Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткие тезисы лек.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
292.86 Кб
Скачать

13. Лекция. Сақтандыру нарығы

1. Сақтандыру қызметінің мәні.

2. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру.

3. Сақтандыру нарығының қатысушылары.

1. Сақтандырудың негізгі қайнар көзі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Ол 2000 жылғы 18 желтоқсанда қабылданды. Осы заң бойынша Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерiн мүлiктiк жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешенi. Ал сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi.   

Сақтандыру туралы заң кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметiнің талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді. Уәкiлеттi мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкiлетті мемлекеттік орган) осы Заңға сәйкес қабылдайтын сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру рыногының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады.

Сақтандыру – белгілі-бір сақтандыру жағдайлары болған кезде адамдардың, отбасының, еңбек коллективтерінің мүліктік мүдделерін қорғаудың әдісі болып табылады. Ол алдын-ала құрылған ақша қорлары есебінен жүреді.

2. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi

1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.       2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:       1) өмiрдi сақтандыру;       2) аннуитеттiк сақтандыру.       3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:      1)жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;      2)медициналық сақтандыру;      3)автомобиль көлiгiн сақтандыру;      4)темiр жол көлiгiн сақтандыру;      5) әуе көлiгiн сақтандыру;      6) су көлiгiн сақтандыру;      7) жүктердi сақтандыру;      8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi сақтандыру;      9) кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру;      10) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;      11) темiр жол көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;      12) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;      13) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;      14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;      15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;      16) осы тармақтың 10)-14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру.       4. Ерiктi сақтандыру нысанындағы әрбiр сыныптың мазмұны және оны жүргiзу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.       5. Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзi әзiрлеген сақтандыру түрi бойынша қызметiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен сақтандыру ережелерiн келiскеннен кейiн ғана жүзеге асыруға құқылы.       6. Мiндеттi сақтандырудың әрбiр түрi сақтандырудың бөлек сыныбы болып табылады. Мiндеттi сақтандыру нысаны бойынша әрбiр сыныптың мазмұны және оны жүргiзу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтiн заң актiлерiмен белгiленедi.

Төлем жасау үшін сақтандыру қаупі (тәуекелі) болып, содан сақтандыру жағдайы – оқиға болуы керек. Сақтандыру қаупі – болып қалуы мүмкін оқиға. Мыс. біреудің тоналуы, жарақат алуы кез-келген жерде болуы мүмкін. Алайда алыс ауылда оның боллуы қаладағыдан аз.

Сақтандыру жағдайы: болған оқиға нәтижесінде келісім негізінде сақтандырушы төлем жасауға міндеттенеді. Келісімге отырған кезде сақатандырушы мен сақтандырылушы сақтандыру сомасына байланысты келіседі.

Сақтандыру функциялары:

Қорғаушы – яғни сақтандыру арқылы адам өзінің қауіпсіздік қажеттігін қамт. етеді.

  • Ынталандырушы – көрсетілетін қызметтердің (медициналық, өрт қауіпсіздігі) дамуы мен сапасын ынталандыру б.т.

  • Әлеуметтік – сақтандыру компанияларының белгілі бір жұмыс орындармен қамтамасыз етуінің нәтижесінде жұмыссыздықтың проблемасының бір бөлігін шешуге болады.