Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

7. Инженерлiк жабдықтау

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ КАНАЛИЗАЦИЯ

7.1. Су тазалау станцияларының жер учаскелерiнiң өлшемдерiн олардың өнiмдiлiгiне, мың м3/тәул., байланысты жоба бойынша қабылдау қажет, бiрақ мына көрсеткіштерден арттырмай, га:

0,8-ге дейiн 1

0,8-ден астам 12-ге дейiн 2

12 " 32 " 3

32 " 80 " 4

80 " 125 " 6

125 " 250 " 12

250 " 400 " 18

400 " 800 " 24

7.2*. Канализациялық тазалау имараттарының жер учаскелерiнiң өлшемдерiн 11*-кестедегі көрсеткіштерден асырмай алу қажет.

11*-кесте

Канализациялық тазалау имараттарының өнiмдiлiгi, мың м3/тәул

Жер учаскелерiнiң өлшемдерi, га

тазалау имарат­тары

лай алаң­шала­ры

ағын суларды терең тазалау­дың

Биология­лық тоғаны

0,7-ге дейiн

0,5

0,2

0,7-ден жоғары

17-ге дейiн

4

3

3

17 "40 "

6

9

6

40 " 130 "

12

25

20

130 " 175 "

14

30

30

175 " 280 "

18

55

Ескерту.* Өнiмдiлiгi 280 мың м3/тәул. жоғары тазалау имараттарының жер учаске­лерiнiң өлшемдерiн белгiленген тәртiппен әзiрленген жобалар бойынша, осыған ұқсас имараттардың жобалары бойынша немесе санэпидбақылау органдарымен келiскен арнайы ұйымдардың деректерi бойынша алу қажет.

7.3. Канализацияның жергiлiктi жүйелерiнiң тазалау имараттарының және олардың санитарлық-қорғау аймақтарының жер учаскелерінің өлшемдерін топырақ жағдайлары мен ағын су мөлшерiне байланысты, бiрақ 0,25 га-дан көп етпей, ҚНжЕ 2.04.03-85 талаптарына сәйкес алу қажет.

7.4. Орталықтандырылған канализация жүйесi болмаған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердiң жергiлiктi органдарымен келiсе отырып, ағын су төгу станцияларын қарастыру қажет. Су төгу станциялары мен олардың санитарлық-қорғау аймақтарына бөлiнiп берiлетiн жер учаскелерiнiң өлшемдерiн 12-кесте бойынша және ҚНжЕ 2.04.03-85 талаптарына сәйкес алу қажет.

Санитарлық тазалау

7.5.** Халқының саны 250 мың адамнан жоғары қалалар мен республикалық маңызы бар курорттар үшiн тұрмыс қалдықтарын өндiрiстiк тәсілде өңдеуге арналған кәсiпорын­дарын – қоқыс өңдеу кәсiпорындарын қарастыру қажет.

Тұрмыс қалдықтарының жиналу нормасын ұсынылған 11-қосымшаға сәйкес алуға жол берiледi.

7.6. Тұрмыс қалдықтарын тасымалдау, зиянсыз ету және өңдеуге арналған кәсiп­орындар мен имараттардың жер учаскелерi мен санитарлық-қорғау аймақтарының мөлшерiн 12-кесте бойынша алу керек.

12-кесте

Кәсiпорындар мен имараттар

Жылына 1000 т тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жер учаскелерi­нiң өлшемдерi, га

Санитар­лық-қорғау аймақ­тарының өлшемдерi, м

Қуаттылығы жылына

мың т. тұрмыс қалдық­тарын өндiрiстiк өңдеуге арналған кәсiпорындар:

100-ге дейiн

0,05

300

100-ден жоғары

0,05

500

Жаңа компост қоймасы

0,04

500

Полигондар1

0,02 - 0,05

500

Компосттау алқаптары

0,5 - 1,0

500

Ассенизация алқаптары

2 - 4

1000

Суағар станциялары

0,2

300

Қоқыс жүктеу станциялары

0,04

100

Зиянсыздандырылған тұнбаларды қоймалау және көму алқаптары (құрғақ зат бойынша)

0,3

1000

1 Орналасуын ҚНжЕ 2.01.28-85 бойынша алынатын улы өндiрiстiк қалдықтарды зиянсыздандыруға және көмуге арналған полигондар кірмейді.

Ескерту. Ассенизация, компостау алқаптары мен полигондардың жер учаскелерiнiң ең аз өлшемдерiн гидрологиялық, климаттық және топырақ жағдайларын ескере отырып алу қажет.

Электрмен-, жылумен-, суықпен- және газбен- жабдықтау, байланыс, радиохабар және телевизия

7.7. Электр энергиясының шығынын, жылуға, газға деген қажеттiлiктi және энергия­мен жабдықтау көздерiнiң қуаттылығын:

өнеркәсiп және ауыл шаруашылық кәсiпорын-дары үшiн – жұмыс iстеп жатқан кәсiпорындардың тапсырысы бойынша, жаңа, қайта құрылып жатқан немесе ұқсас кәсiп­орындардың жобалары бойынша, сондай-ақ жергiлiктi ерекшелiктердi ескере отырып iрiлен­ген көрсеткiштер бойынша анықтау керек;

шаруашылық-тұрмыстық және коммуналдық қажеттiлiктер үшiн – ҚР ҚБҚ 4.04-191-2001, ҚНжЕ 2.04.07-86* және ҚНжЕ 2.04.08-87*-ге сәйкес анықтау керек.

Ұсынылған 12-қосымшаға сәйкес электр пайдаланудың iрiленген көрсеткiштерiн алуға жол берiледi.

7.8. Кернеуi 110 кВ және одан жоғары электр берiлiсiнiң әуе желiсiн қоныстық аймақтың шеңберiнен тыс орналастыру керек.

Өте iрi және iрi қалалардың қоныстық аумағы шеңберiндегi терең кiрмелi төмендету қосымша станцияларына қарай кернеуi 110 кВ және одан жоғары электр желісін салуды кабельді желілерін қарастыру керек.

Жалпы энергетикалық жүйелерге кiретiн электр берiлiсi желiсiн өнеркәсiп аймақтары (аудандары) аумағында, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсiпорындарының өндiрiстiк аймақ­тарында орналастыруға жол берiлмейдi.

7.9. Қалаларды қайта құрылымдауда кернеуi 35-110 кВ және одан жоғары электр берiлiсi желiсiн қоныстық аумақтың шегiнен шығарып тастауды немесе әуе желiлерiн кабельдi желiге ауыстыруды, ал iрi қалаларда босап жатқан аумақтарда тұрғын немесе қоғамдық ғимараттар құрылысын қосымша салу көздестірілген жағдайларда – терең кiрмелi ашық төмендету қосымша станцияларын осындай қосымша станцияның жабық түріне алмастыруды қарастыру керек.

7.10. Қалалар мен кенттердiң қоныстық аума-ғындағы 4 қабат және одан биiк ғимараттар құры-лысы аудандарындағы кернеуi 20 кВ дейiнгi электр тораптарын, сондай-ақ курортты кешендердiң аумағындағы барлық кернеулi желілерді, қағида бойынша, кабельдi желілер түрінде қарастыру керек.

7.11. Қоныстық аумақта орналасқан қуаттылығы 16 мың кВ.А және одан жоғары трансформаторлары бар төмендету қосымша станцияларын және әуе желiлерiнiң кабельдi желiлерге өту орындарын, ал курортты кешендер аумағында – барлық трансформаторлық қо­сымша станциялар мен тарату құрылғыларын жабық типтi етiп қарастыру қажет. Қосымша станциялар мен әуе желiлерiнiң кабельдi желiлерге өту орындарына кiреберiсте кабельдi және әуе желiлерiнiң кiрмесi және шығарылмасы үшiн техникалық жолақтар қарастырылу керек.

7.12. Жабық төмендету қосымша станциялары үшiн, кернеуi 110-220 кВ жиынтықты және үлестіру құрылғыларын қоса алғанда, жер учаскелерiнiң өлшемдерiн 0,6 га-дан көп етпей, ал әуе желiлерiнiң кабельдi желiлерге өту орындарының – 0,1 га-дан көп етпей алу қажет.

7.13. Бөлек тұрған тарату орындары мен әрқайсысының қуаттылығы 1000 кВ.А екi трансформаторы бар кернеуi 6-20 кВ трансформаторлық қосымша станцияларын орна­ластыру барысында, шудан қорғау шараларын қолданған жағдайларда, олардан тұрғын және қоғамдық ғимараттардың терезелерiне дейiнгi қашықтықты кемінде 10 м, ал емдiк-профи­лактикалық мекемелердiң ғимараттарына дейiн – кемінде 15 м етiп алу қажет.

7.14*. Мекендердi жылумен жабдықтауды бекiтiлген жылумен жабдықтау сұлба­ларына сәйкес қабылдау керек.

7.15. Жылумен жабдықтау сұлбасы болмаған жағдайда халқының тығыздығы 40 адам/га және одан жоғары бiр, екi қабатты тұрғын үй құрылыс аудандарында және ауылдық мекендерде орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiн тұрғын және қоғамдық ғима­раттар тобына арналған қазандықтардан қарастыруға жол берiледi.

IV климаттық ауданда орналасқан қалаларда тиістi техникалық-экономикалық негiз­деме бойынша ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001 талаптарына сәйкес суықпен жабдықтаудың орталық­тандырылған жүйесiн қарастыру керек.

7.16*. Тұрғын үй салынған аудандарында орналасқан, бөлек тұрған жылыту қазан­дықтары үшiн жер учаскелерiнiң мөлшерiн 13-кесте бойынша алу қажет.

13*-кесте

Қазандықтардың жылу өнiмдiлiгi, Гкал/сағ (МВт)

Қазандықтардың жер бөлiмшелерiнiң өлшемдерi, га

қатты отынмен жұмыс iстейтiн

газ-мазут отыны­мен жұмыс iстейтiн

5 -ке дейiн

0,7

0,7

5-тен" 10 (6-дан 12-ге дейiн)

1,0

1,0

10-нан жоғары 50 (50-ден " 58)

2,0

1,5

50 -ден 100 (58-ден " 116)

3,0

2,5

100 " 200 (116-дан " 233)

3,7

3,0

200 " 400 (233-тен " 466)

4,3

3,5

Ескерулер:

1. Тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ететiн тікелей суқабылдағышы бар жылыту қазандықтарының, сондай-ақ отыны темiр жол арқылы жеткiзiлетiн қазандықтардың жер учаскелерiнiң өлшемдерiн 20%-ке көбейту қажет.

2. Күлқож үйiндiлерiн қоныстық аумақтан тыс қарастыру қажет. Күлқож үйiндiлерiн орналастыру шарттары мен олардың алаңшаларының өлшемдерiн анықтау ҚНжЕ 2.04.07-86* бойынша қарастырылуға тиiс.

3. Қазандықтардың санитарлық-қорғау аймақтарының өлшемдері қолданыстағы сани­тарлық нормаларға сәйкес анықталады.

7.17. Газ жинақтау станцияларының (ГЖС) жер учаскелерiнiң өлшемдерiн олардың өнiмдiлiгiне байланысты, жоба бойынша, бірақ төмендегі көрсеткіштерден асырмай, стан­циялардың өнімділігіне байланысты алу керек, га:

10 мың т/жыл….

6

20 " " ……

7

40 " "

8

7.18. Газ жинақтау орындарының (ГЖО) және баллондардың аралық қоймаларының (БАҚ) жер учаскелерiнiң өлшемдерiн 0,6 га-дан көп етпей алу қажет. Олардан әр түрлi мақсаттар үшiн ғимараттар мен имараттарға дейiнгi қашықтықты ҚНжЕ 2.04.08-87*-ге сәй­кес алу қажет.

7.19. Байланыс, радиохабар және телевизия, өрт сөндiру және қорғау сигналдауы, инженерлiк жабдықтар жүйелерiн диспетчерлендіру кәсiпорындарын, ғимараттары мен имараттарын орналастыруды белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажет.

Инженерлiк тораптарды орналастыру

7.20*. Инженерлiк тораптарды көбiнесе көшелер мен жолдардың көлденең пішіндерi шеңберiнде орналастыру қажет; жаяужолдың немесе айыра бөлу жолақтарының астында – коллекторлардағы, каналдардағы немесе тоннельдердегi инженерлiк торап-тар; айыра бөлу жолақтарында – жылу тораптары, суқұбыр, газ құбыры, шаруашылық және жаңбыр канализациясын орналастыру қажет.

Қызыл сызық пен құрылыс салу сызығы ара-сындағы жолақта төмен қысымды газ тораптары мен кабель (күштік, байланыс, сигналдау және диспетчерлендіру) тораптарын орналастыру қажет.

Жүру жолының енi 22 м-ден асатын болса, су- құбыр торабын көшелердiң екi жағынан да орналас-тыруды қарастыру керек.

7.21. Көшелер мен жолдардың жүру бөлiмдерін күрделі жол жабындыларын жасап қайта құрылым-дарда астында орналасқан жерасты инженерлік тораптарды айыра бөлу жолақтарына және жаяужолдар астына шығаруды қарастыру қажет. Тиістi негiздеме бо­йынша көшелердiң жүргiн бөлiмдерiнiң астында бұрынғы орналастырылған тораптарды сақтауға, сондай-ақ каналдар мен тоннельдерде жаңа тораптарды салуға рұқсат етiледi. Айыра бөлу жолақтары жоқ қазiргi көшелерде жүру бөлiмінiң астында жаңа инженерлiк тораптарды, оларды тоннельдер немесе каналдарда орналастыру шартымен орналастыруға рұқсат етіледі, техникалық қажеттiлiк жағдайында газ құбырын көшелердiң жүру бөлiмiнiң астына салуға жол берiледi.

7.22.** Жерасты инженерлiк тораптарды салу, қағида бойынша, келесi жағдайларды қарастыруды қажет етеді: оларды жалпы орларда қатар салу; тоннельдерде – диаметрi 500-ден 900 мм-ге дейiн жылу тораптарын, 500 мм-ге дейiн суқұбырын, байланыс кабельдерiнiң онынан астамын және кернеуi 10 кВ-ге дейiн қуаттық кабельдiң онын бiр мезгiлде орналастыру қажеттiлiгi туған жағдайда; магистральды көшелердi және тарихи құрылыс салынған аудандарын қайта құрылымдауда, тораптарды орларға орналастыру үшiн көшенiң көлденең пішінiнде орын жетпегенде, магистральды көшелермен және темiр жолдарымен қиысу жағдайларында қарастыру қажет. Тоннельдерде сондай-ақ ауаарнасын, арын канали­зациясы және басқа да инженерлiк тораптарды салуға жол берiледi. Газ өткізгіштері мен жеңiл жанатын және жанармай сұйықтарын тасымалдайтын құбырларды кабельдi желiлермен бірге салынуға жол берiлмейдi.

Ескертулер:*

1. Күрделi топырақ жағдайларындағы (сары топырақ, шөкпе топырақ) құрылыс учаскелерiнде су тарту инженерлiк тораптарын өткізу тоннельдерінде салуды қарастыру қажет. Топырақтың шөкпелік типін ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001, ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001, ҚНжЕ 2.04.03-85 және ҚНжЕ 2.04.07-86*-ға сәйкес алу қажет.

2. Жер бетінің күрделi жоспарлау жағдайларында қоныстық аумақтарда жергiлiктi әкiмшiлiктiң рұқсатымен жерүстi жылу тораптарын салуға жол берiледi.

7.23.** Ең жақын жерасты инженерлiк тораптардан ғимараттар мен имараттарға де­йiнгi горизонталь бойынша қашықтықты (беттер арасындағы) 14*-кесте бойынша алу қажет.

Параллельдi орналасқан көршiлес инженерлiк жерасты тораптарының арасындағы горизонталь бойынша қашықтықты (беттер арасындағы) 15-кесте бойынша, ал ауылдық мекендердiң ғимараттарын-дағы инженерлiк тораптардың кiрмесiнде – 0,5 м-ден кем етпей алу керек. Шектес құбырлардың салу тереңдiгiндегi айырмасы 0,4 м-ден артық болса, 15-кестеде көрсетiлген қашықтықтарды орлардың құламасының тiктiгiн есепке ала отырып көбейту қажет.

Инженерлiк тораптар бiр-бiрiмен қиылысқанда вертикаль бойынша қашықтықты (беттер арасындағы) ҚНжЕ II-89-80* талаптарына сәйкес алу қажет.

14** және 15-кестелерде көрсетiлген қашықтықты қауiпсiздiк пен сенiмдiлiк талап­тарын қамтамасыз ететiн тиістi техникалық шаралар орындалғанда азайтуға болады.

7.24. Инженерлiк тораптардың метрополитен имараттарымен қиылысу бұрышын 90° етіп қарастыру қажет, қайта құрылымдау жағдайында қиылысу бұрышын 60°-қа дейiн азайтуға рұқсат етiледi. Метрополитеннiң станциялық имараттарының инже-нерлік тораптармен қиылысуыны жол берілмейді.

Қиылысу учаскелерiнде құбырлар бiр жақты еңісте болулары қажет. Олардың қорғау құрылымы (болат қаптамалар, тұтасқұймалы бетон немесе темiрбетон каналдары, коллекторлары, тоннельдері) болуға тиiс. Метрополитен имараттарының сыртқы жоғарғы қаптамасынан қорғау құрылымының соңына дейiнгi қашықтық әр жаққа қарай 10 м-ден кем болмауға тиiс, ал қаптама немесе рельс табаны (жерүстi желілерінде) мен қорғау құрылымы арасындағы вертикаль бойынша қашықтықты (беттер арасындағы) 1 м-ден кем етпей алу қажет.

Тоннельдердiң астына газ құбырын салуға жол берілмейдi.

Инженерлiк тораптардың метрополитен жерүстi тораптарының астымен өтуiн МСТ 23961-80 талаптарын ескере отырып қарастыру қажет. Мұнымен қатар тораптар метрополи­теннiң жерүстi учаскелерiнiң қоршаулары шеңберiнен кем дегенде 3 м қашықтыққа шыға­рылуға тиiс.

Ескертулер:

1. 20 м және одан төмен тереңдiктегi (құрылымның төбесiнен жер бетiне дейiн) метрополитен имараттары орналасқан жерлерде, сондай-ақ метрополитен имараттарының қаптамасының үстi мен инженерлiк тораптардың қорғау құрылымдарының астындағы қалыңдығы 6 м-ден кем емес балшық, жарықшаланбаған тасты және жартылай тасты топырақтар бар жерде метрополитен имараттарының инженерлік тораптармен қиылысуында айтылған талаптар қойылмайды, ал қорғау құрылымдарының құрылуы талап етiлмейдi.

2. Метрополитен имараттарымен қиылысқан жерлерде арын құбырларын болат құбырлардан қарастырып, қиылысу учаскелерінің екі жағынан да су шығару құдықтарын құрып және оларға бекіту арматурасын қондыру қажет.

7.25.* Жерасты инженерлiк тораптар жаяу жүру жолдарымен қиылысуында құбыр­ларды тоннельдердiң астымен, ал қуаттық және байланыс кабельдерiн – тоннельдердiң үстiне салуды қарастыру қажет.

7.26**. Өндiрiстiк кәсiпорындар мен қоймаларды қамтамасыз ету үшiн тез жанатын және жанармай сұйықтары, сондай-ақ сұйытылған газы бар құбырларды қоныстық аумақ бойынша салуға жол берiл-мейдi.

Магистральды құбырларды ҚНжЕ 2.05.06-85*-ке сәйкес мекендердiң аумағынан тыс салу керек. Мекен аумағында салынатын мұнай өнiмдерi құбырлары үшiн ҚНжЕ 2.05.13-90-ды басшылыққа алу керек.

14-кесте*

Инженерлiк тораптар

Жерасты тораптарынан горизонталь бойынша (беттер арасындағы) қашықтық, м

ғима­рат­

тар мен има­рат-тардың ірге­таста-рына дейін

кәсіп­орын қоршауы-ның іргетасы, эстакада, түйісу торабы мен теміржол-дарға дейін

шеткi жолдың осьтерiне дейін

көше, жолдың ернеулік тасына (жүргiн бөлiмнiң,шетжол

бекiтiл-

ген жола­

ғының жиегi) дейін

кю­веттiң сырт­қы жиегi немесе жол үйiндi­сiнiң таба­нына дейін

кернеулі электр берiлiсi әуе желiсiнiң тiректерiнiң iргетасына дейін

жолтабаны 1520 мм темiр жолдар, бiрақ үйiндi табаны мен ойма жиегiне дейiн ор тереңдiгiнен кем етпей

жолта­

баны

750 мм темiр жолдар және трамвай­ға дейін

сыртқы жарықтан­дырудың

трамвай мен троллей­

бустың қосқыш торабы­

ның 1 кВ-на дейiн

1 кВ-тан жоғары

35 кВ-қа дейiн

35 кВ-тан жоғары

110 кВ-қа дейiн және одан да жоғары

Суқұбыр және арын канализациясы

5

3

4

2,8

2

1

1

2

3

Өздiгiнен ағатын канализация (тұрмыс­тық және жаңбырлық)

3

1,5

4

2,8

1,5

1

1

2

3

Дренаж

3

1

4

2,8

1,5

1

1

2

3

Қосалқы дренаж

0,4

0,4

0,4

0

0,4

Жанғыш газдардың газөткізгіштері, қысымы, МПа (кг/см3)

төменгі 0,005 (0,05)-ке дейiн

2

1

3,8

2,8

1,5

1

1

5

10

орташа 0,005 (0,05) жоғары 0,3 (3) дейiн

4

1

4,8

2,8

1,5

1

1

5

10

жоғарғы:

0,3 (3) жоғары 0,6 (6) дейiн

7

1

7,8

3,8

2,5

1

1

5

10

0,6 (6) жоғары 1,2 (12) дейiн

10

1

10,8

3,8

2,5

2

1

5

10

Жылу тораптары:

каналдың, тоннельдiң сыртқы қабырғасынан

2 (3-еск. қара­ңыз)

1,5

4

2,8

1,5

1

1

2

3

каналсыз салу қабығынан

5

1,5

4

2,8

1,5

1

1

2

3

Барлық кернеулi қуатты кабельдер және байланыс кабельдерi

0,6

0,5

3,2

2,8

1,5

1

0,5*

5*

10*

Каналдар, қатынастық тоннельдер

2

1,5

4

2,8

1,5

1

1

2

3*

Сыртқы пневматика­лық-қоқыс құбырлар

2

1

3,8

2,8

1,5

1

1

2

5

* Күштік кабельдерден басталатын қашықтыққа ғана байланысты.

Ескертулер*:

1.** Шығарылсын.

2. Құбырлардың, қосқыш торабының тiреулерi мен эстакадаларының iргетастары шеңберiнде жерасты инженерлiк тораптарды салуды iргетас шөккен жағдайларда торап­тардың бұзылу, сондай-ақ осы тораптар бүлінгенде іргетастарды бұзылу мүмкiндiгiне жол бермейтiн шараларды қолдану шартымен қарастыруға жол берiледi.

3. Каналсыз салу барысында жылу тораптарынан ғимараттар мен имараттарға дейiнгi қашықтықты суқұбыр сияқты етiп алу қажет.

4. Кернеуi 110-220 кВ қуаттық кабельдерінен кәсіпорындар, эстакадалар, қосқыш торабы тіреулері және байланыс желілеріне дейінгі қашықтықты 1,5 м етiп алу қажет.

5.* 20 м-ден аспайтын тереңдікте орналасқан (қаптаманың төбесінен жер бетіне дейін) шойын тюбингтерден, сондай-ақ темiрбетоннан немесе желiмделген гидрооқшаулауышы бар бетоннан жасалған метрополитен жерасты имараттарының қаптамасынан горизонталь бойынша қашықтықтығы канализация, суқұбыр, жылу тораптарына дейін – 5 м; желiмделген гидрооқшаулауышы жоқ қаптамадан канализация тораптарына дейiн – 6 м, басқа су әкелушi тораптарға дейін – 8 м; қаптамалардан кабельдерге дейiнгi қашықтықты: кернеуi 10 кВ дейiн – 1 м, 35 кВ-қа дейiн – 3 м етіп алу қажет.

6. Топырағы шөкпейтiн суарылатын аудандарда жерасты инженерлiк тораптардан суару каналдарына дейiнгi жоғары қысымдағы қашықтықты (каналдардың жиегiне дейiн) келесі көрсеткіштердей етіп алу қажет, м: 1 – төменгі және орташа қысымды газөткізгіштерінен, сондай-ақ суқұбырлар, канализация, суағарлар және жағар май өнiмдерi құбырларынан, 2-0,6 (МПа) (6 кгс/см2) дейiнгi жоғары қысымдағы газөткізгіштерінен, жылу құбырларынан шаруашылық-тұрмыстық және жауын канализациясынан; 1,5-қуаттық кабельдер мен байла­ныс кабельдерiнен; көше торабының суару каналдарынан ғимараттар мен имараттардың iргетасына дейiн – 5 м етіп алу қажет.

15-кесте

Инженерлiк тораптар

Горизонталь бойынша (беттер арасындағы) қашықтық, м

суқұбырына

тұрмыстық канализациясына

дренаж және жауын

канализацияға

қысым газөткізгіштеріне,

МПа (кгс/см2)

барлық кернеулi күштік кабельдерге

байланыс кабельдеріне

жылу тораптарына

каналдарға, тоннельдерге

сыртқы пневматика-

лық қоқыс құбырларға

төменгі 0,005 (0,05) дейін

орташа 0,005 (0,05 аса 0,3 (3) дейін

жоғарғы

каналдың, тоннельдiң сырт қабырғасына

каналсыз салу

қабығына

0,3 (3) аса

0,6 (6) дейiн

0,6 (6) аса 1,2 (12) дейiн

Суқұбыр

1-еск. қара­ңыз

2-еск. қара­ңыз

1,5

1

1

1,5

2

0,5*

0,5

1,5

1,5

1,5

1

Тұрмыстық канализация

2-еск. қара­ңыз

0,4

0,4

1

1,5

2

5

0,5*

0,5

1

1

1

1

Жаңбыр канализациясы

1,5

0,4

0,4

1

1,5

2

5

0,5*

0,5

1

1

1

1

Қысым газөткізгіштері, МПа (кгс/см2):

төменгі 0,005 (0,05)­ ке дейiнгi

1

1

1

0,5

0,5

0,5

0,5

1

1

2

1

2

1

орташа 0,005 (0,05)­ тен жоғары

1

1,5

1,5

0,5

0,5

0,5

0,5

1

1

2

1

2

1,5

жоғары:

0,3 (3)-ке дейiнгі

0,3 (3)-тен жоғары

1,5

2

2

0,5

0,5

0,5

0,5

1

1

2

1,5

2

2

0,6 (6)-ға дейiнгі

0,6 (6)-дан жоғары 1,2 (12)-ге дейiнгі

қысымды

2

5

5

0,5

0,5

0,5

0,5

2

1

4

2

4

2

Барлық кернеулi

күштік кабельдерi

0,5*

,05*

0,5*

1

1

1

2

0,1-0,5*

0,5

2

2

2

1,5

Байланыс кабельдерi

0,5

0,5

0,5

1

1

1

1

0,5

1

1

1

1

Жылу тораптары:

Каналдың, тоннельдiң сырт

қабырғасынан

1,5

1

1

2

2

2

4

2

1

2

1

Каналсыз салу

қабығынан

1,5

1

1

1

1

1,5

2

2

1

2

1

Каналдар, тонельдер

1,5

1

1

2

2

2

4

2

1

2

2

1

Сыртқы пневматика­

лық-қоқысқұбырлары

1

1

1

1

1,5

2

2

1,5

1

1

1

1

* КСРО Мемқұрылысымен келiсімімен, КСРО Энергоминi бекiткен Электр қон­дырғыларын құру ережелерiнiң (ЭҚЕ) 2-тара-уының талаптарына сәйкес.

Ескертулер:

1. Суқұбырдың бiрнеше торабын қатарлап салу барысында олардың арасындағы қашықтықты ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001-ге сәйкес техникалық және инженерлiк геологиялық жағдайларға байланысты алу қажет.

2. Тұрмыстық канализациядан шаруашылық-ауыз су құбырына дейiнгi қашықтықты келесiдей етiп қабылдау қажет, м: темiрбетон және асбестцементтiк құбырлардан жасалған суқұбырға дейiн – 5 м, диаметрi 200 мм-ге дейiнгi шойыннан жасалған суқұбырға дейiн – 1,5, диаметрi 200 мм-ден асса – 3, пластмассадан жасалған суқұбырға дейiн –1,5.

Канализация тораптары мен өндiрiстiк суқұбырдың арасындағы қашықтық құбыр­лардың материалы мен диаметрiне байланысты, сондай-ақ топырақтың номенклатурасы мен сипат­тамасына байланысты 1,5 м болуға тиiс.

3. Газ өткізгіштерін қатарлап салған кезде диаметрi 300 мм-ге дейiнгi құбырлар үшiн олардың арасындағы қашықтықты (беттер арасындағы) 0,4 м және 300 мм-ден көп болса – 0,5 м етiп бiр орда екеуін немесе одан да көбiн бiрлестiрiп орналастырғанда осылай алуға жол берiледi.

4. 15-кестеде болаттан жасалған газ құбырларына дейiнгi қашықтық көрсетiлген. Металл емес құбырлардан жасалған газ құбырларын ҚНжЕ 2.04.08-87*-ге сәйкес қарастыру қажет.