Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі 12-13.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
46.79 Mб
Скачать

4.2. Замандас келбеті. Адам сәні

Грамматика. Сын есімнің шырайлары

Сын есімнің төрт шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы, күшейтпелі және асырмалы шырай.

Жай шырай заттың сынын өз қалпында көрсетеді. М: ақ, қара, қызыл, көк, жақсы т.б.

Салыстырмалы шырай заттың сынын –шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім,-ғылтым, -гілтім, –рақ, -рек, ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары арқылы басқа затпен салыстыра отырып көрсетеді. М: ақшыл, көкшілтім, сарырақ, қызылдау, т.б.

Күшейтпелі шырай сын есімнің алдына күшейткіш буындардың тіркесуі арқылы жасалады. М: қап-қара, қып-қызыл, жап-жақсы т.б. т.б.

Асырмалы шырай заттың сынын тым, өте, аса, шымқай сөздері арқылы басқа затпен салыстыруда күшейтіңкіреп көрсетеді. М: тым, биік, шымқай қызы. өте тәтті, аса жайлы

4.2.1. Төмендегі сын есімдерді төрт шырайда түрлендіріп жазыңыз, олармен сөйлем құраңыз (ауызша)

Жай салыстырмалы күшейтпелі асырмалы

Қызыл қызылырақ қып-қызыл шымқай қызыл

Сары

Көк

Жасыл,

Қара

Бұзық

Сұлу

4.2.2. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз. Сұлулық жайлы

Сұлулық – адам жанын қуанышқа бөлейді, тамсантады, сүйсіндіреді. Қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам, соның сұлулығы.

Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып тууы мүмкін, ал, бірақ, ондағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі. Ал, адамның сыртқы сұлулығы ішкі рухани сұлулығымен сәйкес келсе, нағыз сұлулық сол болмақ.

Асыл дініміз қарапайым киімді құптайды. Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың киімінің қарапайымдылығы сондай, жиылысқа жиналған сахабалары оның ортаға қалай келіп отырғанын да сезбей қалады екен.

Сұлулық жайлы айтылған халық сөзіне тоқталайық:

«Сұлу – сұлу емес, сүйген - сұлу»; «Сөзі шырайлының – жүзі шырайлы»; «Жаманның сөзі түйеден түскендей»; «Жылтырағанның бәрі алтын емес»; «Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық».

Нұрлан Асанов

4.2.3. Жаңа сөздердің баламасын сөздіктен қарап, жазыңыз, біліп алыңыз.

Сұлулық –

Тамсантады –

Сүйсіндіреді –

Пішін –

құптайды –

қарапайым –

шырайлы –

жылтыраған –

4.2.4. Сұрақтарға жақша ішіндегі сөздерді пайдалана отырып жауап беріңіз.

Адамды несіне қарап бағалауға болады? (мінез)

Сұлулық ненің сыйы? (табиғат пен қоғам)

Кімнің сыртқы және ішкі сұлулығы сай болуы керек? (адам)

Кімнің сөзі түйеден түскендей? (жаман)

Қандай адам қарапайым киінеді? (ақыл)

Ненің бәрі алтын емес? (жылтыраған)

Адамның несіне қызығу керек? (сұлу іші)

4.2.5. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.

Көшеде бір бейтаныс адам келе жатады. Оған қарсы тағы бір адам ұшырасады да:

  • Айтып жіберіңізші, Абылай хан көшесіне қалай баруға болады?- деп сұрайды.

Кісі (тоқтайды, күлімсірейді):

  • Е, ол жап-жақын. Осы бетіңізбен тура жүріңкіреп барып, оңға бұрылыңыз.

Әлгі кісі:

  • Сізге көп рахмет!

  • Оу, оның не қиындығы бар! (Тағы да күлімсірейді).

Тапсырма: Міне, осы сәттен не байқадыңыз? Жол көрсеткен адамның ізгі қасиеті қандай?