Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі 12-13.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
46.79 Mб
Скачать

2. Мәтіннен шылауларды тауып, тіркескен сөздерге қандай мағына үстеп тұрғанын байқаңыз.

3. Септеулік шылау арқылы байланысып тұрған сөздерді септеулігімен бірге теріп жазыңыз. Арал теңізі

Қазақстанның оңтүстік аймағында жатқан Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53 м биікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың шаршы шақырым, ұзындығы 428 шақырым, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді.

Арал теңізінде балықтың 30-дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін Аралдан балықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келді. Аралға құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.

Теңіздің солтүстігіндегі Барсакелмес аралында «Барсакелмес» қорығы құрылған. Қорық аумағындағы бөкен, құлан, жайран, қырғауыл, т.б. аң, құс түрлері қорғауға алынған. Қазір теңіз деңгейінің күрт төмен түсуіне байланысты олар басқа жаққа көшірілді.

Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 шаршы шақырым жерінен 8000 тоннаға жуық тұзды шаң көтеріліп, қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп шөккен тұз топырақтың құнарлылығын азайтып, егіс өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр.

Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз маңындағы ауылдарда жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан, т.б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар (ішек және сары ауру), қатерлі ісік, кеміс боп туушылық соңғы кезде көптеп кездесуде. Арал маңының экологиялық жағдайының бұзылуы жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да қатты әсер етіп отыр. Тұрғындар ата-баба жерінен амалсыз қоныс аударуда.

Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конферен-циялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекет басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл шаралардан шет мемлекеттер де сырт қалмауда. Өйткені бұл ғаламдық мәселе.

  • Тапсырмалар:

  1. Мәтінді түсініп, оқыңыз.

  2. Мәтінге жоспар құрыңыз.

  3. Мәтінді әңгімелеңіз.

  1. Сұрақты топ болып талқылаңыз.

  1. Арал теңізінің тарихы туралы не білесіңдер?

  2. Арал теңізі суының тұздылығының арту себебін түсінді-ріңдер.

  3. «Арал тағдыры - ел тағдыры» деген қанатты сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер.

  4. Арал теңізі не себепті экологиялық апатты өңірге айналып отыр?

  5. Арал-Балқаш қоры туралы не білесіңдер?

  6. Арал проблемасын не себепті ғаламдық проблема санайды?

БОӨЖ тапсырмасы.

Аралға арналған халықаралық конференция материалдарын жинап, қысқаша мәлімет жазыңыз.

Бесінші сабақ (1-сағат)

Лексикалық тақырып: Адам және табиғат

Грамматикалық тақырып: Көсемше

Сөздік

қоршаған орта – окружающая среда

жан-жануарларменөсімдіктер– животные и растения

алыстағы жұлдыздар – звезды на далеких

ажырамас бөлігі – часть, которая не отделится

егіз ұғым – близнец понятие

туған жер –родина

ыстық махаббат – жарко любовь

орман-тоғайлар – лес-рощи

ерекше – особенный

үздіксіз өзгерістер – непрерывные изменения

жанартаудыңатқылауы – постреливание, которое заденет

найзағайдың жарқылы – блеск молнии

табиғат құбылыстары – явления природы

себеп-салдар –причина