Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

5. Қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындары

5.1. Қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарын қалалық және ауылдық мекен­дердiң аумағында, тұрғылықты мекен-жайлар мен жұмыс орындарына жақындатып, қағида бойынша, қоғамдық жолаушылар көлiгi торабымен үйлестiрiп, қоғамдық орталықтарды қалыптастыра отырып, орналастыру қажет.

Қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарын есептегенде белгiленген тәртiппен әзiрленетiн қамтамасыз етудің әлеуметтiк нормаларын алу қажет. Болжамды есептер үшiн қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарының санын және олардың жер учаскелерiнiң өлшемiн ұсынылған 7*-қосымшаға сәйкес қабылдауға рұқсат етiледi.

Ескерту. Осы тарауда және ұсынылған 7*-қосымшада көрсетiлмеген қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарының орналасуы, сыйымдылығы мен жер учаскелерінің өлше­мiн жобалау бойынша тапсырмамен алу қажет.

5.2. Қоныстандыру жүйесiнiң орталық қалаларындағы қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарының санын, құрамын және сыйымдылығын анықтағанда басқа қалалық және ауылдық мекендерден келiп жатқан халықты қосымша есепке алу қажет, сондай-ақ олардың iрi, өте iрi орталық қалаға жету уақыт шығыны – 2 сағ. астам емес, шағын және орташа орталық-қалалар немесе қоныстандыру жүйесiнiң қосымша орталықтарына жету уақыт шығыны – 1 сағ. аспауға тиiс; тарихи қалаларда сондай-ақ туристердi де есептеу қажет.

5.3. Ауылдық мекендердегi қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарын 30 мин. аспайтын жаяу жүру шеңберiндегi ең бiрiншi қажет қызметтермен қамтамасыз етуі есебiмен орналастыру қажет. Жоғарырақ деңгейдегі қызмет көрсету объектілерін ауылдық мекен­дерінің тобына арнап орналастыру қажет.

Қызмет көрсетудi ұйымдастыру үшiн тұрақты ғимараттардан басқа қозғалмалы құралдар мен мезгiлдiк пайдалану имараттарын қарастыру қажет, олар үшiн тиістi алаңшалар бөлiп беру керек.

5.4.** Тұрғын үй құрылысы жерлерінде орналасатын қызмет көрсету мекемелері мен кәсiпорындардың халыққа қызмет көрсету радиусын, қағида бойынша, 5*-кестедегі көрсет­кіштерден асырмай алу қажет.

5.5*. Қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарының ғимараттары мен жер учас­келерiнiң шекарасынан қашықтықты 6*-кестесінде көрсетiлгендерден кем етпей алу қажет.

6. Көлiк және көше-жол торабы

6.1. Қалалық және ауылдық мекендердi жоба-лағанда барлық қызметтік аймақтармен, жаңа жерге орналастыру жүйесiнiң басқа мекендерiмен, қала маңындағы аймақта орналасқан объектiлермен, сыртқы көлiк және жалпы тораптағы автомобиль жолдарымен қолайлы, тез және қауiпсiз көлiк байланысын қамтамасыз ететiн, мекеннiң және оған түйісiп тұрған аумақтардың жоспарлау құрылымымен үйлескен бiртұтас көлiк және көше-жолдық жүйені қарастыру қажет.

6.2.** Қалалардағы тұрғылықты орыннан жұмыс орнына дейiнгi уақыт шығыны жұмысшылардың 90% үшiн (бiр бағыттағы жолға) қалаларда халқының саны, мың адамнан есептегенде көрсетілген уақыттан (мин.) аспауға тиiс:

1000 және жоғары.

40

500

37

250

35

100 және одан аз.

30

Орталық қалаға басқа мекендерден күнделiктi жұмысқа келетiндер үшiн көрсетiлген уақыт шығыны нормаларын көбейтуге болады, бiрақ екi еседен артық емес.

Ауылдық мекендердiң тұрғындары үшiн ауыл шаруашылық кәсiпорындары шегiндегi еңбекте қатынап жүруге кететiн уақыт шығыны (жаяу жүру немесе көлiктi пайдалану), қағида бойынша, 30 мин. аспауға тиiс.

Ескертулер:

1. Халқының саны 1 млн. адамнан артық қалалар үшiн максимальды рұқсат етiлетiн уақыт шығыны арнайы негiздемелер бойынша, нақты қоныстандыру, еңбек ететiн орнының орналасуы және көлiк жүйелерiнiң даму деңгейiне қарай анықталады.

2. Қалалар халқының көрсетілген есептiк санының екі орталық деңгейі үшiн көрсетiлген уақыт шығыны норма-ларын интерполирлеу қажет.

5*-кесте

Қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындары

Қызмет көрсету радиусы,м

Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi 1* :

Қалаларда

300

ауылдық мекендерде және шағын қалаларда, бiр және екi қабатты құрылыста

500

Жалпы бiлiм беру мектептерi1

750

(бастауыш кластар үшiн 500)

Дене шынықтыру-сауықтыру жаттығулары бөлмелері

500

Тұрғын аудандардың дене шынықтыру-спорт орталықтары

1500

Емханалар мен олардың қалалардағы филиалдары 2

1000

Сүтхананың тарату орындары

500

Сондай, бiр және екi қабатты құрылыста

800

Қалалардағы дәрiханалар

500

Сондай, бiр және екi қабатты құрылыста

800

Жергілікті сауда, қоғамдық тамақтандыру және жергiлiктi қызмет көрсету кәсiпорындары:

Қалаларда құрылыстар кезінде:

көп қабатты

500

бiр,- екi қабатты

800

ауылдық мекендерде

2000

Байланыс бөлiмшелерi мен жинақ банкiнiң филиалдары

500

1* Көрсетiлген қызмет көрсету радиусы арнайы және мектепке дейiнгi балалар сауықтыру мекемелерiне, сондай-ақ жалпы типтi арнайы балалар бақшалары мен жалпы бiлiм беру мектептерiне (тiлдiк, математикалық, спорттық және т.б.) қолданылмайды. Ауылдық мекендердегi жалпы бiлiм беру мектептерiнiң қызмет көрсету радиусын аймақтық (аумақтық) құрылыс нормалары бойынша, ал егер ондайлар болмаса жобалауға деген тапсырмамен қабылдауға жол берiледi.

2 Ауылдық жердегi емханаларға, фельдшер-акушерлiк орындар мен дәрiханаларға жету 30 минут шеңберiнде (көлiктi пайдалану арқылы) алынады.

Ескертулер:

1. Шөлдер мен шөлейттер аймағында, күрделi жер бедері жағдайларында кестеде көрсетiлген қызмет көрсету радиусын 30% кемiтуге жол берiледi.

2. Оқушылардың бастауыш кластары бар жалпы бiлiм беру мектептерiне жету жол­дары магистральды көшелердiң жүргiн бөлiгiмен бiр деңгейде қиылыспауға тиiс.

6*-кесте

Қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарының ғимараттары (жер учаскелерi)

Қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарының ғимараттарынан (жер учаскелерiнен) қашықтық, м

қызыл сызыққа дейiн

тұрғын үйлердiң

қабырғасына дейiн

жалпы бiлiм беру мектептерiне,

мектеп жасына дейiнгi және емдiк мекемелер

ғимараттарына дейiн

қалаларда

ауылды мекен­дерде

Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi мен жалпы бiлiм беру мектептерi (ғимараттың қабырғалары)

25

10

Жарықтандыру және инсоляция

нормалары бойынша

Екінші қайтара шикiзатты қабылдау орыны

20*

50

Өрт деполары

10

10

Дәстүрлi жерлеу зираттары мен крематорийлары

6

6

300

300

Кремациядан кейiн жерлеу зираты

6

6

100

100

*Кiреберiстер және терезелермен бiрге

Ескертулер*:

1. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң, жаңадан орналастырылып жатқан ауруханалардың учаскелерi магистральды көшелерге тiкелей түйіспеуі қажет.

2. Дәстүрлi жерлеу зираты жабылғаннан кейiн соңғы жерлеуден 25 жыл өткеннен соң тұрғын үй құрылысына дейiнгi қашықтық 100 м-ге дейiн қысқартылуы мүмкiн.

Қайта құрылымдауға жататын ауылдық мекендерде және қалыптасқан қалалар ауданда­рында зираттардан тұрғын үйлердiң, балалар мен емдеу мекемелерiнiң ғимараттары қабырғаларына дейiнгi қашықтықты санитарлық бақылаудың жергiлiктi органдарымен келiсе отырып, азайтуға жол берiледi, бiрақ 100 м-ден кем болмайтын етiп алу қажет.

3. Екінші рет қайталанған шикiзат қабылдау орындарын жасыл екпе ағаштар жолағы арқылы бөлектеп қоршау және оларға дейiнгi автомобиль көлiгiнiң жету жолдарын жос­парлау қажет.

4. Аурухананың жер учаскесiнің шаруашылық және емдеу, патология-анатомиялық корпустар аймақтарында жеке кіру жолдары қарастырылу қажет.

6.3. Көшелердiң, жолдардың және көлiк қиылысының өткiзу қабiлетiн, автомобильдердi сақтап беру орындарының санын, есептiк мезгiлдегi автомобилдендіру деңгейiне байла­нысты анықтау керек, 1000 адамға деген автомобильдер саны: парк құрамына байланысты 200-250 жеңiл автомобильдер, бұған қоса 3-7 такси мен 2-3 ведомстволық автомобильдер, 25-40 жүк автомобильдері, 1000 адамға деген мотоциклдер мен мопедтердiң санын 100 мыңнан аса халқы бар қалалар үшiн 50-100 дана және қалған мекендер үшiн 100-150 дана етіп алу қажет.

Орталық қалаға қоныстандыру жүйесiнiң басқа мекендерiнен келген автомо­бильдердiң және транзиттердiң санын арнайы есеп бойынша анықталады.

Автомобильдендірудің көрсетiлген деңгейiн жергiлiктi жағдайларға байланысты азай­туға немесе көбейтуге жол берiледi, бiрақ 20% артпау керек.