Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

Сыртқы көлiк

6.4. Жолаушылар вокзалдарын (темiр жол, автомобиль, су көлiгi және әуе вокзалдары) қала орталығымен, тұрғын және өнеркәсiптiк аудандармен көлiктiк байланысты қамтамасыз ете отырып, орналастыру қажет. Көлiктiң екi немесе одан да көп түрлерi үшiн бiрiккен немесе араласқан жолаушылар вокзалдарын қарастыруға жол берiледi.

Жылына кем дегенде 2 млн. адам жолаушылар ағыны бар әуе жайлары қызмет көрсететiн қалаларда қалалық әуе вокзалдарын, ал басқа жағдайларда - әуе қатынастары агенттiгiн немесе әуе жолаушыларының кету және келу орындарын құру қажет.

6.5. Темiр жолдардың жалпы торабының сұрыптау станцияларын қалалардан тыс, ал техникалық жолаушылық станцияларын, резевтi темір жол қозғалыс құрам паркін, жүк станциялары мен темiр жол және автомобиль көлiгiнiң контейнерлiк алаңшаларын – қоныстық аумақтан тыс орналастыру қажет. Қоныстық аумақ шеңберiнде орналасқан ұзақ мерзiмдi сақталатын үйiндi жүктерге арналған қоймалар мен алаңшаларды коммуналдық-қоймалық аймақтарға көшіру қажет.

6.6. Iрi және өте iрi қалалардың маңы аймағында транзиттi поездарды өткiзу үшiн айналма жол қарастырылып, онда жалпытораптық маңызы бар сұрыптау және жүк тиеу станцияларын орналастыру қажет. Қала маңы мен қала iшiндегi жолаушылар қозғалысының қарқындылығы бiр сағатта 10 жұп поездан асатын темiр жолдың бас бөлiмшесiнде қосымша жолдар, ал қажет болса – қалада терең кiрмелi немесе қажетті диаметрлi темiр жол құрылғысын қарастырып, оларды қалалық жедел көлiкпен өзара қамтамасыз ету қажет.

6.7. Темiр жол желілерінің өзара әр түрлi деңгейде қиылысуын келесiдей санат­тардағы тораптары үшiн: I,II – мекендердiң аумағынан тыс, III,IV – қоныстық аумақтан тыс қарастыру қажет.

Мекендердiң шеңберiнде темiр жолдардың көшелер мен автомобиль жолдарымен, сондай-ақ электр қоғамдық жолаушылар көлiгi желілерімен бір деңгейде қиылысуын ҚНжЕ 3.03-01-2001-ге сәйкес қарастыру қажет.

6.8. Тұрғын үй салынатын жерді темiр жолдардан шеткi темiр жолдың осiнен санағанда енi 100 м

санитарлық-қорғау аймағымен айырып бөлу керек. Темiр жолдарды ойысқа орналастырғанда немесе ҚНжЕ II-12-77-ге талаптарын қамтамасыз ететiн арнайы шудан қорғау шараларын жүзеге асырғанда санитарлық-қорғау аймағының енi қысқартылуы мүмкiн, бiрақ 50 м-ден артық қысқармау керек. Сұрыптау станцияларынан тұрғын үй құрылысына дейінгі қашықтық жүк айналымының мөлшерiн, тасылатын жүктердiң өрт және қопарылыс қаупiн, сондай-ақ рұқсат етiлетiн шу мен дірілдің деңгейін ескерген есептiң негiзiнде алынады.

Санитарлық-қорғау аймағында, темiр жолға бөлінген жер жолағынан тыс, автомобиль жолдарын, гараждар, автомобильдер тұрақтарын, қоймалар, коммуналдық-тұрмыстық мекемелердi орналастыру жол берiледi. Санитарлық-қорғау аймағы ауданының кем дегенде 50% көгалдандырылуға тиiс. Санитарлық-қорғау аймағының енін бақ учаскелерiнiң шекараларына дейiнгi енiн кем дегенде 50 м-ден кем етпей алу қажет.

6.9. Жалпы тораптағы I, II, III санаттағы автомобиль жолдарын, қағида бойынша, ҚНжЕ 2.05.02-85-ке сәйкес мекендерден тыс жобалау қажет. Көрсетiлген жолдардың жер жолағының жиегiнен құрылысқа дейiнгi қашықтықты ҚНжЕ 2.05.02-85-ке және осы нормалардың 9-тарауының талаптарына сәйкес алу қажет, бiрақ тұрғын үй құрылысына дейiн 100 м, бақ өсiрушiлiк серiктестiктерiне дейiн 50 м-ден кем болмау қажет; IV санатты жолдар үшiн сәйкестi түрде 50 және 25 м болу қажет. Құрылысты автомобиль шуы мен пайдаланылған газдарынан қорғау үшiн жол бойында енi кем дегенде 10 м екпе ағаштар жолағын қарастыру қажет.

Жалпы торап жолдарын мекендердiң аумағының үстiнен жүргiзген кезде оларды осы нормалардың талаптарын ескере отырып жобалау қажет.

6.10. Қала маңы аймағындағы автомобиль жолдарын жобалағанда, бұл жолдар қалалық магистральдардың жалғасы болатындықтан, орталық қаладан қала сыртындағы көпшiлiк демалыс аймақтарына, әуежайларға және қоныстандыру жүйесiндегi басқа да мекендерге әржақты бағытталған көлiк ағынының өтуiн қамтамасыз ететiн етуші болған­дықтан, реверсивтік қозғалысты ескере отырып, жолдың негiзгi жүргiн бөлiгінiң енiн, қағида бойынша, сағатына ең жоғарғы деңгейдегі автомобиль ағындарына сәйкес ете отырып алу қажет.

Қалалардың (жаңа жерге орналастыру жүйесiнiң) қала маңы аймағы шеңберiндегi автомобиль жолдарының санаттары мен параметрлерiн ұсынылатын 8-қосымшаға сәйкес алу қажет.

6.11. Аэродромдар мен вертодромдарды ҚР ҚНжЕ 3.03-03-2001-дің талаптарына сәйкес қоныстық аумақтар мен көпшілік демалыс аймақтарынан қашықтықта, ұшу қауіпсіздігін және рұқсат етілетін авиациялық шу деңгейін, МСТ 22283-88 бойынша қамтамасыз ете және де қоныстық аймақтар үшін белгіленген санитарлық нормаларға сәйкес рұқсат етілетін электрлік магниттік сәуле шығару деңгейін қамтамасыз ете отырып орналастыру қажет.

6.12. Әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн немесе аэро­дромдардың навигациялық жабдықтарының қалыпты жұмысына кедергi болуы мүмкiн жоғары вольттiк электр берiлiсi желiсiн, радиотехникалық және басқа да имараттарды аэро-дромдарда орналастыру аэродромды басқарып жүргізуші кәсіпорындар және ұйымдармен келісілуге тиіс. Объектiлердi келiсiп орналастыру туралы талаптар мiндеттi 2-қосымшада берiлген.

6.13. Теңiз және өзен порттарын қоныстық аумақтан тыс, тұрғын үй құрылысынан кем дегенде 100 м қашықтықта орналастыру қажет.

Жаңа теңiз және өзен порттарының арнайы мамандандырылған аудандарының шекараларынан тұрғын үй құрылысына дейiнгi қашықтықты төменгі көрсеткіштердей етіп, бірақ олардан кем етпей алу керек, м:

шаңды жүктердi алмастыру және сақтау

аудандарының шекарасынан 300

жеңіл өртенетін және жанғыш сұйықтарының

I санатты қоймалардағы 200

II және ІІІ санатты қоймалардағы 100

резервуарлары мен төгу-құю

құрылғыларынан порттың балық

аулау ауданының шекарасынан

(сол жерде балықты өңдемейтiн) 100

Ескертулер:

1. Өзен және теңiз порттарының аумағында өрт автомашиналары суға келіп жете алатын және олардың су алу алаңдары қарастырылуға тиiс.

2. Жүк айналымы шағын порттарда жолаушылар және жүк аудандарын бiр ғана жүк және жолаушылар ауданына бiрiктiруге болады.

6.14. Жүк аудандарының жағалау аумағының енiн келесі көрсеткіштердей етiп, бiрақ олардан артық етпей алу қажет, м: теңiз порты үшiн – 400, өзен порты үшiн – 300, кемежай үшiн – 150, навигацияаралық сақтауды ұйымдастыруға және жаппай көп жүктерді алмастыруға арналған арнайы өзен порттары – 400. Тиістi негiздеме арқылы көрсетiлген аумақтың енi ұлғайтылуы мүмкiн.

Кеме жүретін каналдардың, қақпалардың және басқа да гидротехникалық кеме өткiзушi имараттардың екі жақ бойында, құрылыс салынбаған бос ені 80 м-ден кем емес, көгалдандыруға және жергiлiктi жолдарға арналған жер жолағы қарастырылуы тиіс.

6.15.** Жеңiл жанатын және жанғыш сұйықтықтар қоймаларын орналастыруға арналған өзен портының аудандарын өзен ағысы бойынша тұрғын үй құрылысынан, көп­шiлiктiң демалыс орындарынан, кемежайлардан, өзен порттарынан, кеме тұру рейдтерiнен, гидроэлектр станцияларынан, өнеркәсiп кәсiпорындары мен көпiрлерден кем дегенде 500 м төменiрек орналастыру қажет. Оларды аталған объектiлерден жоғарырақ орналастыруға жол берiледi, егер қашықтығы, м, келесі көрсеткіштерден кем болмаса, I санатты қоймалар үшiн – 5000, II және III – 3000.

Теңiз жолдарының навигациялық құралдарының әрекет ету аймағында жаңа және қайта құрылымдалатын ғимараттар мен имараттардың құрылысын қорғаныс пен теңіз флоты мәселелері құзырына қатысты Қазақстан Республикасының министрліктерімен (ведомство­ларымен) келiсiліп жүргiзу қажет.

6.16. Жағалау базалары мен спорт клубтары мен жекеленген азаматтарға қарайтын кіші мөлшерлі кемелердің тұрақ орындары қала іргелерінде, қала шегінде – қоныстық аумақтан тыс және көпшiлiктiң демалыс орындарынан тыс орналастыру керек.

Кемелердi бiр ярусты сөрелік сақтауда (бiр орынға), м2: серуендеу флоты үшiн – 27, спорт флоты үшiн – 75 етіп алу қажет.

Көше мен жолдар торабы

6.17. Елдi мекендердiң көше-жолдық торабын көшелер мен жолдардың қызметтік мақсатын, көлiк, велосипед және жүргiншiлер қозғалысының қарқындылығы, аумақтың сәулеттiк-жоспарлау шешімдері мен құрылыс сипатын есепке ала отырып, үзіліссiз жүйе түрiнде жобалау қажет. Көше-жолдық тораптың құрамында магистральды және жергiлiктi маңызы бар айыра бөлу керек. Қалалардың көшелерi мен жолдарының санатын 7-кестеде келтiрiлген жіктеуге сәйкес тағайындау қажет.

6.18.** Қалалардың көшелерi мен жолдарының есептiк параметрлерiн 8-кесте*, ауылдық мекендердiң көшелерi мен жолдарының есептiк параметрлерiн 9-кесте бойынша алу қажет.

6.19. Магистральды жолдардың негiзгi жүру бөлiмiнiң жиегiнен тұрғын үй құрылысын реттеу сызығына дейiнгi қашықтықты кем дегенде 50 м, ал ҚНжЕ II-12-77-ге талаптарын қамтамасыз ететiн шудан сақтау құрылғыларын қолдану жағдайларында кем дегенде 25 м етiп алу қажет.

Көшелердiң негiзгi жүргiн бөлiмiнiң, жергiлiктi немесе қырын жүру жолдарының шетiнен құрылыс сызығына дейiнгi қашықтықты 25 м-ден артпайтын етіп алу қажет. Көр­сетiлген қашықтық артып кеткен жағдайда құрылыс сызығынан 5 м-ден кем емес қашық­тықта өрт машиналарының өтуiне жарамды, енi 6 м жолақты қарастыру қажет.

6.20. Тұйық көшелер мен жолдардың жүргiн бөлiгiнiң соңында автомобильдер айналуы үшiн диаметрi 16 м-ден кем емес және қоғамдық жолаушылар көлiк құралдарының айналуы мен тоқтайтын орнын ұйымдастыру үшiн диаметрi 30 м-ден кем емес аралшалары бар алаңдар қарастырылу қажет. Айналу алаңдарын автомобильдердiң тұрағы үшiн пайда­лануға жол берiлмейдi.

6.21.* Қозғалысы реттелетiн магистральды көшелерде бөлу жолақтарымен көрсе­тiлген велосипед жолдарын қарастыруға жол берiледi. Көпшiлiктiң демалыс аймақтарында және басқа да көгалдандырылған аумақтарда көшелерден, жолдардан және жаяу жүру жолдарынан бөлектенген велосипед жолдарын қарастыруға жол берiледi. Бiржақты және екiжақты жүрiстiк велосипед жолдарының шеті қауiпсiздiк үшін ең кемінде көрсетілген қашықтықта орналасуы мүмкiн, м:

жүру бөлiміне, тiреулерге,

ағаштарға дейiн . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 0,75

жаяужолдарға дейiн . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . 0,5

автомобиль тұрақтары мен қоғамдық көлiк

аялдамаларына дейiн . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1,5

Ескерту. Көшелер мен жолдардың жүру бөлiмiнiң шетiнде екi сызықты таңбалауы бар велосипед жолақтарын жабдықтауға болады. Жолақтың енi көлiк ағынының бағытымен жүрiсте кем дегенде 1,2 м және қарама-қарсы жүрiсте кем дегенде 1,5 м болуға тиiс. Жаяужолдың бойында жабдықталатын велосипед жолағының енi кем дегенде 1 м болуға тиiс.

6.22*. Көшелер мен жолдардың жүру бөлімінің айналым радиустарын жаяужолдар мен айырмалау жолақтарының жиектері бойынша мына көрсеткіштерден кем етпей алу қажет, м:

қозғалысы реттелетiн магистральды көшелер

мен жолдар үшiн 8

жергiлiктi маңызы бар көшелер мен

жолдар үшін 5

көлiк алаңдарында 12

Тар жағдайларда және қайта құрылымдауда қозғалысы реттелетiн магистральды көшелер мен жолдардың айналым радиусын азайтуға жол берiледi, бiрақ 6 м-ден кем етпей, көлiк алаңдарында – 8 м-ден кем етпей алу қажет.

Жиектеме шектеуі жоқ болған жағдайда, сондай-ақ минимальды айналым радиусын пайдалану жағдайында көшелер мен жолдардың жүру бөлiгiнiң енiн, әрбір жүріс жолағын 1 м-ге кеңейтіп, бүйірлі орналасқан бөлу жолақтары есебінен немесе көшені сыртқы жағынан кеңейту арқылы ұлғайту қажет.

Ескерту. Қоғамдық көлiк үшiн (трамвай, троллейбус, автобус) айналым радиусы осы көлiк түрлерiн пайдала-нудың техникалық талаптарына сәйкес белгiленедi.

7-кесте

Жолдар мен көшелердiң санаттары

Жолдар мен көшелердiң негiзгi міндеттері

Магистральды жолдар:

шапшаңды қозғалыс

Өте iрi және iрi қалалардағы қашық өнәркәсiп және жоспарлау аудандары арасындағы шапшаң көлiк байланысы: сыртқы автомо­биль жолдарына, әуежайларға, iрi көпшiлiк демалыс орындарына және жаңа орынға орналастыру жүйесiндегi мекендерге жету. Ма­гистральды көшелер және жолдармен әр түрлi деңгейде қиылысу.

реттелетiн қозғалыс

Тұрғын үй құрылысы салынған жерлерден тыс жүзеге асырылатын, қала аудандарының арасындағы көбiнесе жүк тасу қозғалысы учаскелерiнде және жеке бағыттарындағы көлiк байланысы, сырт­қы автомобиль жолдарына шығу, көшелер және жолдармен қиылысу, қағида бойынша, бiр деңгейде

Магистральды көшелер:

жалпықалалық маңызы бар:

үзіліссiз қозғалыс

Өндiрiстiк аудандары және қоғамдық орталықтары арасындағы, сондай-ақ басқа да магистральдi көшелермен, қалалық және сыртқы автомобиль жолдарымен көлiк байланысын негiзгi бағыттағы көлiк қозғалысын әр түрлi деңгейде қамтамасыз ету.

реттелетiн қозғалыстық

Тұрғын, өнеркәсiптiк аудандары мен қала орталығы арасындағы, жоспарланған аудандардың орталықтарының арасындағы; магис­тральды көшелер мен жолдарға және сыртқы автомобиль жол­дарына шығу көлiк байланысы. Көшелер және жолдармен қиы­лысу, қағида бойынша, бiр деңгейде.

аудандық маңызы бар:

көлiктiк-жүргіншілік

Тұрғын аудандар арасындағы, сондай-ақ тұрғын және өнеркәсiп аудандары, қоғамдық орталықтар арасындағы көлiктiк және жаяу байланыстар, басқа магистральды көшелерге шығу.

жүргіншілік-көлiктiк

Жоспарлау ауданының шеңберiндегi көлiктiк және жаяу байла­ныстар (көбiнесе қоғамдық жолаушылар көлiгi)

Жергiлiктi маңызы бар көшелер мен жолдар:

тұрғын үй құрылысындағы көшелер

Тұрғын аудандардың (ықшамаудандардың) аумағындағы көлiктiк (жүк және қоғамдық көлiктi өткiзбеу) және жаяу байланыстар, магистральдi көшелер мен реттелетiн қозғалыстық көшелерiне шығу

ғылыми-өндiрiстiк, өнеркәсiптiк және коммуналдық-қоймалық аймақтардағы (аудандардағы) көшелер мен жолдар

Аймақтардың (аудандардың) шеңберiндегi көбiнесе жеңiл және жүк көлiгiнiң көлiктiк байланысы, магистральды қалалық жолдарға шығу. Көшелер және жолдармен қиылысу бiр деңгейде құрасты­рылады.

жүргіншілік көшелер

мен жолдар

Еңбек ету орындары, қызмет көрсету мекемелерi және кәсiп­орындары, соның iшiнде қоғамдық орталықтар шеңберінде, демалыс орындары және қоғамдық көлiктiң аялдау, орындарымен жаяу жүру байланысы.

саябақтық жолдар

Көбiнесе жеңiл автомобильдер қозғалысы үшiн саябақтар мен орманды саябақтар аумағы шеңберiндегi көлiк байланысы

өту жолдары

Көлiк түрлерінің тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекеме­лерге, кәсiпорындарға және басқа да аудан, ықшамаудан, квартал iшiндегi қалалық құрылыс объектiлерiне келу

велосипед жолдары

Көлiк қозғалысының басқа түрлерiнен бос трассалалармен демалыс орындарына, қоғамдық орталықтарға велосипедтермен келу, ал өте iрi және iрi қалаларда жоспарлау аудандарының шеңберiндегi байланыс

Ескертулер:

1. Бас көшелер, қағида бойынша, көлiктiк-жаяу, жаяу көлiктiк және жүргіншілік жолдары құрамынан бөлiнедi және жалпықалалық орталықтың сәулеттiк-жоспарлау құрылымдық шешімінің негiзi болып табылады.

2. Қалалардың үлкендiгi мен жоспарлау құрылымына, қозғалыс көлемдерiне байланысты көрсетiлген көшелер мен жолдардың негiзгi санаттарын толықтыруға немесе олардың толық емес құрамын пайдалануға жол берiледi. Егер жұмысқа бару уақытының есептiк шығындары осы нормалар белгiлеген көрсеткіштерден асып түсетiн болса, арнайы негiздемелермен халқының саны өте үлкен қалалар тобы үшiн осы кестеде келтiрiлген магистральды көшелер мен жолдардың санаттарын алуға жол беріледі.

3. Қайта құрылымдау жағдайларында, сондай-ақ аудандық маңызы бар көшелер үшiн қоғамдық көлiк құралдарын ғана өткiзуге арналған магистральдарды немесе олардың бөлiмшелерiн құру және трамвай-жаяу жүру, троллейбус-жаяу жүру немесе автобус-жаяу жүру қозғалысын ұйымдастыру рұқсат етіледі.

4. Тарихи қалаларда жалпықалалық орталықтың тарихи түйінінің аумағы арқылы жерүстi көлiгiнiң қозғалыс көлемiн алып тастауды немесе қысқартуды қарастыру қажет: айналма магистраль көшелерiн, көлiк қозғалысы шектелген көшелердi, жаяу жүру көшелерi мен аймақтарын ұйымдастыру; көбiнесе осы түйіннің периметрi бойнша автомобильдер тұрағын орналастыру арқылы құру.

8-кесте*

Жолдар мен көшелердiң

санаттары

Қозғалыс­

тың есептiк

жылдам­

дығы, км/сағ

Қозғалыс

Жолағы­ның

енi, м

Қозғалыс

Жолақ­тарының саны

Жоспарлық

айналу радиусының ең кiшi көрсеткіш­тері, м

Ең үлкен

бойлық еңiсi,

%

Жаяу­

жолдың жүргiнші бөлiгiнiң енi, м

Магистральды жолдар:

шапшаң қозғалыстағы

120

3,75

4-8

600

30

реттелетiн қозғалыстағы

80

3,50

2-6

400

50

Магистральды көшелер:

жалпықалалық маңызы бар:

үзiліссiз қозғалыстағы

100

3,75

4-8

500

40

4,5

реттелетiн қозғалыстық

80

3,50

4-8

400

50

3,0

аудандық маңызы бар:

көлiктік жүргіншілік

70

3,50

2-4

250

60

2,25

жүргіншілік -көлiктік

50

4,00

2

125

40

3,0

Жергiлiктi маңызы бар көшелер мен жолдар:

тұрғын үй құрылысындағы көшелер

40

30

3,00

3,00

2-3*

2

90

50

70

80

1,5

1,5

ғылыми-өндiрiстiк, көшелер мен жолдар

50

3,50

2-4

90

60

1,5

өнеркәсiптiк және коммуналдық-қоймалық аудандардағы көшелер мен жолдар

40

3,50

2

50

70

1,5

парк жолдары

40

3,00

2

75

80

Жүру жолдары:

негiзгiлері

40

2,75

2

50

70

1,0

қосалқылар

30

3,50

1

25

80

0,75

Жүргіншілік көшелер:

негiзгiлері

1,00

Есеп бойынша

40

Жоба бойынша

қосалқылар

0,75

Сондай

60

Сондай

Велосипед жолдары:

оқшауланған

20

1,50

1-2

30

40

бөлектенген

30

1,50

2-4

50

30

* Бiр жолақты жеңiл автомобильдер тұрағы үшiн пайдалану есебiмен.

Ескертулер*:

1. Көшелер мен жолдардың енi есеп арқылы көлiк пен жүргiншiлер қозғалысының қарқындылығына, санитарлық-гигиеналық талаптар мен азаматтық қорғаныс талаптарын есепке ала отырып, көлденең пішін шеңберiнде орналастылатын элементтердiң құрамына (жүру бөлiктері, жерасты қатынастарын салу үшiн техникалық жолақтар, жаяу жүру, екпе ағаштар және т.б.) байланысты анықталады. Қағида бойынша, қызыл сызықтардағы көшелер мен жолдардың енi, м: магистральдi жолдар – 50-75; магистральды көшелер – 40-80; жергiлiктi маңызы бар көшелер мен жолдар – 15-25 етіп алынады.

2*. Күрделi жер бедері немесе қайта құрылымдау жағдайларында, сондай-ақ қала құрылысы құндылығы жоғары деңгейдегі аумағы бар аймақтарда жоспарлық айналу радиусын кеміту және бойлық еңiстерiн ұлғайту арқылы шапшаң жолдар мен үздiксiз қозғалыс көшелерiнiң есептiк қозғалыс жылдамдығын 10 км/сағатқа кемiтуге жол берiледi.

3. Үлкен, iрi және өте iрi қалалардың магистральды көшелерi мен жолдарында автобустар мен троллейбустардың қозғалысы үшiн енi 4 м шеткi жолақты қарастыру қажет; "жүріс шыңы" сағаттарындағы автобустарды өткiзу үшiн қарқындылығы 40 бірлік/сағаттан астам болса, ал қайта құрылымдау жағдайларында – 20 бірлік/сағаттан астам болса, енi 8-12 м оқшауланған жүру бөлігінің құрылғысына жол берiледi.

Жүк автомобильдерi қозғалысы көбiрек магистральды жолдарда қозғалыс жолағының енiн 4 м-ге дейiн көбейтуге жол берiледi.

4.** ІВ және ІІIА климаттық қосымша аудандарында магистральды көшелер мен жолдардың жүру бөлiмiнiң ең биік бойлық еңiстерiн 10% азайтуға рұқсат етiледi. Қыс ішінде қар түсу көлемi 600 м3/м-ден асатын жерлерде көшелер мен жолдардың жүріс бөліктері шегiнде қар жинау үшiн енi 3 м-ге дейiн жолақтар қарастыру қажет.

5. Жаяужолдар мен жолдардың жаяу жүру бөлiмiнiң енiне киоскiлер, орындықтар және т.б. орналастыруға қажет аудандар кiргiзiлмейдi.

6. ІВ және ІІІА климаттық қосалқы аудандарында қыста қар түсу көлемi 200 м3/м-ден асатын жерлерде магистральды көшелердiң жаяужол енiн 3 м-ден кем емес етiп алу қажет.

7. Жергiлiктi маңызы бар көшелердiң қайта құрылымдау жағдайларында, сондай-ақ есептiк жүргіншілік қозғалысы екi бағытта да 50 адам/сағатынан кем болса, жаяужолдар мен жолдардың енiн 1 м етiп алуға болады.

8. Жаяужолдардың жүргіншілік бөлігінің\ ғимараттар қабырғаларына, тiрек қабырға­ларына немесе қоршауларға тiкелей қабысып тұрса, олардың енiн кем дегенде 0,5 м-ге көбейту керек.

9. Магистралдық көшелер мен жолдардың, көлік қиылысуларының есеп мерзіміндегі параметрлерін әр түрлі даму кезеңдерінде қол жеткізуге жол беріледі, бұл үшін көлік пен жүргіншілердің қозғалысының нақты мөлшерін ескере отырып, осыған байланысты келешек­тегі құрылыс жұмыстарына арнап міндетті түрде жер резервтерін және жерасты аумақтарын қарастыру қажет.

10. Шағын, орта және үлкен қалаларда, сондай-ақ қайта құрылымдау және көлiктiң бiр жақты қозғалысын ұйымдастыруда жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелердi жобалау үшiн аудандық маңызы бар магистральды көшелердiң параметрлерiн пайдалануға жол берiледi.

9-кесте

Ауылдық көшелер мен жолдардың санаттары

Негiзгi қызметі

Қозғалыс­тың есептiк жылдамды­ғы, км/сағ

Қозғалыс жолағының енi, м

Қозғалыс жолақтары­ның саны

Жаяужол­дың жүргiнші­лер

бөлiгiнiң енi, м

Кенттік жол

Ауылдық мекеннiң жалпы то­раптық сыртқы жолдарымен байланысы

60

3,5

2

Бас көше

Тұрғын аумақтардың қоғамдық орталықпен байланысы

40

3,5

2-3

1,5-2,25

Тұрғын үй

құрылысы салынған

жердегі көше:

негiзгi

Тұрғын аумақтар арасындағы және қарқынды қозғалыс бағыт­тары бойынша бас көшемен байланыс

40

3,0

2

1,0-1,5

қосалқы (тұйық

көше)

Негiзгi тұрғын үйлер арас­ындағы көшелермен байланыс

30

2,75

2

1,0

өту жолдары

Кварталдың түбінде орналасқан тұрғын үйлердiң көшемен бай­ланысы

20

2,75-3,0

1

0-1,0

Шаруашылық өту жолы, мал айдау

Меншiк малды айдап өту және жүк көлiгiнiң үй-жайлық жер учаскелерiне жүрiп өтуi

30

4,5

1

6.23. Реттелмейтiн жол тоғыспалары және көшелер мен жолдардың түйісулерінде, сондай-ақ жүргiншiлер өтетiн жолдарында көру үшбұрыштарын қарастыру қажет. Тең бүйiрлi үшбұрыш жақтарының мөлшерi "көлiк–көлiк" шарттарына жүрiсiнiң жылдамдығы 40 және 60 км/сағат болғанда тиістi түрде, м: 25 және 40-тан кем болмауға тиіс. "Жүргiншi–көлiк" шарттары үшiн көру тiк бұрышты үшбұрышытың мөлшері көлік жүрiсiнiң жылдам­дығы 25 және 40 км/сағат болғанда тиісті түрде 8х40 және 10х50 м болуға тиiс.

Көру үшбұрыштары шеңберiнде ғимараттарды, имараттарды, жылжымалы заттарды (киоскiлер, фургондар, жарнамалар, шағын сәулет пiшiндерi және т.б) биiктiгi 0,5 м астам ағаштар мен бұталарды орналастыруға жол берiлмейдi.

Ескерту. Салынған күрделi құрылыс жағдайында қажеттi көріністік үшбұрыштарын ұйымдастыруға мүмкiншiлiк болмаса, көлiк пен жүргiншiлердiң қауiпсiз жүрiсiн реттеу құралдары мен арнайы техникалық жабдықтар арқылы қамтамасыз ету керек.

6.24.* Қарттар мен мүгедектер үйлерi, денсаулық сақтау мекемелерi мен көпшiлiк баратын басқа да мекемелер орналастырылған қоныстық аудандарда механикалық мүге­дектер арбасы жүре алатын жүргiншiлер жолдарын қарастыру қажет. Мұнымен бірге жүру жолындағы тік кедергiлердiң биiктiгi (жиектеме тастары) 5 см-ден аспауға тиiс; өр (100% астам) қысқа жарыққалқандар, сондай-ақ жаяужолдар мен жүргiн еңiсi 50%-тен астам болуына жол берiлмейдi. Еңiстiгi 30-60% жолдарда әрбiр 100 м сайын (одан сирек емес) ұзындығы кем дегенде 5 м көлденең бөлiмшелер қарастыру қажет.

6.25. Салынған құрылыс аумағы шеңберiнде қозғалысы реттелетiн магистральды көшелер мен жолдарда жоларалығы 200-300 м-лік бiр деңгейдегi жүргiншiлердiң өту жолдарын қарастыру қажет.

Әр деңгейдегi, баспалдақ және көлбеушелермен жабдықталған жүргiншiлердiң өту жолдарын келесi жоларалықпен қарастыру қажет:

шапшаң қозғалыс жолдарында, шапшаң трамвай және темiр жолдары тораптарында – 400-800 м; үздiксiз қозғалыс магистральды көшелерiнде 300-400 м.

Ескертулер:

1. Жүргiн бөлiмiнен өтетiн жүргiншілер ағыны 3000 адам/сағаттан асатын реттелетiн қозғалыс магистральды көшелерiнде әр деңгейдегi жүргiншiлердiң өту жолдарын қарас­тыруға жол берiледi.

2. Әкiмшiлiк және сауда орталықтарының, мейманханалардың, театрлардың, көрме­лердiң және базарладың жанындағы жүргiншiлер жолдарын (жаяужолдар, алаңшалар, баспалдақтар) "жүріс шыңы" сағаттарындағы жүргiншiлер ағынының тығыздығын 0,3 адам/м2-тан аспайтындай етiп; зауыт алдындағы, спорт-ойын-сауық мекемелерiнiң, кино-театрлардың, вокзалдардың жанында – 0,8 адам/м2 шамасында қамтамасыз ету шарттарымен жобалау қажет.

Қоғамдық жолаушылар көлiгi және жаяу жүргiншiлер қозғалысының торабы

6.26. Қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң түрiн есептiк жолаушылар ағыны мен жолаушылар сапарының ұзақтығының негiзiнде таңдау қажет. Көлiктiң әр түрiнiң тасу қабiлетi, құрылғылар мен имараттардың (платформалар, отырғызу алаңшалары) пара­метрлерi жылжымалы құрылымдарды толтыру нормасы бойынша есептік мерзімде жерүстi көлiгiнiң ежелгi түрлерiнің жолаушылар салонының бос еденiне 4 адам/м2 және шапшаң көлiк үшiн – 3 адам/м2 есеппен анықталады.

6.27. Жерүстi қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң желілерінің магистральдық көшелер мен жолдардағы көлік құралдарының қозғалысын жалпы ағын бойынша жүру бөлiмнiң бөлiнген жолағында немесе оқшауланған жол бойында ұйымдастырумен қарастыру қажет.

Ескертулер:

1. Iрi және өте iрi қалалардың орталық аудандарындағы өткiзiлiм қабiлетi шектеулi көше-жолдық тораптарында трамвай желілерінің көшеден тыс бөлiмшелерiн таяз салынған туннельдерде немесе эстакадаларда қарастыруға жол беріледі.

2. Жалпықалалық орталықтықтың тарихи түйінінде қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң аялдамаларына нормативтiк жүргiншiлердiң нормативтік жетуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк болмаған жағдайда арнайы көлiк түрлерiнiң жергiлiктi жүйесiн құруға рұқсат етiледi.

3. Ауданы 100 га-дан астам магистральддер аралық аумақтар арқылы, 50 га-дан астам қайта құрылымдау жағдайларында қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң желілерін жүргiншiлер-көлiк көшелерi немесе оқшау жайылма бойынша салуға рұқсат етiледi. Қоғамдық жолау­шылар көлiгi қозғалысының қарқындылығы екi бағытта 30 бірлік/сағ., ал қозғалыстың есептiк жылдамдығы - 40 бірлік/сағаттан аспауға тиiс.

6.28. Салынған аумақтардағы жерүстi қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң желілерінің тораптарының тығыздығын жолаушылар ағынының қызметтік пайдалануы мен қарқынды­лығына байланысты, қағида бойынша, 1,5-2,5 км/км2 шеңберiнде алу қажет.

Iрi және өте iрi қалалардың орталық аудандарындағы осы тораптың тығыздығын 4,5 км/км2-қа дейiн көбейтуге болады.

6.29.** Қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң ең жақын аялдамасына жолаушылардың жету ұзақтығын 500 м-ден астам етпей алу қажет; көрсетiлген қашықтықты 400 м-ге дейiн азайту қажет.

Жалпықалалық орталықтағы көпшiлiк баратын объектiлерден қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң ең жақын аялдамасына дейiн жүргiншiлердiң жету ұзақтығы 250 м-ден аспауға тиiс; өндiрiстiк және коммуналдық-қоймалық аймақтарда – кәсiпорындардың кiру есiктерiне дейін 400 м-ден асырмай, емес, көпшiлiк демалысы мен спорт аймақтарында – басты кiру есiгiне дейін 800 м-ден асырмай алу қажет.

Күрделi жер бедері жағдайында, арнайы көтергiш жолаушылар көлiгi болмаған жағдайда көрсетiлген аралық қашықтықтарды жер бедері құламасының әрбiр 10 м-не көтерілу үшiн 50 м-ге қысқарту қажет.

Ескерту. Жеке үй-жайлық құрылысы аудандарында қоғамдық көлiктiң ең жақын аялдамасына дейiн жүргiншiлердiң жету ұзақтығы үлкен, iрi және өте iрi қалаларда 600 м-ге дейiн, шағын және орташа қалаларда – 800 м-ге дейiн ұлғайтылуы мүмкiн.

6.30. Мекен аумағы шеңберiндегi қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң желілеріндегі аялдау орындары арасындағы қашықтықты келесiдей етiп алу қажет: автобустар, троллейбустар және трамвайлар үшiн – 400-600 м, экспресс-автобустар мен жедел трамвайлар үшiн – 800-1200 м, метрополитен үшiн – 1000-2000 м, электрленген темiр жолдар үшiн – 1500-2000 м.

6.31. Көлiк ауыстыру түйін-желілерінде жолаушылардың көлік ауыстыруға арналған жүрісінің уақыты 3 минуттан аспауға тиіс. Есептік жолаушылар ағынының мөлшері және көлікті күту уақыттары есепке алынбайды. Көлiк ауыстыру түйін-тораптарының коммуни­кациялық элементтерiн, метрополитен станциялары мен басқа да көпшiлiк баратын объек­тiлерiнiң алдындағы түсiрiп кету алаңшаларын ағындар қозғалысының есептiк тығыздығын, келесі көрсеткіштерден астам етпей: жобалау қажет, адам/м2, 1,0 – бiр жақты қозғалыста; 0,8 – қарама-қарсы қозғалыста; 0,5 – қиылысу орындарындағы тарату учаскелерi құрылғанда және 0,3 – көшеден тыс жылдам көлiк желілеріндегі орталық және соңғы көлiк ауыстыру түйін-тораптарында.

6.32. Таяз орналастырылған метрополитен желілерінің бойында енi, қағида бойынша, 40 м техникалық аймақты қарастыру қажет, метрополитен құрылысы аяқталғанға дейiн ол аймақта ағаш отырғызуға болмайды, ал күрделi ғимараттарды, имараттарды салуға және жерасты инженерлiк тораптарды орналастыруға метрополитендi жобалаушы ұйымының келiсімімен жол берiледi.

Көлiк құралдарын сақтауға және қызмет көрсетуге арналған имараттар мен құрылғылар

6.33. Қоныстық аумақтарда және оларға іргелес жатқан өндiрiстiк аумақтарда жеке жеңiл автомобильдердiң есептiк санының 90%-тен кем емес санын орнықты сақтау үшiн гараждар мен ашық тұрақтар қарастыру қажет, жаяу жетуi 800 м-ден астам емес, ал қайта құрылымдау немесе гидрогеологиялық жағдайы қолайсыз аудандарында – 1500 м-ден астам емес.

Жеңiл автомобильдердi уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды жеке жеңiл автомобильдердiң есептiк паркінің кем дегенде 70%-тік есеппен қарастыру қажет, соның iшiнде, %:

тұрғын аудандарда 25

өнеркәсiптiк және коммуналдық-қоймалық

аймақтарда (аудандарда) 25

жалпықалалық және арнайы орталықтарда 5

көпшiлiктiң уақытша демалыс

аймақтарында 15

Ескертулер:

1. Жеңiл автомобильдер паркінің 10-15%-і үшін мекеннiң қоныстық аумағының шегiнен тыс орналасқан гараждар мен ашық тұрақтарда уақытша сақтауды қарастыруға жол беріледі.

2. Сақтау орындарына деген жалпы қажеттiлiктi анықтауда, сондай-ақ басқа да жеке көлiк құралдарын (мотоциклдер, мотороллерлер, мотоарбалар, мопедтер) келесi коэффи­циенттердi қолдана отырып бiр есептiк түрге (жеңiл автомобильдер) жинақтай отырып есепке алу қажет:

арбалары бар мотоциклдер мен мотороллерлер,

мотоарбалар 0,5

арбалары жоқ мотоциклдер мен

мотороллерлер 0,25

мопедтер мен велосипедтер 0,1

3. Тұрғын аудандар және ықшамаудандармен шекте-сiп жатқан көшелер мен жолдар шеңберiнде автомобильдердi уақытша және орнықты сақтауға арналған ашық тұрақтарды қарастыруға жол берiледi.

6.34.** Үлкен, iрi және өте iрi қалалардың тұрғын аудандары мен ықшам­аудандарында 1 мың тұрғынға 25 машина-орыннан кем емес есеппен автомобильдердi жерасты гаражда­рында сақтау орындарын қарастыру қажет.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттарға (мектеп-тердi, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн және стационары бар емдеу мекемелерiн қоспағада) біріккен немесе біріктіре-тіркестіре салынған жеңiл автомобильдер гараждарын ҚР ҚНжЕ 3.02-01-2001 және ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 талаптарына сәйкес қарастыру қажет.

Мүгедектерге тиесілi автомобильдер мен басқа да мотокөлiк құралдарын тұрақты сақтауға арналған бокс типтес гараждарды тұрғын үйлердiң кiру есiктерiнен 200 м-ден аспайтын жаяу жету радиусында қарастыру қажет. Орын саны жобалау тапсырмасы бойынша алынады.

Ескерту. Жерасты гараждарын салу мүмкiндiгiн шектейтiн немесе жоққа шығаратын гидрогеологиялық жағдайы қолайсыз аудандарда осы тармақтағы бiрiншi азатжолының талабын жерүстi немесе жерүстi-жерасты имараттарын құру жолымен қамтамасыз ету қажет, оларды топырақпен жабу және жермен төселген төбесiн спорт және шаруашылық алаңдары ретiнде пайдалану керек.

6.35. Жеңiл автомобильдердiң уақытша сақталуына арналған тұрақтардан жаяу жету жолдарының қашықтығын келесі көрсеткіштерден асырмай қабылдау қажет, м:

тұрғын үйлердiң кiру есiктерiне дейiн 100

вокзалдардың жолаушылар бөлмелерiне,

сауда және қоғамдық тамақтандырудың

iрi мекемелерi орындарына кiру

есiктерiне дейiн 150

басқа да халыққа қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындары және әкiмшiлiк ғимараттарына дейiн 250

парктерге, көрмелерге және стадиондарға кiру

есiктерiне дейiн 400

Жеңiл автомобильдер тұрақтарын есептеу нор-маларын ұсынылатын 9-қосымшаға сәйкес алуға жол берiледi.

6.36. Жеңiл автомобильдердiң гараждары мен тұрақтарының жер учаскелерiнiң мөлшерiн олардың қабаттылығына байланысты алу қажет, бiр машина-орынға м2:

гараждар үшiн :

бiр қабатты 30

екi қабатты 20

үш қабатты 14

төрт қабатты 12

бес қабатты 10

жер үстi тұрақтары үшін 25

6.37. Гараждарға кiру мен олардан шығудың ең аз қашықтықтарын келесiдей етiп алу қажет: магистральды көшелердiң түйiспелерiнен – 50 м, жергiлiктi маңызы бар көшелерден – 20 м, қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң аялдау орындарынан – 30 м.

Жеңiл автомобильдердiң жерасты гараждарына кiру және олардан шығуы тұрғын үйлердiң, қоғамдық ғимараттардың жұмыс бөлме-жайларының терезелерiнен және жалпы бiлiм беру мектептерiнiң, мектепке дейiнгi балалар мекемелерi мен емдеу мекемелерiнiң жер учаскелерiнен кем дегенде 15 м алшақ болуға тиiс.

Жерасты гараждарының желдету шахталары БҚН 01-89 талаптарына сәйкес қарас­тырылуға тиiс.

6.38. Ведомстволық автомобильдер мен арнайы мақсатта қолданылатын автомобиль­дердiң, жүк автомобильдерiнiң, такси және жалдамалы автомобильдерiнiң гараждарын, автобус және троллейбус парктерін, трамвай деполарын, сондай-ақ орталықтандырылған техникалық қызмет көрсету және автомобильдердi маусымдық сақтау базаларын және автомобиль жалдау орындарын қалалардың өндiрiстiк аймақтарында олардың жер учаске­лерiнiң өлшемдерiн ұсынылатын 10-кестеге сәйкес ала отырып, орналастыру қажет.

6.39*. Жеңiл автомобильдердi тұрақты және уақытша сақтауға арналған жерүстi-жерасты гараждардан, ашық тұрақтардан, және техникалық қызмет көрсету станцияларынан тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға дейiнгi, сондай-ақ қоныстық аймақта орналастырылатын мектептердiң, бала бақшалары мен стационарлық типтік емдеу мекемелерiнiң жер учаскелерiне дейiнгi қашықтықты 10-кестедегі* көрсеткіштерден кем етпей алу қажет.

6.40. Автомобильдердiң техникалық қызмет көрсету станцияларын 200 жеңiл автомобильдерге бiр пост арналу есебімен жобалау қажет, олардың жер учаскелерiнiң мөлшерiн, көрсетілген станцияларға сәйкес алу керек, га:

10 орынға 1,0

15 " 1,5

25 " 2,0

40 " 3,5

6.41. Жанармай құю станцияларын (ЖҚС) 1200 жеңiл автомобильдерге бiр отын-тарату колонкасын арнау есебімен жобалау қажет, олардың жер учаскелерiнiң мөлшерiн, көрсетілген станцияларға сәйкес алу керек, га:

2 колонкаға 0,1

5 " 0,2

7 " 0,3

9 " 0,35

11 " 0,4

6.42. Сұйық отын сақтауға арналған жерасты резервуарлары бар жанармай құю станцияларынан мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң, жалпы бiлiм беру мектептерiнiң, мектеп-интернаттардың, станционары бар емдеу мекемелерiнiң жер учаскелерiнiң шекара­сына немесе тұрғын және басқа да қоғамдық ғимараттар мен имараттардың қабырғаларына дейiнгi қашықтықты 50 м-ден кем етпей қабылдау қажет. Көрсетiлген қашықтық отын-тарату колонкалары және сұйық отын сақтауға арналған жерасты резервуарларына дейінгі қашықтық арқылы анықталады.

Тәулiгiне саны 500 машинадан артпайтын жеңiл машиналарға ғана жанармай құюға арналған жанармай құю станцияларынан көрсетiлген объектiлерге дейiнгi қашықтықты, 25 м-ден кем етпей алынған жағдайда, қысқартуға жол берiледi.

10-кесте*

Өздеріне дейiнгi қашықтық анықталатын ғимараттар

Қашықтық, м

Гараждар және ашық тұрақтардан, жеңiл автомобильдердiң санына байланысты

Техникалық қызмет көрсету станциялары­нан, орындарының санына байланысты

10 және одан аз

11—50

51—100

101—300

10 және одан аз

11—30

Тұрғын үйлер

10**

15

25

35

15

25

Соның iшiнде тұрғын үйлердiң терезелерi жоқ шет жақтары

10**

10**

15

25

15

25

Қоғамдық ғимараттар

10**

10**

15

25

15

20

Жалпы бiлiм беру мектептерi және мектепке дейiнгi балалар мекемелерi

15

25

25

50

50

*

Тұрақты емделетін орыны бар

емдеу мекемелерi

25

50

*

*

50

*

* Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып анықталады.

** Отқа төзiмдiлiгi III-V дәрежелi гараждардың ғимараттарына арналған қашықтықты 12 м-ден кем етпей алу қажет.

Ескертулер*:

1. Қашықтықты тұрғын және қоғамдық ғимараттардың терезелерiнен және жалпы бiлiм беру мектептерiнiң, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң және станционары бар емдеу мекемелерiнiң жер учаскелерiнiң шекарасынан гараждың қабырғасына немесе ашық тұрақ­тың шекарасына дейiн анықтау қажет.

2. Бөліктік тұрғын үйлерді бойлық қасбеттердiң бойында орналастырылатын сыйым­дылығы 101-300 машиналық ашық алаңдарға дейiнгi қашықтықты 50 м-ден кем етпей алу қажет.

3. 10*-кестеде көрсетiлген отқа төзiмдiлiгi I-II дәрежелi гараждарға арналған қашық­тықты гаражда ашылатын терезелер болмаса және тұрғын және қоғамдық ғимараттар жағына бағытталған кiру жолдары болмаған жағдайда 25%-ке қысқартуға жол берiледi.

4. Сыйымдылығы 300 машина-орыннан астам жеңiл автомобильдердi сақтауға арналған гараждар мен ашық тұрақтарды және посттарының саны 30-дан астам техникалық қызмет көрсету станцияларын тұрғын аудандардан тыс өндiрiстiк аумақта тұрғын үйлерден кем дегенде 50 м қашықтықта орналастыру қажет. Қашықтық Мемлекеттік санитарлық-эпиде­миялық бақылау органдарымен келісе отырып анықталады.

5. 10*-кестеде көрсетiлген сыйымдылығы 10 машинадан астам гараждарға арналған қашықтықты интерполяция бойынша алу жол берiледi.

6. Азаматтарға қарайтын бокс типтес бiр қабатты гараждарда жерасты қоймасын құруға рұқсат етiледi.