіну, іс-әрекетті жоспарлау, рационалды есеп, тәуекелділікке дайын болу сияқты мақсаттарға баса назар аударады. “Табысқа ұмтылу деңгейі жоғары қоғамда экономиканың жылдам өсуіне жағдай туғызушы белсенді кәсіпкерлер барлық уақытта көп болады” [24].
Сонымен кәсіпкерлік - ол тәуекелді және инновациялық әрекетке негізделген, кәсіпкерлік табыс табу мақсатымен қайта өндіру процесін толығымен немесе қандай да бір бөлігін қамтушы шаруашылық жасаушы айрықша жүйе.
Өркениетті кәсіпкерлік - бұл өзіндік ерекшелігі бар бизнес болғандықтан, кәсіпкерлікті ғылыми тұрғыда меңгеру үшін олардың қасиеттері мен мүмкіндіктері сияқты маңызды белгісі бойынша бизнесмендерге жіктелім берелік. Қазіргі қоғамда кәсіпкерлердің төмендегідей типтерін бөліп қарастыруға болады. Біріншісі - статикалық бизнесмен, қабілеттерін іске асыру нарықта қалыптасқан конъюктура мен оның сегменттеріне, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық ортаға байланысты дәстүрлі статикалық әдіспен бір мөлшерде әдеттегі табыс алуға мүмкіндік береді.
Екінші тип - кездейсоқ бизнесмен. Бұл типтің өкілдері қазіргі қоғамда қалыптасқан бизнеске әлеуметтік, саяси және өзге де жағдайлармен “енгізілген” (жекешелендіруге қатысу есебінен пайда табу мүмкіндігі, моральдық принциптердің жоқ болуы, кәсіпорынның жабылуы, әскердің қысқаруы салдарынан бұрынғы ісімен айналысуының мүмкін болмауы).
Үшінші тип - нағыз кәсіпкер, қазіргі қоғамда инновациялық қайта өндіруде тәуекелдік негізде өз қасиеттерін іске асыруға тырысушы және оны іске асыра алушы [25].
Қазақстанның социология ғылымында кәсіпкерлікті зерттеуге көп көңіл бөлінуде, кәсіпкерлерді зерттеп білуде жалпы тұжырымдамалар бар, кәсіпкерлердің саяси өмірге қатысуы және атқаратын рөлі, олардың әлеуметтік рөлі, таптаурындары, дәлелдемесі, әлеуметтік-мәдени сипаттамалары билікпен, бәсекелестерімен, іскер әріптестерімен және бағыныштыларымен өзара әрекеттесуі талданады кәсіпкерлік проблемасын зерттеуде көптен зерттеулер жүргізілуде.
Қазақстанда кәсіпкерліктің пайда болуы - кездейсоқ құбылыс емес, ол жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға өтуге әсер еткен бірқатар әлеуметтік, экономикалық, саяси факторларға байланысты болды. Кәсіпкерлік нарықтың феномені болып табылады, ал кәсіпкер оның басты өкілі ретінде сахнаға шығады.
Негізгі проблемалар ішінен мыналар бөлініп қарастырылады: қатаң салықтық қысым, кеден саясатының жете дамытылмағандығы, шенеуніктерге, бақылаушы органдарға, заңдардың тұрақсыздығы. Салық салу саласы қиын жағдайда, сондықтан бұл сала өндірісті дамытудың орнына коммерциялық - делдалдық әрекетті дамытуға мәжбүрлеп отыр. Кәсіпкерлерді қалыптастыру үшін ең қолайсыз жағдайлар арасында - қаржы саласы, банк жүйесі, коммерциялық экономиканы дамыту да бар.
Нарықтық экономикаға өту барысында әйелдер, сонымен қоса қарт адамдар және балалар ең аз әлеуметтік қорғалғандар болып қалды. Жұмыссыз қалған әйелдер кәсіпкерлік жұмысқа орналасудың бір нұсқасы ретінде қарастырылуда. Олардың үлесі жұмыссыздардың жалпы санының 70 пайызын құрайды.
Әйелдер жұмыссыздығы мен жұмыспен қамтудың өзіндік ерекшелігі бар формалары жайлы мәліметтер жұмыс күшінің көп ретте сұраныссыз қалып отырғандығын және әйелдердің бір бөлігінің кәсіпкерлік саласына келіп жатқанын көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы әйелдер кәсіпкерлігінің заңдық базасы бар. Үкімет қабылдаған “әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іс-шаралар туралы” қаулыда отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы мемлекеттік бағдарламада әйелдерге ерекше назар аударылған, өйткені құжатта бағдарлама шеңберінде 4,5 млн. доллар көлемінде несие бөлу көзделген. Негізгі міндет - әйелдердің экономикалық жағынан өркендеуі, кәсіпкер әйелдердің тұтас әлеуметтік тобын құру, ол үшін елімізде барлық мүмкіндік бар. Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес жалпы халық санының 51,8%-н әйелдер құрайды, жоғарғы оқу орындарында 52%, ал жұмысшылардың жалпы санында біртіндеп қысқарып, соңғы халық санағы бойынша 45 %-ға жақындаған [26]. Солай бола тұра, өтпелі және дағарысты кезеңде нәзік жандар өз отбасыларын құтқару көзін тауып, шағын бизнестің негізін қалағандары баршаға мәлім.
Қазіргі таңдағы бағдарлама әйелдерді азды-көпті кәсіпкер ретінде қалыптастырып, бұл салада жұмыс тәжірибесі бар адамдардың жаңа деңгейіне шығарды. Яғни олардың өз өндірісін кеңейтуге және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндігі бар деген сөз.
Қазіргі кезде әйелдер кәсіпкерлігі әр түрлі салаларда кеңінен дамуда. Әйелдер - мемлекетке және оның жүргізіп отырған саясатына, әлеуметтік-экономикалық проблемеларға қатысты экономикалық жүріс-тұрыс стратегиясын анықтаушы өздерінің жеке ішкі мүдделеріне ие. Ірі бизнес негізінен мемлекеттің экономикалық және техникалық күшін көрсетеді. Орта бизнес өз әрекетінде ішкі экономикалық конъюктураға тәуелді және өз тобының арасында жергілікті тұрғыда күрес жүргізуге және ірі Қазақстандық және шет елдік капиталмен күрес жүргізуге мәжбүр. Шағын бизнес немесе шағын кәсіпкерлік майда меншік иелерінің көпшілік қабатын көрсетеді, олар бұқаралық сипатына байланысты көп жағдайда елдің әлеуметтік-экономикалық және бір жағынан саяси деңгейін анықтап береді.
Әйелдер бизнесінің дамуы - көптеген аспектілерінде жағымды фактор, өйткені кәсіпкерлік әрекет басқаларымен қатар - тұлғаның өзін-өзі көрсетудің, оның әлеуетін іске асырудың ең басты әдістерінің бірі. Сонымен қоса, ол абырой және өзіне-өзі сену сезімін қалыптастырады. Қалыпты бәсекелестік экономика бағытына бұрылыстық жасау әлі де әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына қолайлы режим құра алған жоқ [27].
Әйелдер кәсіпкерлігінің мынадай перспективалары бар: біріншіден, ол әйелдер қозғалысын дамыту саласында орын алады; екіншіден, әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік-құқықтық қолдауда және әйел-кәсіпкердің белсенді рөлінде, өзін әйелдер қозғалысына қатыстылығын және оның демократияландыру процесін дамытудағы және азаматтық қоғамның қалыптасуындағы, экономиканың нығаюындағы проблемаларға қатысы бар екендігін сезінуі.
Бүгінгі таңда ҚР-да әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы, өндірісте, бизнесте олардың қоғамдағы тыныштық сүйгіш және жасампаздық табиғаты мен өзіндік ерекшелігі бар рөлін ескерсек, әйелдердің қатысуы арқылы өркениетті кәсіпкерлікті қалыптастырумен өзін-өзі ақтайды [28].
Сапалы кәсіпкерліктің өсуін шектеуші проблемалары мен жағдайларын саралай отырып, төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға болады:
- кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық және нарықтық инфрақұрылымдарын келесідей формаларда дамыту қажет: несиелік- қаржылық жүйеде, инвестициялық инититуттарда, ақпараттық қамтамасыз етуде, консалтингте, лизингтік компанияларда, заңдық қауіпсіздікте, құқықтық қорғауда, кадрмен қамтамасыз етуде, ипотекалық несие беруде және т.с.с., яғни кәсіпкерлік құрылымдардың қызмет етуіне тиімді түрде көмектесуші институттарды құру;
- салық саясатын ынталандырушы әсерлерімен толықтыру қажет;
- салықтар бизнестің түріне байланысты дәлме-дәл жіктелінген болуы керек;
- заңдық және нормативтік актілердегі қайшылықтарды жою қажет;
- нағыз кәсіпкерлердің әлеуетін пайдалану үшін ең қолайлы жағдай жасау;
- бәсекелестік орта қалыптастыру;
- инновациялық негізде өндіріліп отырған тауарлар мен қызметтердің тұрақты дамуы үшін жағдай жасау;
- инновациялық өнімге сұранысты ынталандырып, тікелей қалыптастыру;
- кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуы процесінің әлеуметтік бағыттылығын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қолдаудың дәлелдемелік бағыттылығын дамыту.