Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

2. Қоныстық аумақ

2.1.** Қалалық және ауылдық мекендердің қоныстандыру аумағының жоспарлы құрылымын қоғамдық орталықтардың, тұрғын үй құрылысының, көше-жол жүйесінің, жалпы пайдаланудағы көгалдандырылған аумақтардың, зияны жоқ еңбекке жарамды жер­лердің орналастырылуы өзара байланыстарын ескеріп, сондай-ақ мекеннің оның ұлғаюына, тарихи-мәдени және аумақтың табиғи ерекшеліктеріне байланысты тұтас жобалы құрылы­мымен байланыстырылып қалыптастыру керек.

Қоныстандыру аумағына қажеттілікті алдын-ала айқындау үшін келесідегідей іріленген көрсеткіштерді қабылдау керек, 1000 адамға га:

Қалалық мекендерде:

- үй-жайлық құрылысы басым болатын

аудандар үшін - 35-40

- 3 қабатқа дейін орта қабатты

құрылыс негізінде:

- жер учаскелері жоқ құрылыс үшін - 10-11

- жер учаскелері бар құрылыс үшін - 20-22

- 4-тен 8-қабатқа дейінгі құрылыс кезінде - 8-9

- 9 және одан жоғары қабат құрылыс кезінде - 7-8

- үй-жайлық құрылысы басымырақ ауылдық мекендерде - 60-65.

IА, IБ, IГ, IД және IIА климаттық қосалқы аудандары үшiн аталған көрсеткiштердi кемiтуге жол беріледі, бiрақ 30 %-тен кем емес.

2.2.** Қоныстану аумағының көлемін айқындаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген әлеуметтік нормалардан төмен емес жалпы ауданмен халықтың тұрғын үймен қамтылуын ескеру қажет.

Бұл жағдайда тұрғын үймен қамтудың жоғарғы шегі реттелмейді және аймақтың, қаланың, кенттердің, ауылдық мекеннің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі немесе жобалау тапсырмасы бойынша қабылданады. Мемлекетттік тұрғын үй қорын қамту, қағида бойынша, әлеуметтік нормалар шеңберінде қабылданады.

2.3.** Қалаларда үй-жайлық құрылыстарды орналастыру мыналарда қарастырылу керек:

- қала маңының шетінде – көбіне бос аумақта, басқа үлгідегі құрылыстарды орналастыруға арналған қолайлы емес аумақтарды қоса отырып, сондай-ақ қаланың қалыптасқан ортасын сақтауды талап ететін аумақтарда;

- қалаіргесіндегі аумақтарда – қала шетіне қосылатын резервтік аумақтарды қоса отырып, тек жасыл аймақтар аумағын шығарып тастап;

- қалаға көлік қатынастық жету 30-40 минуттар шегінде орналасқан, жаңа және дамушы кенттерде.

Қалаларда жеке үй-жай құрылыс аудандарын келешекте көп қабатты құрылыс дамитын бас бағыттарда, жалпы қалалық сәулеттік-жоспарлау осьтері аймақтарында орналастырмау керек.

Үй-жай құрылыс аудандарында көгалдандыру, көркейту мен аумақтың инженерлік жабдығын, күнделікті пайдалану қызметінің мекемелерi мен кәсiпорындарын орналастыруды қарастыру қажет.

Қоғамдық орталықтар

2.4. Қалаларда жалпықалалық орталықты, жоспарланған аудандардың (аймақтардың) орталық-тарын, тұрғын және өндiрiстiк аудандарын, демалыс аймақтарын, күнделiктi пайдалану сауда-тұрмыстық орталықтарын, сондай-ақ қала маңы аймағында орналастыруға болатын арнайы (медициналық, оқу, спорттық және т.б.) орталықтарды біріктіретін қоғам-дық орталықтар жүйесiн қалыптастыру қажет.

Ескерту. Қоғамдық орталықтардың саны, құрамы және орналасуы қала көлемiн, оның жаңа жерге орналастыру жүйесi мен аумақтың қызметтік-жоспарлау ұйымдасты­руындағы маңызын есепке ала отырып қабылданады. Iрi және өте iрi қалалардағы, сондай-ақ дараланған құрылымды қалалардағы жалпықалалық орталық, қағида бойынша, қалалық маңызға ие қосалқы орталықтармен толықтырылады. Шағын қалалар мен ауылдық мекен­дерде, қағида бойынша, бiртұтас қоғамдық орталық қалыптасады, ол тұрғын үй құрылы­сындағы күнделiктi пайдалану объектiлерiмен толықтырылады.

2.5. Жалпықалалық орталықта оның өлшемi мен жоспарлау ұйымдастырылуына байланысты жалпықалалық орталықтың өзегі болып табылатын бiр-бiрiмен өзара байла­нысқан қоғамдық кеңiстiктер жүйесiн (бас көшелер, алаңдар, жаяу жүргіншілер аймақтары) қалыптастыру қажет.

Тарихи қалаларда жалпы қалалық орталықтың өзегін толығымен немесе жартылай тарихи құрылыстық аймағында, егерде қалыптасқан тарихи ортаның бұзылмауын қамтама­сыз етудің шарты сақталса, құруға болады.

Тұрғын үй құрылысы

2.6.** Тұрғын үй құрылысын құрған кезде, қағида бойынша, қоныстану аумағын құрылымдық ұйымдастырудың мынандай деңгейлері бөліп көрсетіледі:

тұрғын үй бірлігі – бастапқы құрылымдық элемент, жеке немесе магистральды немесе тұрғын үйлері бар көшелермен, өтпелі жолдармен, аудандары:

- осы нормалардың 2.13 т. сәйкес қажетті іріктелген аудандары бар қоғамдық пайдаланылатын (жалпы немесе бөлектелген) абаттандырылған учаскелермен біріктірілген көп пәтерлі үйлер кіретін 5 га-ға дейін;

- қоғамдық пайдалану объектілерінсіз үй-жай маңылық учаскелері бар тұрғын үйлер кіретін 10 га-ға дейін жасанды шептермен аумақтық шектелген тұрғын үй тобы, ықшамаудан құрамында болады.

тұрғын үй тобы – тұрғын үй құрылысының құрылымдық элементі, жеке немесе магистральды және тұрғын үйлері бар көшелермен, өтпелі жолдармен, табиғи немесе аудандары:

- басымырақ қызмет көрсету радиусы 300 м-ден көп емес мектепке дейінгі мекемемен, сондай-ақ жобалау тапсырмасы бойынша халыққа бастапқы қызмет көрсету объектілерімен қамтамасыз етілген көп пәтерлі (көп қабатты) тұрғын үйлермен біріктірілген 5–15 га-ға дейін;

- басымырақ қызмет көрсету радиусы 500 м-ден көп емес мектепке дейінгі мекемемен, сондай-ақ жобалау тапсырмасы бойынша халыққа бастапқы қызмет көрсету объектілерімен қамтамасыз етілген үй-жай маңылық учаскелері бар тұрғын үйлер біріктірілген 10–50 га-ға дейін жасанды шептермен аумақ-тық шектелген ықшамаудан құрамында болады.

- ықшамаудан (квартал) – қағида бойынша, ауданы 10–60 га, бірақ 80 га-дан аспайтын, ма-гистральды көшелер және жолдармен дараланбаған, өз шеңберінде қызмет көрсету радиусы 500 м-ден артық емес күнделікті пайдалану мекемелері мен кәсіпорындары орналасқан (қызмет көрсету радиусы осы нормалардың 5-кестесіне сәйкес анықталатын мектептер мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін қоспағанда); шекарасы, қағида бойынша, магистральды немесе тұрғын көшелер, өту жолдары, жаяу жүру жолдары, табиғи шептер болып табылатын тұрғын үй құрылысының құрылымдық элементі;

- тұрғын аудан – қағида бойынша, ауданы 80-нен 250 гаға дейін, шеңберінде қызмет көрсету радиусы 1500 м-ден артық емес мекемелер мен кәсіпорындар, сондай-ақ қалалық маңызға ие объектілердің бөлігі орналасқан; шекарасы, қағида бойынша, қиын өтетін табиғи және жасанды шептер, қалалық маңызға ие қоныстық аумақтың құрылымдық элементі.

Ескертулер:

1. Тұрғын аудан, қағида бойынша, толық түрде жоспарлау жобасын әзiрлеу арқылы қарастырылатын объект; ал ықшамаудан (квартал) – құрылыс жобасын әзiрлеу арқылы шешімін табатын объектi. Жобаланатын объектіні қоныстық аумақтың құрылымдық ұйым­дастыру деңгейiнiң бiреуiне жатқызу жобалау тапсырмасында көрсетiледi.

2. Шағын қалалар мен ауылдық мекендерде орын тепкен жинақы жоспарлау құрылымында бүкiл қоныстық аумақ тұрғын ауданы болуы мүмкiн.

3. Тарихи құрылыс аймағындағы қоныстық аумақтың құрылымдық ұйымдастыру элементтерi кварталдар, кварталдар топтары, көшелер мен алаңдар ансамбльдерi болып табылады.

2.7.** Тұрғын үй құрылысының қабат саны және типтері аумақтың қала құрылыстық құны, сәулеттік-композициялық, әлеуметтік-тұрмыстық, экологиялық талаптары, демогра­фиялық ерекшеліктері, инженерлік жабдығының деңгейі ескерілген техникалық-экономи­калық есептердің негізінде анықталады.

Ескерту. Сейсмикалылығы 7-9 балл аудандарда орналасқан қалалар үшiн, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды орналастыру және қабат саны ҚР ҚНжЕ 2.03-04-2001, ҚН 429-71 және ҚР ҚНжЕ 2.03-07-2001 талаптары ескеріліп, қарастырылуы қажет.

2.8. Салынып қойған күрделi тұрғын үй құрылысы басым аудандарды қайта құры­лымдауда жоспарлау құрылымы мен көшелер торабын реттеудi, қоғамдық қызмет көрсету жүйесiн жетiлдiрудi, аумақты көгалдандыру мен абаттандыруды, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сәулеттiк кескіннiң өзгешiлiгiн барынша жоғары деңгейде сақтап қалуды, олардың жетілдірілуі мен күрделi жөндеуiн, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң жаңғыр­туы мен қазiргi уақытта пайдалануға лайықтауды ескеру қажет.

Сақтауға немесе бұзуға жататын тұрғын қордың көлемiн белгiленген тәртiп бойынша оның эконо-микалық және тарихи құндылығын, техникалық жағдайын, тұруға жарамды тұрғын барынша жоғары деңгейде сақталуын және қалыптасқан тарихи ортаны ескере отырып, анықтау қажет.

Салынып қойған құрылыстың кешенді қайта құрылымдауында сәйкестi негiздеме бойынша сәулет, мемлекеттiк бақылау және санитарлық инспекцияның жергiлiктi орган­дарымен келiсе отырып, жобалау тапсырмасы арқылы нормативтiк талаптарды анықтауға болады. Мұнымен қатар құрылыстың өрт қауiптiгiн азайтуды және халықтың санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсартуды қамтамасыз ету қажет.

2.9.* Ықшамаудандар мен кварталдардың аумағына кiретін жолдарын, сондай-ақ ғимараттардағы өтетін жолдарды бiр-бiрiнен 300 м-ден аспайтын қашықтықта, ал қайта құрылымдау аудандарында периметрлi құрылыс барысында – 180 м-ден аспайтын қашық­тықта қарастыру қажет. Қозғалысы реттелетiн магистральды көшелердiң жүргiн бөлiмiне түйісетін өту жолдарының жанасуы көше қиылысының тоқтату-сызығынан 50 м-ден кем емес болуына жол берiледi. Бұл жағдайда қоғамдық көлiк аялдамасына дейiн 20 м-ден кем болмауға тиіс.

Тұрғын ғимараттар тобына, қызмет көрсетудiң iрi мекемелерi мен кәсiпорындарына, сауда орталықтарына келу үшiн негiзгi келу жолдарын қарастыру қажет, ал бөлек тұрған ғимараттарға – мөлшерi осы нормалардың 8-кестесіне сәйкес қабылдануға тиiс төменгі дәрежедегі жүру жолдарын қарастыру қажет.

5 қабат және одан биiк құрылыстары бар ықшамаудандар мен кварталдарда, қағида бойынша, екi жолақты, ал 5 қабатқа дейiнгi құрылыстары барларында бір жолақты жолдар қызмет атқарады.

Бiр жолақты жолдарда бір-бірінен 75 м қашықтықта енi 6 м және ұзындығы 15 м айырылыстыру алаңдары қарастырылуға тиiс. Кiреберiстерi бар ғимараттардың қасбетi бо­йында енi 5,5 м жүру жолдары салыну керек.

Тұйық жүру жолдарының ұзындығы 150 м-ден аспауға тиiс және қоқыс жинағыш, тазалау және өрт сөндiру машиналарына айналуға мүмкiндiк беретiн айналу алаңдарымен бiтуі керек.

Жаяужолдар мен велосипед жолдары жүру жолы деңгейiнен 15 см көтерiп орналастыру қажет. Жаяужолдар мен велосипед жолдарының қосалқы жүру жолдарымен қиылысуын және мектептер мен мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жақындап баруда негізгі жүру жолдарымен қиылысуын да тиісінше ұзындығын 1,5 және 3 м етiп жарыққалқан жасай отырып, бір деңгейде қарастыру қажет.

Ескерту*. Биiктiгi 9 қабаттан аспайтын бөлек тұрған тұрғын ғимараттарға, сондай-ақ мүгедектер баратын үйлерге жаяужолдармен қосылған жүру жолдарын құру қарастырылады, олардың ұзындығы 150 м-ден астам емес және жалпы енi 4,2 м-ден кем емес, ал аз қабатты құрылыста (2-3 қабат) енi 3,5 м-ден астам емес.

2.10.** Қалалардағы жеке үйге немесе бiр пәтерге бөлiнетiн үй-жайлық (пәтер маңындағы) жер учаскелерiнiң өлшемдерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгiлеген тәртiппен қабылдау қажет.

Үй-жайлық (пәтер маңындағы) жер учаскелерiнiң өлшемдерін анықтағанда көлемі әр түрлi қалалардағы қала құрылысы жағдайларының ерекшелiктерiн, тұрғын үйлердiң типтерiн, қалыптасып жатқан тұрғын үй құрылысының (ортасының) сипатын, оны қала құрылымында орналастыру шарттарын, ұсынылған 3-қосымшаны басшылыққа ала отырып, ескеру қажет.

2.11.** Ықшамауданның (кварталдың) көгалдандырылған аумағының ауданын 6 м2/адам кем емес етiп алу қажет (мектептер мен мектеп жасына дейiнгi балалар мекеме­лерiнiң жер учаскелерiн қоспағанда).

Ескерту. Ықшамаудандардың көгалдандырылған аумағының кейбiр бөлiмшелерiнiң ауданына, учаскенiң жалпы ауданының 30 %-тен аспайтын болса, демалыс алаңшалары, балалар ойынына арналған алаңшалар, жаяу жүру жолдары кiредi.

2.12*. Тұрғын, тұрғын және қоғамдық, сондай-ақ өндiрiстiк ғимараттар арасындағы қашықтықты осы нормалардың 9.53**, 9.54**-т. келтiрiлген инсоляция нормаларына, ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002-де келтiрiлген жарықталу нормаларына, сондай-ақ мiндеттi 1-қосымшада келтiрiлген өртке қарсы талаптарға сәйкес, инсоляция мен жарықталуды есептеудiң негiзiнде алу қажет.

Биiктiгi 2-3 қабат тұрғын ғимараттардың ұзын жақтары арасындағы қашықтықты (тұрмыстық үзiктер)15 м-ден кем емес, ал биiктiгi 4 қабат болса – 20 м-ден кем емес, ұзын жақтар мен осы ғимараттардың тұрғын бөлмелерiнiң терезелерi шығатын шеткі көлденең қабырғалар арасында – 10 м-ден кем емес етiп алу қажет. Көрсетiлген қашықтықтарды инсоляция мен жарықталу нормалары сақталатын жағдайларда, егер тұрғын бөлмелердiң (бөлмелер мен ас бөлмелердiң) терезеден терезеге көрiнбеуi қамтамасыз етiлсе, қысқартуға болады.

Ескертулер*:

1. Үй-жайлық құрылыс аудандарында тұрғын бөлмелердiң терезелерiнен көршiлес жер учаскелерiнде орналасқан үйдiң қабырғаларына және шаруашылық құрылыстарға (қоралар, гараждар, моншалар) дейiнгi қашықтық, санитарлық және тұрмыстық шарттар бойынша, қағида бойынша, 6 м-ден кем болмауға тиiс; ал мал және құс қораларына дейiн – осы нормалардың 2.19*-т.-на сәйкес болу керек. Шаруашылық құрылыстарды жер учас­кесiнiң шекарасынан кем дегенде 1 м қашықтықта орналастыру қажет.

2. Мiндеттi 1-қосымшада келтiрiлген талаптарды ескере отырып, үй иелерiнiң өзара келiсiмi бойынша шектес үй-жайлық жер учаскелерiндегi шаруашылық құрылыстарды тіркестіруге жол берiледi.

2.13.** Тұрғын үй-жай салуды жобалауда алаңшалар орналастыруды қарастыру қажет, олардың өлшемi мен олардан тұрғын және қоғамдық ғимараттарға дейiнгi қашықтық 2-кестеде келтiрiлген көрсеткіштерден кем алынбауға тиiс.

2-кесте

Алаңшалар

Алаңша­лардың үлесті өлшем­дер, м2/адам

Алаңшалардан тұрғын және қоғамдық ғимараттардың терезелерiне дейiнгi қашықтық, м

Мектепке дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойындары үшiн

0,7

12

Ересектердiң демалысы үшiн

0,1

10

Дене шынықтырумен айналысу үшiн

2,0

10—40

Шаруашылық мақсаттар және иттердi қыдырту үшiн

0,3

20 (шаруашылық мақсаттар үшiн)

40 (иттердi қыдырту үшiн)

Автомашиналар тұрағы үшiн

0,8

10-кесте бойынша

Ескертулер:

1. Дене шынықтырумен шұғылдану алаңшаларынан қашықтық олардың шулық сипаттамасына қарай белгiленедi; кiр жаятын алаңшалардан қашықтық нормаланбайды, қоқыс жинау алаңшаларынан дене шынықтыру алаңшаларына, балалар ойыны және ересектер демалысы алаңшаларына дейiнгi қашықтықты 20 м-ден кем емес, шаруашылық мақсаттарға арналған алаңшалардан ең алыс тұрғын үйге кiреберiске дейiн – 100 м-ден аспайтындай етiп алу қажет.

2. Алаңшалардың үлесті өлшемiн: балалар ойыны, ересектер демалысы және дене шынықтырумен шұғылдану алаңшаларын IVА, IVГ климаттық қосымша аудандарында, шаңды дауыл тұратын аудандарда жабық имараттар салынған кезде; 9 қабат және одан биiк тұрғын ғимараттар құрылысында шаруашылық мақсаттарына арналған алаңшаларды; дене шынықтырумен шұғылдану алаңшаларын, ықшамауданның оқушылар мен тұрғындарға арналған бiртұтас дене шынықтыру-сауықтыру кешені қалыптастырылғанда азайтуға рұқсат етiледi, бiрақ 50 %-тен көп емес.

2.14.** Бірінші қабатта пәтерлері бар тұрғын ғимараттар, қағида бойынша, магистральдық көшелерде қызыл сызықтардан кемінде 6 метр, ал тұрғын көшелерде – кемінде 3 метр шегіндірілуі тиіс.

Қызыл сызық бойынша қосарланып салынған қоғамдық мекемелерді, ал тұрғын көше­лерде қалыптасқан құрылыс қайта салынған жағдайда – бірінші қабаттарда шаң, шудан қорғайтын құралдарды пайдаланып, пәтерлері бар тұрғын ғимараттарды орналастыруға рұқсат етіледі.

2.15.** Қалаларда тұрғын үй құрылыстарын жобалаған кезде тұрғын ауданның және шағын ауданның аумағында халықтың тығыздығы есебі адам/га ұсынылған 4-қосымшаға сәйкес алынады.

Бұл жағдайда ықшамаудандар халқының есептiк тығыздығы, қағида бойынша, 450 адам/га-дан аспауға тиiс.

Қалаларда үй-жайлық құрылыс аудандары үшін халықтың тығыздығы ұсынылған 5-қосымшаны ескере алынуы тиіс.