Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-67.doc
Скачиваний:
118
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.93 Mб
Скачать

4.1.2. Гипс қамырының ұстасу мерзімдерін анықтау

Ұстасу басы – гипс қамырының қатаю кезеңінен Вик аспабының инесі әйнек пластинкасына дейін 0,5 мм жетпейтін кезеңге дейінгі уақыт.

Ұстасу соңы – сумен гипсті қатайтатын кезеңінен Вик аспабының инесі қамырға 1 мм артық емес түсетін кезеңге дейінгі уақыт (4.2-сурет).

Аспаптар: Вик аспабы, сфералық аяқ, кұрекше, пышақ, өлшеуіш стакан (шыны).

Материалдар: құрылыс гипсі.

Ұстасу мерзімдеріне байланысты байланыстырғыштар келесі түрлерге айырылады (4.2-кесте).

Рис. 4.2. Вик аспабы

1 - цилиндрлік металл шыбық; 2 – табан құрсауы;

3 – тоқтатқыш құрылғы; 4 – көрсеткіш; 5 - шкала; 6 – келсап; 7 -ине

Көрсеткіш тілі бар Вик аспабының жылжымалы металл шыбығы 0-ден 40 мм дейін бөліктері бар шкала маңында тік бағытта қозғалады. Шыбықтың төменгі бөлігінде диаметрі 1 мм және ұзындығы 50 мм болат ине бекітілген. Шыбық пен иненің салмағы 300 грамм. 4.2.-кесте.

Ұстасу мерзімі

Байланыстырғыштар түрлері

Ұстасу мерзімдері, мин

соңы, кешірек емес

1басы, ертерек емес

2

3

Тез қатаятын, А

Әдеттегі қатаятын ,Б

Баяу қатаятын , В

2

6

20

15

30

мөлшерленбейді

Сынақ алдында көрсеткіш тілдің қалпы тексеріледі, ол ине аспап сақинасының астындағы пластина бетіне жанасатын мезгілде шкаланың нөлдік бөлігімен беттесу керек.Ұстасу мерзімдерін анықтау үшін әдеттегі қоюлы қамыр пайдалынады, ол аспап сақинасына құйылады. Артығы пышақпен кесіледі. Сақина қамырмен бірге аспап инесінің астына орналастырылады. Ине ұшы гипс қамырының бетімен беттестіріледі. Шыбықтың бұрандасын түсіргенде шыбық инесі емін-еркін қамырға батырылады. Инені батыру әр сайын 30 секундтан кейін жаңа жерге қайталанылады. Әрбір батырған сайын ине сүзгіш қағазбен сүртіледі.

Тостаған мен күрекшені сулауға су шығынын азайту үшін оларды жұмыс алдында дымдау керек.

Нәтижелер мына түрде жазылады :

Ұстасу басы ……………мин.

Ұстасу соңы ……………мин.

4.1.3. Гипс байланыстырғыштарының тарту майдалығын

анықтау

Тарту майдалығы № 02 торы бар (жарыққа ұяшықтар өлшемі 0,2мм) електе массасы бойынша (пайызбен) қалдықпен сипатталады.

Аспаптар: № 02 торы бар елек, таразы, кептіргіш шкаф.

Материалдар: құрылыс гипсі.

Тарту дәрежесіне байланысты гипс байланыстырғыштарының келесі түрлері болады: I – дөрекі тартылған – електегі қалдық 23% артық емес, II – орташа тартылған – електегі қалдық 14% артық , III – майда тартылған – електегі қалдық 2% артық.

Гипс t0=100±50С температурада 1 сағат бойы кептіргіш шкафта кептіріледі. 50 г гипс өлшенеді және елек арқылы 1 мин ішінде 0,1 г артық емес өткенде дейін електен өткізіледі. Гипстің тартылу дәрежесі 100% көбейтілген електегі қалдық массасы мен бастапқы өлшем массасының ара қатынасы ретінде 0,1% дейін дәлдікпен есептелінеді

Т = (mқал / m) 100% ,

мұндағы Т - тарту дәрежесі % ;

m қал - електегі қалдық, г ;

m - гипс өлшемі.

4.1.4.Гипс тасының беріктігін (гипс маркасын)

анықтау

Гипс байланыстырғышының маркасы 40х40х160 мм арқалық-нұсқаларды әдеттегі су қажеттілікті қамырдан дайындаған соң 2 сағат жаста олардың сығуға және иіліске беріктік шегі бойынша анықталады. Гипс байланыстырғыштарының маркалары 4.3.-кестеде келтірілген.

Аспаптар: МИИ-100 машинасы, гидравликалық пресс, 40х40х160 мм арқалық қалыптары, қол бұлғауыш, фарфор аяқ, таразы, секундомер, өлшеуіш цилиндр.

Материалдар: құрылыс гипсі.

Нұсқалар дайындау үшін массасы 1, 0-ден 1, 6 кг дейін гипс байланыстырғышының сынамасы алынады. Гипс байланыстырғышы 5-20 с ішінде стандартты консистенциялы қамыр шығаруға қажет мөлшерде алынған суы бар аяққа себіледі. Байланыстырғыш себілген соң біркелкі қамыр болғанша 60 с ішінде қол бұлғауышпен қоспаны қарқынды араластырады, сосын ол қалыпқа құйылады. Металл қалыптардың ішкі беттері алдын ала аздап орташа жабысқақты минералды маймен майланады. Қалып бөліктері бір мезгілде толтырылады, бұл үшін аяқты гипс қамырымен қалып үстіне біркелкі жылжытады. Тартылған ауаны шығару үшін қалып құйылған соң 5 рет сілкіндіріледі, бұл үшін оны 8-ден 10 мм дейін биіктікке дөңбек жағынан көтереді және түсіреді . Ұстасу басы басталудан соң гипс қамырының арты нұсқалар бетіне перпендикулярлы қалыптың үстінгі қырлары бойынша жылжытып сызғышпен сыпырып алынады. Ұстасу соңынан 15±5 мин кейін нұсқалар қалыптан алынады , таңбаланады және сынау үшін бөлмеде сақталады.

Сынау жүргізу үшін нұсқа МСТ 310.4-81 бойынша иіліске сынауға аспап тіреулеріне сөйтіп орнатылады, тек оны дайындауға көлденең болған қырлары тік қалпында болуы керек . Тіреу белдіктерінде нұсқаның орналасу үлгісі 4.3-суретте келтірілген.

Беріктік шегінің есебі Rиіл мына формула бойынша өндіріледі

Rиіл = 0, 0234 Р МПа ( 0, 234 Р кгк/см ),

мұндағы Р - қиратушы жүктеме , МПа не кгк/см .

Иіліске беріктік шегі үш сынау нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы ретінде есептелінеді .

4.3 - сурет. Тіреу белдіктеріне нұсқа орналасу үлгісі

Иіліске сынағаннан кейін алынған арқалықтардың алты жартылары лезде сығу сынауына тартылады. Нұсқалар екі пластиналар арасында сөйтіп орнатылады, тек дайындағанда қалыптардың бойлай қабырғаларына жанасқан бүйір қырлары пластиналар тіреулері нұсқаның дөңбек тегіс қабырғасына тығыз жанасу керек(4.4-сурет).

4.4-сурет. Нұсқалардың пластиналар арасында орналасу үлгісі

1-престің үстіңгі тақтасы; 2-пластинкалар; 3-нұсқа жартысы; 4-престің асты тақтасы.

Нұсқа пластиналармен бірге престе сығуға тартылады.Нұсқаны біркелкі жүктеу басынан оның кирауына дейінгі уақыт 5-тен 30 с дейін

құру керек, сынағанда жүктеме өсуінің орташа жылдамдығы секундына 10±5 кгк/см болу керек, сынау нәтижелері 4.3-кестеге енгізіледі.

Барлық нәтижелері бойынша соңында гипс байланыстырғышына таңбалау жасалады.

Шартты белгілеу үлгісі: Г-5АТ, мұндағы Г – гипстік байланыстырғыш; 5 – сығуға беріктігі (МПа); А –тез қататын; Т– орташа тартылған.

4.3-кесте

Беріктік анықтау нәтижелері

Сығуға беріктік шегі,Қирату жүктемесі,Нұсқа ауданы,

кгк/см2

кгк

см2

1Иіліске беріктік шегі, кгк/см2

2

3

4

5

Гипс байланыстырғыштарының маркалары 4.4 – кестеде келтірілген

Өзін - өзі әзірлеуге арналған сұрақтар

  1. Ауа байланыстырғыш заттары деген не?

  2. Маркасы бойынша құрылыс гипсіне қандай талаптар қойылады?

  3. “Төмен күйдірілген” гипс баланыстырғыштарын өндіру.

  4. “Жоғары күйдірілген” гипс байланыстырғыштарын өндіру

  5. Гипс байланыстырғыштарын таңбалағанда цифрлар мен әріптер не белгі береді?

  6. Гипс байланыстырғыштарының қатуы.

  7. Гипс байланыстырғыштарының қолдануы.

4.4-кесте

Гипс байланыстырғыштарына қойылатын

техникалық талаптар

Байланыстырғыш маркасы

2 сағ. кем емес жастағы өлшемдері 40х40х160 мм арқалық-нұсқалардың беріктік шегі

сығуға

Иіліске

Г-2

Г-3

Г-4

Г-5

Г-6

Г-7

Г-10

Г-13

Г-16

Г-19

Г-22

Г-25

2

3

4

5

6

7

10

13

16

19

22

25

1,2

1,8

2,0

2,5

3,0

3,5

4,5

5,5

6,0

6,5

7,0

8,0

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]