Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткие тезисы лек.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
292.86 Кб
Скачать

2. Бағалы қағаздардың түрлері мен классификациясы

Шығарылуына қатысты бағалы қағаздар құжаттық және құжаттық емес болып екіге бөлінеді. Құжаттық бағалы қағаздар бланк, сертификат үлгісімен қағаз түрінде жасалады. Ал, құжаттық емес бағалы қағаздар электронды түрде. Яғни, кез-келген тұлғаның бағалы қағаз иесі екендігі оның шотының жазбаша үлгісі арқылы анықталады. Құжаттық емес қағаздарды сату/сатып алу кезінде сатушы мен сатып алушының электрондық шотында қажетті жазбалар тіркеледі. Бұл әдіс бүгінгі таңда өте кеңінен тараған. Жалпы, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар жеке және заңды тұлғалар.

Экономикалық табиғаты бойынша: Үлестік (акция), Қарыздық (облигация, қазыналық міндеттеме), Тауарлы реттелетін құжаттар (коносамент), Өндірістік қаржылық құралдар (фьючерс, опцион, варрант және т.б.) деп жіктеледі.

Шығарылым нысаны бойынша:

1) құжатты және құжатсыз;

2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;

3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.

Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.

Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.

Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.

Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар.

Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Қорды түсіру уақыты бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді (2 – 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 – 25 жылға дейін), мерзімсіз.

Бағалы қағаздар нарығы негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды. Айналатын территориясы бойынша: аймақты, ұлттық, халықаралық нарықтар бар.

Эмитент бойынша: мемлекеттік (Үкімет атынан қаржы Министрлігі шығаратын бағалы қағаздар), муниципалды (муниципалды меншіктегі, жергілікті органдар және ұйымдардың бағалы қағаздары), корпоративті, шетелдік.

Ұйымдастыру үлгісі бойынша (биржалық және биржадан тыс).

Табысты төлеу әдісі бойынша: әрдайымдық табыс, бір реттік табыс екеуі де болуы мүмкін, пайыздық ставкамен, ауыспалы пайыздық ставкамен. Бағалы қағаздар қозғалысының сипаты бойынша (бастапқы, туынды)

Негізгі бағалы қағаз –олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте тауарларға, ақшаға капиталға, мүлікке әртүрлі ресурстарға берілген мүліктік құқық жатады.

Туынды бағалы қағаз – бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаздар: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық), негізгі бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар жатады. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстік келісімшарттар, варранттар, опциондар жатады.

Акция – бұл акционерлік қоғамның капиталына белгілі үлес қосқанды айқындайтын және осы қоғамды сырттай басқарып тұруға дивиденд түрінде пайда алуға және осы қоғамның таралуы кезінде мүлікке иелік етуге құқық беретін эмиссиондық бағалы қағаз. Ол акционерлік қоғамның жарғылық капиталына қосқан үлесін куәландырады.

Облигация - өзінің ұстаушыларына, қарастырылған уақыт мерзімінде номиналдық құнын және сол құннан немесе балама мүліктен белгіленген пайыздық табысқа құқық беретін

Вексель – бұл қатаң формада, белгілі бір уақыт аралығында, белгіленген соманы келесі жаққа қайтарып беретіндігін куәландыратын қарыздық міндеттеме.

Вексель – бірнеше экономикалық қызметті орындайтын, әмбебап қаржылық құрал.

Ең алдымен вексель несие құралы. Вексель арқылы бірнеше несиелік міндеттемелерді рәсімдеуге болады: коммерциялық несие негізінде сатылып алынған тауар мен көрсетілген қызметтің ақысын төлеуге; алынған ссуданы қайтаруға; қосымша айналым капиталын тартуға. Вексельдің екі түрі бар:

Опцион — бір тарап (опционды сатушы) сату немесе сатып алуға міндетті, ал екінші тарап (опционды сатып алушы) аталған келісімшартта көрсетілген мүлікті (негізгі активті) белгілі бір мөлшерде, келісілген бағамен сатып алу немесе сату құқығын иеленетін келісімшарт түрі. Саудаластықты ұйымдастырушы жағынан осы келісімшарттың жай-күйін бір үлгіге салған жағдайда, ол туынды бағалы қағаз ретінде қолданысқа ене алады.

Опционның мәні келісімнің бір жағына келісімшартты орындау немесе орындамауды таңдауға құқық береді. Келісімде екі адам қатысады. Біреуі опционды сатып алады, яғни таңдау құқығына ие, екіншісі сатушы, яғни таңдау беруші. Таңдау құқығына ие болған сатып алушы сатушыға сыйақы береді.

Фьючерстік келісімшарт – бүгінгі күні белгіленген, яғни мәмілені жасаған сәттегі баға бойынша, бірақ операцияның өзін болашақта, белгілі бір уақыт аралығынан кейін орындалатын сатып алу-сату жөніндегі келісімдер. Бұл келісімшартта баға кепілдігі беріледі. Фьючерстер сол уақытта бағалылықтар жоқ болса да сатылады. Фьючерсті контракт тек биржада ғана іске асады. Оның шарттарын биржа активтердің түріне байланысты өңдейді.

Фьючерстің айналу мүмкінділігі келесідей. Үшінші тұлға фьючерстік контрактідегі бағаның контарктіде көрсетілген уақыттан кейін өсетінін болжаса, онда саудашы фьючерстік контрактіні сатуды сұрайды. Егер саудашының болжамы дұрыс болса, онда жоғары бағамен сатып алынған тауар саудашының пайдасы болып табылады.

Варрант – сатушының бағалы қағаздарды сатып алушыға меншік құқығын беру міндеттемесі. Нақты уақыттан кейін варрант иесі бұл бағалы қағазды нақты бағада көрсетілген акция санына ауыстырады.

Әлемдік тәжірибеде варранттарды облигация және акциялармен бірге шығарады. Олар тартымды және корпорациялардың эмиссиялық шығындарын азайтады. Варрант пен бағалы қағаздар шығарылғаннан кейін олар бір бірінен бөлектенеді. Бұндай мүмкіндік кәсіпорын жарғысында бекітілген болуы қажет.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – мемлекеттік ішкі қарызының болуының формасы. Бұл эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздар өзінің экономикалық мағынасы жағынан – қарыздық бағалы қағаздар болып табылады. Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен өтеу банктік несиемен өтеуден анағұрлым арзан. Себебі мемлекеттік қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлар оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар. Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар – ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі.