Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткие тезисы лек.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
292.86 Кб
Скачать

7. Лекция. Нарықтық бәсеке және оның түрлері

      1. Бәсеке түсінігі және оның түрлері.

      2. Еркін немес жетілген таза бәсеке

      3. Монополистік, жетілмеген бәсеке

1. Бәсеке деген бір жағынан іс-қимыл жасайтын салада жақсы нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін? Пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі, екінші ол нарық субъектісінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі жене капиталды қолдану сферасындағы ара-қатынастары.

Өнімнің «өмір сүру циклы» бәсекелестік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі «өмірі» жатады. Бұл цикл 4 фазадан тұрады.

  • жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп, орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;

  • өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;

  • кемелдену - өндірістің көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толлық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, бағатөмендей бастайды;

  • Ескіру- бұл фазады сұраныс төменгі шегіне жетеді өндіру азаяды, бәсеке сөне бастайды, өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады жаңа өнім өндіру басталады.

2. Бәсекелестік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектілердің кейде мардымсыз әрекеттер қолданады: «бейниетті бәсеке» деп аталады:

  • бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәлімет тарату ;

  • сапасы , сипаттамасы туралы жалған ақпарат тарату;

  • басқа тауар белгісін, фирма атын заңсыз қолдану т.б.

Аталған шартбұзушылықтармен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агентке жүктелген. Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына еш әсер ете алмаса онда, осындай бәсекелестік қабілеттің болуын жетілген бәсеке деп аталады. Жетілген бәсекелестік нарығы төменгі аталған шарттардың орындалуын тілейді:

- жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирмада сататын тауардың бағасына әсер етпейді;

- әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті болады;

- сатып алушылардың баға туралыинформациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;

- сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды;

- өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.

Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Артықшылықтары:

  • қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;

  • тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болуы;

  • тауардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұтымды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;

  • өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.

Кемшіліктері

  • ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (орман, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;

  • ұжымдық пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамба, жол, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;

  • қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;

  • еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;

  • әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.

Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды:

  • сұраныс заңы:сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа – азырақ алады;

  • ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жзоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.