Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткие тезисы лек.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
292.86 Кб
Скачать

2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары

  1. нақты активтер иелерінің (қозғалмайтын мүліктің, антиквариаттың, өнертуындалырының, асыл заттардың) инфляциядан қорғанысы молырақ болады. Пайыздық ставкасы өзгермеген тұрақты болса күтпеген инфляцияның нәтижесінде кредитор ұтылысқа ұшырайды. Бұл жағдайлар ЖҰӨ нақты көлемін азайтады.

  2. бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер арта түседі.

  3. қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі.

  4. бағаның өсуі – ұлттық тауардың бәсекелестікке қабілетін төмендетеді. Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және т.б.

Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы процесс- дефляция, баға мен шығыяндардың жалпы төмендеуі. Бағаның өсуінің бәсеңдеуі дезинфляция деп аталады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Экономическая теория: учебное пособие / В.М. Соколинский, В.Е. Корольков; под ред. А.Г.Грязновой и М. Соколинского. - 2-ое издание. - М.: КНОРУС, 2006. - 464 с.

3. Әубәкiров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық.. Алматы, 1999.

12. Лекция. Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуі.

Несиенің мәні. Банктік қызмет.

1. Несие мәні

2. Банктік жүйе

3. Экономикалық даму және экономикалық өсу

Несие (кредит) сөзбе-сөз аудармада сенім (credo - сенемін) деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп және сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім – бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады.

Микро және макроэкономикалық тепе-теңдікті орнатуда несие маңызды қызметтер атқарады. Несиенің көмегімен әртүрлі салалар және кәсіпорындар арасында капиталдың қайта бөлінуі жүріп отырады. Несие берудің негізгі принциптері – белгілі мерзімге берілуі және оның қайтарылуы несиенің нарық механизмінің тәртіп сақтаушы тиімді құралы болып қызмет атқаруына жол ашады. Ол әртүрлі формада жүреді: коммерциялық, банктік.

Несиенің, несиелік қатынастардың, несиелік механизмнің негізінде несиелік жүйе - банктер пайда болады. Банк ақша ресурстарын тартып, оларды орналастырумен айналысатын экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операциялар арқылы соларды орналастырады.

Банктік жүйедегеніміз - банктардың, несие-қаржылық операциялар мен қатынастардың жиынтығы. Банк – шаруашылық қызмет субъетілерін, азаматтарды несилендірумен, халық шаруашылығын кассалық, есеп айырысумен, валюталық және басқа да банктік операциялар жасаумен айналысатын мекеме.

Банк әртүрлі операциялар арқылы халықтың уақытша бос ақшасын жинақтап (мобилизует) жұмыс істеп тұрған капиталға айналдырады.

Банктік жүйеқұрылымы:

  • ұлттық банк;

  • аймақтағы ұлттық банктің құрылымдық бөлімдері;

  • коммерциялық банктер;

Ұлттық банк келесі операцияларды жүзеге асырады.

  • коммерциялық банктерге несие береді;

  • мемлекет шығаратын құнды қағаздарды алып, сатады;

  • шетел валютасын және төлем құжаттарын сатып алып, сатады;

  • коммерциялық банктерге банктік операцияларды жүргізуге лицензия береді;

  • несие үшін процентті тағайындайды;

  • коммерциялық банктердің қызметін реттеп, бақылап отырады;

  • ақша-несие саясатының негізгі бағытын жасайды;

Коммерциялық банктер келесі операцияларды жүзеге асырады:

  • ақшалай салымдар мен несиелерді тартып, орналастыру;

  • клиенттің, банк корреспонденттің тапсырысы бойынша есеп айырысуды және кассалық қызмет көрсетуді уйымдастыру;

  • клиенттің, банк корреспонденттің есеп шотын жүргізу;

  • капиталдық салымдарды қаржыландыру;

  • төлем құжаттарын және бағалы қағаздарды шығару;

  • техникаларды жалға беру үшін, өз есебінен сатып алу (лизинг);

  • шетел валютасын ұйымдарға не азаматтарға қолма-қол не есеп шотта аудару түрінде сату және сатып алу;

  • бағалы металдарды тартып, оларды есеп шотторда орналастыру;

  • клиент тапсырысы бойынша сенімділік операциялар;

  • консультациялық қызмет көрсету.

Банк қызметінің кез-келген шешімі экономикалық рискке алып келуі мүмкін.

Олардың категориялары:

  • несиелік (төлемеу);

  • ликвидтілік (ақша дефицитінің пайда болу мүмкіндігі),

  • проценттік (процент ставкаларының өзгеру мүмкіндегі);

  • нарықтық

  • төлейалмаушылық (несиені қайтармау рискі)

Бұдан басқа өмірде банктер басқа да рисктермен кездеседі: инфляциялық, валюталық, саяси.

Экономикалық даму және экономикалық өсу

Экономикалық өсу – белгілі-бір уақыт аралығында тауар мен қызметтер көлемінің өсуі. Экономикалық өсуге барлық елдер ұмтылады. Оның динамикасына қарай ұлттықэконмиканың дамын, халықтың өмір деңгейінің жақсаруын көруге болады. Экономикалық өсу 2 көрсеткіш арқылы бағаланады.

  1. ВНП жалпы өсуіне

  2. адам басына ВНП өсуі

Экономикалық өсуді былай есептеу тек сандық көрсеткішті көрсетеді, ал бұдан басқа экономикалық өсудің сапалық жағын да білдіретін факторлар бар. Олар: * сұраныс;

  • ұсыныс;

  • бөлу;

Экстенсивті экономикалық өсу – қосымша ресурстарды пайдаланудың арқасында болатын эколномикалық өсу.

Интенсивті экономикалық өсу – жаңартылған өндіріс факторлары мен технологияларды пайдаланудың арқасында, яғни олардың қарқынды жұмыс атқару барысында экономикалық өсу. Интенсивті экономикалық өсу халықтың тұрмысының көтерілуіне әсер етеді.

Экономилық өсудің факторлары:

  • Экстенсивті – капиталдың, еңбектің жұмсалуының өсуі.

  • Интенсивті - өндіріс факторларын, олардың қолдану процесін сапалы дамытуға көмектесетін нәрсенің бәрі.

    • технологиялық прогресс;

    • қызметкерлердің білімі мен кәсіби деңгейлерінің өсуі;

    • өндірісті көбейту және ресурстарды бөлуді жақсарту;

    • өндірісті басқаруды жетілдіру;

    • тиісті заңшығарушылықты дамыту.

Экономикалық өсуді шектейтін себептер:

  • өндірістің дамуына әсер ететін әлеуметтік шығындарды көп және әртүрлілігі;

  • үкіметтің экономикалық саясатының кемшіліктері;

  • ресурстық және экологиялық шектеулер.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Экономическая теория: учебное пособие / В.М. Соколинский, В.Е. Корольков; под ред. А.Г.Грязновой и М. Соколинского. - 2-ое издание. - М.: КНОРУС, 2006. - 464 с.

3. Қазақстан республикасының «Банк және банктік қызмет» туралы заңы.