Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі 12-13.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
46.79 Mб
Скачать

1. Төмендегі сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

  1. «Эко-Ойкос» сөзінің мағынасы не?

  2. Бұл сөзді ғылымға кім енгізген?

  3. Қазіргі таңдағы басты проблема не?

  4. Қай жерлердің экологиялық жағдайы өте төмен?

  5. Ауаға тарайтын лас заттардың мөлшері қанша?

2. Мәтіннен шылауларды тауып, олардың сипатын анықтаңдар: қандай мәнде қолданылып, қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңдер.

  1. Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

Айдынды теңіз, айқындала түсу, ұғым, енгізген, қасірет, ауыз-ға алу, тартылу, зиянын тигізу, ластаушы қосылыстар, шоғырлану.

  1. Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

  1. Экология мағынасы гректің «Эко-Ойкос» деген сөзінен шыққан …

  2. Бүгінде табиғатты қорғау ісі …

  3. Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға…

  4. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фото-химиялық құрғақ түтін…

  5. Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан…

  1. Берілген шағын мәтіннің идеясын айтыңыз. Демеулік шылауды тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсетіңіз.

Апаттың үлкені адамдар бойындағы эгоистік көзқарастан туындап отыр. «Өз жеріме өзім қожамын. Не істесем де өз еркім: өзен, көлін суалтам ба, даласын жыртып, ақ татыр шөлге айналдырам ба, әлде орман, тоғайын құртам ба, тіпті өртеп жіберем бе - ешкім қолымды қақпайды. Әлем кеңістігін еркін билеймін, табиғатты табындырамын», – деген менмен саясат тіршіліктің тынысын тарылтып бітті.

6. Алматы қаласының экологиялық жағдайы туралы ой алмасыңыздар.

7. «Айнала, қоршаған орта және оны дамыту» тақырыбына шығарма жазыңыз.

8. Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қойылымы бойынша пікір алмасу.

Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіздер

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Бір тал кессең, он тал ек.

Судың да сұрауы бар

Өрісіне қарап мал өсер,

Өзеніне қарап тал өсер.

Су анасы - бұлақ.

Су ішкен құдығыңа түкірме.

Еске түсірейік!

Шылау сөздер

  1. Септеулік шылаулар

Меңгерілетін септіктер

Септеуліктер

1. Атау

арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, бойы, бойда, бойынша, бойымен, сайын, үшін, ғұрлы, шамалы, шақты, қаралы.

2. Барыс

дейін, шейін, төмен, қарай, қарап, қарсы, салым, тарта, жуық, таяу.

3. Шығыс

бері, кейін, соң, бұрын, бетер, гөрі, әрі, басқа, бөлек, өзге.

4. Көмектес

қатар, бірге, қабат, қоса.

  1. Демеулік шылаулар

1. Сұраулық демеуліктер

-ма (ме, ба, бе, па, пе), ше.

2. Күшейткіш демеуліктер

-ақ, -ау, -ай, -да (де, та, те).

3. Шектік демеуліктер

-ғана (қана), - ақ, тек.

4. Болжалдық демеуліктер

-мыс, (міс), - ау.

5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері

түгел, тұрсын, тұрмақ.

6. Нақтылау мәнді демеуліктер

қой (ғой), ды (ді, ты, ті)

3. Жалғаулық шылаулар

1. Ыңғайластық

мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да (де, та, те), және, әрі.

2. Қарсылықты

бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, өйткенмен, сонда да.

3. Талғаулықты

әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.

4. Себеп-салдарлық

себебі, өйткені, сондықтан.