Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Ақсу-Жабағылы қорығы

Қазақстанның оңтүстігінде, Қаратау баурайында биосфералық Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Ол 1926 жылдың 14 шілдесінде ашылған болатын. Сол күннен бастап бұл жерде ағашқа балта, шөбіне шалғы тиіп көрген жоқ. Оның жеріне өндірістік қоқыстар да төгілмейді. Биосфера дегеніміз – тірі табиғат, адам игілігінің, өсімдіктер мен жануарлардың қайнар көзі. Қорықтың рәмізі ретінде Рейх жауқазыны таңдап алынған. Гүлдің алғашқы зерттеушісінің фамилиясы осылай екен. Оның көлемі 12-15 см-ге жетеді. Голландияда жауқазындардың өсіріліп келе жатқанына бір жарым мың жылдай болды. 1877 жылы Амстердам қаласында өткен гүлдер көрмесінде Оңтүстік Қазақстанның Рейх жауқазыны әдемілігімен үлкендігіне орай гүлдер падишасы атанған. Сол кезден бастап осынау дала гүлі қаншама ұрпақ жалғастырып келеді. Оның негізінде екі жүзден астам жаңа сорттар өсірілген. Қазақстан табиғатының кәнігі зерттеушісі ұлттық байлығымыз, оны мемлекет қорғайды. Екінші бір өте бағалы гүл – қызыл жолағы бар сарғыш түсті Кауфман жауқазыны, одан да декоративті жүздеген сорттар шығарылған. Ақсу-Жабағылыда Түркістандық жауқазындар да өсіріледі. Жұртшылықтардың бәрі білетін көген көз сияқты гүлдер мен шөптер де бұл қорықта мұқият қорғалады. Өйткені емдік өсімдіктердің әрқайсысы адамға керекті. Қазақтың халық емшілері емдік шөптердің арасында киікотын бірінші орынға қояды. Түймедағы – даланың елеусіздеу ғана гүлі. Қыздардың гүлдесте өріп, сүйе ме, сүймей ме деп, күлтелерін жұлатыны – осы гүл. Ол денедегі жараның жазылуына көмектеседі. Жорыққа шығар алдында сарбаздардың қоржынынан түймедағы тұнбасын баржоғын қабанбай батырдың өзі тексеріп отырыпты деген әңгіме бар. Өйткені түймедағы тұнбасы жараны емдеу үшін керек қой.

Ақсу-Жабағылыда басқа әдемі де емдік шөптер қаптап өседі. Ежелгі грек мифі естеріңде ме? Жойқын жекпе-жекте Геракл батыр уланған жебемен Хирон кентаврды жаралайды ғой. Ертегілік кейіпкер, адам мен аттың қосындысы кентавр жарасын көгенкөзбен емдейді. Сондықтан болар, көгенкөз кентавр гүлі деп аталады. Қара алма аталатын жабайы алмалар тоғайы, пістесі бар, доланасы мен қызыл жемісі бар елу гектардай жерді алып жатыр. Мұнда алманың 18 сорты өседі. Бірақ олардың барлығының генетикалық түбірі – Сивирс алма ағашы. Оған егілген апорт алманың ең жалқы тұқымы – Алматы апорты болып шықты.

(О.Жанайдаровтан)

9-тапсырма. Төменде берілген тірек сызба бойынша әңгімелеңіздер.

Ақсу-Жабағылы қорығы

Орналасқан жері

Ашылған жылы

1926 жыл 14-шілде


Қазақстанның оңтүстігі

Бағалы гүлдері

Алманың 18 сорты

Басқа да емдік шөптер

Рейх жауқазыны

Кауфман жауқазыны

10-тапсырма: Таңдаған тақырыбыңыз бойынша ассоциациялық тезаурус түзіңіз:

1. Табиғат – ана

2. Табиғаттың тамашалары

3. Туған жердің төсінде

4. Табиғаттың төл баласымыз

5. Ғалам ғажаптары

6. Жер – бесік

7. Ғаламшар

8. Не деген көркем едің, Туған Жер!

Ескерту: Әр тапсырма үшін 30 балл. Тапсырма саны -10

Үй тапсырмасы (100 балл)

11-тапсырма. «Табиғат тамашалары» тақырыбына презентация жасаңыз. Суретті слайдтар даярлап, қызықты етіп мазмұндаңыз.

Блиц-тест

1. Сөз құрамының түрлерін көрсетіңіз

а) негізгі, туынды б) дара, күрделі

с)біріккен, қос д) қысқарған

2. «Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада» мақалындағы негізгі ой

а) бала анасын ойлайды б) ана баласын ойламайды

с) ана баласына сенім білдіреді

д) ана баланы уайымдайды, бала ананы ойламайды.

3. Шаңырақ иесі

а) қыз б) ұл

с)жиен д) ағайын

4. Ағаның әйелі

а) апа б) тәте

с) жеңге д) қарындас

5. Дара сөзді табыңыз

а) ТМД б) ат жақты

с) ата– ана д) қала

6. Мақалдың негізгі ойын табыңыз

«Ағайын бірде араз, бірде тату»

а) ағайындылар ұрысады, керіседі, бірақ бәрібір кетпейді

б) ағайындылар ұрыспайды, керіспейді

с)туыстар жақын болады д) туыстар бірін – бірі сыйлайды

7. Туынды сөзді табыңыз

а) шай–пай б) көрікті

с) ана тілі д) екі жүз

8. Ананың төркіні

а) ағайын б) немере

с)шөбере д) нағашы

9. Қазақ халқы баланы қай жаста отау иесі деп атаған?

а) он сегізде б) он үште

с) жиырма бесте д) он екіде

Әдебиеттер:

        1. Ерназарова З.Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2005.

        2. Исаев С. Қазақ тілі, А, 1993.

        3. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі(Ана тілі деңгейінде үйрету құралы), А. «Әділет» , 1998, (288б).

        4. Қазақ тілі пәні бойынша сабақтардың әдістемелік әзірлемесі. Ақтөбе, 2003

        5. Ақтанов К., Айғабылов А. Қазақ тілі А., 1989.

13-15- сабақ. Жер тұрғындары Сын есім, негізгі, туынды сын есімдер. Дара, күрделі сын есімдер, шырайлары

Сабақ мақсаты: Сын есім, олардың түрлерімен таныстыру, қайталау.

Жаңа сабаққа қатысты жаңа сөздер мен мақал-мәтелдерді, грамматикалық тақырыпты меңгерту, сөздік қорын молайту.

Материалдар мен құралдар: жинақталған көрнекі құралдар топтамасы, бақылау сұрақтары, блиц-тест, глоссарий.

Жұмыс мазмұны мен орындау тәртібі:

1-тапсырма. Сын есім туралы мәліметтерді оқып, есте сақтаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]