Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткие тезисы лек.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
292.86 Кб
Скачать

2. Лекция. Экономикалық дамудың жалпы негіздері Өндіріс теориясы

  1. Экономикалық жүйедегі өндірістің орны. Өндіріс және оның формалары.

  2. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Өндірістік функция

  3. Өндірістің ұйымдастыру-құқықтық формалары. Кәсіпкерлік және кәсіпорын (фирма)

Өндіріс – бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатпен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Өндіріс процесінде экономикалық өсудің бастапқы негізі қалыптасады. Өндіріс қоғамда қажеттіктерді қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Қажеттіктер бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік әрекеттерін қолдап орындау үшін керектер болып табылады.

Өндіргіш күштер – бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сонд. өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, ад-ның өндіргіш күштері б.т. Өндіргіш күштердің екі құрылымы болады: өндіріс құралдары, жұмсышы күші.

Өндіріс және тұтыну арасында экономикалық қатынастар туындайды. Ол қоғамның мақсаттарынан, қамтамасыз етілу дәрежесінен тәуелді болатын реттеушілер және стимулдар б.т.

Өндіріс формалары:

  • индустриалдыққа дейінгі өндіріс, бұнда ауыл шар-ғы мен қол еңбегі үстемдік етеді.

  • Индустриалдық өндіріс, ірі механикаланған машина өндірісі үстемдік етеді.

  • Постиндустриалдық өндіріс, бұнда қызметтер, ғылым, білім сфералары үстемдік етеді.

Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары

Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процес өндіріс д.а. яғни ол тікелей тұтыну үшін немесе өндірісті әрі қарай жүргізу үшін табиғат заттарын өңдеу б.т. Экономикалық теорияда өнд-тің мүмкіндігі мен нәтижелігіне шешуші әсер ететін өндіріс факторы. Оларды топтастырудың әдістері.

Марксистік теория б-ша факторларға жұмыс күші, еңбек заттары, еңбек құралдары жатады. Өз кезегінде өнд-тің жеке факторына - жұмыс күші, өнд-тің заттық факторына – еңбек заттары және еңбек құралдары кіреді.

Маржиналистік теория б-ша өнд. Факторлары 4-ке бөлінеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.

Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс әрекетінің нәтижесі емес.

Өнд. Факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы – капитал: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары.

Еңбек – игілікьер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық н-е физикалық әрекеттер б.т. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, тәжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттердің жиынтығы адам капиталын құрайды.

Кәсіпкерлік қызмет өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті саналықты, жауапкершілікті кең пайдалануды талап етеді. Өндіріс процесіне барлық факторларды жұмылдырғанда ғана өндіріс болуы мүмкін. Белг. Бір затты, қызметті өндіру үшін факторлардың белгілі бір тобы қажет. Олар бірін-бірі толықтырып отырады.

Өндірістік функция

Өндіріс факторлары жиынтығы арқылы өндірілетін өнімнің барынша көп көлемінің арасындағы өзара қатынас өнд-к функцияны сипаттайды. Өнд. Функция ресурстардың шығындары мен шығарылған өнімнің арасындағы технологиялық тәуелділікті көрсетеді. Тапсырылған өнім көлемін өндірудің көп варианты болатынын өнд функция көрсетеді. Өнд функция тауарларды өндіруге қажет шығындар санының төменін анықтап білу үшін қолданылады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы. Қаз.университеті. 1997.

3. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы. Қазақ

университеті.1988.