Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі 12-13.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
46.79 Mб
Скачать

2.1.21. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Отбасы - ............................ «кішкене модулі» деуге болады.

А. мемлекеттің

Ә. бөлімнің

Б. қаланың

2. «Отбасы» сөзінің синонимдері

А. жанұя, әулет.

Ә. ұя, әлеует

Б. шанырақ, үй

3. Баласының баласы - ................

А. немере

Ә. шөбере

Б. немене

4. Баласының әйелі - ................

А. жеңге

Ә. келін

Б. балдыз

5. Нағашы - ......................

А. әкенің туыстары

Ә. шеше жағындағы туыстар

Б. қыз барған жерді

2.2. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер. Жас отбасының бюджеті.

Грамматика: Тәуелдік жалғау. Табыс септігі.

Қазақ тілінде сөздер үш жақта, жекеше, көпше түрде тәуелденеді.

Жекеше

Көпше

І ж. Менің қыз-ым, үй-ім, іні-м

ІІ ж. Сенің қыз-ың, үй-ің, іні

ІІ ж. Сіздің қыз-ыңыз, үй-іңіз, іні-ңіз

ІІІ ж. Оның қыз-ы, үй-і, іні-сі

І ж. Біздің қыз-ымыз, үй-іміз, іні-міз

ІІ ж. Сендердің қыз-дарың, үй-лерің, іні-лерің

ІІ ж. Сіздердің қыз-дарыңыз, үй-леріңіз, іні-леріңіз

ІІІ ж. Олардың қыз-дары, үй-лері, іні-лері

2.2.1. Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.

Қазақ халқында үйлену кезінде атқарылатын бірнеше түрлі салт–дәстүрлер бар. Олар – құдалыққа байланысты, неке қиюға, үйленуге байланысты деп атала береді.

Құда түсу

Қазақ халқында бұрынғы заманнан бастап қазірге дейін ұмытылмай келе жатқан - құда түсу салты. Ұл баланың әкесі туыстарымен бірге болашақ келінінің үйіне құда түсуге барады. Қызға тана (сырға) тағылып, оны ұзататын күн белгіленеді.

Салт–дәстүр бойынша, құдалар бірін–бірі құдалыққа шақырады. Құдалар кетердің алдында бір–біріне «киіт» береді. Бұрынғы кезде бай отбасыларда жігіттің әкесіне берілетін «киіт» – бір табын жылқы, көптеген қымбат шапандар болған. Қыздың жағынан келген құдаларға да «киіт» беріледі. Қазіргі уақытта қызға «қалың мал» берілмейді, бірақ «киіт беру» салты мен басқа салт–дәстүрлер сақталған.

Қызға құда түсіп, қыздың келісімін алған соң, жігіт жағы «өлі–тірі» сыйлығын беріп жібереді. Ол – сойысқа жарайтын мал. Бұл – «осы құдалыққа тірілер ғана емес, өлі әруақтар да риза болсын» деген игі ниеттің белгісі болып саналады.

Құдалық кезінде қазақтың ұлттық салт–дәстүрі бойынша, құдаларға малдың құйрық–бауырынан табақ тартылады. Сол сияқты, құдалық кезінде «құда тарту», «құда аттанар» деген салттар да орындалады. Бұлар құдалықтың қызықты, есте қаларлықтай маңызды болуы үшін жасалады.

Ұзатылған қызға анасы «жасау» береді. «Жасау» – қызға анасы сыйға тартатын үй жабдықтары және басқа сыйлықтар.

2.2.2. Жаңа сөздермен танысыңыз.

Құдалық – сватовство

Неке қию – обвенчание

Үйлену – женитьба

Жаңғыру – возродиться

Киіт – подарки

Игі ниет – благородная цель

Табақ тарту – угощать

Ырым – здесь: традиция

Жасау - приданое

2.2.3. Берілген жоспар негізінде мәтінді мазмұндаңыз.

  1. Қазақ халқының үйленуге байланысты салт–дәстүрлері.

  2. Құдалық – құдалардың ең алғашқы кездесуі.

  3. Құдаларды қарсы алу.

  4. «Өлі–тірі» ежелден келе жатқан дәстүр.

  5. Неке қию – жас жұбайлар отауына ашылатын жол.

2.2.4. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз.

Үлгі: қазақ халқы, ...

2.2.5. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазір жастар үйленер алдында құда түсу жасала ма?

  2. Құдалардың бір–біріне «киіт беруі» міндетті ме?

  3. «Өлі–тірі» қай уақытта таратылады?

  4. Құдалық кезіндегі қызықты ойындарды көрдіңіз бе?

2.2.6. Үлгі бойынша сұхбат құрастырыңыз.

  • Сіздің үйленген ағаңыз ба?

  • Жоқ, менің емес, мына досымның ағасы үйленген.

а) әже – ата – құдалық;

ә) апа – қыз – неке;

б) Ардақ – іні – күйеу жолдас.

2.2.7. Сұхбаттасу мәтінін толықтырыңыз.

  • Алтынай, сенің әпкең тұрмысқа шыққан ба?

  • ___________________________________ .

  • Ол қанша жасыңда тұрмысқа шықты?

  • ___________________________________ .

  • Әкпеңе құда түсіп, сырға салды ма?

  • ___________________________________ .

  • Олардың некелерін қай жерде қиды?

  • __________________________________ .

  • Сенің әкпеңе анасы жасау берді ме?

  • __________________________________ .

  • Әкпеңнің үйлену тойы қайда болды және ол қалай өтті?

  • ____________________________________ .

Тапсырма. Берілген сөздерді тәуелдеңіз.

Жақ

Берілген сөздер

Төсек

шырақ

қап

Менің

Сенің

Сіздің

Оның

Біздің

Сендердің

Сіздердің

Олардың