Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

4. Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама

Ұлттық экономиканың қалыптасу нәтижелерін талдау, бағалау үшін теорияда және шаруашылық тәжірибесінде әр түрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады.

Бірқатар мұндай көрсеткіштер ұлттық өндірістің жалпы көлемінің шамасын бағалау үшін қолданылады. Оларға жалпы коғамдық өнімді (ЖҚӨ), соңғы, түпкілікті қоғамдық өнімді (СҚӨ), таза қоғамдық өнімді (ТҚӨ), таза ұлттық өнімді (ТҰӨ), жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ), ұлттық табысты (ҰТ), жеке табысты (ЖТ), аралық өнімді (АӨ) жатқызуға болады.

Экономикалық теорияда және шетелдік статистикада жылдық өндірістің соңғы (ақырғы) нәтижесін сипаттау үшін ұлттық шоттар жүйесі (УШЖ) негізінде есептелген көрсеткіштер қолданылады. Бұұ-ның статистикалық комиссиялары жасап шығарған ұлттық есептің стандартты жүйесі 1953 жылдан бастап әлемдік тәжірибеде қолданылуда. Қазіргі уақытта ұлттық шоттар жүйесі 150-ден астам елде қолданылады. ұлттық шоттар жүйесі сонымен қатар, макроэкономикалық процестерді талдау мен бағалау, макроэкономиканың өзара байланыстық көрсеткіштер жүйесін зерттеу үшін қолданылады.ұлттық шоттар жүйесінде барлық төленген тауарлар мен қызмет көрсетулер ескеріледі.

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын Ұлттық шоттар жүйесі 1993 жылы ҰШЖ тұжырымдамаларына негізделген. Ол нарықтық қатынастың өтпелі кезеңінде тұрған ел экономикасын ұйымдастыру мен жұмыс істеуінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып құрылған.

Ұлттық шоттар жүйесі экономика салаларының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатылары бойынша дамуы жинақтап қорытылған көрсеткіштерді есептеп шығаруға және осы көрсеткіш-тердің бір-бірімен өзара үйлесуіне саяды. Ұдайы өндірістің әрбір сатысына арнаулы шот немесе шоттар тобы сәйкес келеді. Осылайша, өндірілген тауарлар мен қызметтер құнының қөзғалысын, сондай-ақ, өндіруден пайдалануға дейінгі қосылған құнды бақылап отыру мүмкіндігі бар.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 1990-2004 жылдардың өндіріс шоттарын, табыстың құрылуын, заттай табысты бастапқы, қайталама бөлуді және қайта бөлуді, табысты пайдаланудың, капитал мен операциялардың және тауарлар мен қызметтер шоттарын есептеу жүзеге асырылған.

Тауарлар мен қызметтер шоты өзіндік жиынтық кесте болып табылады. Ол басқа да барлық шоттар сияқты екі бөліктен түрады: «ресурстар» бөлігінде тауарлар мен қызметтердің шығарылымы және импорты, өнімдерге және импортқа салынған салықтар, өнімдерге арналған демеуқаржылар, ал «пайдалану» бөлігінде -тұтынуға (аралық және түпкілікті) арналған тауарлар мен кызметтердің пайдалану көлемі, экспорт көрсетіледі.

Өндіріс шоты тікелей өндіру процесіне қатысты операцияларды қамтып көрсетеді. Бұл шотта экономика дамуының жинақтап қорытындалған аса маңызды көрсеткіштерін - жалпы ішкі өнімді есептеп шығарудың негізін құрайтын қосылған құн анықталады.

Шығарылым есепті кезеңде экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтық құнын көрсетеді.

Тауар өндіруге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы, құрылыс сияқты салалар кіреді.

Қызмет өндіруге көлік, байланыс, сауда, мэдениет, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, банк қызметі және т.б. қызметтер жатады.

Аралық тұтыну есепті кезеңде өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей

тұтынылатын тауарлар мен қызметтер құнына тең. Негізгі капиталды тұтыну аралық тұтыну құрамынна кірмейді.

Аралық тұтыну құрамына қаржы делдалдығының (банктердің) жанама-өлшемді қызметін тұтыну жеке жайғасым болып енеді.

Жалпы қосылған құн салалар деңгейінде тауарлар және қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылады. «Жалпы» термині өндіріс процесінде тұтынылған негізгі капиталдың құны көрсеткішке қосылатындығын көрсетеді.

Өнімдерге салынған салықтарға мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты салықтар кіреді. Өнімдерге салынатын салықтарға қосылған құн салығы, акциздер, отынға салынатын салық және басқалары кіреді. Импортқа салынатын салықтар - бұл шетелдерден әкелінетін тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар.

Демеуқаржылар - кәсіпорындарға, олар тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін өндірген жағдайда мемлекеттік бюджеттен берілетін ағымдағы өтеусіз төлемдер.

Жалпы ішкі өнім өндіріс сатысында жалпы қосылған құнды салалар бойынша жинақтау жолымен алынады. Жалпы ішкі өнім нарық бағасы бойынша есептеп шығарылады, яғни, өзіне өнімдерге және импортқа салынған таза салықтарды қосады. «Таза» термині салықтың тиісті демеуқаржылардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді. Бұл - елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі.

Табыстардың құралу шоты институционалдық бірліктердің -тауар мен қызмет өндіруге тікелей қатысатын резиденттердің бастапқы табыстарын төлеуді көрсетеді.

Институционалдық бірлік, егер ел аумағында оның экономикалық мүдделер орталығы болса, яғни, ол бір жылға теңестірілетін ұзақ уақыт кезеңі ішінде экономикалық қызметтің немесе операциялардың қандай да бір түрімен айналысса немесе айналысуды ойласа, ел экономикасының резиденті болып саналады.

Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жұмыс берушінің қызметкерлерге олардың орындаған жұмысына ақшалай немесе заттай нысанда төлеген анықталады. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу есептелген сома негізінде есепке алынады және оған әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, табысқа салынатын салықтар сомасы мен қызметкерлердің төлеуге жататын, тіпті олар шын мәнісінде әкімшілік мүдделер немесе өзге де себептер бойынша үсталып және қызметкердің атынан тікелей әлеуметтік сақтандыру органдарына, салық қызметтеріне және т.б. төленетін басқа да төлемдер кіреді.

Өндіріске салынатын басқа да салықтар өнімге салынатын салықтан басқа, өндіруші бірліктердің өндіруге немесе өндіру факторларын пайдалануына байланысты оларға салынатын барлық салықтан тұрады. Мұндай салықтардың мөлшері өндірістің көлемі мен пайдалылығына тікелей байланысты емес.

Олар сол сияқты институционалдық бірліктерде алынатын пайдаға немесе өзге де табыстарға салынатын кез келген салықтарды қоспайды. Өндіріске салынатын басқа да салықтарға жататындар: табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін салықтар (экологиялық салық), жер ушін төлем (жер салығы), патенттер үшін төлем, мемлекеттік баж және алымдар, кәсіпорындар мен ұйымдардан алынатын жылжымайтын мүлікке салынатын салық.

Экономиканың жалпы (таза) пайдасы қосылған құнның қызметкерлерге еңбекақы төлеуге байланысты шығындарды шегергеннен кейін өндірушілерге де қалатын бөлігі. «Жалпы» немесе «таза» термині бұл жағдайда осы көрсеткіш өндіріс процесінде негізгі капиталды тұтынуды қоса ма немесе қоспай ма, соны көрсетеді.

Үй шаруашылықтарының меншігінде тұрған кәсіпорындардың өндірістік қызметінің нәтижесінде құралатын пайда жалпы аралас пайда деп аталады, өйткені ол кәсіпорынның меншік иесі орындаған жұмысқа ақы төлеуді де, сол сияқты кәсіпкерліктен түскен пайданы да көрсетеді.

Негізгі капиталды тұтыну негізгі капитал құнының есепті кезең ішінде оның табиғи төзуы мен сапалық төзуының және кездейсоқ бүлінуінің нәтижесінде азаюын көрсетеді.

Бастапқы табысты бөлу шоты резиденттер арасындағы (институтционалдық бірліктер немесе секторлар) өндірістік қызмет пен меншіктен алынған бастапқы табысты бөлуді сипаттайды.

Меншіктен түскен табысқа институционалдық бірліктердің қаржы активтерін, жерді және басқа қаржыға жатпайтын активтерді (жер қойнауы және басқа табиғи активтер, патенттер, лицензиялар және т.б.) пайдалануға беруіне байланысты алынатын немесе төленетін табыстары кіреді.

Бастапқы табыстар сальдосы институционалдық бірліктердің -резиденттердің меншіктен өндіріске қатысуының нәтижесінде құралатын табысты сипаттайды. Олар бірліктер-резиденттер алған және төлеген барлық бастапқы табыстардың арасындағы айырма ретінде анықталады. Жалпы негізде анықталған, яғни, негізгі капиталды тұтынуды шегергендегі бастапқы табыстар сальдосы таза ұлттық табысқа тең.

Табысты қайталама бөлу шоты ағымдағы трансферттердің түсуі және табысталуы нәтижесінде секторлардың бастапқы табыс сальдосының қолдағы табысқа айналуын көрсетеді.

Трансферт бір институционалдық бірліктің екінші бірлікке тауар орнына қызмет немесе актив (қаржылық немесе қаржыға жатпайтын) беру операциясы. Трансферт ағымдағы және күрделі деп бөлінеді. Олар ақшалай және заттай нысанда жүргізілуі мүмкін.

Ағымдағы трансферттің мынадай негізгі түрлері бар: табысқа, байлықка, және т.б. салынатын ағымдағы салықтар, әлеуметтік сақтандыруға аударым, әлеуметтік жәрдемақылар, капиталдық сипаты жоқ ерікті жарналар мен сыйлықтар, айыппұлдар және т.б.

Институционалдық бірліктің түпкілікті тұтыну және жинақтау үшін қолда бар табысын қолдағы табыс деп санайды. Ол бастапқы табыстан минус - ағымдағы трансферт ретінде берілген табыс, плюс - алынған ағымдағы трансферт салдосына тең. Барлық институционалдық бірлік резиденттердің қолдағы табыстарының сомасы, жалпы ұлттық қолдағы табысқа тең.

Пайдалану сатысындағы жалпы ішкі өнім тауарлар мен қызметті түпкілікті пайдалану, жалпы қордалану және таза (импортты шегергендегі) экспорт сомасы ретінде есептеп шығарады.

Қолдағы табысты пайдалану шоты үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін үй шаруашылықтары, мемлекеттік мекемелер және коммерциялық емес ұйымдар (ҮШҚКЕҰ) өздерінің қолда бар табысын түпкілікті тұтынуға жұмсалған шығыстар мен жинақтау арасында қалай бөлетіндігін көрсетеді.

Түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстар үй шаруашылықтарының

түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстарынан, сондай-ақ, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететш коммерциялық емес ұйымдардың түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстарынан құралады.

Мұндай топтастыру түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстарды кімнің қаржыландыратынын көрсетеді.

Үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстарына үй шаруашылықтарының барлық сауда кәсіпорындарынан, қала базарларынан және ұйымдаспаған (көшедегі) сауда арқылы, түрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарынан, көлік, байланыс кәсіпорындарынан, қонақ үйлері, ақылы мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінен тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ, өзі үшін өндірілген (жекеше қосалқы шаруашылығының ауылшаруашылық өнімдері, жеке меншік үйінде түруы бойынша шартты есептелген қызметтер) және еңбекақы ретінде заттай нысанда алынған тауарлар мен қызметтерді тұтынуға жұмсалатын шығыстар жатады.

Мемлекеттік мекемелердің дербес тауарлар мен қызметтерге түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстары мемлекеттік мекемелердің жеке тұтынуға арналған тұтыну тауарлары мен қызметтерге жұмсалатын шығыстарынан түрады. Мұндай шығыстар мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлар есебінен қаржыландырылады.

Мемлекеттік мекемелердің ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстарына жекелеген үй шаруашылықтарының емес, тұтастай қоғамның немесе халықтың жекелеген топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын, мемлекеттік бюджет есебінен қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдар қызметі кіреді. Бұл көрсеткішке қорғанысқа, жалпы мемлекеттік басқаруға, жол шаруашылығына, сондай-ақ, нарықтық емес ғылымға, коммуналдық шаруашылыққа, ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін ұйымдар қызметіне жұмсалатын шығыстар қосылады.

Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстары -қоғамдық ұйымдардың үй шаруашылықтарына тегін ұсынылатын тұтыну тауарлары мен қызметтерге жұмсалатын шығыстары. Бұған тағы да білім беру, денсаулық сақтау, мэдениет саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қызметкерлеріне тегін көрсететін қызметтері қосылады.

Негізгі капиталдың жалпы қордаланымы резиденттік бірліктерінің негізгі капитал объектілеріне оларды өндірісте пайдалану жолымен болашақта жаңа табыс кұру үшін қаражат жұмсауы болып табылады.

Материалдық айналым құралдары босалқы қорының өзгеруіне өндірістік босалқы қордың, аяқталмаган құрылыстың, алып-сату үшін дайын енімдер мен тауарлардың өзгеруі кіреді.

Берілген кезең ішіндегі босалқы қор құнының өзгеруі баға ықпалын жою үшін қаралып отырған кезеңнің басы мен аяғындағы босалқы қорлар құнының арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылады.

Күрделі трансферттер активтерге (қолма-қол ақша және материалдық айналым қаражатынан басқа) меншік құқығын немесе оларды бір институционалдық бірліктен екіншісіне сатып алу үшін қаражатты өтеусіз беру болып табылады. Күрделі трансферттер әдетте, операцияга қатысушылардың активтерді сатып алуымен немесе шығуымен байланысты бір жолғы және көлемі жағынан елеулі операциялар болып табылады. Олар капиталга салынатын салықтарды, инвестициялық демеукаржыларды, өзге де күрделі трансферттерді қосады.

Таза кредит беру (+) немесе таза қарыз алу (-) қаржыға жатпайтын активтерді таза сатып алуға жұмсалған шыгыстармен салыстырганда қаржыландыру көздерінің асып түсуі немесе тапшылыгы болып табылады. Тұтастай экономика деңгейінде таза кредит беру немесе таза қарыз алу елдің «басқа әлемнің» иеленуіне беретін немесе «басқа әлемнің» елге беретін ресурстар санын көрсетеді.

Таза экспорт импорт пен экспорт арасындағы айырма ретінде есептеп шыгарылады және оған Қазақстанның шет елдермен, ТМД елдерін қоса, сауда айналымы кіреді.

Бағалау принципі. Ағымдагы бағаларды бағалау негізінен one рация ларда пайдаланылатын бағалар жүйесі бойынша жүзеге асырылады.

ЖІӨ-ні өндіру және пайдалану, өнімді өндіру немесе пайдалану жататын кезенде басым болған ағымды нарық бағаларымен бағаланады.

Экономиканың әр түрлі салаларында өндіріс құрылымы мен табыстың құралуына салықтар мен демеуқаржылардың түрлі мөлшерлемелерінің ықпалын жою үшін салалық көрсеткіштер негізгі бағалар бойынша бағалауда келтіріледі.

Негізгі баға - өндірушінің тауар мен қызметтің бірлігіне алатын, өнімге және импортқа салынатын кез келген салық қосылмаған, барлық өнімге және импортқа берілетін демеуқаржы есептелген бағасы.

Нарықтық емес тауарлар мен қызметтер нарықта өткізілетін осындай тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасын пайдаланып, егер оны белгілеу мүмкін болса немесе нарықтық баға жоқ болған жағдайда өндіруге жұмсалған шығындар бойынша бағаланады (сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдардың қызметі де осылай бағаланады).

Ағымдағы бағалардағы барлық көрсеткіштер, соның ішінде, материалдық айналым құралдары босалқы қорының өзгеруі мен негізгі капиталды тұтыну көрсеткіштері қаралып отырған кезеңдегі орташа бағаларда есептеледі.

ҰШЖ бойынша есептеулерде шығарылым, аралық тұтыну, пайда және материалдық айналым құралдарының өсуі холдинг пайдасынсыз (залалынсыз) есептеледі, ол өнімнің босалқы қорда тұрған кезеңінде оған бағаның өзгеруі нәтижесінде құралған өнім құнының шамасын көрсетеді. Инфляция жағдайында холдинг пайдасы (залалы) айтарлықтай елеулі болуы мүмкін.

Салыстырма (өткен жылғы) бағаларға қайта бағалану өндірілген жалпы ішкі өнім бойынша да, сол сияқты оны пайдалану көрсеткіштері бойынша да жүргізіледі. ЖІӨ өндірісінің көрсеткіштерін салыстырма бағаларға қайта бағалау қос дефляторлау әдісін қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл орайда салыстырма бағалардағы қосылған құнның шамасы онда бағаланған шығарылым құны мен аралық тұтыну құнының арасындағы айырма ретінде шығады.

Шығарылым мен аралық тұтынуды салыстырма бағаларға қайта бағалау екі әдісті пайдалану арқылы жүргізіледі:

  • есепті кезеңдегі деректерді тиісті баға индекстерімен ағымдағы бағаларда дефляторлау:

  • базистік жылдағы деректерді нақты көлем индекстерімен немесе заттай индикаторларымен ағымдағы бағаларда экстраполяциялау.

  • ЖІӨ-ні пайдалану көрсеткіштерін салыстырма бағаларға қайта бағалау үшін тиісті баға индекстері (тұтыну бағаларының индексі, күрделі қаржы жұмсалымы бағаларының индексі және т.б.) және заттай индикаторлар қолданылады.

  • ЖІӨ индекс-дефляторы - ағымдағы бағаларда есептелген ЖІӨ-нің көлеміне қатынасы. ЖІӨ дефляторының тауарлар мен қызметтер бағасының индексінен айырмашылығы, ол баға өзгеруінің нәтижесінде еңбекақының, пайданың (аралас табыстарды қоса) және негізгі капиталды тұтынудың, сондай-ақ, таза салықтардың атаулы жиынының өзгеруін сипаттайды.

  • Ұлттық шоттар жүйесінің мәні мен кұрылу принциптері қандай ел болмасын келесідей болады.

  • Біріншіден, бұл макродеңгейдегі ұлттық экономика дамуының өзара байланысты көрсеткіштерін талдау жүйесі.

  • Екіншіден, ұлттық шот жүйесі (ҰШЖ) халық шаруашылығы дамуындағы экономикалық үлгілерді жақсартуға, экономикалық өсу қарқынын болжауға, мемлекеттік бюджет тапшылығын немесе жеткіліктігін, салық салу жүйесін, инфляцияны реттеуге, сонымен қатар, басқа да макроэкономикалық процестерді іске асыруға, реттеуге мүмкіндік береді.

  • Үшіншіден, аталған жүйе жиынтық макроэкономикалық процестер үшін экономикалық негіз, базалық қызмет атқарады және макродеңгейге қатысы көптеген операцияларға да жағымды әсерін тигізеді.

  • Төртіншіден, ол нарықтық жағдайдағы елдегі экономикалық ресурстарды тиімді пайдалануға және оларды нақты бағалауға мүмкіндік береді.

  • Бесіншіден, бұл жүйе менщіктің әр түрлі пішіндеріне қарамастан елдегі экономиканың барлық секторына әсерін тигізеді.

  • Алтыншыдан, ол елдегі сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы әлемдік экономикадағы оның серіктестіктеріне сипаттама беруге және талдау жасауға бағытталған жұмыстарды қамтиды.

  • Жетіншіден, бұл жүйе жекелеген елдер мен экономикалық аймақтардағы өмір сүру шарттарын ескеріп, ұлттық шоттар жүргізушілік құрылымын тұрақты жетілдіру мен дамыту ретінде қолданылады.

  • Сегізіншіден, ҰШЖ БҰҰ экономикалық органдарының, оның дамуының жалпы принциптерін жасау олардың ұсыныстарының ықпалында болады. Мысалы, 1933 жылы БҰҰ көптеген елдер үшін ҰШЖ-ның жаңа стандарттарын жасап, бекітті.

  • Тоғызыншыдан, ҰШЖ нарықтық қатынастар, айналыс және қызмет көрсету сферасының мәнін төмендететін мүлде басқа теориялық-методологиялық принциптерге негізделген экономиканы басқарудың орталықтандырылган директивалық жүйссінің антиподы (қарама-қарсы) болып табылады. ҰШЖ ЖҰӨ, ТҰӨ, ҰТ және т.б. негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, олардың нақты мазмұны материалдық сферадағы және материалдық емес сферадағы ресурстарды пайдаланудың нәтижесі болып табылады яғни, атқарылған жұмыстың, қызметтің нәтижесі.

Сондықтан ҰШЖ-ның басты мақсаттары:

а) ел өмірінің барлығын қамти алатын жүйе негізінде елдегі экономикалық дамудың барлық негізгі процестері мен фазаларын қамтитын өзара байланыстағы көрсеткіштерді айқындау;

о) нарықтық қатынастардың дамуын ескере отырып, экономикалық ресурстарды неғүрлым тиімді пайдалану үшін ұсыныстарды анықтау және қоғамдағы адам қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесіндегі мемлекеттің экономикалық іс-әрекетін пайдалануды, яғни, шектеулі ресурстар әлеміндегі материалдық игіліктер мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу және тұтыну процесіндегі мемлекеттің, көрпорациялардың, фирмалардың, адамдардың тиімді іс-әрекеттеріне мүмкіндік туғызу. Бұл үшін ұлттық шоттар жүйесінің әрбір көрсеткішін ұқыпты, мақсатты пайдалану және олардың қөзғалысын зерттеу қажет.

Қазақстан Республикасының агенттігінде шығарылған статистика бойынша әдістемелік ережедегі макроэкономикалық дамудың басты параметрлерін негіздеу мен анықтауда келесідей анықтамалар берілген. Ұлттық шоттар жүйесінің мәні ұдайы өндіріс процесіндегі әр түрлі кезеңдегі экономика салаларының дамуындағы жалпылама көрсеткіштерін есептеуге және осы көрсеткіштер арасында өзара үйлссуіне мүмкіндік туғызады. ұдайы өндірістің әрбір кезеңіне арнайы есеп немесе есептер тобы сәйкес келеді. Сөйтіп, өндірістік тауарлар мен қызмет көрсетулер құнының қөзғалысын, сонымен қатар, өндірістен бастап пайдалануға, тұтынуға дейінгі қосылған құнды бақылап отыруға мүмкіндік бар.

Әдістемелік ережеде сонымен қатар, «тауарлар мен қызмет көрсету есебі», «өндіріс есебі», «табыстарды құру есебі», «өзгермелі табыстарды болу есебі» және т.б. макроэкономиканың негізгі параметрлері келтірілген.

ұлттық шоттар жүйесі негізінде келесідей макроэкономикалық көрсеткіштер есептелінеді:

Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ). ЖҚҚ салалар деңгейінде өндірілген тауарлар мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде есептелініп шығарылады.

Аралық тұтыну (AT) есепті кезеңіндегі өндіріс процесінде толық тұтынылған тауарлар мен қызмет көрсетулердің құнына тең.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). ЖІӨ өндіріс сатысында сала бойынша жалпы қосылған құнға тең.

Жалпы ішкі өнім нарықтық баға бойынша есептелінеді, яғни, өз өніміне және импортқа салынған таза салықтар. ЖІӨ елдің экономикалық іс-қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайтын ұлттық шот жүйесінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мемлекет территориясында орналасқан қызмет өндірісінің және материалдық өндіріс саласының ақтық өнімінің жиынтық құны ретінде есептелінеді де, елдің экономикалық қызметінің жалпылауыш көрсеткіші ретінде қолданылады. Ол өндіріс сатысында экономика салаларының қосылған құнының сомасы, ал пайдалану сатысында түпкілікті тұтынуға, қор жинауға және экспортқа арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер құны болып табылады. ЖІӨ ағымдағы нарықтық бағада (атаулы ЖІӨ) және салыстырма бағада (нақты ЖІӨ) есептелінеді.

Жалпы ішкі өнім 1993 жылғы ұлттық шоттар жүйесі халықаралық стандарт тараптарын ескере отырып, үш әдіспен есептелінеді: өндірістік, пайдалану және табыс көздері бойынша ЖІӨ -ні қалыптастыру әдісімен.

Өндірістік әдіспен есептеу кезінде ЖІӨ салалар бойынша негізгі бағаларда жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) және өнімге салынатын таза салықтарды жинақтау жолымен алынады.

Салалар деңгейінде ЖҚҚ тауар шығару және қызмет көрсету мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Өндірістік әдіспен ЖІӨ -ні бағалау үшін қажетті деректердің негізгі көзі экономика салаларының өндіріс статистикасы, министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ, республикадағы ұлттық банкінің деректері болып табылады.

Пайдалану әдісімен есептеген ЖІӨ дегеніміз - барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуына, жалпы қордаланымға және таза экспортқа жұмсалған шығыстар сомасы. Пайдалану әдісіндегі ЖІӨ-нің негізгі компоненттерінің бірі үй шаруашылығын зерттеу, ішкі және сыртқы сауда статистикасы, қызмет көрсету деректері бойынша есептелетін үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстары.

Табыс көздері бойынша қалыптастыру әдісімен есептелетін ЖІӨ. Бұл әдіс ЖІӨ-нің кұндық құрылымын талдау үшін найдаланылады, сондықтан қабылданған әдіснамаға сәйкес табыс көрсеткіштерінің барлығы тікелей есеп жолымен алынбайды, олардың бір бөлігі баланстық әдіспен есептеледі.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) - бір жыл ішіндегі елде өндірілген барлық соңғы игіліктердің, яғни, дайын тауарлар мен қызметтердің жиынтығы нарықтың бағасымен есептелінеді. Ол өзінің экономикалық мәні бойынша соңғы қоғамдық өнімге жақын, ұқсас болады, бірақ та, материалдық емес өндірістің қызмет көрсету құны одан жоғары болады. ЖІӨ мен ЖҰӨ-нің өзіндік модификациясы болып табылады, бірақ, жалпы ұлттық өнімнен айырмашылығы - барлық экономикалық субъектілерді ұлттық тегіне, меншіктілік пішініне қарамастан тәуелсіз елдің аумағындағы іс-әрекеттің, қызметтің нәтижесін қамтиды.

ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы айырмашылық - екі жақты. Бір жағынан, ЖІӨ есептегенде ЖҰӨ шет елдегі берілген елдің ресурстарын қолданудан түскен табыстардың сомасы алынып тасталады (жалақы, пайыз, дивиденд және т.б.). Екінші жағынан, ЖІӨ-ді есептегенде өндірілген шектеуліктердің (инвесторлардың) табыстары қосылады. Мысалы, шетелдік инвесторлардың алған дивидендтері олардың өз елдеріндегі ЖҰӨ-де және шетелдіктердің алған кооперациялық акциялары еліндегі ЖІӨ-де ескеріледі. ЖҰӨ-ді есептеудің екі әдісі бар: елдегі жасалған өнімге шығындар сапасы бойынша ("шығындар ағымы") немесе өнімді өндіру нәтижесінде алынған табыстар сапасы бойынша (табыстар ағымы). БіріншІ әдісті, "шығындар ағымын" қолдана отырып, барлық шығындарды қоссақ біз ЖҰӨ көлемін аламыз. Шығындар мыналардан түрады:

  1. тауар және қызметтерді (нан, киім, көлік және т.б.) сатып алуға үй шаруашылығының кеткен шығындары;

  2. станок, ғимарат, үй құрылысы, сатып алу үшін инвестициялар;

  3. мемлекеттік тауар және қызметіне (мектептер, ауруханалар) электр қуатына, көліктік төлемдерге (зейнетақы, жәрдем ақы, стипендия) кететін шығындары;

  4. таза экспортты, яғни, экспорт пен импорт көлемінің арасындағы айырмашылық.

Екінші әдісті, "табыстар ағымы" қолдана отырып, барлық табыстарды қоссақ, ЖҰӨ аламыз.

Табыстарға: жалақы, рента, пайыз және пайда жатады.

Табыс бойынша есептелген, ЖҰӨ-ге жататындар: жалақы, рента, пайыз, пайда, жанама салықтар және амортизациялық шығындар.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) есептен (өндірістен) шығарылған құрал-жабдықтары жаңа өндіріс құрал-жабдыктарымен ауыстырганнан кейінгі өндірістік тұтыну үшін қалған ақырғы (соңғы) өнім мен қызмет көрсетулердің сомасын көрсетеді. Әдетте, таза ұлттық өнімнің көлемі жалпы ұлттык өнімнен таза ұлттық өнімнің айырмасы амортизация сомасына тең.

ұлттық табыс (ҰТ) - бұл бір жыл ішінде жасалған жаңа құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жыл ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындардың айырмасы.

Таза ұлттық өнім - бұл ұлттық табыс пен жанама салыктар қосындысы, олар ұлттық табысты нарықтық баға бойынша анықтау үшін қолданылады.

ұлттық табыс таза ұлттық өнімді (ТҰӨ-ді) жасайтын өндірістік ресурс иелерінің барлық табыстары арқылы анықтайды.

Жеке табыс (ЖТ) халықтың жеке тұтынуы мақсатында қанша ақша жұмсалатынын көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ұлттық табыстан (ҰТ) корпорация пайдасына салынған салықты, олардың бөлінбеген пайда көлемін және әлеуметтік сақтандыруға жарна шамасы алынып тасталады да, халыққа төленетін трансферттік төлемдер қосылады (зейнетақы, стипендия, жәрдемақы).

Ұлттық байлық. Бұл көрсеткіш елдің өмір сүру тарихындағы дамудың қорытынды нәтижелерін анықтау үшін қолданылады.

ұлттық байлық (ҰБ) - бұл дәл осы уақытта елдегі барлық жиналған материалдық игіліктердің, тұтыну құралдарының жиынтығын, байлығын көрсетеді. Ұлттық байлық жыл сайын өндірілген өнім есебінен жаңарып және толықтырылып отырады. Сонымен қатар, ол белгілі бір уақыт кезеңінде, егер ұлттық байлықтың өндірістен ығыстырылатын, шығарылып тасталған әлементтері олардың өсуінен аз болса, онда ұлттық байлық өсуі мүмкін. Ұлттық байлықтың қүрамдас әлементтеріне материалдық және рухани ендірісі үшін қызмет атқаратын қоғамдық өндіріс құрал-жабдықтары; қоғамдық игілік болып табылатын халық мүліктері; материалдық және мәдени құндылықтар (музейлік экспонаттар, барлық жер астындағы байлықтар, ормандар және өзен-сулар); сонымен қатар, материалдық емес рухани құндылықтар (адам капиталы, ғылыми-техникалық ойдағы жетістіктер, ақпараттык ресурстар, ұлттық рухани мұралар) жатады. ҒТП-ң әсерімен пайда болған қоғамның әлеуметтік-экономикалық прогресі тек ұлттық байлықтың өсуімен ғана емес, сонымен қатар оның жалпы құрамындағы материалдық емес байлық үлесінің жоғарылауына байланысты.

Қазіргі уақытта статистикада ескеріліп жүрген ұлттық байлық уақыттың осы кезеңінде қоғамда бар, адамдар еңбегімен жасалған, жинақталған активтер жинағы болып саналады. Ұлттық байлық әлементтері экономикалық мақсатына сәйкес мынадай топтарға бөлінеді: негізгі капитал, материалды емес активтер, тауарлы-материалдық босалқы корлар. Үй мүлкі, үйлер мен ғимараттар, мал және көпжылдық екпе ағаштар бойынша негізгі қаражаттар құрамыннда, ауыл шаруашылығы өнімінің босалқы қоры бойынша тауарлы-материалдық босалқы қорларда ескеріледі. Үй шаруашылықтарындағы ұзақ мерзімде пайдаланылатын тұтыну тауарларының құны «анықтамалық» ретінде көрсетілген.

Негізғі капитал - өндіріс процесінде жасалған тауар өндіру, нарықтық және нарықтық емес қызметтер көрсету үшін өзгермейтін табиғи-заттай нысанда уақыттың ұзақ кезеңі ішінде бірнеше рет немесе үнемі қолданылып, біртіндеп өз құнын жасайтын өнімдер мен қызметтерге көшірілетін ұлттық байлықтың аса маңызды бөлігі.

Негізгі капиталға жататындар: үйлер мен ғимараттар, жұмсау құралдары, машиналар мен жабдықтар, көліктік құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылықтық мүліктер, ересек жұмысшы және өнім беретін мал, арнаулы құралдар және басқа негізгі өндіріс құралдары.

ұлттық байлықтың бұл әлементтерінің құндық формасы белгілі баға жүйесімен есептеледі.

Негізгі капиталдың болуы және оның құндық құрамы бастапқы (ағымдағы) және баланстық (төзуы шегерілген) құнымен есептеледі.

Бастапқы құн - бұл негізгі құрал-жабдықтарды құру немесе сатып алу үшін нақты жұмсалған шығындар құны, оған төленген орны толмайтын салықтар мен алымдар қосылады, сондай-ақ, жеткізуге, құрастыруға, орнатуға, іске қосуға жіберілген шығындар және өз міндетіне сай пайдалану үшін негізгі құрал-жабдықтарды жұмыс жағдайына келтіруге, іске қосуға тікелей байланысты кез келген басқа да шығындар.

Ағымдағы құн - бұл негізгі құрал-жабдықтың қолданыстағы нарықтық бағасы бойынша құны. Баланстық құн - бұл негізгі құрал-жабдықтың жинақталған төзу сомасын шегергендегі бастапқы немесе ағымдағы құны.

Материалдық емес активтер негізінен нақты табиғи нысаны жоқ, бірақ, «сезілмейтін құндылық» берілген және ұзақ бөліп немесе тұрақты қосымша табыс әкелетін активтер.

Материалдық емес активтерге жататындар: пайдалы қазбалаларды барлау, бағдарламалық қамтамасыз ету, ойын-сауық жанрының, әдебиет пен өнердің соңғы шығармалары, жаңа ақпарат, арнаулы білімдер, патенттер, лицензиялар, жолдау шарттары, тағы басқа материалдық емес активтер.

Тауарлы-материалдық босалқы қор - елдің ұлттық байлығының бөлігі, оның аса икемді, үнемі жетіліп, жаңғырып отыратын элементі. Оған өндірістік (материалдық және тауарлық) босалқы қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және алып-сату үшін тауарлар, материалдық және сақтық қорлар кіреді. Айналымдық құрал-жабдықтардың ерекшелігі - олар бір өндіріс цикліне қатыса отырып, өздерінің табиғи-заттық нысандарын өзгертеді және олардың құны өздерінен дайындалған өнімдер мен қызметтер құнына түгелдей кіреді, яғни, олардың құны өздерін пайдалану арқылы жасалған жаңа тауардың құнына түгелдей көшіріледі.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) екі түрлі әдіспен есептеледі. Бірінші әдіс - ол тауарлар мен қызмет көрсетушілерге жұмсалған сатып алушылардың соңғы түпкілікті қолданушылар ретіндегі шығындар сомасымен анықталады. Екінші әдіс - өндіріс процесінде көрсетілген шаруашылық қызметі субъектілері табыстарының сомасымен анықталады.