Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-67.doc
Скачиваний:
118
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.93 Mб
Скачать

4. Органикалық емес (минералды) байланыстырғыш заттар

Органикалық емес не минералды байланыстырғыш заттары деп физика-химиялық процестер нәтижесінде сумен араластырған кезінде өздігінен қатуға қабілетті созымды-жабысқақ қамыр құрайтын ұнтақ тәрізді материалдарды атайды. Қату шарттары бойынша байланыстырғыштар 3 топқа бөлінеді:

- ауада қатуға және ұзақ уақыт беріктікті сақтауға қабілетті ауа байланыстырғыштары (ауа ізбесі, магнезиалды байланыстырғыш, гипстік байланыстырғыш,сұйық шыны,қышқылға төзімді цемент);

- тек ауада ғана емес,суда да солай қататын және ұзақ уақыт беріктікті сақтайтын гидравликалық байланыстырғыштар (партландцемент және оның бір түрлері,цементтер,гидравликалы ізбес,роман цемент);

- шылыққан су буы және жоғары қысым ортасында (0,8-1,5МПа) қататын автоклавта қатылатын байланыстырғыштар (ізбес-кремнеземді, ізбес-күлді, ізбес-шлакты, нефелинді цемент және т.б.).

4.1. Құрылыс гипсі

Гипстік байланыстырғыш заттар табиғи гипс тасын (CaSO4 x 2H2O), ангидритті (CaSO4) не химиялық өнеркәсіптің қалдықтарын жылумен өңдеу температурасына байланысты гипс байланыстырғыштары 2 топқа бөлінеді: төмен күйдірілген және жоғары күйдірілгендерге.

Төмен күйдірілген гипс байланыстырғыштары табиғи гипс тасын кальций сульфатының жартылай гидратына дейін (CaSO4 x 0,5H2O) жылумен өңдегенде алынады. Оларға құрылыс, қалыптайтын және жоғары берікті гипс жатады.

Жоғары күйдірілген гипс байланыстырғыштары шікі затты 600-1000оС температураларда күйдіру арқылы алынады және ангидридтен (CaSO4) тұрады. Оларға жоғары күйдірілген гипс және ангидритті цемент жатады.

Сынаулар МСТ23785-79 сәйкес жүргізіледі.

4.1.1. Гипс қамырының су қажеттілігін анықтау

Гипс қамырының су қажеттілігіне стандартты консистенциялы қамыр алу үшін қажет байланыстырғыш массасынан пайызбен көрсетілетін су мөлшері қабылданады.Бұл шама гипс қамырының ұстасу мерзімдерін және гипс тасының беріктігін анықтауға қажет.

Аспаптар:Суттард вискозометрі (4.1 – сурет), секундомер, таразы, қамыр дайындайтын резеңке тостаған, бұлғауыш, өлшеуіш цилиндр.

Материалдар: құрылыс гипсі

Алдын ала дымқылды матамен сүртілген таза аяққа гипс массасынан 50-70% су құйады, сосын суға 300г гипс байланыстырғышын себеді, суға гипсті салу басынан уақыт есебімен 30 секунд бойы қамыр араластырылады.Араластыру аяқталған соң цилиндр гипс қамырымен толтырылады, артығы сызғышпен кесіп алынады. Цилиндр мен әйнек алдын ала матамен сүртіледі. Гипсті суға салғаннан бастап 45 секундтан соң цилиндрді өте тез 15-20 см биіктікке тік жоғары көтереді және шет жаққа бұрады. Шелпектің жайылу диаметрі екі перпендикулярлы бағыттарда өлшенеді. Егер жайылу диаметрі

4.1-сурет. Суттард вискозиметрі

а) –жиналған түрінде; б) –гипс қамырынан жасалган шелпектін жайылуы ; 1- жез цилиндр ; 2 – центрлес шеңберлері бар шыны пластинка; 3 – адеттегі су қажетті гипс қамырынан жасалған шелпек

180±5 мм сәйкес келмесе, сынауды судың өзгертіл

ген массасымен қайталайды. Алынған мәліметтер 4.1-кестеге енгізіледі .

4.1-кесте.

Су қажеттілігін анықтау нәтижелері

Гипс массасы

Су мөлшері

Шкала бойынша жайылу, мм

Әдеттегі қоюлық, %

см3

%

1

2

3

4

5

6

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]