Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-67.doc
Скачиваний:
118
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.93 Mб
Скачать

1.1.2. Орташа тығыздығы анықтау

Орташа тығыздық ρо - бұл табиғи күйдегі материал көлемі бірлігінің массасы

ρо = m / Vт ,

мұндағы ρо - орташа тығыздық, г/см3; кг/м3;

m – материал массасы, г; кг;

Vт - табиғи күйдегі көлем, см3, м3.

Құрылыс материалдарының көпшілігінде саңылаулар болады. Неғұрлым олар материал көлемі бірлігіне көп болса, соғұрлым оның орташа тығыздығы кіші, материалдың орташа тығыздығына бірқатар оның физика-механікалық қасиеттері байланысты болады, мысалы: беріктігі, жылу өткізгіштігі. Орташа тығыздықтың мағынасы құрылыс құралымдарының кеуектілігін, массасын және өлшемдерін анықтауға қолданылады. Орташа тығыздылығын анықтағанда нұсқаулардың дұрыс та және дұрыс та емес геометриалық пішінін пайдалануға болады.

Аспаптар: штангенциркуль, сызғыш, көлем өлшеуіш немесе Архимед таразы, стандартты құйғыш, аналитикалық таразы.

Материалдар: құрылыс материалдарының үш түрі: геометриалық пішіні дұрыс, дұрыс емес және сусымалы.

1.1.2.1. Орташа тығыздықты геометриалық пішіні дұрыс нұсқаларда анықтау

Текше пішіні бар нұсқа алынады және 1.2-суретте көрсетілгендей әр қыры үш жерде өлшенеді. Әр қырдың соңғы өлшеміне үш өлшемнің орташа арифметикалық мағынасы қабылданады. Өлшеуді 0,1 мм дейінгі дәлдікпен өндіреді.

Цилиндрлік пішінді нұсқаның көлемі екі өзара перпендикулярлы диаметрлерді өлшеумен өндіріледі. Бұдан басқа цилиндлер биіктігінің ортасы бойынша диаметрлердің шамасын өлшеу керек. Нұсқа биіктігі 1.3-суретте көрсетілгендей шеңбермен диаметрлердің қиылысу нүктелерінде өлшенеді нүктелерінде өлшенеді.

Көлемді анықтаған соң, егер нұсқа салмағы 100 г артық болса, 0,01г дейінгі дәлдікпен таразда нұсқа массасы анықталады.Егер нұсқа массасы 100 г аз болса 0,001г дейінгі дәлдікпен анықталады.

1.2 - сурет. Дұрыс текше пішінді нұсқаны өлшеу

1.3 - сурет. Цилиндрлік пішінді нұсқаны өлшеу

Нұсқаның орташа тығыздығы былай анықталады

ρо = m / Vц ,

мұндағы ρо – заттың орташа тығыздығы, г/см3; кг/м3;

m – нұсқа массасы, г; кг;

Vц – нұсқа көлемі, см3; м3.

Цилиндрлік пішінді нұсқаның көлемі

Vц = π d 2 h / 4 ,

Сынау нәтижелері 1.3-кестеге енгізіледі.

1.3 – кесте

Орташа тығыздықты анықтау нәтижелері

Материал

аты

Нұсқа

пішіні

Нұсқа өлшемдері,

см

Нұсқа көлемі, см

Нұсқа массасы, г

Орташа

тығызды-

ғы

ені

диа-метрі

биікті-

гі

г/см

кг/м

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.1.2.2. Орташа тығыздықты геометриялық пішіні дұрыс емес

нұсқаларда анықтау

Геометриялық пішіні дұрыс емес нұсқалардың орташа тығыздығын анықтау үшін парафиндеу әдісін қолданады.Бұл үшін алдын ала кептірілген пішіні дұрыс емес нұсқа техникалық таразыда өлшеніледі. Сосын нұсқа бояу жаққыш арқылы парафиннің жұқа қабатымен сыланады және енді парафинмен бірге техникалық таразыда қайтадан өлшенеді. Тек сонан – соң ғана гидростатикалық

таразыда өлшенеді (1.4-сурет).

Заттың орташа тығыздығын мына формула бойынша есептейді

ρo = m / V1 - Vп ,

1.4 – сурет. Гидростатикалық таразы

мұндағы m – құрғақ күйіндегі нұсқа массасы, г;

V1 – парафимен бірге нұсқа көлемі, см3;

Vп – парафин көлемі, см3;

ρо – заттың орташа тығыздығы, г/см3.

Vп = m1 – m / ρп ,

мұндағы m - парафинсіз нұсқа массасы, г;

m1 - ауада парафинмен бірге нұсқа массасы, г;

ρп - парафин тығыздығы - 0,93 г/см3.

V1 = m1 – m2 / ρс ,

мұндағы m2 – суда парафинмен бірге нұсқа массасы, г ;

ρс - су тығыздығы - 1,0 г/см3 .

Сынау нәтижелері 1.4. – кестеге енгізіледі

4 – кесте

Орташа тығыздықты анықтау нәтижелері

Материал

Нұсқа массасы, г

Массаның суда жоғалуы немесе нұсқа көлемі, см3

Орташа тығыздық

құрғақ күйінде және ауада,

г

ауада парафин-делген нұсқа-ның,

г

суда парафин-делген нұсқа-ның,

г

г/см3

кг/м3

1

2

3

4

5

6

7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]