- •Социология
- •Пiкiр жазғандар:
- •Қазақстан социологтары ассоциациясының президенті, социология ғылымдарының докторы, профессор м.Тәжиннің алғы сөзі
- •І бөлім. Социологияның ұғымдық аппараты
- •Социологияның объектісі мен пәні
- •Социологиялық білімнің құрылымы
- •Социологияның функциялары
- •Пайдаланылған әдебитеттер тізімі
- •Социологияның категориялары мен ұғымдарын жіктеу
- •Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •Қоғам құрылымындағы тұлға
- •Әлеуметтік мәртебелер және рөлдер
- •Әлеуметтік стратификация
- •Әлеуметтік топтар
- •Әлеуметтік институт
- •Қоғамның басты институттарының белгілері [40]
- •Әлеуметтік ұйымдар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері
- •Қазақстанда социология ғылымының қалыптасуы (ретроспективті шолу)
- •Қазақстанда қазіргі заманғы социология ғылымы дамуының негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары
- •Социология бойынша докторлық диссертациялар1
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Іі бөлім. Социология ғылымының қалыптасуы және дамуы
- •Әлеуметтік білім эволюциясы
- •Социологиялық ойдың дамуын кезеңге бөлу
- •Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Греция мемлекеттеріндегі әлеуметтік ілімдер Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер
- •Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
- •Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі
- •Орта ғасырлардағы әлеуметтік таным
- •Араб шығысының социологиялық ойы
- •Жаңа дәуірдің социологиялық ойлары
- •Қайта өрлеу дәуірі
- •Ағылшын ағартушылығы
- •Француз ағартушылығы
- •Неміс ағартушылығы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Идеялары, теориялары және өкілдері Огюст Конт
- •Джон Стюарт Милль
- •Карл Маркс
- •Герберт Спенсер
- •Вильфредо Парето
- •Фердинанд Теннис
- •Эмиль Дюркгейм
- •Гаэтано Моска
- •Георг Зиммель
- •Макс Вебер
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Жаһанданудың қазіргі теориялары
- •Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы
- •Энтони Гидденстің жаһандану теориясы
- •Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы
- •Мануэль Кастельс: ақпараттық экономика және жаһандану процесі
- •“Қайраткер - құрылым” теориялары қазіргі қоғамды зерттеудің құралы ретінде
- •Маргарет Арчердің морфогенез теориясы
- •Құрылымдық келісім
- •Мәдени-әлеуметтік өзара іс-қимыл
- •Құрылымды өңдеу (Морфогенезис) Құрылымды ұдайы өсіру (Морфостазис)
- •Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы
- •Қызмет және құрылым: Джеффри Александердің жаңа функционализмі
- •Жаңа институционализм теориясы
- •Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ііі бөлім. Орта деңгей теориясы
- •Экономикалық социология пәні
- •Экономикалық социологияның тарихи дамуы
- •Экономикалық социологияның негізгі категориялары
- •Нарық социологиясы
- •Қазіргі заманғы капиталистік нарықтардың әлеуметтік құрылымы (жетілген типтер) [21]
- •Кәсіпкерлік социологиясы
- •Шаруашылық ұйым социологиясы
- •Еңбек нарығы және жұмыспен қамту порблемасының социологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттір тізімі
- •Саяси социологияның пайда болуы мен дамуы
- •Саясаттану және саяси-әлеуметтік пікір алысулардың айырмашылығы
- •Саяси социологияның зерттеу объектісі мен пәні
- •Саяси социологияның субъектісін түсіну
- •Саяси социологияның әдістері және заңдылықтары
- •Институттар - саяси социологияның орталық категориясы ретінде
- •Билікке түсінік беру
- •Саяси социологиядағы мемлекет категориясы
- •Азаматтық қоғам және оның институттары
- •Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны
- •Саяси жетекшілік
- •Қоғамдық пікірдің саяси социологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ғылым социологиясы
- •Білім беру социологиясы
- •Мәдениет социологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы
- •Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
- •Діни ұйымдар мен діни индивид типологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Этникалылықтың теориялық мәселелері
- •Этносаралық қатынастар
- •Қазақстандағы этносаралық қатынастарды социологиялық зерттеу
- •Этносоциологиялық зерттеу методологиясы
- •1. Олардың ішінде аймақтарға үлестіргенде сұралуға тиіс:
- •2.Тұрғылықты мекенжайы бойынша:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Әлеуметтік жанжал табиғаты
- •Жанжалды жіктеу
- •Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі
- •Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері
- •Жанжал қоғам мен тұлғаның әлеуметтік әрекеттесуінің
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Іv бөлім. Социологиялық зерттеудің методологиясы мен әдістері
- •Методологиясы мен логикасы
- •Ғылыми және социологиялық зерттеудің методологиясы мен логикасы
- •Социологиялық зерттеудің кезеңдері
- •Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
- •Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау. Іріктеу жиынтығы
- •Сипатты есептеу
- •Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
- •Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Социологиялық зерттеулерді жіктеу
- •Сандық және сапалық әдістер: бәсекелестік пен серіктестік
- •Формализмге негізделген сұрау
- •Формализмге негізделмеген сұхбат
- •Фокус-топ
- •Бақылау
- •Социологиялық және маркетингтік ақпарат жинаудың халықаралық ережелері
- •Формализмге негізделген сұрақнама
- •Қымбатты “n”-лық!
- •Қатысқаныңыз үшін алдын ала алғыс білдіреміз!
- •Өзіңіз туралы айта кетсеңіз:
- •Қатысқаныңыз үшін рахмет!
- •Фокус-топтың гайды
- •22.Ядов в.А. Стратегия социологического исследования. - м., 1998
- •10.0.5. Нұсқасындағы spss статистикалық мәліметтер жинаудың, талдаудың көпфункционалдық кешені Бағдарламамен танысу
- •Терезелер
- •Диалогтық терезелер
- •1 Сурет. Диалогтық терезенің басқару элементтері.
- •Мәліметтермен жұмыс. Мәліметтерді талдаудағы негізгі қадамдар
- •Мәліметтер редакторы
- •2 Сурет. Мәліметтер редакторының терезесі.
- •Жаңа файл жасау
- •Мәліметтерді енгізу
- •Мәліметтерді түзету
- •Файлды сақтау
- •Жұмыс файлын ашу
- •Файл туралы ақпарат
- •Нәтижелерін шығару
- •Мобилдік кесте
- •Мәліметтерді талдау кезеңдері
- •Зерттеу нәтижелерін ұсыну
- •Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу
- •Мазмұны
Әлеуметтік институт
Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді.
Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.
Социологтар “институт” ұғымын құқықтанушылардан бай әлеуметтік мазмұнмен толықтырып алған. Ол базалық социологиялық категориялардың бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып өту мүмкін емес.
Ағылшын социологі Г.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады [38]. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй.
Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. “Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. “Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.
Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принциптердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі ұйымдастырылады.
Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады.
Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.
Әрбір институт:
- белгілі бір қызмет аясын;
- белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;
- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін;
- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.
Мысалы, әділет органдары (юстиция) әлеуметтік институт ретінде құқықтық қатынастар мен оларды реттеу саласын білдіреді. Оған жататындар белгілі бір адамдар тобы (прокурорлар, соттар, адвокаттар); қабылданған ресми заңдар мен басқа да заңнамалық актілер, сондай-ақ құқықтық өкілетті тұлғалардың мінез-құлықтарының бейресми стандартталған үлгілері (соттың, прокурордың, адвокаттың және т.б. рөлдері); мекемелер (прокуратуралар, соттар, тұтқындау орындары және т.б.) және әділетті қаржыландыруға арналған ел бюджетінен бөлінетін қаражат.
Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институционалдандыру деп аталады. Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға қажеттілігін ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.
Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар [39]:
-бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);
-қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет);
-тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс);
-білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);
-рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты).
Әрбір институттың қанағаттандыратын қажеттіліктеріне тәуелді ерекше қасиеттері бар. Бұл ұстанымдар мен мінез-құлық үлгілері; символикалық мәдени белгілер; утилитарлық мәдени белгілер; ауызша және жазбаша кодекс; идеология. Бұл институционалдық белгілер әлеуметтік қатынастарды реттеудің негізгі механизмдерін шоғырландырған: нормативтік элементтер, түсініктер, үлгілер, санкциялар, мәдени бейнелер, қоғамдық идеялар арқылы (1-кестені қараңыз). Барлық институттар бірдей белгілердің толық жинақталымына ие бола бермейді, бұл олардың жеткілікті дами қоймағанын немесе төмендегенін көрсетеді.
1-кесте