Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Үстеудің құрамдық түрлері

Үстеудің құрамдық түрлері


Дара


Туынды

Күрделі

Негізгі


бірігуі арқылы


1. қосарлануы

2. қайталануы


тіркесуі арқылы

күні бойы, таң сәріде, түннің бір уағы т.б.

бүрсігүні, бірталай, қыстыгүні,т.б.

құр-босқа, қаннен-қаперсіз, бет-бетімен, т.б.


Дара үстеулер


Негізгі


Туынды

қазір, бұрын, кеш, тез, ерте, төмен т.б.


Сын есім шырайы

  • -рақ, -рек;

  • -ырақ, -ірек;

  • -лау, -леу;

  • -дау, -деу;

  • -тау, -теу;

ЖҰРНАҚТАРЫ


  • -ша, -ше;

  • -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей;

  • -дайын, -дейін,

-тайын, -тейін;

  • -шама, -шеме,

-шалық, -шелік;

- майынша, - мейінше,

- байынша, - бейінше,

- пайынша,- пейінше;


Үстеу жасаған септік жалғаулар

1. Б.с.

2. Ж.с.

3. Ш.с.

4. К.с.

бекерге (жүр);

баяғыда (болыпты);

етпетінен

(құлады);

жөнімен (айт);


3-кесте

Үстеудің мағыналық түрлері

Үстеудің мағыналық түрлері


мөлшер

үстеуі


мезгіл

үстеуі


сын-қимыл

(бейне)

үстеуі


себеп-сал-

дар үстеуі


мақсат

үстеуі


қалай? қайтіп? қалайша? кімше?


қанша? қаншама? қаншалық?


не себепті? неге? қалай?


бүгін келді, былтыр кетті, биыл келеді, ертең келеді, таңертең келеді, кешке жүреді,т.б


қалай? не мақсатпен?

қашан? қашаннан?


босқа кетті, бекерге жүрді, жоққа шығарды, құр босқа жүр, лажсыздан көнді, амалсыздан келді,


әдейі келді, әдейілеп айтты, жорта сөйледі, қасақана үндемеді, т.б.


әрең келді, ақырын жүрді, бірден көрді, бірге келеді, бірте-бірте жөнелді, т.б.


онша биік (емес), сонша аласа (еді), соншалық үлкен, соғұрлым кіші, мұншама тәтті, неғұрлым кең,


мекен

үстеуі


күшейткіш

үстеуі


ілгері жүр, кейін кет, әрмен кетті, мұнда кел, осында бол, сонда жат, бері жүр, жоғары көтер, т.б.


қайда? қайдан?


қалай? (қандай?)


әбден шаршаған, тым биік, ең әдемі, ылғи сөйлейді, сәл аласа, мүлдем жүдеген,

т.б.


8-тапсырма. Берілген үстеулердің түрлерін анықтаңыздар. Әрқайсысымен сөйлем құрастырыңыздар. Бір тақырыпқа үстеулерді пайдаланып әңгіме құруға да болады.

Амалсыздан, босқа, әрең-әрең, сәлден кейін, ебіл-себіл, жаңа, кешке, ауызекі.

9-тапсырма. Үлгіге қарап диалог құрастырыңыз.

өткен күні

Қашан болды? өткен дүйсенбіде болды.

өткен айда

өткен аптада

өткен жылы

келесі күні

Қашан болады? Келесі дүйсенбіде болады.

Келесі аптада

Келесі айда

Келесі жылы

10-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрап, үстеудің түрлеріне ажыратыңыз.

Жоғары, төмен, өте, жазғытұры, ерте, жылдам, былтыр, аз, көп

Ескерту: практикалық сабақта орындалатын әр тапсырма 30 балл

Үй тапсырмасы (100 балл)

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекет деген ұғымды қалай түсінесіз?

2. Еліктеу сөздер неше түрге бөлінеді?

3. Одағай сөздер туралы айтыңыз, мысал келтіріңіз?

4. Үстеу дегеніміз не?

5. Үстеудің қандай мағыналық түрлері бар?

6. Мақсат, сын-қимыл үстеулері нені білдіреді?

7. Сын – қимыл үстеуі нені білдіреді?

8. Негізгі үстеу дегеніміз не?

Глоссарий

    1. Үстеу − істің белгісін, мезгілін, мекенін білдіретін сөз табы.

2. Түрлі дыбыстарға еліктеуді немесе құбылыстар мен қимыл-қозғалыстарды бейнелеуді білдіретін сөздер еліктеу сөздер деп аталады.

3. Сөйлеушінің шындыққа, болмысқа қатысын көңіл-күй, сезім арқылы білдіретін сөздер одағай деп аталады.

Әдебиеттер:

1. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаева Б. Практикалық қазақ тілі. А., 1993ж.(162-164б.

2. Ысқақова А. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991ж.(343-344б.)

3. Балақаев М., Хасенова А., Қордабаева Т. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1967ж.(211-212).

4. Артыкова Т.М., Исакова С.С. Қазақ тілі (жоғары оқу орындарының экономикалық мамандығына арналған оқу құралы). – Ақтөбе: Қ.Жұбанов ат. АМУ ОӘК, 2010. –218 бет.

37-39 сабақ: Ғалам және ғасыр. Жай сөйлем. Хабарлы, сұраулы сөйлемдер

Сабақ мақсаты: Ғалам, ғарыш, ғасыр ұғымдары туралы мағлұмат беру, грамматикалық тақырыптарды орыс тілі грамматикасымен салыстырмалы түрде меңгерту.

Материалдар мен құралдар: қазақ тіл кабинетіндегі мәнжазбалар, үлестірмелі карточкалар, әдебиеттер, блиц-тест, бақылау сұрақтары, глоссарий

Жұмыс мазмұны мен орындау тәртібі:

1-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, ғалам туралы ұғым қалыптастырыңыз.

Жеті ғалам(дүние, жұрт) - қазіргі тілімізде «дүние жүзі», «бүкіл әлем» дегенді білдіреді. Мұндағы жетіде сандық мән жоқ. Байырғы кезде бұл термин халықтың әлем туралы ерте кездегі мифологиялық түсінігін бейнелеген. Бұл түсінік бойынша жеті бағытты білдірген. Олар – дүниенің төрт бұрышы: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан-жоғарғы ғалам, жер-орта ғалам, асты- төменгі ғалам деп түсінеміз

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Адам ерте кезден – ақ әлем денелерінің жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ол әзірге жер төңірегіндегі жақын ғарышқа аяқ аттап басты. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихынды тұңғыш рет Ю.А. Гагарин ғарыш кемесімен жер шарын айнала ұшты. 12 сәуірде тарихта «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді.

Біздің заманды «Космос дәуірі» деп атайды. Жердің жасанды серіктерінің ұшырылғаны Айға, Шолпанға, Марсқа қарай самғаған зымырандар, ер жүрек ұшқыштардың ғарышқа жасаған саяхаттары жайлы беріліп тұратын хабарға қанықпыз.

Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді, ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын ала сақтануға мүмкіндік береді. Олар арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстар жүргізіледі. Жердің ішкі құрлысын зерттеуге, дәл географиялық карталар жасауға, пайдала қазбалар іздеуге, егінннің шығымын болжауға, тағы басқа жұмыстарға кеңнен пайдаланылуда.

Қазақстан жерінде ғарыш кемесін ұшырататын әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан.

Ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми лоборатория. Мұнда ғарышкерлер тұрып жұмыс істейді.

Сөздік:

Ғарыш – космос

Ғарышкер – космонавт

Ғасыр – 1)век, столетие; 2) эпоха, эра

3-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қойыңыздар. Хронологиялық анықтама дайындаңыздар.

4-тапсырма. Сөйлем құраңыздар.

1. Ғарыш ---------------------------------------------

2. Ғалам ---------------------------------------------

3. Ғасыр ---------------------------------------------

4. Ғасыр жаңалығы ---------------------------------------------

5. Ғарышкер -------------------

6. Ғаламтор --------------------------

5-тапсырма. Берілген мәліметтерді есте сақтаңыздар және сөйлем түрлеріне жеке-жеке мысалдар келтіріп, жазыңыз.

СӨЙЛЕМ

Сөйлем

Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы.


айтылу мақсатына қарай:


Түрі

Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Бұйрықты сөйлем

Лепті сөйлем

Ереже

Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын сөйлем

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем

Бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем

Сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну т.б) білдіру мақсатында айтылатын сөйлем

Тыныс белгісі

Сөйлем соңына нүкте қойылады.

Сөйлем соңына сұрау белгісі (?) қойылады.

Сөйлем соңына леп белгісі (!) қойылады.

Сөйлем соңына нүкте немесе (көтеріңкі интонациямен айтылса) леп белгісі (!) қойылады.

Жасалу жолдары

1. Сұрау есімдіктері арқылы; (кім? не? қанша? қандай т.б.)

2. Сұраулық шылаулар арқылы; (ма, ме, па, пе, ба, бе, ше т.б.)

3. Оқшау, көмекші сөздер арқылы; ә, сірә, қайтеді, шығар т.б.)

Баяндауышы бұйрықрай арқылы

1. Одағай сөздер арқылы (қап, әттеген-ай, пай-пай т.б.)

2. Күшейткіш мәнді сөздер арқылы (не деген, не еткен, қандай, шіркін, ғажап т.б.)

3. Демеулік шылаулар арқылы (-ау, -ақ, -ай т.б.)

4. Интонация арқылы

6-тапсырма. Синоним сөздерді аударыңыздар, етістікке айналдырып сөйлем құрастырыңыздар.

синонимдер

аударма

мысалдар

1

Тұмар

Бойтұмар

2

Бәйтерек-тірек-сүйеніш

3

Кешен-жиынтық

7-тапсырма. Төмендегі жай сөйлемге қатысты сызбаны оқып, түсініп, есте сақтаңыздар. Ережелерін жатқа айтыңыздар.

Жай сөйлем бір ғана ойды білдіреді

М: Асан ұзақ ұйықтады.

Атаулы сөйлем Зат, құбылыс, мезгіл, мекен, атауын білдіреді, бір ғана сөйлем мүшесі болады

М: Күз

Жақты сөйлем Бастауышы бар кейде айтылмай тұрады, баяндауыш арқылы тауып алуға болады.

М: Көп тыңда аз сөйле

Жақсыз сөйлем Атау тұлғада тұрған бастауышы жоқ баяндауышы арқылы табуға болады М: Оған күлуге болмайды.

Толымды сөйлем Тұрлаулы мүшелері толық қатысқан сөйлем. М: Сөйлеп тұр

Толымсыз сөйлем

Тұрлаулы немесе тұрлаусыз мүшелерінің бірі жоқ сөйлем

М: - Сен оны танисың ба?

- танимын

Жалаң сөйлем Сөйлемде тек тұрлаулы мүше- бастауышпен баяндауыш болады.

М: Күн шықты

Жайылма сөйлем Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері қатысқан сөйлем М: Далада қар жауып тұр

8-тапсырма. Мағынасы сәйкес сөздерді тіркестіріңіз.

9-тапсырма. Сөздерді тіркестіріп сөйлем құраңыз.

Сөздер

Тіркескен сөздер

жиналыс,

іс, алғашқы, жеке, жарық, таныстыру, компаниямызға,

мәжіліс залы, алғашқы күні,қош келдіңіз, таныс болу,

жаңа маман

10-тапсырма. Мәтінді жазып, жай сөйлемдерді табыңыздар. Түрлерін ажыратыңыздар. Жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ескерту: практикалық сабақта орындалатын әр тапсырма 30 балл, тапсырма саны -10

Үй тапсырмасы (100 балл)

11-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыздар.

1. Егер мақсатыңа жеткің келсе,-----------------.

2. Егер қартайғанда өкінгің келмесе,-----------.

3.Егер достарың адал болсын десең,----------------.

4.Егер дәулетті болғың келсе,--------------------.

5.Жаның қартаймасын десең,-------------------.

12-тапсырма. Берілген тіркестерді дұрыс, бұрысына қарай екіге бөліп жазыңыз. Бұрысы қайсы, дұрысы қайсы?

Бие бұзаулайды, Бие құлындайды,

Түйе лақтайды, Түйе боталайды,

Қой боталайды, Қой қоздайды,

Сиыр қоздайды, Сиыр бұзаулайды,

Ешкі күшіктейді, Ешкі лақтайды,

Ит жұмыртқалайды, Ит күшіктейді,

Мысық құлындайды. Тауық жұмыртқалайды,

Мысық балалайды.

13-тапсырма. Зәулім, жоспар, жоспарлау, ғимарат, мәртебе, назарын аудару, салтанатты, мәмлегерлік, өкілдік сөздеріне мағыналық жағынан сәйкес келетін тиісті сөздерді тіркестіріп, сөз тіркестерін жазыңыз

Зәулім

Үй, көше, ай

жоспар

Жасау, салынды, өткізу

Мекемені, құрылысты

Жоспарлау

Жаңа, орасан, асқар

ғимарат

Мемлекеттік, кіші

Мәртебе

әлем, кешен, жоғары

Назарын аудару

салтанатты

Құжат, жиналыс, жоба

Мәмлегерлік

Кездесу, шешім, халық

Мерекелік, шетелдік

өкілдік

14-тапсырма. Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып, түсіндіріңіздер. Сол мақал-мәтел бойынша сөйлесіңіздер.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

1.Өмір – үлкен мектеп.

2.Білімді өлсе, қағазда аты қалар,

Ұста өлсе, істеген заты қалар.

3.Кітап – алтын қазына.

4.Көп жасаған білмейді,

көп көрген біледі

5.Жеті жұрттың тілін біл,

жеті түрлі білім біл.

6.Білек бірді, білімді мыңды жығады.

7.Күш білімде, білім кітапта.

8.Білім арзан – білу қымбат.

1.Ученье ничего не стоит, да выучиться трудно

2.Сила в знании, знания в книгах

Имя мастера остается в его творениях,

3.Имя ученого остается в его книгах.

4.Сильный победит одного, ученый – тысячу.

5.Книга кладовая золота.

6.Не тот много знает, кто много прожил, а тот, кто много видел.

7.Жизнь – самая большая школа.

8.Стремись изучить язык семи народов и семь родных наук.

15-тапсырма. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері туралы мәліметтер жинақтап, қысқаша баяндама жасаңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жай сөйлем дегеніміз не?

  2. Жай сөйлемнің қандай түрлерін білесіз?

  3. Қандай сөйлемді жақсыз сөйлем дейміз?

  4. Сөйлемнің жалаң және жайылма болып бөлінуі қай мүшеге байланысты?

  5. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

  6. Сұраулы сөйлем қандай жолдармен жасалады?

Глоссарий

  1. Сөйлем - тиянақты ойды білдіретін бір сөзді я бірнеше сөз тіркесі.

  2. Аяқталған тиянақты ойды білдіретін сөздер тобын жай сөйлем дейміз.

  3. Жақты сөйлем – құрамында бастауыш қатысқан жай сөйлемнің түрі.

  4. Жақсыз сөйлем – баяндауыштың бір өзі сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлемнің түрі.

  5. Сұраулы сөйлем – беру я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлем.

Блиц-тест:

1. Жалаң сөйлем дегеніміз не ?

а) тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем б)бастауышы жоқ сөйлем с)барлық мүшелер қатысқан сөйлем д)баяндауышы жоқ сөйлем е)анықтауышы жоқ сөйлем

2. Жақсыз сөйлем дегеніміз не ?

а) бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем б) бастауышы жоқ сөйлем

с) баяндауышы жоқ сөйлем д) тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер түгел қатысқан сөйлем

е)тұрлаусыз мүшенің бірі жоқ сөйлем

3. Жақты сөйлемді табыңыз ?

а) оған таңдануға болмайды б)тамыз айы с) айтпасқа тағы болмайды

д) арыңды жастан сақта е) қуанышты жасыруға болмайды

4. Жақты сөйлем дегеніміз не?

а) құрамында баяндауыш қатысқан жай сөйлемнің түрін айтады

б) құрамында бастауыш қатысқан жай сөйлемнің түрін айтады

с) толықтауышы бар сөйлемді айтамыз

д) анықтауышы бар сөйлемді айтамыз

е) дұрыс жауап жоқ

5. Атаулы сөйлемді табыңыз?

а) Еңбек ет те, міндет ет б) Айлы түн с) Қас қаққанша д) Ит өлген жерде

е) Әйел әшекейі

6. Жалаң сөйлемді табыңыз?

а) Есіл өзенінің бойы б) Жай басып Төлеп келеді с) Бала келді д) Адыраспан- көп жылдық өсімдік е) Құрманғазы- күй жанрының классигі

7. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

а ) 2 б) 3 с) 4 д) 5 е) 7

8. Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай қалай бөлінеді?

а) толымды, толымсыз б) хабарлы сөйлем с) сұраулы, жақты д) бұйрықты е) лепті

9.Лепті сөйлемді табыңыз?

а) Бүгін сабаққа барамыз. б) Жасасын, Қазақстан! с) Жастар қонаққа келді. д) Ертең кешке кел. е) Сабақ уақытымен басталды.

Әдебиеттер:

  1. Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары, А. 1994ж. Қазақстан жоғары оқу орындары, 103-106б.

  2. Балақаев М., Хасенова А. Қазақ тілінің грамматикасы(морфология), А., 1967ж. 37-38б.

  3. Ысқақова А. Қазіргі қазақ тілі, А., 1991ж. 71-75б.

  4. Аханов К., Кәтенбаева Б., Әбдіғалиева Т. Қазақ тілі, А., 2001ж. 69-71б.

  5. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті (бүктеме), Университеттің бүгіні мен ертеңі, Өткен жылдар - өркенді істер (экономика факультетіне 10 жыл).

40-42 сабақ. Кәсіби бәсекелестік. Сан есім, мағыналық топтары

Сабақ мақсаты: Кәсіби бәсекелестік туралы ұғым қалыптастыру. Тілдік материалдарды меңгерту. Сөздік қорларын молайту.

Материалдар мен құралдар: жинақталған көрнекі құралдар топтамасы, бақылау сұрақтары, блиц-тест, глоссарий.

Жұмыс мазмұны мен орындалу тәртібі:

1-тапсырма. «Мемлекеттік тіл мәртебесі» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз:

  1. кәсіпкер - предприниматель

  2. кәсіпкерлік - предпринимательство

  3. бәсекелестік - конкуренция

  4. бәсеке - соперничество

  5. кәсіпорын - предприятие

  6. сала – отрасль, сфера

  7. дамыған ел – развивающаяся страна

  8. жоғары сапалы - высококачественный

  9. әлеуметтік жағдай – социальное положение

  10. зерттеулер - исследование

  11. жетістіктер - достижение

  12. жүйе - система

  13. серіктесушілік - компания

  14. тауар- товар

  15. жаңалық - новость

  16. деңгей - уровень

  17. қарсылас - соперник

  18. нарық - рынок

  19. ынта- прилежание, усердие

  20. шағын – небольшой, подходящий

  21. кез келген – любой

  22. соңғы – последний

  23. сай – подходящий, достойный

  24. жақсарту – улучшать

  25. өндіру – производить

  26. рұқсат – разрешение, позволение

  27. еркін – свободный

  28. күресу - бороться

2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]