Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Қазақстанның табиғат жағдайы

1. Қазақстанның табиғат жағдайы әр алуан. Онда гүлденген жазиралы алқап, шексіз-шетсіз дала да, құнарлы жерлер де, шөл мен сортақ жерлер де, жасыл шалғын тау бөктерлері де қу тақыр да кездеседі.

2. Республиканың солтүстігіндегі ең шеткі нүктелері Мәскеу жатқан ендікте, ал оңтүстігіндегі ең шеткі нүктелері Мадрид, Ыстамбул және Баку жатқан ендікте орналасқан.

3. Оңтүстік аудандарда өрік гүлдеп, тұқым себу аяқталып жатса, солтүстігінде әлі аяз өз күшінде тұрады.

Гүлденген не?-дала, қала, ауыл, өлке

Шетсіз-шексіз не? сортаң (не?)

Солтүстігіндегі нүкте, оңтүстігіндегі нүкте

Не? кім? өз күшінде тұру? Уәде өз күшінде тұрады.

3-тапсырма. Төмендегі тезистердің мазмұнын кеңейтіп мазмұндаңыздар.

1. Қазақстанның табиғаты әр алуан

2. Қазақстан табиғатындағы қарама-қарсылықтар.

3. Қазақстанның георафиялық орналасуы.

4-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыздар.

Әлия Францияға іссапармен барды. Француз әріптестері Әлиядан Қазақстан туралы сұрады. Әлияның толық әрі қызық жауап беруіне көмектесіңдер.

Сұрақ: Қазақстан қайда орналасқан?

Әлия:---------------------------------------

Сұрақ: Қазақстанның табиғаты қандай?

Әлия: --------------------------------------

Сұрақ: Қазақстан халқы мұсылман ба?

Әлия: --------------------------------------

Сұрақ: Қазақтар көшпелі халық дейді. Олар әлі көшіп жүре ме?

Әлия: --------------------------------------

Сұрақ:Кең, шөл далада қалай өмір сүреді?

Әлия:---------------------------------------

Сұрақ:Қазақстанда орыс тіліне қысым жасалады деген рас па?

Әлия: --------------------------------------

Сұрақ: Қазақстанның қай бөлігінде халық көп тұрады?

Әлия: --------------------------------------

5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Әңгімені қандай сөйлеммен қорытындылауға болады.

Көктем мінезі

Жаңа ғана аспан шайдай ашық еді. Қайдан келгені белгісіз, аспанды бұлт торлап, жел соқты. Бір кезде шатыр-шұтыр найзағай ойнап, артынша нөсер төпеп берді. Шай қайнатым уақыт өтті ме, өтпеді ме, әлгі түнерген бұлттар жөңкіп ала жөнелді. Біраздан кейін тез күн ашылып сала берді.

6-тапсырма. Сөздерді есте сақтаңыздар.

Сөздер

синонимдер

Антонимдер

Орыс тілінде

Шайдай ашық

қайдан келгені белгісіз

Нөсер төпеу

Шай қайнатым уақыт

Бұлт торлау

Бұлтсыз

Күтпеген жағдай

Жауын құю

Лезде

Бұлт қаптау

7-тапсырма. Мәтінді толықтырыңыз. Қай жыл мезгілі екендігін анықтаңыз.

1.Күн ашық болғанымен қызуы солғын. Құс қайтуы аяқталды. Аңдар ұйқыға жатты. Қазақстанның солтүстігінде қыстың ызғары----------. Шөпті қар----------.

2. Дала қаңырап бос қалғандай қиыршық қар жауады, боран соғады. Маялар ақ тонға-------- , қар астында қалды. Шыршалар ақ мамыққа -----------.

3. Таңертеңгі шұғыла шығыс көкжиекте нұрға бөленді. Ең қысқа түн осы айда. Нөсер де құйып өте шығады. Бау-бақшада шие мен құлпынай жемісі... .

4. Ағаш біткен бүрлеп, жасыл желекке, жер беті көкорай шалғынға ------------. Қазақстанның оңтүстік өңірінде алма, өрік ---------. Қарлығаштар зуылдай -------.

8-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыздар.

Сөздер

Синонимдер

антонимдер

Орыс тілінде

Көкорай шалғын

Тау бөктері

Сортаң

Ала тау

Алқап

Жасыл желек

Шөл

9-тапсырма. Әр жыл мезгіліне қарай кестені қажетті сөздермен толықтырыңыздар.

Қыс

Көктем

жаз

Күз

Аспан

Жер күн

Ауа райы

10-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын анықтаңыздар.

Мағынасы

Аудармасы

Соны қар

Қиыршықтар

Ұлпа қар

Мамық қар

Көздің жауын алу

11-тапсырма. Қарама-қарсы мазмұнды сөйлемдер құрыңыздар.

Жаңбыр сіркіреп жауып тұр. Аспан шайдай ашылды. Айналаң құлпырып тұрса, қалай қуанбайсың. Күз-жыл мезгілдерінің ең әдемісі. Қыс ешқашан бітпесе екен деймін.

12-тапсырма.Сын есімнің сапалық және меншіктік тұлғаларын анықтаңыз. Әңгіме құрастырыңыз.

Әдемі қыз, қалың кітап, біздің досымыз, кітап сөрелерінің, кең кітапхана, үлкен ғимарат, оқырманның ықыласы.

Ескерту: Әр тапсырма үшін 30 балл. Тапсырма саны -10

Үй тапсырмасы (100 балл)

13-тапсырма. “Менің елім” тақырыбына шығарма жазыңыздар.

14-тапсырма. Сарамен сұхбаттасыңыздар.

Сара: саған қай жыл мезгілі ұнайды?

Сен: ---------------------

Сара: неге ұнайды?

Сен: --------------------

Сара: Саған жаңбырлы күн ұнай ма?

Сен. -------------------

Сара: Жаңбыр адамның өз ойымен болуына, оңашалануына мүмкіндік беретін сияқты. Сен келісесің бе?

Сен: -------------------

Сара: Маған қар жауғанда далада жүрген ұнайды. Ал саған ше?

Сен: ------------------

Сара: Бірақ мен жайма шуақ көктемнің күнін ұнатамын.

Сен: ------------------

15-тапсырма. Етістікті қатыстырып сөйлем құраңыздар. Оның жасалу жолына, құрамына талдау жасаңыз.

Блиц-тест

1. Жұрнақтың неше түрі бар?

а) 3 б) 4 с) 7 д) 9 е) 2

2.Синонимдік қатарды көрсетіңіз:

а) егде, жасамыс, қария б) мүгедек, жас, кәрі с) барлық, түгел, ерін

д) сұлу, әдемі, ең е) көркем, керемет, мүлдем

3.Антонимдік жұпты көрсетіңіз:

а) еңбеккүн- айлық б) биік- аласа с) бай- көп д) үскірік-ызғырық е) өрім-өрім

4.Сөздердегі жалпы есімді табыңыз:

а) «Ақтас» б) Балқаш с) «Береке» совхозы д) оқулық е) Қапшағай

5.Көмекші есімді көрсетіңіз

а) ертең б) бөлім с) жауын д) үшін е) қасы

6.У әріпінің жуан түрін анықтаңыз

а) әктеу б) бөлдіру с) жазу д) тігу е)керу

7.Қатаң «п», «ф» дауыссыздардың ұяң қатарын көрсетіңіз.

а) б,в б) к,х с) х,ң д) х,с е) й,х

8.Тура мағынада жұмсалып тұрған сөзді көрсетіңіз

а) жапырақ нан б) көңілі ашық с) адамның мойны д) терең ой е) жер бесік

9. Жұрнақ жалғанған сөзді көрсетіңіз

а) жіңішке б) жуан с) ашық д) езулік е) қысаң

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанның табиғат жағдайы туралы не білесіз?

  2. «Жазиралы алқап» сөзінің мағынасын қалай түсінесіз?

  3. Қазақстанның географиялық орналасуы қалай?

  4. Жұрнақ дегеніміз не?

  5. Сөз тудырушы жұрнақ дегеніміз не?

  6. Жұрнақ нешеге бөлінеді?

  7. Синоним сөздер дегеніміз не?

Глоссарий

  1. Жұрнақ дегеніміз сөзге жаңа мағына беретін қосымша

  2. Заттың көлемін, аумағын, түрін, түсін, сапасын, иісін, дәмін білдіретін сөздер сын есімдер деп аталады.

  3. Мағыналары өзара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.

Әдебиеттер:

  1. Ерназарова З.Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2005.

  2. Исаев С. Қазақ тілі, А, 1993

  3. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы), А. «Әділет» , 1998, (288б),

  4. Қазақ тілі пәні бойынша сабақтардың әдістемелік әзірлемесі. Ақтөбе, 2003

  5. Ақтанов К., Айғабылов А. Қазақ тілі А., 1989.

10-12 сабақ: Табиғат. Жер – Ананы аяла. Сөз таптары. Зат есім, грамматикалық категориялары. Көмекші есімдер

Сабақ мақсаты: Қазақ тіліндегі сөз таптарымен таныстыру, қайталау.

Табиғатқа қатысты жаңа сөздер мен мақал-мәтелдерді, граматикалық тақырыпты меңгерту, сөздік қорын молайту.

Материалдар мен құралдар: жинақталған көрнекі құралдар топтамасы, бақылау сұрақтары, блиц-тест, глоссарий.

Жұмыс мазмұны мен орындау тәртібі:

1-тапсырма. Мәтінді түсініп, өз пікірлеріңді айтуға дайындалыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]