Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткие тезисы лек.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
292.86 Кб
Скачать

11. Лекция. Жұмыссыздық және оның түрлері

Экономикалық белсенді адамдар – елдің жұмысқа қабілетті және жұмыс істеуге ниеті бар адамдар. Жұмыссыз деп жұмыс істеуге ниеті бар, бірақ белгілі бір себептермен жұмыс таба алмай жүргендер кіреді. Барлық жұмысқа қабілетті адамдарды 3 категорияға бөліп қараймыз.

  1. жұмыс істеушілер

  2. жұмыс істемейтіндер, бірақ белсенді жұмыс іздеушілер (жұмыссыздар)

  3. жұмыс істемейтіндер, яғни жұмыс іздемейтіндер.

Адамдар кейбір төмендегі себептермен бір категориядан басқасына ауысып отырады.

  • адамдардың бір бөлігі еңбек қызметін үзбей жұмыс орнын ауыстырады;

  • басқасы өз жұмысын уақытша тастап, басқа жұмысқа тұрады;

  • енді біреулері жұмыс істегісі келмей, жұмыссыздар категориясына көшеді;

  • кейбір жұмыссыздар жұмысқа шығып, кейбіреулері іздеуді тоқтатып жұмыс істемейтіндер қатарына қосылады.

Жұмыс күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.

Жұмыссыздықтың себептері:

  • экономидағы жүйелік қозғалыстар;

  • экономиканың төмендеуі (депрессия);

  • үкіметтің еңбекті төлеудегі саясаты;

  • экономиканың кейбір салаларында өндірістің маусымдық өзгерістері;

  • демографиядағы өзгерістер ;

  • табиғи катаклизмдер.

Жұмыссыздықтың түрлері:

  • еркін – қызметкер өзінің таңдауына не жағдайына байланысты жұмыс орнынан бас тартуы;

  • мұқтаж – жалақының төмен болуына байланысты қызметкерджің жұмыстан бас тартуы;

  • фрикциондық – қызметкерді жасына, мамандығына, т.б. байланысты орнынан ауыстыру;

  • кейбір салалалрдың маусымдық болуына байланысты;

  • жасырын – жалған жұмыспен қамтылғандық, яғни өндірістік дағдарыс кезінде қызметкерлерді жұмыстан шығармай , ақы төленбейтін демалысқа шығарады.

Бұдан басқа жұмыссыздық қысқа (бір айдан аз уақыт), орта (бір жылдан аз уақыт), ұзақ (бір жылдан көп) мерзімді және циклдық болып бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та орта есеппен қысқа мерзімді жұмыссыздықтың уақыты 5 аптадан аспайды, ал ұзақ мерзімді 6 айдан асады. Ұзақ мерзімдікке циклдық, құрылымдық ал қысқа мерзімдікке маусымдық, фрикциондық жатады. Жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін себептің бірі ЖҰӨ көрсеткішінің төмендеуі.

Жұмыссыздық әлеуметтік- негативтик процестерді күшейтеді, қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіреді. Американдық ғалым М.Харвей Бренер 1970ж. АҚШ-тың халқы туралы көрсеткіштерді талдау кезінде мына жағдайға назар аударған. 30жыл сайын жұмыссыздық 1% -ке өсіп отырсаонда ол «әлеуметтік патология» көрсеткіштерін былай өсіреді:

  • өзін-өзі өлтіру 4,1% -ке;

  • кісі өлтіруді 5,7%-ке;

  • түрмеге жабылып сотталғандар санын 4% -ке;

  • психикалық ауруға шалдыққан адамдар санын 4%-ке өсіреді.

Жаппай жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық мәселелердің ең ауырына жатады және ол қоғам өмірі мен адамдар арасындағы өркениеттік қатынастар формасына нақты қауіп тудырады.

11.1. Лекция. Инфляция және оның түрлері

    1. Инфляция мәні және түрлері

    2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары

1. Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алуы мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі . Ол мемелекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі салдарынап кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

«Инфляция» - желбуаз көтерілу, icy деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қарсыландыру ақша айналымының күрт «көтеріліп», қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Ақшаның құнсыздануы - ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады.

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұхынысынан артық болуымен байланысты.Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайлар да әсер етеді.

Инфляция бағаның өсуі арқылы көрінетін сұраныс пен ұсыныстың және ұлттық шаруашылықтың басқа пропорцияларының «үйлесімінің» тепе теңдікте еместігі. Ол көп факторлы құбылыс, ол ақшы бірлігі бағасының төмендеуі мен тауарларға бағаның жоғарлауына алып келеді.

  1. ашық және басылған (подавляемая). Ашық формада нарықтық эконоика елдерінде орын алады. Бағаның өсуі, ұлттық валюта крсының төмендеуі арқылы көрінеді. Басылған инфляция баға мен табысқа әкімшілік бақылау жасайтын экономикада болады. Ол өнім сапасының төмендеуіне, экономикадағы дефицитке алып келеді.

  2. күтілген және күтілмеген. Күтілген – елдің үкіметімен жоспарланған, яғни әртүрлі экономикалық көрсеткіштерді бағалай отырып инфляция деңгейін болжауға болады. Күтілмеген (неожиданная) – бағалардың күрт, кенеттен өсуі, ол ақша айналымына және салық салуға әсер етеді. Егер экономикада инфляция күтілсе, онда бағалар өскен кезде халық өзінің шығынын да өсіреді, экономикада қиындықтар тудырады. Өйткені қоғамдағы нақты тұтынушылық дәрежесі көрінбей қалады.

Бағаның өсу қарқынына байланысты, инляцияның мынадай түрлері болады:

  • жылына 10 % дейін болса, орташа немесе жылжымалы;

  • жылына 20 – 200 % дейін болса, секірмелі немесе латындық;

  • 200 % асса, гипер инфляция.

  • Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты, инфляция балансталған және баланстырылмаған болып бөлінеді. Біріншісінде орташа және тұрақты өсіп отырады. Басқа макро көрсеткіштер сәйкесінше өзгеріп отырады. Екіншісінде тауардың бағасы тез өседі және үрдіс бір мезгілде жүрмейді. Ал экономика өзгермелі жағдайға бейімделіп үлгере алмайды.

  • Мемлекеттің инфляциялық процесске әсер ету қабілетіне байланысты инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.

  • Инфляциялық процессті тудыратын факторларға байланысты «сұраныс» және «шығындар» инфляциясы болады.