Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

3. Өндiрiстiк аумақ

ӨНЕРКӘСIПТIК АЙМАҚ (АУДАН)

3.1. Өнеркәсiп кәсiпорындарын, қағида бойынша, өнеркәсіпті аймақтардың (аудан­дардың) аумағында, кәсіпорындар тобының құрамында (өнеркәсіп торабында) қосымша өндіріс немесе инфрақұрылым объектілермен бірге, ал ауылдық мекендерде өнеркәсіп кәсіпорындары өндіріс аймағының құрамында орналастырылады.

3.2. Өнеркәсiптi аймақтарды (аудандарды) орналастыруда жұмысқа қатынауға кететiн минимальды уақыт шығынымен олардың тұрғын аудандармен тиiмдi өзара байланысын қамтамасыз ету қажет.

Өнеркәсiптi аймақтардың (аудандардың) аумағын пайдалану қарқындылығының өлшемi мен деңгейін олардың қала құрылымында орналасу шарттары мен оның аумағының әр түрлi учаскелерiнiң қала құрылыстық тұрғысынан құндылығына қарай, көп қабатты құрылыс пен жерасты кеңістігін пайдалануды ескере отырып алу қажет.

3.3. Өнеркәсiптi аймақтардың қызметтік жоспарлау ұйымдастыруын, қағида бойынша, кәсiпорын-дардың салалық сипаттамаларын, оларды орналастырудағы санитарлық-гигиена­лық және өртке қарсы талаптарды, жүк айналымы мен көлiк түрлерiн, сондай-ақ құры­лыстың кезектiлiгiн ескере отырып, негiзгi және қосымша өндiрiстердiң панельдерi және блоктары түрiнде қарастыру қажет.

Мұнымен қатар кәсiпорындарда жұмыс iстейтiндер мен өнеркәсiп аймағына жақын орналасқан тұрғын аудандарының тұрғындарына өзара байланысқан қызмет көрсету жүйесiн қалыптастыру қажет.

3.4. Өнеркәсiп алаңшалары мен басқа да өндiрiстiк объектiлер, қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындары алып жатқан аумақ, қағида бойынша, өнеркәсiп аймағының (ауданының) бүкiл аумағының 60%-інен кем болмауы тиiс.

Ескертулер:

1. Өнеркәсiп аймағының (ауданының) аумағының бос емес екендiгi – өнеркәсiп кәсiпорындарының және олармен байланысты бiр қоршау шегiнде (немесе қоршау жоқ болған жағдайда – оған сәйкес шартты шекарада) орналасқан объектiлерiнiң, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелерiнің, темiр жол станциялары тұрған ауданды өнеркәсiп аймағының (ауданының) жалпы аумағына қоса, барлық алаңдарының қосындысының, өнеркәсіп аймағы­ның (ауданының) қаланың бас жоспары арқылы көрсетілген жалпы аумағына қатынасы ретіндегі проценттерде анықталады. Бос емес аумақтарға кәсiпорын алаңындағы резервтi алаңшалар да кiредi, жобалау тапсырмасына сәйкес оларда ғимараттар мен имараттар орна­ласуы көзделеді.

2. Өндiрiс кәсiпорыны учаскесiнiң нормативтiк өлшемi ҚНжЕ II-89-80*-ге сәйкес оның құрылыс салынған ауданының өндiрiс кәсiпорындарының алаңшаларының нормативтi тығыздық көрсеткiштерінің қатынасына тең етiп алынады.

3.5.** Шығарылсын

3.6.** Шығарылсын

3.7.** Шығарылсын

3.8.** Шығарылсын

3.9.** Шығарылсын

3.10. Кәсiпорынның үйiндiлерiн, қойыртпақ жинағыштарын, қалдық қоймаларын, қалдықтар мен қоқыстарын жинақтап құру олардың пайдаға асырылуы мүмкiн емес екен­дiгiн негiздегенде ғана рұқсат етiледi; мұнымен қатар өнеркәсiп аудандары мен тораптары үшiн, қағида бойынша, орталықтандырылған (топтастырылған) үйiндiлер қарастыру қажет. Оларға арналған учаскелердi кәсiпорындардың шегiнен және жерасты су көздерiн сани­тарлық қорғау аймағының II белбеуiнен тыс, санитарлық нормаларды, қауiпсiздiк нормалары немесе ережелерiн сақтай отырып, орналастыру қажет.

Құрамында көмiр, тақтатас, күшән, қорғасын және басқа да жанғыш және улы заттар бар үйiндiлер тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен имараттардан есеппен анықта­латын қашықтықта орналасуға тиiс, бiрақ үйiндiлердiң есептiк қауiптi жылжуына жақын болмау керек.

Ғылыми және ғылыми-өндiрiстiк аймақ (аудан)

3.11. Ғылыми және ғылыми-өндiрiстiк аймақтың аумағында ғылым және ғылыми қызмет көрсету мекемелерiн, тәжiрибе өндiрiстердi және олармен байланысқан жоғарғы және орта оқу орындарын, қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарын, сoндай-ақ инженерлiк және көлiктiк қатынастар мен имараттарды орналастыру қажет.

Ескерту. Ғылыми және ғылыми-өндiрiстiк аймақтың құрамын, кейбiр ҒЗИ мен тәжiрибе өндiрiстерiн орналастыру шарттарын, қоршаған ортаға тигiзетiн ықпал факторын есепке ала отырып, анықтау қажет.

3.12. Қоныстық аумақ шегiнде орналасқан ғылыми-өндiрiстiк аймақтың қызмет­керлерiнiң саны 15 мың адамнан аспауға тиiс.

3.13. Ғылыми мекемелердiң жер учаскелерiнiң өлшемiн, га, (жалпы ауданның 1000 м2-не), аспайтындай етіп алу қажет:

жаратылыс және техникалық

ғылымдар.............................................0,14 – 0,2

қоғамдық ғылымдар............................0,1 – 0,12

Ескертулер:

1. Келтiрiлген нормаға тәжiрибе далалары, полигондар, резервтiк аумақтар, сани­тарлық-қорғау аймақтары кiрмейдi.

2. Көрсеткiштердiң азырақ мәндерiн өте iрi және iрi қалалар үшiн және қайта құрылымдау жүргізілу үшiн алу қажет.

Коммуналдық-қоймалық аймақ (аудан)

3.14. Коммуналдық-қоймалық аймақтардың (аудандардың) аумағында тамақ өнеркәсiбi (тамақдәм, ет және сүт), жалпы тауарлық (азық-түлiк және азық түлiк емес), арнайы қоймаларды (тоңазытқыштар, картоп, жемiс, көкөнiс қоймалары), қала халқына қызмет көрсететiн коммуналдық, көлiк және қала халқына қызмет көрсету кәсiпорындарын орналастыру қажет.

Халыққа күнделiктi қызмет көрсетумен тiкелей байланыстырылмаған қоймалар кешенінің жүйесiн iрi және өте iрi қалалардың шегiнен тыс, оларды көлік тораптарына – сыртқы көлікке, әсіресе темiр жолға жақындатып, қалыптастыру қажет.

Қалалар аумақтарының және олардың көгалдандырылған аймақтарынан тыс, санитарлық, өртке қарсы және арнайы нормаларын сақтай отырып, мемлекеттiк қор қоймаларын, бiрiншi топтағы мұнай және мұнай өнiмдерiнiң қоймаларын, сұйық газ қоймаларын, жарылғыш заттар қоймаларын және қатты әсерететiн улы заттардың қоймаларын, азық-түлiк, жемшөп және өнеркәсiп шикiзаты қоймаларын, ағаш және құрылыс материалдарының негiзгi қоймаларының ағаш тасымалдау базаларын қала маңындағы аймақта орналасқан айырықша қоймалар ауданында бөліп жайғастырып, орналастыруды қарастыру қажет.

Ескертулер:

1. Шағын қалалар мен ауылдық мекендерде мекендер тобына қызмет көрсететiн орталықтандырылған қоймаларды көбiнесе аудан орталықтары мен станциялар маңындағы мекендерде орналастыруды қарастыру қажет.

2. Аумақтық ресурстары тапшы, ауылшаруашылық жерлерi құнды аудандарда объектiлердi орналастыруға жарамды, өндiрiлiп бiткен кен жерлерi мен жер қойнауы учаскелерi бар болса, сыртқы әсерлерге тұрақтылықтылығы және қызметтік сенімділігі қамтамасыз етілетiн азық-түлiк және өнеркәсiп тауарлары қоймаларының, бағалы құжаттар қоймаларының, үлестіру тоңазытқыштарын және басқа да объектiлерiнiң құрылысын жүзеге асыруға жол берiледi.

3.15*. Мекендерге қызмет көрсетуге арналған қоймалардың жер учаскелерiнiң өлшемiн iрi және өте iрi қалаларда көп қабатты қоймалар құрылысын ескере отырып, бiр адамға 2 м2, және басқа мекендерде – 2,5 м2-тан есептеп, алу қажет.

Курорт қалаларында демалушылар мен емделушiлерге қызмет көрсетуге арналған коммуналдық-қоймалық аймақтың өлшемдерiн бiр демалушы немесе емделушiге 6 м2-тан есептеп, ал осы аймақтарда өсімдікжай-жылыжай шаруашылығы орналасқан жағдайларда – 8 м2-тан есептеп алу қажет.

Қалаларда ауылшаруашылық өнiмдерiнiң ұжымдық қоймаларының жалпы ауданын бiр отбасына 4-5 м2-тан есептеп қабылдау қажет. Қоймаларды пайдаланатын отбасы саны жобалау тапсырмасымен белгiленедi.

Жалпытауарлық және арнайы, көкөнiс, картоп және жемiс, отын мен құрылыс мате­риалдарын сақтауға арналған қоймалардың жер учаскелерiнiң өлшемдерiн, ауданын, сыйымдылығын ұсынылған 6-қосымшаға сәйкес алу қажет.

Ескерту. Картоп, көкөнiс және жемiс қоймаларына арналған санитарлық-қорғау аймақтарының өлшемдерiн 50 м етіп алу қажет.