Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

8. Аумақты инженерлiк дайындау және қорғау

8.1. Инженерлiк дайындық жөніндегі шараларды инженерлiк-геологиялық жағдай­лардың болжамдық өзгерістерін, аумақтың пайдалану ерекшелігі мен жайғастыру жоспарын қалыптастыруды ескере отырып белгiлеу қажет.

Қалалық және ауылдық мекендердi жоспарлау жобасын және құрылысы жобасын әзiрлегенде қажеттiлiгiне қарай су тасқыны, су басу, сел ағындары, қар көшкiнi, көшкiн және шөгулерден инженерлiк қорғауды қарастыру қажет.

8.2. Вертикальды жоспарлауды жүргiзгенде аумақтың жобалық деңгейлік белгiлерiн келесi шарттарды ескере отырып тағайындау қажет, оның ішінде: табиғи жер бедерлі, топырақ жабынын және өсiп тұрған екпе ағаштарды максимальды сақтау, топырақ мүжілуін болдыртпайтын жылдамдықпен беткi суларды бөлiп алуды, құрылыс алаңында қазылған топырақтың пайдалануын ескере отырып жер жұмыстарының минимальды аз көлемiн қарастыру қажет.

8.3*. ҚР ҚНжЕ 2.03-10-2002-ге сәйкес беткi суларды бөлiп алу бүкiл хауыз бойынша жүзеге асу керек (суқоймаларға, суағарларға, сайларға және т.б. су ағызу), қалаларда, қағида бойынша, суағары алдын-ала тазаланатын жабық типтi жаңбыр канализациясы қарастырылу қажет.

Ашық су бөлетiн құрылғылар – арықтар, кюветтер, науалар бiр, екi қабатты құрылыс аудандары мен ауылдық мекендерде, сондай-ақ, саябақ аумақтарында пайдаланылады, көшелер, жолдар, өту жолдары және жаяужолдар қиылысқан жерлерде көпiр немесе құбыр құрылғысы қарастырылады.

8.4. Жерасты суларының тұруы биiк мекендер аумағында, саз батпақты учаскелерде жабық құрғатқыштар құру арқылы күрделi құрылыс аймағында жерасты суларының деңгейiн төмендетудi қарастыру қажет. Қалалардың, ауылдық мекендердiң үй-жайлық құрылысы аумағында және стадион, саябақ және басқа да ортақ пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтарда ашық құрғату торабын қолдануға рұқсат етiледi.

Айтылған шаралар ҚР ҚНжЕ 2.03-10-2002-ге сәйкес жерасты суларының деңгейiнiң; күрделi құрылыс аумағында – жер бетiнiң жобалық деңгейлік белгiсiнен кем дегенде 2 м, стадиондар, саябақтар, шағынгүлбақтар және басқа да көгалдарда – кем дегенде 1 м төмендеуiн қамтамасыз ету керек.

8.5.* Құрылыс жүргiзiлуге тиiс шымтезек жатқан учаскелерде жерасты суларының деңгейiн төмендетумен қатар жердің бетін минералды топырақпен жабу, ал тиістi негiздеме болған жағдайда шымтезектен арылту жол берiледi. Минералды топырақпен жабу қабаты­ның қалыңдығы шымтезектің келешекте шөгуiн және беткі суларды ағызу үшін қажетті аумақ еңiсiн қамтамасыз етудi есепке ала отырып анықталады.

Ықшамаудандар аумағында минералды топырақ қабатының минимальды қалың­дығын 1 м-ге тең етiп алу қажет; көшелердiң жүргiн бөлiмдерiндегi минералды топырақ қабатының қалыңдығы көлiк қозғалысының қарқындылығына сәйкес белгiленуге тиiс.

8.6. Судың жағасында орналасқан мекендердiң аумағы тасқын су басуынан, желдердiң су айдауынан және топырақ сулары ағынының көтерiлуiнен үстемелеу немесе үйiп дөңес жасау арқылы сақталуға тиiс. Үстемеленген аумақтың дөңес жиегiнiң деңгей белгiсiн жел айдаған толқынның биiктiгiн есепке ала отырып, биік судың есептiк деңгейжиегінен 0,5 м биiгiрек етiп алу қажет. Үю дөңесбөгетiнiң адырының есептiк деңгейден асып түсуiн ҚР ҚНжЕ 2.03-10-2002 және ҚНжЕ 2.06.01-86-ға сәйкес имараттар класына байланысты белгiлеу қажет.

Биік сулардың есептiк деңгейжиегі ретінде қайталануына байланысты су деңгейiнiң ең биік деңгейлік белгiсiн: 100 жылда бiр реттік – тұрғын және қоғамдық ғимараттар салынған немесе салынатын аумақтар үшiн; 10 жылда бiр реттік – саябақтар мен жазық спорт имараттары үшiн алу қажет.

8.7. Сел қаупi бар аймақта салынған құрылысты қорғау үшiн орманның максимальды сақталуын, ағаш-бұта өсiмдiктерiн отырғызуды, баурайларды террассалауды, сел әкелетiн өзендердiң жағаларын бекiтудi, сел қалыптасатын аймақта бөгет және бөгеу құруды, селді бағыттау бөгеттерін және жайылым конусында су өткізу каналдарын салуды қарастыру қажет.

8.8. Сайлар пайда болатын мүжілу процестері әрекетi бар учаскелерiнде беткі сулар ағынын ретке келтiрудi, сайлардың арнасын бекiтудi, баурайлардың террасалануын және жекеше баурайларда орман отырғызылуын қарастыру қажет. Кейбiр жағдайларда сайларды топырақпен көмiп және оларға суағар және құрғатқыш коллекторларын салу арқылы сай­ларды толығынан немесе бөлшектеп жоюға жол беріледі.

Сайлардың аумағын көлiк имараттарын, гараж-дарды, қоймаларды және коммунал­дық объектiлердi орналастыру үшiн, сондай-ақ саябақтарды құру үшiн пайдалануға болады.

8.9. Көшкiн процестерiне тән аумақтарда орна-ласқан қалалық және ауылдық мекендерде беткі суларды реттеудi, топырақ суларының ағындарын кесіп бейтараптау, көшкiн сілемiнiң табиғи қарсыкермесін бұзудан сақтауды, құламаның тұрақтылығын механикалық және физикалық-химиялық тәсілдермен нығайтуды, баурайларды терраса­лауды, екпе ағаштарды отырғызуды қарастыру қажет. Көшкiнге қарсы шараларды ауданның геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын кешендi зерттеу негiзiнде жүзеге асыру қажет.