Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Глоссарий

  1. Есімше − әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі.

  2. Көсемше − негізгі қимыл-әрекеттің қалай, қайтіп жасалатынын білдіретін етістіктің түрі.

Әдебиеттер:

  1. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаева Б. Практикалық қазақ тілі. А., 1993ж.(162-164б.)

  2. Ысқақова А. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991ж.(343-344б.)

  3. Балақаев М., Хасенова А., Қордабаева Т. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1967ж.(211-218б.)

  4. Оралбай Н., Құрманәлиев К. Қазақ тілі (жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімдерінің студенттеріне арналған оқулық). Алматы: Арыс, 2007. – 456б.5

  5. Артыкова Т.М., Исакова С.С. Қазақ тілі (жоғары оқу орындарының экономикалық мамандығына арналған оқу құралы). – Ақтөбе: Қ.Жұбанов ат. АМУ ОӘК, 2010. –218 бет.

34-36 сабақ. Мемлекет және біз. Үстеу, оның түрлері. Одағай. Еліктеу сөздер

Сабақ мақсаты: Мемлекет туралы ұғым қалыптастыру, соның ішінде Қазақстан егеменді ел екендігін терең ұғындыру. Тәуелсіздіктің ұлттық қасиеттеріне тәрбиелеу. Тілдік материалдарды меңгерту.

Материалдар мен құралдар: ел рәміздері бейнеленген ілме, Қазақстан картасы, жиналмалы бүктеме, блиц-тест, бақылау сұрақтары, әдебиеттер, глоссарий, суретті кітаптар.

Жұмыс мазмұны мен орындалу тәртібі:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, танысыңыз.

Қазақ мемлекеті

ХV ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығы – мал шаруашылығымен бірге егіншілікпен шұғылданған алғашқы мемлекет еді. Туыстығы жақын он шақты үй – бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл-бір ата, 13-15 атадан қосылған аталар бір ру болды. Қазақ мемлекетін ұлы хан биледі. Жүздерді –кіші хандар, сұлтандар, тайпаларды - билер, руларды-ру басылары, аталарды-ақсақалдар, ауылдарды-ауыл ағалары басқарды. Ханның қасында төрелер, жасауылдар, және қызметшілер жүрді. Ұлы ханның хасында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер батырлар, шешендер, жыраулар дау-шарды шешіп, билік айтып отырды.

2-тапсырма. Мәтін ішінен етістіктерді теріп жазып, қай шақта тұрғандығын ажыратыңыз.

3-тапсырма. Сөздік минимумды пайдалана отырып сөйлем құрастырыңыз.

Ұлт, тайпа, ғасырлар бойы, мекендеген, тараған, жүздер.

4-тапсырма. Қарамен жазылған сөздерді мәндес сөздермен алмастырыңыздар.

Қазақстандықтардың атамекені - Қазақ елі. Қазақ халқының атамекені көне замандардан қалыптасқан. Қазақ халқы бостандық үшін күресті. Қазақ халқы отаршылдыққа бағынбаған күрескер қауым.

5-тапсырма. Мына синоним сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем құрастырыңыздар.

Отан-атамекен-туған жер-кіндік кескен жер;

Көне-ежелгі-ескі-бұрынғы;

Күнгей-оңтүстік; терістік-солтүстік;

Мойынсұну-бағыну-айтқанын істеу-бостандықтан айырылу-тәуелді болу-бас ию;

Мемлекет-ел;

Тәуелсіз-егеменді;

6-тапсырма. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.

1. Отан адамның ... . 2. Қазақ елінде тұратындардың ... - Қазақстан. 3. Қазақ халқының атамекені... замандардан қалыптасқан. 4. Қазақстан жеріне ... ... , ... ... сыйғызуға болады. 5. Қазақ халқы ... үшін күресті. 6. Қазақ халқы ешкімге ... . 7. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан ... ... болып жарияланды. 8. Дүние жүзі Қазақстанды ... ... деп таныды.

7-тапсырма. Төмендегі кестелермен танысып, үстеу туралы мәліметтерді меңгеріңіздер.

1-кесте

ҮСТЕУ

Үстеу (сөз табы)


  • қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін

  • мезгілін

  • мөлшерін

  • мекенін

  • амалын

  • себеп-мақсатын білдіреді.

Мысалдары

1.Ертеңіне екі өзен аралығына екі бірдей тікұшақ келіп қонды .

2. Ауыл ілгері көшті.

3. Елена біраз отырды.

Сұрақтары

қашан?

қанша?

қайда?

қалай?

қалай немесе қайтіп ?

не себепті?

2-кесте

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]