Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология Тажин.doc
Скачиваний:
236
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.61 Mб
Скачать

Қымбатты “n”-лық!

Сізді республикадағы қоғамдық өмір проблемалары жөніндегі сұрауға қатысуға шақырамыз. Әрбір сұрақ пен оның нұсқаларын мұқият оқыңыз. Сәйкес келетін жауаптың кодын домалақпен айналдыра сызыңыз. Құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Қатысқаныңыз үшін алдын ала алғыс білдіреміз!

Сауалнаманың ең басында респондентті қызықтырып, жағымды эмоциялық жағдай туғызатын ең қарапайым сұрақтар орналасады.

Республикадағы мониторинг режимінде жүргізілетін социологиялық зерттеулердің құралдар жиынтығында көбінесе сұрақтардың жабық және ашық араласқан типтері орын алады. Мысалы, осы мысалда жауаптың соңғысының алдындағы нұсқасы өз бетінше толтыруды қажет етеді.

Мысал: “N” қаласының қоғамдық өмірінің қандай мәселелері Сізді көбірек алаңдатып отыр ?

1. нашар экологиялық жағдай

2. тағам өнімдері мен ең керекті тауарларға жоғары бағалар

3. коммуналдық қызмет көрсетуге бағаның өсуі

4. жұмыссыздық қауіпі

5. қылмыстың өсуі, жеке қауіпсіздік мәселелері

6. басқалар (көрсетіңіз) _______________.

7. жауап беруге қиналамын

Жауаптардың шүбасыздығын көтеруге бірқатар әдістемелік талаптардың сақталынуы көмектеседі: респондент жауаптан бас тарту, жауап беруге қиналамын, бағалау қиын (жоғарыдағы мысалды қараңыз) деген анықталмаған пікір білдіру мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Сауалнаманың едәуір көлемінде сұрақтар блок бойынша орналасады:

Мысал:

1.“N” қаласында әлеуметтік-экономикалық жағдайларды бағалау;

2. халықтың қалалық әкімшілік қызметіне көзқарасы;

3.қалалық билік құрылымдары басшыларының рейтингін анықтау

Сауалнаманы толтыру техникасы бойынша нұсқаулық тапсырмалардың да үлкен маңызы бар:

Мысал:

Сіз болашақта басқа қалаға тұрақты тұруға ауысқыңыз келе ме?

1. Иә

2. Әлі шешкен жоқпын

3. Жоқ (( 3 сұраққа көшу)

4. Жауап беруге қиналамын ((3 сұраққа көшу)

Құралдар жиынтығына қойылатын талаптардың бірі оның жеңіл оқылатындығы болып табылады. Сондықтан, сауалнаманың дайындалуына ерекше көңіл аудару керек: шрифт, мәтіннің қағазда орналасуы, қағаздың сапасы, кестелердің ажырауы және т.б.

Сұрақ қағазының соңында “шағын төлқұжат” орналасып, онда респондент (немесе сұхбат алушы) әлеуметтік-кәсіби өлшемдерді белгілейді. Сауалнама респондентке үндеумен басталады, алғыс айтумен аяқталады.

Мысалы:

Өзіңіз туралы айта кетсеңіз:

Сіздің жасыңыз:

Ұлтыңыз:

1.18-ден 30-ға дейін

1. қазақ

2. 31-ден 45-ке дейін

2. орыс

3. 46-дан 60-қа дейін

3. өзге ұлт өкілі (қандай екенін көрсетіңіз)______

4.61-ден және жоғары

Қатысқаныңыз үшін рахмет!

Анықтауды қажет ететін респондент өлшемдерінің саны зерттеудің талдамалық міндеттеріне байланысты. Болжамда зерттеуші мынадай болжам жасайды дейік: қалалық билік органдарының қызметін бағалау белгілі бір дәрежеде респонденттің білім деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне байланысты болады. Бұл жағдайда, тиісінше сауалнаманың “шағын төлқұжатына” білім мен әлеуметтік-кәсіби жағдайына қатысты сұрақтар енгізіледі.

Фокус-топтың гайды

Фокус-топтың гайды пікір алысу жоспарын білдіреді. Әрине, топтық динамика пікір алысуды әрдайым осы жоспардан ауытқып жіберуі мүмкін, бірақ модератор осы талқылауды тиісті қалыпқа келтіре білуі қажет. Сондықтан, гайдты тек пікір алысу барысын қамтамасыз ету құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ, олар бойынша ақпарат алынуы тиіс тармақтардың міндетті тізімі ретінде қарастырған жөн. Ешбір жағдайда талқылау барысында болуы мүмкін “сұрақтардың жоғалуына” жол берілмейді.

Фокус-топтар зерттеудің сапалы әдісі бола тұра, оларға белгілі бір дәрежеде формализмге негізделу элементтерінің енгізілуімен ажыратылады. Сонымен бірге, әдістің негізгі белгісі ретінде формализмге негізделу жөнінде емес, нақ формализмге негізделу элементтері жөнінде айтуды мүмкін деп санаймыз әрі фокус-топты формализмге негізделген және формализмге негізделмеген деп қарастырған Е.Дмитриевамен келісе алмаймыз.

Осы тұжырымдамаға негізделе отырып, фокус-топ аса сапалы зерттеу әдісі деген түсінікті жоғалтамыз.

Фокус-топ топтық немесе ұжымдық сұхбат деп түсіндіретін біршама кең таралған көзқарас та, біздің пікірімізше, тұрақты емес. Бұл жағдайда әдістің басты артықшылығы - топтық динамика ескерілмейді.

Ақпарат жинау құралы ретінде гайд бір мезетте мазмұнның мақсаттылығы мен формасының икемділігімен ерекшеленуі тиіс.

Сұрақтардың қойылуы мен орналасуы, саны мен жиілігі фокус-топтың типімен анықталады. Сұрау әдісіне қарағанда, фокус-топ әдісінің тұрақты типологиясы жоқ. Біздің пікірімізше, фокус-топты келесі типтерге бөлуге болады:

- негізінен жаңа немесе зерттеушіге беймәлім оқиғалар мен құбылыстар жөнінде мәліметтер алуға бағдарланған;

- негізінен қатынастарды, бағалауларды анықтауға бағдарланған;

- қолда бар ақпаратты анықтауға арналған;

- тауарлар мен жарнаманы тестілеуге келтірілген;

Фокус-топ гайдының бірінші бөлімі модератор мен қатысушыларды таныстыру болуы тиіс. Модератор қатысушыларды пікір алысудың мақсаты мен өткізілу ережелерімен таныстырады. Қатысушылар, әдетте өзінің атын және немен шұғылданатынын айтып, өзін таныстырады.

Одан әрі зерттеу проблематикасымен анықталған бөлімдер басталады.

Графикалық, бейнелеу материалдармен жұмыс, ойындық жағдайлар фокус-топтың аяқталу кезеңінде орын алған жөн.

Фокус-топтарда сұрақтарды жіктеудің әр түрлі негіздемелері бар.

Маңыздылық деңгейі бойынша мыналар бөлініп шығады:

1) негізгі сұрақтар;

2) респонденттердің “тілін” есепке алып тұжырымдалған және “неге” деген сұрақпен қатар жүретін бағыттаушы сұрақтар;

3) тексеретін немесе нақтылайтын сұрақтар;

4) өзіндік пікірде емес, абстрактылы тұжырымдалған, дауысы жоқ сұрақтар;

5) фактілер мен жәйттерді нақтылауға мүмкіндік беретін фактологиялық сұрақтар;

6) пікір алысу тақырыбына тікелей байланысты емес және топ жұмысын ұйымдастыруға бағытталған сұрақтар.

Пайда болуының жүйелілігі бойынша сұрақтарды негізгі (олардың көмегімен зерттеу мақсатына сәйкес келетін ақпарат алынады), байланыс (мысалы, қатысушыларды таныстыру кезеңіндегі сұрақтар) және қорытындылайтын (пікір алысу қорытындыларын жасау арқылы қатысушылардың ұстанымдары мен көзқарастарының тұрақтылығы, анықталғандығы қайта тексеріледі) деп бөлуге болады.

2-3 тарауларда пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Аванесов В.С. Тесты в социологическом исследовании. - М., 1982.

2.Аварьянов Л.Я. Искусство задавать вопросы. - М., 1987

3.Андреенков В.Г., Маслова О.М. Методы сбора социологической информации. Методическое пособие. М., 1985

4.Белановский С.А. Фокусированное интервью. М., 1994

5.Бутенко И.А. Анкетный опрос как общение социолога с респондентом. - М., 1989

6.Горшков М.К. и др. Как провести социологичекое исследование. - М., 1990.

7.Гречихин В.Г. Лекции по методике и технике социологических исследований. - М., 1988

8.Гуревич Л.Я. Социологические и маркетинговые исследования: современные методики. - Алматы, Республиканский Издательский Комитет, 1997

9.Гуров Ю.С. Методология и методика социологических исследований. - Чебоксары, 1995.

10.Давыдов А.А. Респондент как источник информации. М., 1993

11.Дмитриева Е.А. Метод фокус-группы. М., 2000

12.Дружинин Н.К. Выборочное наблюдение и эксперимент. М., 1977.

13.Ивлева Л.А., Сивоконь, П.Э. Социальный эксперимент и его методы. М., 1970.

14.Капитонов Э.А. Социология 20 века. История и технологии. Ростов на Дону, 1996

15.Кравченко А.И. Прикладная социология и менеджмент. М., 1995.

16.Кодексы ESOMAR. Амстердам, 2002.

17.Методы сбора информации в социологических исследованиях. Книга1-2. - М., 1990

18.Ноэль Э. Массовые опросы. М., 1993.

19.Практикум по социологии. М., 1992.

20.Рабочая книга социолога. - М., 1993.

21.Ядов В.А. Социологическое исследование: методология, программа, методы. - М., 1987.