Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

3. Экономикалық цикл және оның түрлері

Экономикалық циклдардың ұзақтьнына байланысты мынадай типтерін айқындауға болады:

  1. Қысқа мерзімді циклдар. Бұларды Дж.Китчен циклдары деп атайды. Ол циклдің ұзақтығын алтынның дүниежүзілік қорлары-ның ауытқуларымен байланыстырған, ал циклдің ұзақтығын үш жыл торт айға теңеген.

  2. Орташа мерзімді циклдар. Бұл К.Жугляр циклдары атауын алған. Ол экономикалық циклдің себебін ақша айналымының сферасымен, нақтылап айтқанда, несиемен байланыстыра қараған.

3. Қүрылыс циклдары немесе С.Кузнец циклдары. Ол экономикалық циклдің себептерін түрғын үилердің және өндіріс ғимараттарының белгілі бір жаңалау кезеңдерімен байланыстырған.

4. Н.Д. Кондратьевтің үлкен циклдары инфрақұрылымның жаңа әлементтерінің құрылуына жетқілікті капиталдың қордалануы, жиналу және таралу механизмімен байланысқан. Қызмететудің ең ұзақ мерзімі копірлер, жолдар, ғимараттар және басқа инфрақұрылым әлементтері болады. Оларды құруға, капиталды қордаландыруға көп уақытты қажет етеді. Бұл 48-50 жылдар ұзақтықтығындағы циклдар. Осыған байланысты :жономикалық дағдарысқа былайша анықтама беруге болады. Экономикалық дағдарыс - бұл өндірісте және нарық қатынастарындағы қалыпты байланыстардың ысырысы болмауы мен жойылуы, үзілуі қоса жүретін шаруашылық жүйедегі теңсалмақтылықтың орасан зор бұзылуы. Бұл дамудың соңғы нәтижесінде экономикалық жүйенің біртұтас қызмет істеуінің бұзылуы басталады. Дағдарыстың барлық көптүрлілігін мынадай үш түрлі негіздемелер бойынша жіктеуге болады.

Бірінші негіз - шаруашылық жүйесіндегі теңсалмақтылықтың бұзылу ауқымдары бойынша жалпы дағдарыстар барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды. Сирек түрі экономиканың белгілі бір саласын немесе сферасын қамтиды.

Екінші негізге - экономикадағы теңсалмақтылықтың бұзылу тұрақтылығы. Кезеңді, мерзімді дағдарыстар белгілі бір уақыт ішінде қайталанады. Аралық дағдарыстар толық іскерлік циклдің басталуына мүмкіндік бермейді және белгілі бір фазада үзіліс табады. Бұл дағдарыс тайыздау және қысқа мерзімді болады. Тұрақсыз, жиі емес дағдарыстар өзінің пайда болу ерекшеліктері-мен байланысты. Салалық дағдарыс - халық шаруашылығының саласын қамтиды және өндіріс жүйесін өзгертеді, қалыптасқан шаруашылық байланыстарын бүзады. Аралық дағдарыстар - бұл ауылшаруашылық өнімдері сатылуының кілт тоқтатылуы. Ауылшаруашылық өнімдері бағаларының төмендеуі. Аралық дағдарыстың пайда болуының негізгі белгілері: ауылшаруашылық тауарларының сатылмаған қорының өсуі, оларға бағаның кемуі, өндіріс көлемінің қүлдырауы, өсуі, еңбекақының кемуі. Аграрлық дағдарыс көбінесе, ұзақ және тоқырамалы болады. Циклдік сипаттамасы байқалмайды. Құрылымдық дағдарыс - өндіріс салалары арасындағы қалыптасқан қатынастардың бұзылуымен байланысты. Мысалы, 70 жылдардың ортасында шикізаттық және энергетикалық дағдарыстар пайда болады.

Дағдарысты жіктеудің үшінші негізі - ұдайы өндіріс пропорциясының бұзылу сипаты бойынша айырмашылығы. Мұнда дағдарыстың екі түрі айқындалады.

Тауарды артык өндіру дағдарысы - артық өндірілген қажетті заттардың сатылмауы.

Тауарды қажетті мөлшерде өндірмеу дағдарысы - төлем қабілеті бар сұранысты қанағаттандырмауында.

Қоғамдық өнімді өндірудегі үлғаймалы ұдайы өндірістің дамуына әсер еткен бірінші фактор - бұл XX ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми техникалық революция. FTP әсерімен дағдарыстың барысы өзгеріп, оның жаңа түрлері пайда болып дамиды. FTP бір жағынан, ғылым нәтижесін көбірек сіңірген өндіріс саласын өмірге экеледі (микроэлектроника, робот жасау). Бұлар дағдарыстық қүлдырауға көнбейтін салалар. Екінші жағынан, FTP өнеркәсіптің дәстүрлі салаларында (көмір, қара металлургия) құрылымдық дағдарыстың пайда болуына себеп болады.

Құрылымдық дағдарыстың мерзімі ұзақтау болады. Ескі дәстүрлі салалардағы тоқырау және құлдырау процестері тек қана техникалық және технологиялық артта қалумен ғана емес, сонымен қатар, тиімділіктің төменгі дәрежесімен, пай да алудың орнына зиян шегумен байланысты болады. Мұндай дағдарыстан шығу артта қалған салаларды жаңаланған жоғарғы тиімділік беретін техникамен технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар, FTP негізгі капиталдың айналымын тездетуге елеулі әсер етті, ескі техниканы жаңа, жетілген техникамен ауыстыру тездетілді. Осының салдарынан дағдарыстың мерзімі гездетілді - 10-12 жылдың орнына 5-6 жыл ішінде қайталанды.

Қоғамдық өнімді өндірудегі үлғаймалы ұдайы өндірістің дамуына әсер еткен екінші фактор мемлекеттің шаруашылықты дамытуға, макроэкономикалық процестерді тұрақты дамытуға, кедергі келтіретін дағдарыстың бүзғыштық күшін элсіретуге бағытталған белсенді араласуы болды.

Батыс елдерінде циклге және дағдарысқа қарсы саясат жүргізуде үлкен тәжірибе жинақталған. Нәтижесінде дағдарыстардың бүзғыштық күш-әрекеттері элсіреді, циклдің іс-белсенділігі кейбір дәстүрлі фазасынсыз, біркелкі даму мен құлдыраудың терецдігі, көтерілудің биіктігі азайды.

Барлық экономикалық дағдарыстар ұдайы өндіріс жүйесінің бұзылуынан басталады, оған өндірісаралық (нарықтағы тауар сұранысы) және халық тұтынуы (төлемқабілеттілік сұранысы) байланыстарьшың теңелмеушілігінен пайда болады.

Экономикалық цикл - кезеңдік көтерілу, өрлеу және іскерлік

белсенділіктің басылуымен көрінді.

Тербеліс болуының нәтижесі әр түрлі экономикалық белсенділік көрсеткіштерін сипаттайды: ЖҰӨ өсуінің қарқыны, жалпы сату көлемі, жалпы баға деңгейі, жұмыссыздық көлемі т.б.

Негізгі цикл болып ЖҰӨ өсу қарқыны теңселуі кезінде экономикалық жүйе 4 фазадан түрады: жандану, өрлеу, бум (ағылшын тілінен аударғанда гүлдену), депрессия, төмендеу, күйзеліс.

Төмендеу, күйзеліс сипаттамасы:

  • алдымен қор жойылады, өндірістік инвестиция қысқарады:

  • еңбекке сұраныс азаяды; -тауар бағасының өсуі төмендейді;

  • табыстың тез түсуі байқалады.

Максимальді басылу. Басылу фазасы рецессия және депрессия болып екіге бөлінеді.

Рецессия (күйреу) - бұл ұлттық өндіріс көлемінің басылуы, 6 ай және одан әрі жалғасады.

Депрессия (күйзеліс) - бұл жоғары жұмыссыздықтың өсуімен біраз жылға сөзылатын ұлттық өндіріс көлемінің басылуы.

Өрлеу сипаттамасы басылуының қарама-қайшы жағы. Барлық болыи жатқан құбылыс қарама-қарсы бағытта жүреді.

Гүлдену сипаттамасы - іскерлік, белсенділік шыңы. Экономика өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істейді.

Қысқа, орта, мерзімді циклдар.

Қысқа мерзімді. Нарықтық сұраныстың тауармен қызмет көрсетуге ұсыныстың ауытқуы: қысқа, ұзақ мерзімде.

Орта ұзақтық цикл. Құрал-жабдыққа, күрылысқа сұраныстың өзгеруімен байланысты ауытқу. Капиталдың күшею жолымен жаңаруы 8-12 жылға сөзылады. Ұзындық уақыты 10-15 жыл негізгі капиталдың қызмет ету уақыты сияқты.

ұзақ мерзімді цикл 40-60 жылға сөзылады. Өндірісте технологиялық тәсілдің бір түрден екінші түрге ауытқуы.