Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология Тажин.doc
Скачиваний:
236
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.61 Mб
Скачать

Диалогтық терезелер

SPSS-тегі көптеген меню терезелері диалогтық терезелерді ашады. Олар талдау үшін өзгермелілер мен өлшемдерді таңдау үшін пайдаланылады.

Статистикалық рәсімдер мен диаграммаларға арналған әрбір диалогтық терезенің бірнеше негізгі компонеттері бар:

  1. Бастапқы өзгермелілер тізімі (Pour Varіable Lіst). Бұл ағымдағы мәліметтер файлының өзгермелілер (сызықтар) тізімі. Алғашқы өзгермелілер тізімінде осы рәсімде пайдаланатын өзгермелілердің аттары орналасқан.

  1. Таңдалған өзгермелілер тізімі (тізімдері) (varіable(s). Бұл талдау үшін таңдап алынған бір немесе бірнеше өзгермелілер тізімі, мысалы, тәуелді және тәуелсіз өзгермелілер тізімі.

  1. Командалар батырмасы. Команданың берілуі, анықтамалар алу немесе қосымша диалогтық терезелерге өту сияқты әрекеттер осы батырманы басқан уақытта орындалады.

1 Сурет. Диалогтық терезенің басқару элементтері.

Display frequency table

Анкета нөмірі

Күні

Интервьюер

Аймақ

Елді мекен

Категориясы

Ұлты

OK

Paste

Reset

Cancel

Help

Statistics

Charts...

Format…

Өзгермелілер тізімі

Таңдалған өзгермелілер

Командалар батырмасы

Frequencies

Бір өзгермелілікті таңдап алу үшін оны негізгі өзгермелілер тізімінен бөліп (мауспен үстінен бір рет басу керек), солға қарай көрсетіп тұрған стрелкасы бар батырманы басу керек. Егер бір ғана өзгермелілік таңдап алынса, онда оның үстінен екі рет басып, таңдап алуға болады.

Мәліметтермен жұмыс. Мәліметтерді талдаудағы негізгі қадамдар

SPSS-те мәліметтерді талдау қарапайым. Ол үшін мыналарды істеу керек:

  1. SPSS-ке мәліметтерді салу. Ол үшін мәліметтер редакторында жасалынған файлды ашу керек, электрондық кесте, мәліметтер базасы немесе мәтіндік файлдарды есептеу немесе тікелей мәліметтер редакторына осы мәліметтерді енгізу керек;

  1. Рәсімді таңдау. Статистикалық есептеу немесе диаграмма жасау үшін менюде рәсімді таңдау;

  1. Талдау үшін өзгермелілікті таңдау. Өзгермеліліктер рәсімнің диалогтық терезесінде көрсетіледі;

  1. Рәсімді енгізу және нәтижелерді көру. Нәтижелер Қорытынды навигаторына енгізіледі.

Мәліметтер редакторы

Мәліметтер редакторы SPSS-те мәліметтер файлын кесте түрінде жасау және редакциялаудың қолайлы әдісін жасауды қамтамасыз етеді. SPSS жұмысы басталған кезде мәліметтер редакторының терезесі автоматты түрде ашылады.

2 Сурет. Мәліметтер редакторының терезесі.

File Edit View Data Transform Statistics Graphs Utilities Window Help

x

Бақылауларо

Переменные

Untitled – SPSS Data Editor

1

2

3

var

var

var

var

Мәліметтер редакторының қарапайым электронды кестелерден кейбір айырмашылықтары бар:

  1. жолдар бақылау болып табылады (мысалы, енгізілген сауалнамалардың бірі);

  1. бағаналар өзгермелілік болып табылады. Әрбір бағана өзгермелілікті немесе өлшенетін сипаттаманы білдіреді (мысалы, сауалнаманың әрбір сұрағы өзгермелілік болып табылады).

Жаңа файл жасау

Жаңа файл жасаған кезде ең алдымен, Мәліметтер редакторы арқылы мәліметтерді немесе оның жартысын енгізіп алып, одан соң файлды әрі қарай пайдалану мақсатында сақтап қою қажет. Мәліметтерді енгізу реті жоғарыда көрсетілген (1 бөлім). Жаңа файлды сақтау мынадай жүйелі әрекеттерді орындауды қажет етеді:

Fіle

Save as

SPSS-тегі мәліметтер файлының аттары .sav. кеңейтуіне ие. .cht кеңейтуі бар файлдер диаграмма, .sps - SPSS командалары, .lst - нәтижелер файлы болып саналады.