Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Анықтама

Осы анықтама Құсайынова Ғайни Алдашқызының 1989-1994 жылдар аралығында Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық университеті қазақ филологиясы факультетінің сырттай бөлімінде оқығандығын растайды.

Анықтама Абай аудандық оқу бөлімінің кадр бөліміне көрсету үшін берілді.

Факультет деканы Қ.Шаяхметов

2006 жылдың 6 ақпаны.

9-тапсырма. Жоғарыда берілген анықтамаға қарап, белгілі бір тақырыпқа анықтама жазыңыз.

10-тапсырма. Сіз тұратын мекенжайдаан анықтама қажет етсе, қандай мәліметтерді жазар едіңіз. Мекенжайыңыз туралы анықтама жазыңыз.

11-тапсырма. Анық, анықтама, анықталу, анықталды, ап-анық сөздерінің айырмашылығын түсіндіре отырып, сөйлем құраңыз.

12-тапсырма. Екі жақты сәйкестендіріңіз.

Міндет атқару - в соответствии с договором

Келісім шартқа отыру – выполнять обязанности

Келісім шартты бұзу – применять меры

Келісім боййынша - ликвидировать

Талап ету - требовать

Шара қолдану – нанести ущерб

Талап қою – подписать договор

Шығын келтіру- предъявить требования

Анықтама

Анықтама - белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, оқу орны және тағы басқалар туралы мәліметтер. Берілетін анықтамалар нөмірленеді, егер бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы: 124/2

Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан «Анықтама» деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады. Онда анықтама кімге, не үшін берілгені және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы беруші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарамдылық мерзімі жазылады.

13- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Анықтама не үшін беріледі?

2. Оның құрылымы қандай болады ?

14-тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз

Деректі растау, жеке адамға байланысты, ақпаратты растау, бірнеше дана, анықтама нөмірленеді, анықтама мазмұны, анықтама мәтіні, кімге берілгені, мекеме басшылары, мекеме мөрі, не үшін берілгені, мөр басылады, жарамдылық мерзімі.

Грамматикалық минимум

Ырықсыз етіс жұрнақтары:

-ыл,-іл,-л

-ын, -ін, -н

Мысалы: Анықтама азамат А.Оспановқа берілді

Анықтама оқу бөлімінен алынды.

15- тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз

1. Арман Бақытұлының 3 курста оқитыны расталды. 2. Бүгін 150 анықтама берілді. 3. Келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылды. 4. Оның әкімшілікте жұмыс істейтіні анықталды. 5. Қызметкерлердің өтініші қаралды.

Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). 2-ші басылымы, қайта қаралған. Құр. Скала В.И., Скала Н.В. – Алматы, 2004.

2.Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. - Алматы, 2000.

3. Стенюков М.В. Делопроизводство. Конспекты лекции. - М, 2002.

  1. Ақанова Д.Х., Алдашева А.,т.б. Ресми іскери қазақ тілі. 1,2,3 деңгей. Оқу кешені. Алматы, 2003.

  2. Хасанов Б.Х. Ана тілі –ата мұра. Алматы, 1992.

  3. Тіл саясатын жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер жинағы. Ақтөбе, 2005.

№ 38-40 сабақ. Қазақстан экологиясы. Хаттама

Сабақтың мақсаты: Хаттаманың жазылу тәртібімен таныстыру, меңгерту. Сауатты жазуға төселдіру, сөздік қорын молайту.

1-тапсырма. Мәтінмен танысыңыз.

Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласы соңғы жылдары экология деп аталып жүр. Ол гректің «oicos» – үй, мекен, тұрғын жер және «logos» – білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған.

Экология — белгілі бір ортада тұратын организмдерді зерттейтін, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен арақатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан экология қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады.

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.

Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп.

1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл "Невада-Семей" қозғалысы. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті     Н. Ә.   Назарбаев Семей полигонын   жабу   туралы жарлыққа қол қойды. Бүгінгі   таңда   Қазақстандағы экологиялық   жағдайдың  ушығып тұрған ошақтары Арал мен Балқаш. «Арал-Балқаш» қоры құрылды.

Қоршаған ортаның зиянды заттармен, техногенді қалдықтарымен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше зиян тигізуде: Батыс Қазақстан мұнайгазконденсат кен орындары, Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Екібастуз энергетикалық комплексі, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өндірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б.

2-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрастырыңыздар.

3-тапсырма. Сұрақтар:

1. «Экология» деп ғылымның қандай саласы аталады?

2. Экология нені зерттейді?

3. Ең алғаш «экология» деген сөзді кім пайдаланған?

4. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттер неге келісті?

4-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Сіздер өздеріңізді экологтардың қандай тобына жатқызасыздар.

Экологи делятся на пессимистов и оптимистов. Экологи пессимисты рисуют довольно мрачные перспективы дальнейшего развития индустриального общества, считают необходимым резко ограничивать либо вообще приостановить технический прогресс и дальнейшее экономическое развитие человечества. Они не видят спасения от растущего загрязнения окружающей среды отходами промышленного производства, от роста населения, которое должна прокормить Земля.

Экологи – оптимисты предлагают и осуществляют конкретные меры, предотвращающие экологический кризис.

(А.А.Метса)

Сөздік

пессимисты - пессимистер

оптимисты - оптимистер

делятся - бөлінеді

общество - қоғам

развитие - даму

спасение - құтқару

окружающая среда - қоршаған орта

рост - өсу

конкретные меры - нақты шаралар

5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді жазып алыңыздар. Есімдіктердің түрлерін ажыратыңыздар.

1) Біздің (на земле Республики) ірілі-ұсақты 7,5 мыңдай өзен, 40 мыңға жуық көл, мыңдаған бұлақтар бар.

2) Ғалымдардың деректемелері бойынша (каждый год) көлдердің, жер асты суының көлемі күрт азайып барады.

3) Мұнай-газ кен орындарына таяу (расположенный) жерлерде ауру-сырқаулар жиі кездеседі.

4) (Это) мұнай мен газды алған кезде ауаға тарайтын улы газдың салдары.

5) Өзіміз (каждый день) көріп жүрген салақтық та табиғатты бүлдіреді екен.

6-тапсырма. Хаттама

Хаттаманың дұрыс жазылуына хатшы жауапты болады. Хаттама қысқа да, толық түрінде де жазылады. Толық жазылған хаттама жиын барысымен жан-жақты танысуға мүмкіндік береді.

Хаттаманың кіріспе бөлімінде төраға туралы, хатшы туралы, күн тәртібі, шақырылғандар, қатыспағандар туралы мәлімет болады. Егер адам көріп болып, аты-жөндері аталатын болса жеке параққа тізімі қоса беріледі.

Хаттаманың негізгі бөлігі мынандай үш пунктен тұрады: 1. Тыңдалды. 2. Жарыссөз. 3. Қаулы.

Тыңдалды бөлімінде негізгі мәселе сөз болады. Сөз сөйлегендердің сөзі үшінші жақта жазылады. Мыс. Бөлім бастығы сөз сөйледі.

Қаулы мәтіні нақты және не істеу керектігі бұйрық райдың ІІІ жағында жазылады. Мыс: бекітілсін, орындау міндеттелсін, шаралар белгіленсін, бақылауға алынсын.

7-тапсырма. Қажет сөздерді жаттап алыңыз.

Хаттам-протокол, мәжіліс -заседание

Алқа-коллегия, күн тәртібі-повестка дня

Жарыссөз-прения

Қатысқандар-присутсствовали, участвовали

Қаулы- постановление, қаулы ету – постоновить

Шешім қабылдау- принять решение, дауыс беру- голосовать

Төралқа- президиум

8-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Семинар әр түрлі мәселелер көтеріліп, --------------------------

Баяндамашы көп сұраққа жауап беріп, -------------------------

Алқа жиынында екі қаулы ----------------------------------------

Күн тәртібіндегі І мәселеге назар --------------------------------

Хаттамаға қол …….. , мөр …………………………………..

9-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Председатель сената Парламента Казахстана (конференцияда кіріспе сөз сөйледі). Он привествовал (депутаттарды және шетелдік достарды). Депутаты (төралқа сайлады). (Көптеген депутаттар жарыссөзде сөйледі) по первому пункту повестки дня. Они потвердили, что реформы в Казахстане (жан-жақты қолдау табады).

10-тапсырма. Қай жерде ілік септігінің жалғауы түсіріліп тұр.

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің бірлескен мәжілісі; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Заңнама департаментінің директоры.

11-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

Мемлекетік бағдарламаға сәйкес, күн тәртібіндегі мәселе бойынша, іссапарда болуына байланысты, қолданыстағы заңдарға сәйкес, Парламенттің шешімі туралы, нормативтік актілерге сәйкес.

12-тапсырма. Төмендегі сөздердің дұрыс үйлесімін тауып, сөйлемді қалпына келтіріңіз.

І. 1992 жылы, Қазақ мемлекеттік университетінің, аталған, әл-Фараби атындағы, үздік, 1987 жылы заң факультетіне, бітірдім, оқуға түсіп, университетті, дипломмен.

ІІ. Аспирантурада, бітіргеннен кейін, университетті, оқыдым… Үміткерге, қызметке, алынатын, қойылатын талаптар, мейлінше нақты, тұжырымды, хабарландыруға жазылады.

ІІІ. Парламент, Палаталарының, Қазақстан Республикасы, Астана қаласында, бірлескен, кезекті отырысы, 2005 жылғы наурыздың 10-нда, сағат 10-да шақырылсын.

13-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.

Кеше --------------------------- болды. Онда ------------------ сөйледі. ---------- келген өкілдер. Үкімет тарапынан --------------- келді. ………… тартымды өтті.

14-тапсырма. Төменде берілген бір тақырып бойынша шығарма жазыңыздар.

1) Жер –біздің ортақ үйіміз.

2) Табиғатты қорғау - әр адамның міндеті.

3) Экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары.

Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). 2-ші басылымы, қайта қаралған. Құр. Скала В.И., Скала Н.В. – Алматы, 2004.

2.Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. - Алматы, 2000.

3.Стенюков М.В. Делопроизводство. Конспекты лекции. - М, 2002.

4.Ақанова Д.Х., Алдашева А.,т.б. Ресми іскери қазақ тілі. 1,2,3 деңгей. Оқу кешені. Алматы, 2003.

5.Хасанов Б.Х. Ана тілі –ата мұра. Алматы, 1992.

6.Тіл саясатын жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер жинағы. Ақтөбе, 2005.

№ 41-42 сабақ: Қазақстанның табиғатын қорғау. Жер құнары - өмір нәрі. Қолхат. Кепілхат. Сенімхат

Сабақтың мақсаты: Іс қағаздарыныі түрлері қолхат, сенімхат, кепілхат туралы түсінік беру, меңгерту.

тапсырма. Мәтінді түсініп, сұрақтарды құрастырыңыздар. Сұрақтар бойынша диалог құрып, өзара сөйлесіңіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]