Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология Тажин.doc
Скачиваний:
236
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.61 Mб
Скачать

Қызмет және құрылым: Джеффри Александердің жаңа функционализмі

Жиырмасыншы ғасыр түгелімен, оның бірінші жартысы да, екінші жартысы да әр түрлі әлеуметтік мектептердің текетіресімен өтті. Әсіресе бұл функционализм, құрылымдық көзқарас және соңғы он жылдықтағы активистік парадигма тәрізді ағымдарға қатысты. Кезінде Толкотт Парсонс әр түрлі бір-біріне кереғар келген ағымдарды және жаңа синтетикалық теория тәртіптерін үйлестіруге тырысқаны мәлім. Алайда Парсонс еңбектерінен кейін шыққан, микропроцесс сараптамасына көбірек көңіл аударуды қажет ететін символикалық интеракционизм, қазіргі қоғамдағы сараптама объектісі мен пәнін экономикалық жүйелер, мемлекет және әлеуметтік таптар сияқты макроэлементтер құрауы керек деп түсіндіретін қақтығыс теориялары Парсонстың синтетикалық көзқарасына үлкен қауіп төндірді.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында синтетикалық әлеуметтік теорияның негізін американ социолог Джеффри Александер басқаша қаламақ болды.

Өзінің жаңа функционализм теориясында Джеффри Александер қызмет пен тәртіп, мәдениет пен әлеуметтік құрылым өзара байланысты бола алатын синтетикалық теория жасауға тырысты.

Жаңа институционализм теориясы

Социологияның негізгі пәні қоғам болып табылады, жоғарыда қарастырылған теориялар қоғамға тұрғындардың әлеуметтік-топтық құрылымы ретінде талдау жасайды. Бұл тарауда біз қоғамға оны құрайтын институттар тұрғысынан талдау жасайтын теорияларды қарастыратын боламыз. Бірақ бұл екі жоба тұтас бір нәрсені білдіреді және бір-бірімен органикалық байланыста.

Тағы да айта кететін жайт, тарихи тұрғыдан қоғамды зерттеуде социология ғылымында екі бағыт қалыптасты: құрылымдық-жүйелі және субъективті-мінез-құлықтық. Құрылымдық көзқарасты жақтаушылар қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастырады, ал социологияның пәні - әлеуметтік институттар деп есептейді. Мұнда қоғам объективті өмір сүретін және индивидтерге тәуелді емес институционалдық құрылым деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, біз қоғам сараптамасының институционалдық немесе жүйелі деңгейін қарастырамыз.

Эмиль Дюркгейм атап көрсеткендей, социологияны институттар, олардың генезисі және жұмыс істеуі туралы ғылым деп пайымдауға болады.

Екінші бағыт, субъективті-мінез-құлықтыққа келер болсақ, ғалымдар қоғамға оны құраушы топтардың жиынтығы ретінде талдау жасайды, ал зерттеудің негізгі пәнін тұлға аралық интеракциялар, адамның күнделікті қызметі мен іс-әрекеті құрайды.

Одан әрі біз институттарды зерттеудегі қоғамның құрылымдық-жүйелі сараптамасы шеңберінде жасалатын үрдістерді қарастырмақпыз.

Бірінші үрдіс институттардың әлеуметтік ғылымдарды барған сайын көбірек зерттей бастауына негізделеді. Алғашында институттар негізінен заң туралы ғылымда зерттелді. Кейінірек институттар әлеуметтік ғылым сараптамасы пәніне енгізілді. Жиырмасыншы ғасырдың басында институттарды экономистер зерттей бастады. Экономика ғылымында институттар мінез-құлықтың үлгілері мен нормалары ретінде қарастырылады. Институционалдық зерттеулер сонымен қатар тарихта, философияда, антропологияда, экологияда және экономика тарихында да орын алады.

Институттарды зерттеудегі екінші үрдіс әлеуметтік институттардың жоғары дәрежелі және жалпы тәртіптер көріністері түріндегі сараптамадан тұрады және мұнда институттар қоғамдық көріністерді реттеушілер ретінде түсіндіріледі. Мысалы, Толкотт Парсонс қоғам интеграциясы мен тұрақтылығының негізгі факторы институттар екенін айтқан болатын.

Екі көзқарас та қазіргі заман ғылымында институттардың рөлін түсінуші ғалымдар саны өсіп келе жатқанын көрсетеді.