Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

1. Нарықты экономиканың ауытқымалы циклді түрде дамуы

Нарықтық экономикаға тән құбылыс - бұл циклді даму. Циклді даму нарықтық экономика кезіндегі ұлттық және әлемдік шаруашылық қөзғалысының ортақ пішіні. Ол ұлттық экономиканың әр түрлі әлементтерінің біркелкі қызмет істемейтінін көрсетеді, оның революциялық және эволюциялық даму сатыларының, экономикалық прогрестің ауысуын бейнелейді.

Цикл деп өндірістің өсуінің мерзімдік ауытқуын айтады.

Экономикалық дамудың циклдік сипатын тусіну үшін мынадай жағдайларды қарастыру керек.

Біріншіден, барлық экономикалық циклдардың құрылымы, жүйесі бірдей, бірақ, әрбір келесі цикл, алдыңғы циклдің қайталауы болмайды, дөңгеленіп жүрмейді, спираль сияқты жүзеге асады. Циклдік прогрессивті пішінде дамиды.

Екіншіден, цикл фазаларының жиынтығы спиральдік тізілуін құрайтын сияқты, экономикалық өсуді көрсетеді.

Үшіншіден, бір уақытта экономикада бір-біріне байланысты көптеген кезеңдер іске асырылып отырады.

Төртіншіден, осы кезеңдердің байланыстылығы экономикалық

процестердің толқынды қөзғалысын, жетістіктерін немесе динамикалық тепе-теңдігін анықтайды.

Экономикалық циклдар - бұл қоғамдағы оның белеенді құрамы - қоғамдық өндірістің дүркін-дүркін ауытқуы. Цикл - бұл нарықтық тауар және қызмет көлемінің өсуі, содан кейін Әрбір циклдің өзіне тән фазасы, өзінің ұзақтығы бар. Фазалардың сипаттамасы: олар өздерінің нақты көрсеткіштерін эсте қайталамайды. Әрбір нақтылы циклда, фазада ұқсастық болмайды. Оларды тарихи көзқараспен қарасақ та, кеңістіктік, аймақтық көзқараспен қарасақ та олар ерекше таңқаларлық құбылыс.

Циклдік даму - бұл кем дегенде ұлттық экономиканың деңгейінде бір макроэкономикалық теңсалмаққа қарай қөзғалысы. Нақтылап айтқанда, бұл нарықтық экономиканың, оның ішінде, салалық жүйенің өзін-өзі реттеу тәсілдерінің бірі болып есептелінеді. Сонымен қатар, циклді даму ұлттық экономикаға және әлемдік экономикаға мемлекеттік реттеу жүргізу әрекетіне өте сезімтал болады.

Экономикалық теория экономикалық циклдің мынадай төрт фазаларын анықтайды: дағдарыс, депрессия (қүлдырау, күйзелу) жандану, өсу (көтерілу).

Нарықтық экономика дамуының шеткі нүктесі экономикалық өсу (бум) және дағдарыс. Экономикалық өсу жанданудан басталады, нәтижесінде шаруашылықтардың жаңа келісімдері пайда болады. Біртіндеп жұмыс күшіне сұраныс өседі, осыған байланысты жұмыссыздық азаяды. Содан кейін таза осу басталады, яғни, тауар және қызмет көрсетудің көлемі ұдайы өсуде болады. Бұл өсудің ең жоғарғы нүктесі бум деп аталады. Бұл уақытта экономикада жұмыспен толық қамтылады, ал өндірістің қуаты жоғары деңгейде жұмыс істейдІ. Бұл кезеңде өндірістің нақты көлемі ең жоғарғы максимальдік нүктесіне көтеріледі. Тиісінше баға да көтеріледі. Өндіріс ресурстармен толық қамтамасыз етіліп, жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі ең жоғарғы нүктесіне жетіп, тоқталу, қөзғалыссыз қалу процесіне тап болады.

Дағдарыс - өндірістің кілт қүлдырауымен сипатталады. Бұл қүлдырау өнім өндірудің ақырындап қысқаруынан басталады. Дағдарыстың белгілі бір тауарға, болмаса шаруашылық саласына сұраныс пен үхыныстың бұзылуынан айырмашылығы сол, дағдарыстың пайда болуы өнімді артық өндіру сипатында осыған байланысты бағаның күрт төмендеуі, банктердің банкротқа сол тауарлардың төмендеуі, қүлдырауы, жандануы, ақырында қайта өсуінің қарқыны.

Өндіріс циклі - толығымен орындалуының нәтижесінде дайын өнім шығаратын жұмыс айналымы.

Өнеркәсіп циклі - капиталисте елдерде бір дағдарыстан екінші дағдарысқа дейінгі дәуір, кезең. үшырауы, кәсіпорындар (фирмалар) жұмысының тоқтауы, жұмыс-сыздық пен пайыздың өсуі. Өндірілетін өнімнің жылдан-жылға төмендеуінің жоғары қарқыны нарықтық экономиканың құлдырауын сипаттайды. Мұндай құлдыраудың ең төменгі нүктесін дағдарыс деп атайды.

Экономикалык дағдарыс тек төменгі нүктені көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, экономикалық дамуға импульс беру, өндірісті ынталандыру қызметін атқарады. Дағдарыс кезеңінде өндіріс шығындарын азайту, пайданы молайту, жаңа техникалық, технологиялық негізінде жұмыс істеп- тұрған капиталды жаңарту мәселелерін шешуге қөзғаушы мотивтер пайда болады. Дағдарыс процесімен өткен даму кезеңі аяқталып, келесі кезең басталады. Дағдарыс нарықтық шаруашылық жүйесінің өзін-өзі реттейтін механизмінің маңызды әлементі ретінде қызмет істейді.

Дағдарыс кезеңінен кейін депрессия кезеңі басталады. Ол нарықтық экономиканың тоқырау жағдайын бейнелейді, азық-түлік тауарларына сұраныстың азаюын, жаппай жұмыссыздықты, халықтың өмір сүруінің төмендеуін сипаттайды. Бұл кезеңде шаруашылықтарда экономиканың жаңа жағдайлары мен талаптарына бейімделу процесі жүреді.

Келесі фаза - жандану. Жандану өндірісті оның дағдарыс алдындағы деңгейіне жеткізеді. Тауар қорларының мөлшері нарықты үздіксіз қамтамасыз ету дәрежесіне жетеді. Төлем қабілеті бар сұраныстың жандануы арқылы бағалардың өсуі басталады, жұмыссыздар саны қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өсіп, пайыз мөлшерлемесі ұлғаяды. Бұл кезде жандануға сұраныс пен ұсынысты көтермелейтін жұмысбастылық пен табыстардың өсуі қоса дамиды. Сұраныс пен ұсынысқа ынталандыру, яғни, кезекті серпініске (бумға) немесе шыңдап өсу процесі жүреді.

Ең соңынан көтерілу фазасы өмірге келеді (ағылшын тілінде -бум). Ол кезде тауарды өндіру мөлшері дағдарыс алдындағы деңгейден асады. Осыган байланысты жұмыссыздық қысқарады. Толем қабілеті бар сұраныстың өсуіне байланысты тауарлардың бағасы өседі. Өндірісте пайда мөлшері жоғарылайды. Несиелік қаржыларға сұраныс өсіп, тиісінше банк пайызының нормасы өседі.

Капиталистік елдердегі экономикалық дағдарыс артық өндіру процесімен байланыста болады.

Артық өндірудің экономикалық дағдарысы бірінші рет 1825 жылы Англияда орын алды. Сонан кейін шаруашылықтың циклді -толқын тәрізді дамуы барлық капиталистік елдерді қамтиды. XIX ғасырдың және XX ғасырдың бірінші жартысында дағдарыстар 10-12 жылда қайталанып отырды.

Артық өндірудегі экономикалық дағдарыстың екі жағы бар. Олардың біріншісі бұзатын күшке ие. Оның халық шаруашылығын-дағы қальшты емес тепе-теңдіктерді бұзуы ығыстырумен байланысты.

Екіншісі, салауаттандыратын даму күшіне ие. Ол күштің болуы -міндетті заңдылық, өйткені, күйзеліс, дағдарыс кезіндегі бағалардың төмендеуі өндірісті тиімсіз, пайдасыз етеді. Кәсіпорындар (фирмалар) пайда алудың орнына зиян шегеді. Өндірісті әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі болмайды. Бұл қиындыктан шығудың бірден-бір жолы негізгі капиталдың жаңалануы, жақсаруы, үқыпты, тиімді пайдаланылуы болып табылады. Бұл өндірілген енімді арзандатуга, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Оны жеткілікті дәрежеде тиімді де пайдалы етіп, өндірістің жана да жоғары сатыларына өтуге қолайлы жағдайлар жасайды.

Нарықтық экономиканың циклді дамуы капиталисте қоғамның барлық тарихына тән құбылыс. Бірінші, эсіресе, белгілі дағдарыс 1825 жылы Англияда болды, содан кейінгі дағдарыс 1836 жылы Англия мен АҚШ-та, 1841 жылы және 1847 жылы АҚШ-та болды. Бірінші дүниежүзілік дағдарыс 1857 жылы болған, одан кейінгі дагдарыстар 1873, 1882, 1890 жылдары болды. Барынша күйзелісті дағдарыс 1900-1991 жылдары өтті. Ол АҚШ пен Ресейде бір уақытта өтіп, ең алдымен, металлургиялық онеркәсіпте елеулі әсер тигізді. Дүниежүзілік дағдарыс 1923-1933 жылдары өтті. Бұл дағдарыстың басқа дағдарыстардан ерекшелігі:

•Дүниежүзілік дағдарыс бұрын-соңды өткен дағдарыстардан етек жаяды, экономиканың барлық салаларын қамтиды.

•Дүниежүзілік дағдарыстың зардабы осы күнге дейін зерттелуде (28

қыркүйек 1929 жылы тарихта дүниежүзілік экономиканың «қараңғы дүйсенбісі» деген атпен қалды). Бұл кезеңді Гүүржи: Уолл Стриттағы құнды қағаздардың апаттық құлауы және «ұлы» депрессияның басталу кезеңі деп атады.

Барлық циклдар немесе кез келген циклдар бір-біріне үқсас емес, әрқайсысының өзіне тән арнайы ерекшеліктері, қиысуы бар. Әрбір дағдарыс күтпеген жерден шығады және белгілі бір жеткілікті айрықша жағдайлармен пайда болады. Дағдарыстар аралығындағы кезеңдер теңіздегі ауа райы сияқты толқындардың жекелеген, кіші және аралық құлдырауы түрінде болуы мүмкін, бұл экономикалық дағдарыстардың әр түрлі типтері туралы айтуға негіз болады.

Экономикалық ғылым шаруашылық тәжірибені талдау негізінде оның дамуының бүкіл тарихында толқындар деп аталатын экономикалық циклдардың бірнеше типтерін бөліп қарайды. Оларға кәдімгідей осы мәселені арнайы зерттеуге өмірін арнаған ғалымдардың есімдері берілген. Ең белгілілері Н.Д. Кондратьев циклдары (18-25ж.), яғни, «орта толқындар», К. Жугляр циклдары (10 жьгл) және Дж. Китченнің «қысқа» циклдары (2 жыл 4 ай).ұзын толқындар теориясын 1997 жылы эзірлеген X. Кларк есімді ғалым болды, ол 1793 және 1847 жылдары дағдарыстар 54 жыл аралығындағы ажырауға назар аудара отырып, осы ажыраудың кездейсоқ емес екенін анықтайды. Голландия ғалымдары Л.Гереден және С.Вольф ецбектерінде көруге болады. Экономикалық кризис теориясына К.Маркстің де қосқан үлесі зор. К. Маркстің зерттеген қысқа циклдары кезеңді циклдар немесе артық өндіру кризисі деп аталды. Циклдің теорияларын зерттеуде ерекше орын орыс ғалымы Н.Д. Кондратьевке тиесілі. Оның зерттеуі XVIII ғасырдың аяғынан бастап (1790 ж.) сауданың орташа деңгейі, көмірді өндіру және тұтыну, шойын мен қорғасынды өндіру туралы болды. 100-150 жылдар кезеңіндегі Англияның, Францияның және АҚШ-тың дамуын қамтиды, яғни, ол экономика-лык өсудің көп факторлы талдауын жасады.