Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

5. Макроэкономикалық саясат

Макроэкономикада ашылған зандар, экономикалық зерттеу кезіндегі анықталған беталыстар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.

Қазіргі таңда саясат түсінігі өндіріс пен өнімдерді сатумен айналысатын адамдардың қатынастарын реттеу және қалыптастыру әдістері мен құралдарының, мақсаттарының, идеяларының жиынтығымен түсіндіріледі.

Саясат - кең мағынада, шоғырлану сипатындағы экономика. Ол рьшоктық экономика шаруашылығындағы әрекет ететін экономикалық зандардың мазмұны мен талаптарынан, нарықтық экономика шарттары мен қағидаларынан туындауға тиісті.

Теорияда, тәжірибеде дәлелденгендей, қоғамның даму қажеттіліктерін біртұтас алғанда, саясат қоғам мүддесін дұрыс көрсететін болса, онда ол әлеуметтік қайта құрудың тереңдеуі мен нығаюының маңызды факторларының бірі болмақ.

Қазіргі таңдағы макроэкономикалық саясаттың басты мәселесі - бұл қоғамдағы экономикалық қатынастарды түбегейлі қайта күру, өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің әр түрлі формаларының дамып кірігуі. Қоғамдағы экономикалық қатынастардың қайта қүрылуы теорияда да, тәжірибеде де меншікке қатысты қөзқарасты өзгертуге, жаңа көзқараста болуға міндеттейді.

Тауарөндірушілерге, кәсіпкерлерге тұрақты жағдайды қамтамасыз ету үшін саясат шаруашылықтың осындай пішіндерін, түрлерін және типтерін тиісінше, өндірістік қатынастарының қалыптасуына бағыттауы керек.

Макроэкономикалық саясатта әлемдік тәжірибені пайдаланудың да мәні зор.

Әкімшілдік-әміршілдік жүйеден нарықтық экономикаға өту

үшін осы бағыттағы әлемдік тәжірибеде жинақталған классикалық принциптерді қатаң басшылыққа алу керек. Макроэкономикалық тұрақтандырудың басты бағыттарына мыналар жатады:

  • мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою және шамадан тыс, артық ақша эмиссиясы мен несиені шектеу;

  • бағаларды ырықтандыру (либерализация). Бағалар үхыныс пен сұраныс негізінде қалыптасады;

  • меншік иелерінің құқығын және олардың шаруашылық келісім-шарттарының орындалуын қамтамасыз ететін заңдарды шығару;

  • мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, сонымен қатар, жеке тұлғалардың жаңа кәсіпорын құру қүқығын заңдастыру, әр түрлі салалардағы монополияларды жого;

  • ашық түрдегі экономиканы қалыптастыру, еркін сауда қатынастарын дамыту, шетелдік инвестицияларды қорғау, пайданы репортациялау (әкету) мүмкіндігін және ұлттық валютаның айналымын қамтамасыз ету;

  • экономикаға мемлекеттің тікелей араласуын шектеу, эконо-микалық реформалардың табысты аяқталуы, мемлекеттің дәстүрлі рөлін қайта қарауды қажет етеді. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің басты міндетіне меншік құқығын жүзеге асыру және жасалған шаруашылық келісІмдерді қамтамасыз ету және қорғау, монополияға қарсы саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту, инфрақұрылымның негізгі салаларының дамуына көмектесу және т.б. жатады.

Нарықтық экономикада макроэкономикалық процестерді мемлскеттік реттеу тікелей және жанама әдістердің көмегімен жүргізіледі.

Өтпелі экономикада мемлекеттік ретгеудің объектілері ең алдымен, экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе циклге қарсы саясат, яғни, нарықтық бәсеке жағдайына бақылау, халықты олеуметтік қорғау саясаты болып табылады.

2-тақырып. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК