Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Шылау сөздер туралы түсінік

ШЫЛАУ

  • толық лексикалық мағынасы болмайды

  • сөйлем ішінде сөйлем мүшесі бола алмайды

  • сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады

  • толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді

  • түрленбейді


Тілімізді байыту үшін ішінде әр аймақта

айтылып жүрген сөздерді қопарып алып, әдебиет жүзіне шығаруымыз керек (С.Сейфуллин).

Қазақтың әдеби тілі жасалу жағынан да, қалыптасу жағынан да көп кезеңді басынан өткізді (С.Аманжолов).

Жаз бойы жайлауда жадыраған жан-жануар күздің бір лайсаңында-ақ кірбіңдеп қалды (Ғ.Мүсірепов).


2-тапсырма. Берілген мәліметтерді есте сақтаңыздар.

Шылаудың түрлері

Шылаудың түрлері


Септеулік шылау


Жалғаулық шылау


Демеулік шылау


дейін, шейін, кейін, сияқты, да, де, та, те, -ақ, -ай, -ау

тәрізді және, мен, бен, пен ғана, тек, ма, ме, ба, бе, па, пе

3-тапсырма. Мәтінді түсініп, етістерді теріп жазып, түрлеріне қарай талдаңыздар.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі

Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Орта ғасырдың өзінде көптеген медреселер мен мектептер жұмыс істеген.

Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби техникалық училище, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (аспирантура, докторантура), әр түрлі мамандықтар бойынша жетілдіру курстары.

1999 жылы маусымның 7-сінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы Заңында» көрсетілгендей, жалпы орта білім беру қазіргі кезеңде үш басқышты мектеп деңгейінде: бастауыш (1-4 сынып), толық емес орта (5-9 сынып) және толық орта (10-11 сынып) болып сатылай жүзеге асырылуда.

Бірінші және екінші сатылы білім міндетті. Ал үшінші сатыны жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бір пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, жеке меншік мектептер көптен пайда болуда. Қазіргі кездегі білім беру міндеттері: жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, т.б.

Республикада 249 арнаулы орта білім беретін оқу орындары бар, онда 200 мың оқушы оқиды.

Ал жоғары білім беру жүйесінде 100 шақты мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орны тіркелген. Олардың ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақтың мемлекеттік басқару университетін, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін ерекше атауға болады.

(Б.Мұрзалинадан)

4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып, түсіндіріңіздер. Сол мақал-мәтел бойынша сөйлесіңіздер.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

  1. Өмір – үлкен мектеп

  2. Білімді өлсе, қағазда аты қалар,

Ұста өлсе, істеген заты қалар.

  1. Кітап – алтын қазына.

  2. Көп жасаған білмейді,

көп көрген біледі

  1. Жеті жұрттың тілін біл,

жеті түрлі білім біл.

  1. Білек бірді, білімді мыңды жығады.

  2. Күш білімде, білім кітапта.

  3. Білім арзан – білу қымбат.

  1. Ученье ничего не стоит, да выучиться трудно

  2. Сила в знании, знания в книгах

  3. Имя мастера остается в его творениях,

Имя ученого остается в его книгах.

  1. Сильный победит одного, ученый – тысячу.

  2. Книга кладовая золота.

  3. Не тот много знает, кто много прожил, а тот, кто много видел.

  4. Жизнь – самая большая школа.

  5. Стремись изучить язык семи народов и семь родных наук.

5-тапсырма. Төменде берілген бойынша Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы айтып беріңіздер.

Дипломнан кейінгі білім (аспирантура, докторантура)


Мектептен тыс мекемелер


Арнаулы орта және жоғары оқу орындары


Кәсіби-техникалық

училище


Жалпы білім беретін мектеп


балабақша


6-тапсырма. Мәліметтермен танысу

Орта білім алудың түрлері

мектеп

гимназия

лицей

жеке меншік мектеп

Жеке адамның шығармашылығын дамыту

адамгершілік пен салауатты өмір салтының

негіздерін қалыптастыру

ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау

халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу

Бақылау сұрақтары

  1. Шылау туралы айтыңыздар.

  2. Шылаудың түрлерін сипаттаңыздар.

Ескерту: Әр тапсырма үшін 50 балл. Тапсырма саны -6

Үй тапсырмасы (100 балл)

7-тапсырма

«Мен болашақ білім беру жүйесін қалай елестетемін» тақырыбына эссе құрастырыңыз.

8-тапсырма

Білім, ғылым туралы мақал-мәтелдер қорын теріп жазыңыз, белгілі адамдардың бұл тақырыптардағы қанатты сөздерін жинастырып жазыңыз.

Блиц-тест

1. Сұраулық шылауы бар сөзді табыңыз

а) дегендей-ақ б) сол ма?

с) бөлме д) айтпа е) жасыру үшін

2. Түсірілген сөзді табыңыз: Білімді .... жығар.

а) мыңды б) жүзді

с) бірді д) бесті е) көпті

3. Отанға әрдайым теңестіретін қасиетті тұлға

а) от б) ана

с)су д) жер е) аспан

4. Отан елдің анасы, Ел - ... анасы.

а) баланың б) қыздың

с) ердің д) ұлдың

5. Ши дегеніміз не?

а) ұлттық аспап б) ұлттық үй жиһазы

с) ұлттық ойын д) ұлттық тағам е) ұлттық киім

6. Тіркесті сөзді табыңыз

а) ақ б) үйшік

с) қара торы д) қоңыр е) тас

Әдебиеттер:

1. Ерназарова З.Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2005.

2.Исаев С. Қазақ тілі , А, 1993.

3.Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы), А. «Әділет», 1998, (288б).

4.Қазақ тілі пәні бойынша сабақтардың әдістемелік әзірлемесі. Ақтөбе, 2003.

5.Ақтанов К., Айғабылов А. Қазақ тілі А., 1989.

19-21- сабақ: Жеке адам, топ және ұжым. Студент – болашақ басшы, істі ұйымдастырушы, мемлекет қайраткері. Есімдік, мағыналық топтары

Сабақ мақсаты: Есімдік, олардың мағыналық түрлерімен таныстыру, қайталау.

Жаңа сабаққа қатысты жаңа сөздер мен мақал-мәтелдерді, грамматикалық тақырыпты меңгерту, сөздік қорын молайту.

Материалдар мен құралдар: жинақталған көрнекі құралдар топтамасы, бақылау сұрақтары, блиц-тест, глоссарий.

Жұмыс мазмұны мен орындау тәртібі:

1-тапсырма. Газеттерге келген хаттардан алынған үзінділерді қазақ тіліне аударып, қандай жерлерімен келісетіндеріңді айтып беріңіздер. (Аударма сөздігін пайдаланыңыздар).

1. Творцом может быть, очевидно, только тот, кто сделал правильный выбор, кто не делит свой труд на главное и второстепенное, кто исполнителен и организован. Тогда будет красить человека любая профессия.

2. Доля творческого труда есть в каждой профессии, но в одной она составляет 90 процентов, в другой -106, а в третьей - одну сотую. Но ведь удовлетворение можно получить не только от результатов творческого труда, но и от труда, просто полезного людям, от их уважения. А кроме того, есть и личное время, в которое при бережному к нему отношении можно многое успеть.

Сөздік

правильный - дұрыс

главное - негізгі

второстепенное - қосымша

организован - ұйымдасқан

результат - нәтиже

творчество - шығармашылық

личное - жеке

успеть - үлгеру

3-тапсырма. Кәсіптік практика бойынша есеп дайындаңыздар. Келесі мәліметтерді кірістіріңіздер:

1. Практиканттың аты-жөні, тегі

2. Практика жетекшісінің аты-жөні

3. Практика өтілген мекеменің аты. Мекен-жайы

4. Мекеменің қысқаша сипаттамасы

5. Практикаға қатысуы туралы мәліметтер

6. Практиканттың оқу-зерттеу жұмысы, эксперименттік жұмыс нәтижесі

7. Кәсіптік практика нәтижесін қорыту, оны жетілдіру ұсыныстары.

4-тапсырма. Сөйлемдерді анықтаңыздар.

1. Жиналысқа келгендердің барлығы...

2. Біздің университет орналасқан жерде...

3. Жұмысқа қажетті заттардың барлығы...

4. Жоғары білімді маман болу үшін...

5. Біз практикада болғанда...

6. Атақты ғалымның дәрісі...

5-тапсырма. Қандай жалпы және арнаулы пәндерді оқып жатырсыздар? Сіздердің таңдаған мамандықтарыңа олардың қажеттілігі бар ма? Шағын әңгіме жазыңыздар.

6-тапсырма. Сұрақтарды пайдалана отырып, әр мамандықтар бойынша өз пікірлеріңді ортаға салыңыздар.

1) Қандай мамандыққа үлкен шыдамдылық керек?

2) Экономист, математика, мұғалім, дәрігерлерге қандай қасиеттер тән болуы керек? Жауаптарыңызды дәлелдеңіздер.

3) Қандай мамандық жоғары біліктілікті талап етеді? Неге?

7-тапсырма «Студент – болашақ басшы» тақырыбына шығарма жазыңыздар.

8-тапсырма. Сөздік диктант.

Мамандық, ұйымдастырушы, талаптар, білімділік, жоғары, шыдамдылық, қасиет, айтқан, барып, оқып.

9-тапсырма. Төменде берілген етістіктерінде есімше және көсемше жасаңыздар, олармен сөйлемдер құрыңыздар.

Үлгі: оқиды – оқыған, оқып.

Оқиды, білім алу, ұйымдастыру, білу, қолдану, жетілдіру, маман болу, үйрену, қалыптастыру, көмектесу.

10-тапсырма. Хатты түсініп оқып, өздеріңіздің оқуларыңыз туралы хат жазыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]