Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

1. Қалалық және ауылдық мекендердiң аумақтарын дамыту концепциясы және жалпы ұйымдастырылуы

1.1.** Қалалық және ауылдық мекендер және олардың жүйелері мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалар, Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік күштерді орналастыру мен орнықтырудың басты сұлбалары, аудандық жоспарлау сұлбалары мен жобаларының, басқа да аймақтық жобалау-жоспарлау құжаттарының негізінде қолданып отырған заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес көп тұрпатты экономиканың экономикалық және әлеу­меттік дамуының болжамдарымен байланыстырылып және табиғат пен тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету, аумақты және мекендерді қауіпті (қолайсыз) табиғи және техногендік процестерден қорғау ескеріліп, жобалануы және құры-луы тиіс.

1.2.** Қалалық және ауылдық мекендерді Қазақстан Республикасы орналастыру жүйесінің элементі және оған енетін аймақтар, облыстар, әкімшілік, өнеркәсіптік пен куророт-тынысжайлық аудандар, ауыл шаруашылық және басқа кәсіпорындарын орна­ластыру жүйесі, сондай-ақ облысаралық, ауданаралық және шаруашылық арасында әлеу­меттік, өндірістік, инженерлік-көліктік және басқа инфрақұрылымдарды жаңа жерге орналастыру жүйесі үшін жалпы құрылымды ескере отырып, экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ мекеннің ықпал аймағын орналастыру жүйесінің орталығы мен орталықтың қосалқы шеңберінде дамушы көп тарапты байланыстарды қамтамасыз етуші жоба ретінде жобалануы керек.

Мекендердің әсер ету аймағының өлшемдерін орналастырудың бас сұлбасы, аудан­дық жоспарлау жобалары мен сұлбалардың, басқа да аймақтық жобалау-жоспарлау құжат­тарының деректері ретінде қабылданылуы тиіс.

1.3.** Қалалық және ауылдық мекендердің бас жоспарлары олардың даму мен бастапқы ресурстарын шектеу болжамы ескеріліп, алдын-ала 10-15 жылға деген есептік мерзіммен жасалады.

Қалалық және ауылдық мекендерді дамытудың ұзақ мерзімді қала құрылыстық болжамы кемінде 20 жыл кезеңді қамтуы қажет.

Мекендердің аумағын қала құрылыстық игеру кезегі мекендердің бекітілген бас жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі бағдарламаның құрамында анықталады.

1.4. Қалалық және ауылдық мекендер есептелетін мерзім аралығындағы халықтың жобалық санына байланысты 1-кестеге сәйкес топтарға бөлiнедi.

1-кесте

Мекендер топтары

Халқы, мың адам

Қалалар

Ауылдық мекендер

Өте iрiлері

Iрiлері

Үлкендері

Орташа­лары

Шағын­дары 1

1000-нан жоғары

500 " 1000-ға дейiн

250 " 500 "

100 " 250 "

50 " 100"

20 " 50 "

10 " 20 "

10-ға дейiн

-

5-тен жоғары

3 " 5-ке дейiн

1 " 3 "

0,2 " 1 "

0,05 " 0,2 "

0,05-ке дейiн

___________

1 Шағын қалалар тобына қала типтес кенттер де кiредi.

1.5.** Қалалық және ауылдық мекендердің есептелген мерзімге халық санын халықтың табиғи және өзінен-өзі өсімінің демографиялық болжамы мен келіп-кетімді көші-қоны ескеріліп, жаңа жерге орналастыру жүйесіндегі мекеннің даму келешегі туралы деректерінің негізінде анықтау керек.

1.6*. Қалалық және ауылдық мекендердi дамытуға арналған аумақты таңдауы – оның тиімді қызметтік пайдалану мүмкіндігін есепке ала отырып, сәулеттiк-жоспарлау шешiм­дерiнiң нұсқаларын, техникалық-экономикалық, санитарлық-гигиеналық көрсеткiштерiн, отын-энергетикалық, су, аумақтық ресурстарын, қоршаған ортаның жағдайларын салыстыру негiзiнде, табиғи және басқа да жағдайлардың келешектегі өзгерістерін ескере отырып, жүзеге асыру қажет. Мұнымен қатар қоршаған табиғи ортаға жүктелетін ауыртпалықтың шамасын ескеріп, әлеуеттік мүмкiндiктерiн анықтап, аумақтық және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану тәртіптерінің негізінде, тұрғын халықтарды қолайлы тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында экология жүйесін бұзуға, орны толмайтын өзгерістер енгізуге жол бермеу қажет.

1.7. Қала жер аумағы қызметтік пайдаланудың басым жақтары ескеріле отырып, қоныстық, өндiрiстiк және ландшафтық-тынысжайлық аумақтарға бөлінеді.

Қоныстық аумақ; тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен имараттарды, соның iшiнде ғылыми-зерттеу институттары және олардың кешендерiн, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймақтарын құруды талап етпейтiн кейбiр коммуналдық және өндiрiстiк объектiлерiн орналастыруға; қала iшiндегi қатынас жолдарын, көшелердi, алаңдарды, саябақтарды, бақтарды, желекжолдарды және басқа да ортақ қолданыстағы орындарды құруға арналған.

Өндiрiстiк аумақ өнеркәсiп кәсiпорындарын және олармен байланысты объек­тiлердi, тәжiрибе өндiрiсi бар ғылыми мекемелерiн, коммуналдық-қоймалық объектiлердi, сыртқы көлiк, қаладан тыс және қала маңы қатынастары имараттарын орналастыруға арналған.

Ландшафттық-тынысжайлық аумаққа қалалық ормандар, орманды саябақтар, орманды қорғау аймақтары, қоймалар, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлер және олар қоныстық аумақта орналасатын саябақтар, бақтар, желекжолдармен қоса ашық кеңiстiк жүйесiн қалыптастыратын басқа да шұрайлы жерлер кіреді.

Көрсетiлген аумақтардың шеңберi мынандай қызметтік мақсаттары әр түрлi аймақтарға бөлiнедi: тұрғын үй құрылысы, қоғамдық орталықтар, өнеркәсiптiк, ғылыми және ғылыми-өндiрiстiк, коммуналдық-қоймалық, сыртқы көлiк, көпшiлiк демалысы, курорттық (емдiк ресурстарға ие қалалар мен кенттерде), қорғалатын ландшафт.

Ауылдық мекендердің аумағын ұйымдастыруды, қағида бойынша, қоныстық және өндірістік аумақтарды көрсете отырып, шаруашылықтың жалпы қызметтік ұйымдастыры-луымен байланыстырып қарастыру керек.

Тарихи қалаларда тарихи қалыптасқан құрылыс аймақтарын (аудандарын) бөліп көрсету қажет.

Ескертулер:

1. Қызметтік мақсаттары әр түрлi объектiлердi қатар орналастырғанда санитарлық-гигиеналық және басқа да қойылатын талаптар орындалатын болса, көп қызметтік аймақтарды құруға рұқсат етiледi.

2. Қауiптi және апаттық табиғат құбылыстарының (жер сiлкiнуi, цунами, селдер, су тасқыны, көшкiндер мен шөкпелер) ықпалында жататын аудандардағы мекендердің аумақтарын аймақтарға бөлгенде қауіп-қатер дәрежесiн азайту жақтарын ескеруді және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз етудi қарастыру қажет. Қауіп-қатер дәрежесi өте жоғары аймақтарда саябақтар, бақтар, ашық спорт алаңдарын және басқа да құрылыстан бос элементтердi орналастыру қажет.

Сейсмикалық аудандарда аумақты қызметтік аймақтарға бөлгенде сейсмика жағдайлары бойынша жасалған ықшамаудандар негiзiнде қарастыру қажет. Осыған орай құрылыс жүргізуге ҚН 429-71 талаптарына сәйкес сейсмикасы төмен учаскелердi пайдалану керек.

3. Инженерлiк-геологиялық жағдайлары күрделi аудандарда құрылыс алаңдары үшін, инженерлiк дайындықта, құрылыста және ғимараттар мен имараттарды пайдалануда шығын аз кететiн учаскелердi пайдалану керек.

1.8*. Қалалық және ауылдық мекендердiң жоспарлану құрылымын қызметтік аймақтардың жинақы орналасуы мен өзара байланысын қамтамасыз ете отырып қалып­тастыру қажет; мұнымен қатар, аумақтың тиiмдi аудандандырылуын қоғамдық орталықтар жүйесiмен, инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылымымен үйлестiру; аумақты оның қала құры­лыстық құндылығына қарай тиiмдi пайдалану; сәулеттiк-қала құрылыстық дәстүрлердiң, табиғи-климаттық, ландшафттық, ұлттық-тұрмыстық және басқа да жергiлiктi ерекшелiк­терiн кешендi түрде ескеру; қоршаған ортаны, тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау қажет.

Ескертулер*:

1. Сейсмикалық аудандарда қалалардың дараланған жоспарлау құрылымын және халық тығыздығы жоғары объектiлердi, сондай-ақ өртке және қопарылысқа қауiптi объектiлердi ыдыратып жайғастыру қарастырылуы қажет.

2. Тарихи қалаларда олардың тарихи жоспарлау құрылымы мен сәулеттiк бейнесiн мүмкіншілігінше сақтап қалуды қамтамасыз ету керек, ол үшiн тарихи аймақтарды қайта құрылымдау, тарих және мәдениет ескерткiштерiн жаңғырту жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеудi және жүзеге асыруды қарастыру қажет.

3. Қалалық және ауылдық мекендердiң жоспарлануында Сәулетмемкомi бекiткен БҚН 62-91 талаптарына сәйкес мүгедектер мен қозғалысы шектеулі тұрғын халық топтарына мейлiнше жағдай жасауды қамтамасыз ету қажет.

1.9. Өте iрi және iрi қалаларда жерасты кеңiстiгiн қалалық көлiк имараттарын, сауда, қоғамдық тамақтандыру және коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарын, кейбір ойын-сауық және спорт имараттарын, әкiмшiлiк, қоғамдық және тұрғын ғимарат­тардың қосалқы-көмекші бөлмелерін, инженерлiк жабдық жүйесiнiң объектiлерiн, қызметі әр түрлi өндiрiстiк және коммуналдық-қоймалық объектiлердi өзара үйлестiрiп орналастыру үшiн кешенді түрде пайдалануын қамтамасыз ету қажет.

1.10.** Қала маңындағы аумақтарда қала жанындағы аймақ ұйымдастыру қарас­тырылған. Қала маңындағы аймақтың құрамында резерв ретінде қалалардың бұдан кейінгі дамуына арналған аумақтарды, шаруашылық қызмет көрсету әлеуметтік, инженерлік, көліктік инфрақұрылымдардың объектілері мен кешендерін орналастыру, сондай-ақ халық-тың демалысын ұйымдастыру, микроклиматты, атмосферлік ауа мен санитарлық-тазалық жағдайларының ахуалын жақсартуға арналған жасыл аймақтарды да қарастыру керек.

Қала маңындағы аймақтардың шекарасын қалалық және ауылдық мекендердің, әкімшілік аудандардың, ауыл шаруашылық және басқа кәсіпорындарының, түрлі қызметтік аймақ­тардың (сәулет пен қала құрылысының ескерткіштерін қорғау аймақтарын қоса отырып) және жер-шаруашылық орналастыру шекараларының өзара байланыста дамуын ескеріп анықтау қажет. Орналастырудың қалыптасқан топтық жүйесіне кіретін қалалар үшін қала маңылық аймақ ортақ бола алады.

Пайдалануда ерекше бақылауды талап ететін қала маңындағы аймақтар қаланың дамуы келешегінің, оның тынысжайлылығының, инженерлік және көліктік инфрақұры­лымдарының мүдделері ескеріліп, ерекше қала құрылыстық реттеу аймағы (ЕҚРА) болып бөлінеді. ЕҚРА-ның көлемі арнайы жобалар жасау негізінде белгіленген заңнама тәртібімен анықталады.

1.11. Кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қосалқы ауыл шаруашылығын, сондай-ақ ұжымдық бақтар мен бау-бақшалардың орналасуын, қағида бойынша, қала маңы аймағында қарастыру қажет. Қосалқы ауыл шаруашылығының тұрғын үй-азаматтық объек­тiлерiн, қағида бойынша, ауылдық мекендерде орналастыру қажет.

Бақ өсiрушiлiк серiктестiктерiнiң учаскелерiн қалалық және ауылдық мекендердiң перспективтi дамуын ескере отырып жеке тұрғын үй құрылысы үшiн қарастырылатын резервтi аумақтардың шегiнен тыс, тұрғылықты орыннан қоғамдық көлiкпен жету қашық-тығы, қағида бойынша, 1,5 сағ. аспайтын, ал өте iрi және iрi қалаларда – 2 сағаттан аспайтындай етiп орналастыру қажет.