Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі 12-13.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
46.79 Mб
Скачать

2.1.14. Жаңа сөздерге назар аударыңыз.

Тұлғаны қалыптастыру – формировать личность

Мемлекеттің қорғауы – защита государством

Кәмелетке толған – совершеннолетний

Еңбекке жарамды – трудоспособный

Қамқорлық жасау – опекать

Еркін неке одағы – свободный брачный союз

Отбасыішілік мәселелер – внутрисемейные проблемы

Дәстүрді жандандыру – возобновить традицию

2.1.15. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

а) Отбасын әлеуметтік қолрғау дегенді қалай түсінесіз?

ә) Қартайған адамдарға мемлекет қандай қамқорлық жасайды?

б) Жинақтаушы зейнетақы қорының рөлі қандай?

в) Некелесу кезінде ата-анамен ақылдасудың керегі неде?

2.1.16. Бөлтірік шешеннің төмендегі өлеңінің мағынасын ұғып алыңыз.

Бала болсаң, болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол.

Досыңа майыспа,

Дұшпаныңа қайыспа...

Жақсы адамға мал бітсе,

Ағайынның жоғына қарасады.

Жаман адамға мал юітсе,

Көрінгенмен итше таласады.

2.1.17. Берілген тіркестердің мағыналарын ұғып алыңыз және олармен сөйлем құраңыз.

1. Болғандай болу – нағыз адам болу

2. Қорған болу – түрлі жамандықтардан сақтау

3. Дұшпанға қайыспау - берілмеу, жеңілмеу

4. Мал біту – баю

5. Жоғына қарасу – қамқорлық жасау, материалдық жәрдем беру

6. Итше таласу –. араздасу

Қазақ тілінде күрделі сөздердің үш түрі бар: қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер.

Қос сөздер (парные слова): ата–ана, бала–шаға, ұл–қыз, қарым–қатынас, әке–шеше, оқта–текте.

Біріккен сөздер (сложные слова): тасбақа, Ақтөбе, Талдықорған, Сарыағаш, күнбағыс, асқабақ, күнтізбе.

Қысқарған сөздер (сокращенные слова): БҰҰ, АҚШ,ҚР, ҚазМҰУ, ЕҰУ.

2.1.18. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Неке тазалығы

Біздің елімізде кәмелеттік жасқа толған жастарға ғана некеге тұруға рұқсат беріледі. Сондықтан неке тазалығы жайлы әрбір қыз бен жігіттің білуі – парыз.

Ғалымдар ерте некелесудің зиян екенін айтады. Күйеуге жастай шыққан қыздардың организмі нашарлап, бойына бала бітсе, оның шала туылатынын айтады.

Орыстың белгілі ғалымы И.И.Мечников әйелдердің көпшілігі жиырмада, еркектер жиырма үш жасқа келгенде жетіледі деп есептеген. Өте кеш некелесуді де құптауға болмайды. Кейбір ғалымдар күйеуінің әйелінен 5-10 жасқа дейін үлкен болуын дұрыс деп есептейді. Ғылыми әдебиеттерде әйелдер үшін некелесуге қолайлы кезең – 20-21 жас, ал, еркектер үшін 24-25 жас деген пікір айтылып жүр.

Ортақ мүдде, рухани жақындық, кешірімді бола білу, өз борыштарын түсіну – еркек пен әйелдің жұптасқан өмірін мәнді де сәнді, қоғам үшін берік те пайдалы етеді.

2.1.19. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Елімізде ... жастарға ғана некеге тұруға рұқсат етіледі.

2. Жастар үшін ... маңызды.

3. Жастарға ... зиян.

4. Некеге тұрған әйелдің жасы ... болу керек.

5. Некелескен адамдар үшін ... негіз жоқ.

6. Жұбайлар бір-біріне ... болулары керек.

2.1.20. Жазушы ғ.Мұстафиннің аталы сөздеріне назар аударыңыз.

  • Бір үйір жылқыны бір бөгелек, бір семьяны бір беймаза күйзелтеді.

  • Арам ыдыста адал ас, арам көңілде таза махаббат тұрмайды.

  • Балаң жақсы болса – қызығың, жаман болса – қайғың.

Жаңа сөздерді біліп алыңыз.

Бөгелек – овод беймаза – неспокойный

Қызық – здесь: радость қайғы – горе