Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

Өртке қарсы қойылатын талаптар

1.* Тұрғын, қоғамдық және өнеркәсiп кәсiпорын-дарының қосалқы ғимараттары арасындағы өртке қарсы қашықтықтарды 1-кестеге* сәйкес, ал өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының өндiрiстiк ғимараттары арасында – ҚНжЕ II-89-80* және ҚНжЕ II-97-76 бойынша алу қажет.

Отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi тұрғын, қоғамдық және қосалқы ғимараттарынан отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi өндiрiстiк ғимараттар мен гараждарға дейiнгi минимальды қашықтықты кем дегенде 9 м, ал полимер немесе жанғыш материалдардан жасалған жылуұстағыш қолданылған жабыны бар өндiрiстiк ғимараттар үшiн – 15 м етiп қабылдау қажет.

1-кесте*

Ғимараттың отқа төзiмдiлiгiнiң дәрежесi

Қашықтық, м, ғимараттың отқа төзiмдiлiгi дәрежесi

I, II

I, II

III

III, IV, V

III

6

8

10

III, IV, V

8

8

10

10

10

15

Ескертулер:*

1. Ғимараттардың отқа төзiмдiлiгі дәрежесінің жіктеуін ҚР ҚНжЕ 2.02.01-2001-ге сәйкес алу қажет.

2. Ғимараттар мен имараттар арасындағы қашықтыққа сыртқы қабырғалар мен басқа құрылымдар арасындағы беттер арасындағы қашықтық есептелiнедi. Ғимараттар мен имараттардың жанғыш материалдардан жасалған 1 м-ден артық шығыңқы құрылымдары бар болса, осы құрылымдар арасындағы қашықтық алынады.

3. Ғимараттардың терезе ойығы жоқ қабырғалары арасындағы қашықтықты 20%-ке қысқартуға болады, бірақ отқа төзiмдiлiгiнiң дәрежесi IIIа, IV және V ғимараттар қосыл-майды.

4. Сейсмикалылығы 9 балл аудандарда тұрғын ғимараттар арасындағы, сондай-ақ отқа төзiмдiлiгiнiң дәрежесi IVа және V тұрғын және қоғамдық ғимараттар арасындағы қашықтықты 20%-ке көбейту қажет.

5.* Шығарылсын.

6. Отқа төзімділігі климаттық 1в ауданында ІV және V дәрежесіндегі тұрғын ғимарат­тардың арасындағы қашықтық 50%-ке ұзартылсын.

7. Отқа төзiмдiлiгiнiң дәрежесi V қаңқа және қалқандық құрылымының екi қабатты ғимараттары үшiн, сондай-ақ жанғыш заттармен жабылған ғимараттар үшiн өртке қарсы қашықтықтарды 20%-ке көбейту қажет.

8. Отқа төзiмдiлiгiнiң дәрежесi I және II ғимараттар арасында 6 м-ден кем қашықтықты қарастыруға, егер қарама-қарсы орналасқан биiгiрек ғимараттың қабырғасы шартты түрде өртке қарсы төзімді болса жол берiледi.

9. Бiр, екi пәтерлi тұрғын үйлер мен үй-жайлық жер учаскесiндегi шаруашылық құрылыстардан (қора, гараж, монша) көршiлес жер учаскесiндегi тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарына дейiнгі қашықтық 1-кесте бойынша, 10-ескертудi есепке ала отырып алынады.

Тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстар арасындағы, сондай-ақ бiр жер учаскесiнiң шегiндегi (құрылыстардың жиынтық ауданына тәуелсіз) шаруашылық құрылыстары арасындағы қашықтық нормаланбайды.

10. Тұрғын ғимараттар арасындағы, сондай-ақ тұрғын ғимараттар мен шаруашылық құрылыстары (қоралар, гараждар, моншалар) арасындағы қашықтық егер құрылыс тұрған жиынтық ауданы, олардың арасындағы құрылыс тұрғызылмайтын жердің ауданын қоса есептегенде, рұқсат етілетін ең үлкен құрылыс тұрғызылатын ауданы (қабаты) бар, отқа төзімділік дәрежесі бірдей өртке қарсы қабырғалары жоқ бір ғимараттың ауданына тең болса, ҚР ҚНжЕ 3.02-01-2001*-дің талаптарына сәйкес нормаланбайды.

11. Үй-жайлық жер учаскелерiнiң аумағынан тыс орналасқан шаруашылық құрылыстары (қоралар, гараждар, моншалар) арасындағы қашықтық, егер блокталған шаруашылық құрылыстардың ауданы 800 м2-тан аспайтын болса, нормаланбайды. Блокталған шаруашылық құрылыстарының топтары арасындағы қашықтық 1-кесте* бойынша алынады.

2*. Жүріп өту және жүргінші жолдарын жобалағанда өрт сөндiру машиналарының тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, соның iшiнде құрамына енгізілген – жапсарластырыла салынған бөлмелерге жету мүмкiншiлiгiн тудыратын және өрт сөндiру автобаспалдақтары мен автокөтергiштерiн кез-келген пәтерге немесе бөлмеге жетуiн қамтамасыз ету қажет.

Жүру жолының шетiнен ғимараттың қабырғасына дейiнгi қашықтық, қағида бойынша, 5-8 м, 10 қабаттан аспайтын ғимараттар үшiн және 10 қабаттан биiк ғимараттар үшiн 8-10 м етіп алу қажет. Бұл аймақта қоршаулар орнату электр берiлiсiнiң әуе желiсiн орналастыруға және қатарланған ағаш егуге жол берілмейді.

Кiру есiктерi жоқ ғимараттардың қасбетiнiң бойына енi 6 м өрт сөндіру машиналары жүріп өтетін жолақтар (олардың салмағының жабынды мен топыраққа әсерін есепке ала отырып) қарастыруға жол беріледі.

3. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардан мұнай және мұнай өнiмдерiн сақтауға арналған I топтағы қоймаларына дейiнгi қашықтықты ҚНжЕ II-106-79-ға сәйкес алу қажет, ал ІІ топтағы тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қамтамасыз ететін қазандықтар, дизельдік электр станциялары және басқа да энергия объектілерінің құрамындағы жанармай қойма­ларына дейінгі қашықтық 2-кестеде белгіленген көрсеткіштерден кем болмау керек.

2-кесте

Қойма сыйымдылығы, м3

Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың отқа төзiмдiлiгiнiң дәрежесi

I, II

III

III, IV, V

800-ден1000- ға дейiн

40

45

50

100 " 800 "

30

35

40

100-ге дейiн

20

25

30

Ескерту. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнен, жалпы бiлiм беру мектептерiнен, мектеп-интернаттарынан, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерiнен, ойын-сауық мекемелерiнен және спорт имараттарынан сыйымды-лығы 100 м3 қоймаларға дейiнгi қашықтықты екi есе ұлғайту қажет, ал сыйымдылығы 100 м3-тан асатын қоймаларға дейiн – ҚНжЕ II-106-79-ға сәйкес алу қажет.

4. Өзендер мен су алабтарына өрт сөндiру машиналары су алуға келе алатын жолдармен қамтамасыз ету қарастырылу қажет.

5*. Қалалық мекендердiң шекарасынан орман сілемдерiне дейiнгі қашықтық кем дегенде 50 м болуға тиiс, ал ауылдық мекендердiң құрылысынан және бақ өсiрушiлiк серiктес­тiктерiнiң жер учаскелерiнен кем дегенде 15 м болуға тиiс.

Қалалық мекендерде үй-жайлық учаскелері бар бір-екі қабаттық жеке меншік үй құрылысы салынған аудандарда үй-жайлық учаскелерінің жиегінен орман сілемдеріне дейінгі қашықтықты 15 м-ден кемітпей азайтуға болады.

6*. Өрт депосының қызмет көрсету радиусы 3 км-ден аспауға тиiс. Мекендердегi өрт деполарының саны, олардың құрылыс тұрғызатын ауданын, сондай-ақ өрт сөндiру автомобильдерiнiң саны ҚР IIМ бекiткен Өрттен қорғау объектiлерiн жобалау нормалары бойынша қабылданады.

2-қосымша

Мiндеттi