Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-67.doc
Скачиваний:
118
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.93 Mб
Скачать

3. Керамика материалдары

Керамика деп қалыптау, кептіру және кейіннен күйдіріп балшық қамырынан өндірілген жасанды тас материалдарын атайды. Күйдіргеннен кейін керамика материалдары едәуір беріктік, суға төзімді, аязға төзімді және бір қатар басқа да қажетті қасиеттерге ие болады. Керамика материалдарының арасында кәдімгі керамика (3.1-сурет) және қуыс кірпіштер (3.2-сурет), қуыс керамика тастары (3.3-сурет), өңдегіш тақтайшалар, керамика қышы және керамзит ең

үлкен таралу алған.

Керамика кірпіш кеуектейтін қосымшалармен не оларсыз тез балқығыш балшықтардан пластикалы не жартылай құрғақ престеу тәсілдерімен және кейіннен кептіріп және күйдіріп дайындалады.

3.1- сурет. Кәдімгі керамика кірпіші

1 – төсем; 2 – бүйір қыр; 3 – үшкір қыр

а) б)

3.2 – сурет. Керамика кірпіш –қуыс денелі

а) - 19, б) - 32 қуыстармен

а) б)

3.3-сурет. Қуыс керамика тастар а) - 7 , б) - 18

қуыстармен

Пластикалы тәсілде балшықты алдымен үккіш біліктерде, сосын балшық илегіште ұсатады, онда оны 18-25% дейін сулайды және біркелкі қамыр болғанша араластырады. Дайындалған қамырды престеуге таспалы престің қабылдағышына береді. Қалақтары бар престің цилиндрлік шнегі қамырды мүштік арқылы итереді. Қамыр тығыздалады және мүштіктен төрт бұрышты брусты көлденең кескіш құрылғының жіңішке болат сымдарымен кесіп берілген қалыңдықпен шикі кірпіш шығарады.

Жартылай құрғақ тәсілде кептірілген және ұсақ уатылған балшықты ұқыпты араластырады және 8-10% дейін сулайды. Шикі кірпіш 15 МПа дейін қысыммен тапанша престерде тайланады.

Шикі кірпішті кептіру кептіргіштерде, ал күйдіру үздікзіз әрекеттегі тунель пешінде жүзеге асырылады.

МСТ 530-95 сәйкес керамика кірпіш өлшемдері 250х120х65 мм дара және 250х120х88 мм - модульді шығарылады.

3.1. Сыртқы байқаумен кірпіш сапасын анықтау

Аспаптар: өлшеуіш сызғыш немесе штангенциркуль, үшбұрышты сызғыш.

Әр партиядан (көлемі мекеменің тәуліктік өнімнің мөлшерінде белгіленеді) 0,5% мөлшерінде,бірақ 100данадан кем емес нұсқаулар таңдап алынады.

Таңдап алынған нұсқаулардың санынан 10 данасы сығуға беріктігін, 5 данасы аязға төзімділікті, 5 данасы су сіңіруін және орташа тығыздығын, 5 данасы ізбес қосылыстары болуын анықтау үшін пайдаланылады.

Астам дымқылды күйде таңдап алынған кірпіш сынау алдында зертхана бөлмесінде 3 тәуліктен кем емес не кептіргіш шкафта +1050С температурада 4 тәулік бойы ұсталады.

Кірпіштің МСТ талаптарына сәйкестілігін анықтау үшін оны байқайды және ары көрсетілген көрсеткіштер бойынша тексереді :

а) ұзындығы, ені, қалыңдығы бойынша ұзындық өлшемдері үш жерде – қырлары және қырының ортасы бойынша металл сызғышпен не арнайы үлгімен 1 мм дейін қателікпен өлшенеді (мм). Ақырғы нәтижеге үш өлшеудің орташа арифметикалық мағынасы қабылданады;

б) төсемі мен бүйір қыры бойынша қырлар мен қабырғалардың тура сызықты еместігі кірпіш пен үшбұрышты сызғыш бұрышының арасындағы ең үлкен саңылау шамасын өлшеп (3.3- сурет) 1 мм дейінгі дәлдікпен анықталады және журналға барлық нәтижелер жазылады;

в) бүйір және үшкір қырларында сызаттар бар болуы анықталады. Сызаттар бір төсемнен басталып, бүйір не ұшты кесіп өтіп басқа төсемге ауысады. Ең үлкен ұзындық бүйір не ұшқа перпендикулярлы төсемдердің біреуі бойынша сызғыш пен үшбұрышты сызғыш көмегімен өлшенеді. Журналға барлық сызаттардың ұзындығы жазылады.

Жарым деп екі қос жартыдан тұратын не толық денелі кірпіштің төсемі бойынша ұзындығы 30 мм астам, қуыс денелерде- кірпіштің барлық қалыңдығы бойынша қуыстардың бірінші қатарына дейін артық бұйымдар саналады;

3.3-сурет. Қырлар мен қабырғалардың тура сызықты еместігін

және бұрыштар мен қырлардың сынықтары

мен жапырылуын анықтау

г) бұрыштар мен қырлардың сынуы мен жапырылуы (қыры бойынша) сынудың жапырылудың ең үлкен ұзындығы мен 1 мм дейінгі дәлдікпен (3.3-сурет) үшбұрышты сызғыш және сызғыш арқылы анықталады. Журналға ең үлкен мағынасы бойынша барлық бұрыштар сынықтарының нәтижелері жазылады, мысалы, L1 > L2 сондықтан L1 = … мм жазылады;

д) «күймеген» және «артық күйгені» бар болуын зерттейтін нұсқаны эталонмен салыстыра отырып түсі және дыбысы бойынша анықтайды. Эталоннан тым ақшыл кірпіш және балғамен соққанда керең дыбыс – күймеудің белгілері. Тұтынушыға «күймеген» және

«артық күйген» кірпішті жеткізіп беру рұқсат етілмейді, өйткені ол жарамсыз деп саналады;

е) ізбес қосылыстарының бар болуын анықтау үшін кірпішті суы бар сауыттың торына орналастырады және бір сағат бойы қайнатады. Қайнату процесінде ізбес қосылыстарының көлемі ұлғайып сөнеді (СаО + Н2О = Са(ОН)2 және кірпіш бетінде сызаттар, сынықтар және жарықтар пайда болуына әкеліп соғады. Ізбес қосылыстары кірпіш бетінде ақ түйірлер түрінде көрінеді.

Сыртқы бақылау бойынша алынған нәтижелерді 3.1- кестеде келтірілген МСТ талаптарымен салыстыру керек және осы партия кірпішінің сапасы туралы қорытынды жасау керек

3.2. Кірпіштің су сіңіруін анықтау

Аспаптар: кептіргіш шкаф, салмағы әр түрлі гірлері бар таразы, ағаш торы және суы бар сыйымдылық.

Кірпішті су сіңіруге сынауды температурасы +200С суда 4 сағат бойы шылықтырумен өндіреді.

Бірінші тәсіл. Тұрақты массасына дейін кептірілген кірпішті 0,1 г дейін дәлдәкпен өлшейді және сауыттағы су деңгейі нұсқаудан 2 см кем емес етіп торға орналастырады. Нұсқа суда 48 сағат ұсталады, сосын сауыттан алынады, дымқыл жұмсақ матамен сүртіледі және өлшенеді. Таразының табақтарына нұсқа саңылауларынан аққан судың массасы нұсқа массасына қосылады. Су сіңіруі Смас мына формула арқылы анықталады

С мас = ( m1 – m /m ) 100% ,

мұндағы С мас -массасы бойынша су сіңіруі , %;

m1 - су шылыққан нұсқаның массасы , г;

m - тұрақты массаға дейін кептірілген нұсқаның массасы,г.

Сынау көрсеткіштері 3.2- кестеге енгізіледі

3.1- кесте

Кірпіш сапасына негізгі талаптар

Сапа параметрлері

Пластикалы және жартылай құрғақ тайлау кірпіші үшін мүмкін ауытқулар, мм

Нұсқаларды байқағанда анықталған ауытқулар

1

2

3

1

2

3

4

5

Ұзындығы 250 мм

Ені 125 мм

Қалыңдығы 65 мм

±5

±4

±3

Қырлары мен қабырғаларының тура сызықты еместігі,

артық емес, мм

төсемі бойынша

бүйірі бойынша

±3

±3

±4

Бұрыштардың (қырлардың)

сынулары 10-15 мм, дана

2

Қуыстарға жетпейтін қырлардың сынулары мен жапырылулары, тереңдігі 5 мм астам 10- нан 15 мм дейін, дана

2

Толық денелі кірпіштің төсемі бойынша ұзын-дығы 30 мм дейін, қуыс денелі бұйымдарға қуыстардың бірінші қатарына дейін артық емес, дана

бүйір қырларында

үшкір қырларында

1

1

Күйдіру дәрежесі

Эталон

Ізбес қосылыстарының ең үлкен өлшемі бойынша 5- тен 10 мм дейін болуына рұқсат етілмейді, дана

3

.

3.2-кесте

Су сіңіруді анықтау

Құрғақ кірпіштің массасы,

г

Суға шылыққан кірпіштің массасы,

г

Су сіңіруі,

%

1

2

3

4

Екінші тәсіл. Өлшенген нұсқаны суы бар сауытпен торға орналастырады әне 4 сағат бойы қайнатады, онан кейін сауытқа үздіксіз суық су құюмен +20 0С дейін суытады, сонан-соң суға шылыққан нұсқаны өлшейді.

Маркасы 150 және жоғары толық денелі кірпіштің су сіңіруі 6 % кем емес, ал басқа маркаларының кірпіші үшін 8 % кем болмауы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]