Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі 12-13.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
46.79 Mб
Скачать

Он бесінші сабақ (2-сағат)

Еуразияның ең бір бай да бірегей

мәдениеті – қазақ мәдениеті

Н.Назарбаев

Ұлттық мәдениет

Қазақ жерінде мәдениет ерте кезден бастап дамыған. Оған еліміздің әр өңірінен табылып жатқан ортағасырлық көне қалалардың орны, мәдени бұйымдар басқа да алуан-алуан заттар куә. Мысалы Есік қорғанынан, Жайық бойынан, Алтай өңірінен табылған алтын адамдар, әртүрлі бұйымдар мен әсем безендіріліп жасалған қару-жарақтарды атауға болады. Археологиялық қазбалардан алынған деректерге қарағанда біздің эрамызға дейінгі адамдар мекендеген көне қалаларда алаңдар, сәулет өнерінің туындысы болатын ғимараттар болған. Одан бергі кезеңдерде қазақ жері мәдениетінің дамуына «Ұлы Жібек жолы» үлкен ықпал етті. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы Отырар, Сауран, Сығанақ, Тараз, Шымкент, Яссы сияқты мәдениеті дамыған ортағасырлық қалалар мәдениет пен өнердің орталығы болған. Ахмет Иассауи, Арыстанбаб кесенелері, Айша бибі, Алашахан мазарлары мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсетеді. Жоғарыда аталған қалаларда әдебиет, музыка, сәулет өнерлері айрықша дамыды. Бұл қала – қорғандарда байырғы мәдениет қалыптасты. Ұлттық мәдениетпен бірге, тайпааралық, ұлтаралық дәстүрлер де көптен-көп дамыды. Сондықтан сол кездің өзінде мәдениетаралық байланыстардың бірте-бірте өрістегенін аңғарамыз.

Қазақ мәдениетінің дамуына сәулет өнерімен бірге музыка өнері, қолданбалы өнер әсер етті. Қазақ даласының әр түкпірінде осындай өнерлердің өзіндік дәстүрлері қалыптасты. Мәселен, Сыр өңірінің, Арқаның, Жетісудың, Еділ мен Жайық атырабының ән мен күй, шешендік сөз бен поэзия дәстүрлерінің өзіндік сипаты болды. Бұл қазақ мәдениетінің жан-жақты дамуына ықпал жасады.

Қазақтың ұлттық мәдениетінің стильдері – ою-өрнектерден айқын аңғарылады. Ою-өрнектердің алуандығы мен байлығы, әсіресе, киіз үй бұйымдарынан көрінеді. Алаша, текемет, сырмақ, желбау, тұскиіз, кілем, сандық беттеріндегі бейне-нақыштар далалық мәдениеттің эстетикасы.

Қазақстан мәдениеті жалпы адамзат дамуы сияқты ХХ ғасырда айрықша өркендеді. Қазақстанның театр, бейнелеу өнері, кино өнері, саз өнерінің қазіргі заманға сай түрлерінің дамуы – мәдениетімізді жаңа деңгей-дәрежеге, сандық-сапалық белеске көтерді.

1-тапсырма. Мәтінде берілген қос сөздер мен біріккен сөздерді бөлек-бөлек жазыңыз.

Қос сөздер

Біріккен сөздер

Он бесінші сабақ (3-сағат) Мәдени мұра

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көптеген шаралар жоспарлануда. Солардың бірі – «Мәдени мұра» бағдарламасы. Бұл бағдарлама қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттауға арналған. Бағдарлама ауқымында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы, мәдени ескерткіштерді қорғау, фольклор шығармаларын тарату, кинофильмдер дайындау. Қазақ халқының мәдениеті өте бай болғандықтан бұл бағдарлама ұзақ жылдарға арналғ

1-тапсырма. Бұл бағдарлама жөнінде ақпарат дайындаңыз.

2-тапсырма. Төменде берілген сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыз.

Мемлекеттік бағдарлама, ұлттық қазына, тарихи шығарма, дәстүр, қымбат, өзекті, құндылық, деректі фильм, энциклопедия, музыкалық туынды.

3-тапсырма. Ұлттық мәдениетке байланысты қандай қос сөздер мен біріккен сөздер білесіз?

  1. Қазақстандағы көне қалалардың орындары қай жерлерден табылды?

  2. Есік қорғанынан, Жайық бойынан, Алтай өңірінен қандай бұйымдар табылды?

  3. Мәдениеті дамыған мәдениет пен өнердің орталығы болған ортағасырлық қалалар.

  4. Мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсететін мазарлар.

  5. Қазақ мәдениетінің дамуына қандай өнерлер әсер етті?

  6. Еліміздің қай өңірлерінде ән мен күй, шешендік сөз бен поэзия дәстүрлері жақсы дамыды?

  7. Қазақстан мәдениеті қай ғасырда жақсы дамыды?

  8. Қазақстанның қандай өнер түрлері мәдениетімізді жаңа деңгейге көтерді?

  9. Қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттауға арналған қандай бағдарламаны білесің?

  10. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты не?

БОӨЖ тапсырмасы.

Астанадағы ұлттық мәдениет нысандары жөнінде әңгімелеңіздер.