Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Табиғатты қорғау

Еліміздің егемендік алған күннен бастап республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аймақтардың жер көлемін кеңейту және ондай аймақтарда табиғат байлықтарын сақтап қалу және көркейту жұмыстары халық арасында жан-жақты жүргізіліп келеді.

Әрбір азаматтың бойында туған жерінің, атамекенінің және өз отанының табиғат байлықтарын аялау сезімін тәрбиелеуде оқу орындардың алатын орны ерекше.

Елімізде «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» Заң 1997 жылы 6 тамызда қабылданған. Онда ерекше қорғалатын аймақтарға республикамыздағы арнайы бөлінген жер алқаптары, су айдындары, ормандар және жер қойнауы ерекше ережеге сай қатаң тәртіппен қорғалып, табиғатты сақтап қалу үшін әрі қалпына келтіру үшін бөлінеді деп атап көрсетілген.

(Р.Сәтімбеков.)

2-тапсырма. Кестемен таңысыңыз. Оларды сөз таптарына ажыратыңыз.

Қорықтар

Қорықтың

аты

Құрылған

жылы

Орналасқан

жері

Мақсаты

1. Ақсу-Жабағылы

1926 ж

Батыс Тянь-Шаньның солтүстігі

Табиғи кешендерде қорғау және зерттеу

2. Наурызым

1930 ж

Қазақстан орманды даласының оңтүстігіндегі Торғай облысы

Табиғи кешендерді қорғау және зерттеу

3. Алматы

1935 ж

Алматы облысы

Табиғи кешендерді қорғау және зерттеу

4. Барсакелмес

1939 ж

Арал теңізінің солтүстік бөлігі

Ежелгі жануарлардың түрлерін сақтау және қазіргі табиғатқа бейімделуін зерттеу

5. Қорғалжын

1968 ж

Құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және бейімделуін зерттеу.

3-тапсырма. Берілген етістіктерді тұйық етістік формаларына айналдырыңыздар.

Қорғады, сақталды, әкелді, бар, көмектес, ұйымдастырылды, тазаланды, көрсетілді.

4-тапсырма. Берілген кесте бойынша әңгіме құрастырыңыздар.

Табиғат байлықтары

Табиғат байлықтары

Мемлекеттік табиғи қорықтар

Мемлекеттік табиғи қорықшалар

Мемлекеттік табиғат ерекшеліктері

Бұрынғы қорықтардың негізінде ұйымдастырылған биосфералық қорықтар

Табиғи объектілер:

кешенді зоологиялық ботаникалық геологиялық

Ғылыми, тарихи маңызына байланысты республикалық мәні бар табиғат және жергілікті ескерткіштер

5-тапсырма. Мәтінді түсініп, төменде берілген кесте негізінде тезистік жоспар құрып жазыңыздар. Сол жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіздер. Осы көлдердің қандай емдік қасиеттері барын айтыңыздар.

Бурабай, Зайсан, Алакөл сияқты Қазақстанның атақты көлдері

Қазақстанның табиғаты мейлінше алуан түрлі әрі әдемі екенін айтып өттік. Астана мен Көкшетау қалаларының арасында атақты Бурабай көлі жатыр. Оның жағасында ХVІІ ғасырдың ортасында Абылай ханның ордасы тұрса, кейінірек азаттық сүйгіш атақты сұлтан Кенесары осында қоныс тепті. Бурабай ауасының жанға жайлы, дертке дауа екендігін адамдар ежелден-ақ байқаған. Адамдар осы жерге келіп, әртүрлі науқастардан, соның ішінде өкпе ауруларынан да сауығып кетіп отырған. Бурабайдағы алғашқы санаторий 1910жылы ашылды. Сауықтыру орны бейнеленген фотосурет 1938 жылы Нью-Йоркте өткен бүкіл дүниежүзілік көрмеге қойылған. Сол кезден бастап, «Қазақстан Швейцариясын» әлем таныды. Бурабайға дем алып, емделіп қайту үшін түпкір-түпкірден келеді десек, артық емес. Солтүстік Қазақстанның континентті климатын Бурабайдың ну қарағайлы ормандары мен әдемі көлдері едәуір жұмсарта түседі. Бурабай ормандары 2,4 градусқа жылырақ. Метеорологтардың бақылауынша, далалы жерлерге қарағанда мұнда жауын-шашын 1,5 есе көп түседі екен. Жаздыгүні нөсер көп болғанымен, тұман түсе қоймайды. Бұл жердің орман-тоғайы желден жақсы ықтасын. Бір жылдағы күн түсетін күндердің жалпы саны Кисловодскі курортынан асып түседі. Ал ауаның иондалуы басқа биік таулы сауықтыру орындарына қарағанда жоғары. Бурабай өзінің емдік қымызымен де жұртшылыққа белгілі. Қымыздың құрамында спирт, сүт қышқылы және толып жатқан витаминдер болады. Ол ерекше пайдалы сусын. Жеке батыр тауынан теріскейге қарай Майбалық көлі орналасқан. Ондағы минералдық судың құрамы Есентуки минералды суына жақын. Бурабайдың санаторийларында бұл суды әртүрлі сырқаттарды емдеу үшін пайдаланады. Балпашсор атты дала көлінен ғалымдар тиімді емдеу балшықтарының ірі қорын тапты. Жергілікті балшықтар полиартрит, құяң сияқты сырқаттарды емдеу үшін пайдаланылуда.

Қазақстанның шығыс өлкелері Алтай, Тарбағатай тауларына, Зайсаң мен Алакөл көлдеріне тіреледі. Олар да өз қасиеттерімен белгілі. Жоңғарлармен соғыста жараланған қазақ жауынгері осы көлдерге жетіп жығылсам деп көксейді екен. Алакөлдің емдік суы жаралы жанды аз уақытта аяғынан тұрғызып жіберген. Зайсан көлінің маңайында терек, тораңғы тұқымдасқа жататын үшінші кезеңнің сирек кездесетін тоғайлары бар. Ал Тарбағатай баурайлары мен Айғұрқым құмдарына өсетін шырғанақ емдік бұталары тығыз. Осынау тамаша жерлердің табиғатын сақтау үшін мемлекеттің қорғауындағы Марқакөл, Батыс Алтай, Алакөл қорықтары, 13 мемлекеттік зоология және ботаника заказниктері құрылған. Жуырда тағы да Себе және Қатонқарағай екі ұлттық табиғат паркі ұйымдастырғалы отыр. Алтай тауларының 1,5 мың метр биіктігінде Рахманов қайнарының бұлағы орналасқан. Бұл бұлаққа аңдар да, адамдар да келіп, емделіп тұрады. Рахманов деген аңшы бір күні жаралы маралдың ізіне түсіпті. Аң бұлаққа дейін жетіп, ортасына тұра қалған екен. Ал ол судан шыққан кезде денесінде жара орны байқалмаған. Сонда аңшының өзі де суға түсіп, ревматизм болған тізесін емдеп, үйіне аман-сау қайтқан екен. Қазір мұнда тірек-қозғалыс аппараты ауруларын емдейді. Бір таңқаларлығы Рахман қайнарлары жыл бойы ыстық болғанмен, оның барып құйылатын көлінің суы мұп-мұздай. Осынау ерекше құбылысты түсіндіру қиын. Осы маңайда Қазақстандағы ең биік сарқырама, биіктігі 40 м жететін үлкен Көккөл сарқырамасы күркіреп жатады.

(«Менің елім – Қазақстан» кітабынан)

6- тапсырма. Кестемен жұмыс.

Бөлімнің атауы

Тірек сөздер

Тезистік жоспар

(Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді жазу)

I

II

III

7-тапсырма. Сөздердің орын тәртібін дұрыс қойып, сөйлемдерді жазып алыңыздар.

1. Әдемі, әрі, алуан, түрлі, табиғаты, Қазақстанның.

2. Түпкір-түпкірден, дем алуға, емделіп, қайту, үшін, Бурабайға, келеді, адамдар.

3. Жұртшылыққа, белгілі, емдік, Бурабай, өзінің, қымызымен.

4. 13 мемлекеттік, Қазақстанда, құрылған, зоология, және, ботаника, заказниктері.

8-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]