Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-67.doc
Скачиваний:
118
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.93 Mб
Скачать

1.1. Физикалық қасиеттері

1.1.1. Шын тығыздықты анықтау

Шын тығыздық ρ - көлем дене тығыздығы анықталатын нүктеге жиналғандағы массаның көлемге қатынас шегі ( яғни олардағы саңылаулар мен қуыстарды есепке алмағанда).

1.1-кесте

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Материал аты

Шын тығыз-дығы,

г/см3

Орташа тығыз-дығы,

г/см3

Кеуектігі,

%

Жылу өткіз-гіштік коэфи-центі,

Ватт/м град

Сығуға беріктік шегі,

МПа

1

2

3

4

5

6

Болат

7,85

7,85

0

58

380-450

Бетон (ауыр)

2,60

2,20-2,50

8-12

1,28-1,55

10-60

Бетон (жеңіл)

2,60

0,50-1,80

50-80

0,20-0,45

15-30

Гранит

2,70

2,67

1,40

2,80

150-130

Жанар тау туфы

2,70

1,40

52,00

0,50

30,40

Кәдімгі кірпіш

2,65

1,80

32,00

0,75

7,5-30

Қуыс кірпіш

2,65

1,30

51,0

0,50

7,5-25

Әйнек

2,60

26,00

0

0,80

700

Көбік әйнек

2,60

0,30

88,00

0,11

-

Қарағай (талшық бойы)

1,53

0,50

67,00

0,17

30-40

Әйнек пластикасы

2,00

2,00

0

0,50

300-500

Көбік қабат

1,07

0,20

90,0

0,03

0,4

Аспаптар: пикнометр (Ле-Шателье Кандло колбасы) (1.1-сурет.), аналитикалық таразы, №008 елек (918тесік/см2), 10х10 см шыны.

Материалдар: кептірілген және шар диірменде не келіде ұсатылған кез келген құрылыс материалы.

1.1 - сурет. Ле Шателье Кандло колбасы

Пикнометр өзімен орта бөлігі кеңейтілген тар ұзын мойны бар әйнек сауытты көрсетеді. Кеңейтілген бөлігінен жоғары және төмен белгілер түсірілген, олардың аралығында көлем белгіленген. Пикнометрді зерттелетін материалға қатынасы оқшау төменгі белгіге дейін сұйқтықпен толтырады. Әйнек тілігінде 100 г ұсақталған, кептірілген материал өлшенеді және оны азғантай үлестермен байқап сұйықтық денгейі жоғарғы белгіге жеткенше аспапқа салады. Зертелетін материалдың қалғаны өлшенеді.

Шын тығыздықты 0.01 г/см3 дейін дәлдікпен орташа арифметикалық мағынасы ретінде мына формула бойынша анықтайды

ρ = m – m1 / Va ,

мұндағы ρ - материалдың шын тығыздығы, г/см3; кг/м3;

m - сынаққа дейінгі материал массасы, г; кг;

m1 - сынақтан кейінгі материал массасы, г; кг;

Va. - қысып шығарылған сұйықтың көлеміне тең материалдың абсолюттік көлемі, см3; м3.

Шын тығыздықты екі анықтауының нәтижелері арасындағы айырмашылық 0,02 г/см3 аспауы керек. Үлкен айырмашылықтар болған жағдайларда үшінші анықтау жүргізіледі және екі ең жақын мағыналарының орташа арифметикалық мағынасы есептелінеді Сынау нәтижелері 1.2 - кестеге енгізіледі.

1.2 - кесте

Тығыздықты анықтау нәтижелері

Материал аты

Ұнтақ өлшемдігі, г

Сынақтан кейін қалған өлшемдік,

г

Көлем өлшегіштегі ұнтақ массасы, г

Материал-дың шын тығыздығы, г/см

1

2

3

4

5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]