Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-67.doc
Скачиваний:
118
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.93 Mб
Скачать

7. Қ¦рылыс ерiтiндiлерi

Құрылыс ерiтіндісі деп байланыстырғыш заттың, судың, ұсақ толтырғыштың (құмның және қажет болған жағдайларда әр түрлі қосымшалардың минералды, үстіңгі-белсенді, химиялық және т.б) іріктеп алынған қоспаның қату нәтижесінде алынған жасанды тас материалын атайды. Осы материалдардың қоспасын қатуға дейін ерітінді қоспасы деп аталады.

Құрылыс ерітінділерінің түрлері әр түрлілікпен сипатталады және

тығыздығына, байланыстырғыш түріне және атқаратын міндетіне байланысты топтарға жіктестірілуі мүмкін.

Құрғақ күйінде тығыздығы бойынша бөлінеді:

1. Ауырларға, тығыздығы 1500кг/м³ және артық (оларды дайындау үшін

ауыр кварцты және басқа да құмдар қолданылады).

2. Жеңілдерге, тығыздығы 1500кг/м³ кем (бұларда толтырғыштар ретінде пемза, туф, шлактар, керамзит және басқа жеңіл материалдардан жасалған жеңіл кеуекті құмдар колданылады).

Байланыстырғыш заттың түрі бойынша құрылыс ерітінділері бөлінеді:

1. Цементтік, портландцемент, шлакопортландцемент, пуццоланды шлакопортландцемент және басқа цементтерде әзірленген.

2. Iзбестің, ауа және гидравликалық ізбесте әзірленген.

3. Гипстік, гипс байланыстырғыштар негізінде - құрылыс гипсі, ангидритті байланыстырғыштарда әзірленген.

4. Араласқан, цемент-ізбестің, цемент-балшық, ізбест-гипстік байланыстырғыш негізінде алынған.

Бір байланыстырғышта дайындалған ерітінділерді жай, ал бірнеше байланыстырғыштар дағыны-аралас не күрделі деп атайды.

Атқаратын міндеті бойынша құрылыс ерітінділері мыналарға бөлінеді:

1. Қалаулық, тас қалауларына және қабырғаларды ірі өлшемді элементтерден құрастыруға арналған.

2. Әрлеулік, сылақта, қабырғалық блоктар мен панельдерге сәндік қабаттар қондыруға арналған.

3. Арнайы, ерекше қасиеттерге ие болатын (су өткізбеу, акустикалық, рентгененнен қорғайтын және т.б.).

Жобалағанда тағайындалатын ерітінділер маркаларының келесі

мағыналары белгіленген:

1. Сығуға беріктігі бойынша, кгк/см² - 4, 10, 25, 50, 75, 100, 150, 200 және 300.

2. Аязға төзімділігі бойынша Маяз- қату және еруге шыдау циклдеріне сәйкес - 10, 15, 25, 35, 50, 100, 150,2 00 және 300.

7.1. Құрылыс ерітіндісінің құрамын іріктеу

Портландцементте және басқа да гидравликалық байланыстырғыш заттарда дайындалатын аралас (цемент-ізбес) және цемент ерітінділерінің құрамдарын шамамен анықтау үшін 1- кестенің нәтижелерін пайдалануға болады.

Күрделі құрылыс ертіндісінің құрамын іріктеп алу келесі негізгі мәліметтер болуында өндіріледі:

­ құрылыс ертіндісінің атқару міндеті және оны құралымдарда пайдалану жағдайлары (орта ылғалдығы);

­ құрылыс ертіндісінің маркалары;

­ ерітіндінің атқаратын міндетіне және оны төсеу жағдайларында байланысты таңдалатын ерітінді қоспасының жылжымалылығы;

­ ерітіндінің атқаратын міндетіне,оны пайдалану жағдайларына және беріктігі бойынша ерітіндінің маркасына байланысты таңдалатын байланыстырғыш түрі;

­ ерітіндінің тығыздығына,толтырғыштың үйілген тығыздығы мен ылғалдылығына байланысты таңдалатын байланыстырғыш маркасы;

­ пайданылатын минералды қосымшаның түрі мен оның қасиеттері (тығыздығы мен жылжымалылығы).

7.1-кесте

Тас қалауына және толық құрама үймереттердің құрастыруына арналған ерітінділер құрамалары

Цемент

маркасы

Маркалары ерітіндінің көлемді дозалау құрамы

200

150

100

75

50

25

Цемент-ізбестілер

50

1:0

2:3

1:0

3:4

1:0,

5:5,5

1:0,

8:7

-

-

400

1:0,

1:2,5

1:0,

2:3

1:0,

4:4,5

1:0,

5:5,5

1:0,

9:8

-

300

-

1:0,

1:2,5

1:0,

2:3,5

1:0,

3:4

1:0,

6:6

1:1,

4:10,5

200

-

-

-

1:0,

1:2,5

1:0,

3:4

1:0,

8:7

Цементтіктер

500

1:3

1:4

1:5,5

1:6

-

-

400

1:2,5

1:3

1:4,5

1:5,5

-

-

300

-

1:2,5

1:3

1:4

1:6

-

200

-

-

-

1:2,5

1:4

-

Күрделі құрылыс ерітіндісінің құрам есебін 1 м³ құмға ҚЕ 82-101-98 сәйкес келесі жүйелілікпен орындау ұсынылады:

1. Бос үйілген күйіндегі цемент шығыны Qц, кг, 7.2-кесте бойынша анықталады. 7.2 - кестеде ұсынылғаннан белсенділігінің айырмашылығы бар байланыстырғыш Rв.ф қолданған жағдайда, байланыстырғыш шығыны, кг, келесі формула бойынша анықталады

Qб.ш=Rб·Qб/Rб.ш ,

мұндағы Rб - байланыстырғыштың ұсынылатын белсенділігі;

Qб - байланыстырғыш шығыны

Rб.ш – байланыстырғыштың шын белсенділігі;

Rб·Qб – 7.2-кесте бойынша қабылданады.

  1. 1 м³ цемент шығынын (көлемі бойынша) анықтайды

V=Qцүй.ц ,

мұндағы ρүй.ц - цементтің үйілген тығыздығы, кг/м3 .

3. Ізбес не балшық илеуінің шығыны (көлемі бойынша) 1м³ анықталады

Vи=0,17(1-0,002Qц ) ,

мұндағы Qц - цемент шығыны ,кг/м3

4.Қосымша шығыны ,кг

Qқ=Vи·ρқс ,

мұндағы ρқс - қосымша тығыздығы , кг/м3.

5. Берілген жылжымалылықты ерітінді қоспасын алу үшін су шығыны ерітінді құрамына, байланыстырғыш түріне және толтырғыштарға байланысты болады. Оны сынақ илеулерінде анықтайды.

7.2-кесте

Құрылыс ертінділерін дайындау үшін

байланыстырғыш шығыны

Ерітінді

маркасы

Байланыстырғыш-

тың ұсынылатын

маркасы

Rб·Qб

Байланыстырғыш шығыны,кг

1м³ құмға

3 ерітіндіге

200

500

400

180

360

450

410

490

150

500

400

300

140

280

350

470

330

400

510

100

500

400

300

102

205

255

340

245

300

385

75

500

400

300

200

81

160

200

270

405

195

240

310

445

50

400

300

200

56

140

185

280

175

225

325

25

300

200

31

105

155

135

190

Жылжымалылығы 2-10см цемент-ісбес және цемент-балшық ерітінділер үшін 1м³ құм үшін су шығынын жуық мына формула арқылы анықтауға болады

С = 0,5 (Qц+Qқс) ,

мұндағы Qц және Qқс - 1м³ құмға цемент пен қосымшаның шығыны, кг.

6. Көлемі бойынша бөліктермен күрделі ерітіндінің құрамы ерітінді қоспаның әр компонентінің шығынын көлемі бойынша цемент шығынына бөлу арқылы анықталады

Vц/Vқ: Vқс/ Vц: Vқ/ Vц=1: Vқс/ Vц: Vқ/ Vц

Онан әрі қажетті көлемнің илеуіне ерітінді құрамы есептелінеді β, сынақ илеуі дайындалады, 1 м³ ерітіндіге материалдар шығыны оның 1 м³ құм шығынын ерітінді шығу коэффициентіне βе бөлгенге тең.

Ерітінді шығу коэффициенті

βе=Vи.ш/Vқ.ш ,

мұндағы Vи.ш – илеудің шын көлемі , м³;

Vқ.ш - илеуге құмның шын шығыны, м³;

Илеу көлемі, м³

Vи.ш =(mц+mқс+mқ+mсе ,

мұндағы mц, mқс, mқ, mс - илеуге арналған жұмсалған цемент, қосымша, құм, су массасы , кг;

ρе - ерітінді тығыздығы , кг/м3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]