Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі 12-13.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
46.79 Mб
Скачать

Он бірінші сабақ (3-сағат)

Отаншылдық – ұлы қасиет

Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет. Өз Отанын, өз халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны, патриоты бола алмайды.

Отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтамаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.

Өз әке шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді.

Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны –өз үйі. Елді, отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде.

Бауыржан Момышұлы

1-тапсырма. Төмендегі сөздерді орысша баламасымен сәкестендіріңіз.

Отансүйгіштік докажи

қорғаны уважать

намыс не уважающий

дәлелде защитник

сыйлау честь

ардақтамаған патриотизм

2-тапсырма. «Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

3-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдерін табыңыз.

Сыйлау, намысқой, ардақтау, қасиет, қорғау

Сабақты пысықтау сұрақтары:

  1. Патриот деген сөзді қалай түсінесің?

  2. Патриоттық сезім неден басталады?

  3. Отан туралы қандай нақыл сөздерді, мақал-мәтелдер білесің?

  4. Қазақстанда қандай өзге ұлттар тұрады?

  5. Қазақстанның бүгінгі жетістіктері туралы не білесің?

  6. «Ел намысы – ер намысы» деген мақалды қалай түсінесің?

  7. Өркениетті елдер туралы қандай мәлімет білесің?

  8. Өз елінің патритоты деп кімдерді айтуға болады?

  9. Ұлттық намыс деген тіркесті қалай түсінесің?

  10. Өзіңді патриотпын деп есептейсің бе?

БОӨЖ тапсырмасы.

Атамекен, Отан туралы макал- мәтел жаттаңыз.

ОН ЕКІНШІ САБАҚ (1-сағат)

Лексикалық тақырып: Елордасы – Астана

Грамматикалық тақырып: Етіс

Сөздік

Әкімшілік-саяси – административно-

политический

озық – передовой

уақыт талабы – требование времени

ортағасырлық –средневековый

қалпына келтірілді – восстановлен

торап – узел

өркендеген – развивающий

бой түзеу – выстраевается

соның куәсі – свидетель тому

мән берілуде – придается значение

лайықты орын – достойное место

ЕТІС

Етістер – выражают различные отношения между субъектом и объектом действия, изменяются по временам и лицам.

1 Өздік (Возвратный) -ын, -ін, -н жуын киін, таран

2 Ырықсыз (Страдательный) -ыл, -іл, -л жуылды, киілді, таралды

ын, -ін, -н салынды, әкелінді, таранды

3 Ортақ етіс (Совместный) -ыс, -іс, -с салысты, әкелісті, ойласты, сөйлесті,

4 Өзгелік (Побудительный) -дыр, -дір, -тыр, -тір жуғыздыр, енгіздір, саттырды, кептірді

-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т барғыздым, кіргіздім, айтқызды, кескіздік, босат, жүгірт