Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

1. Нарықтық тепе-теңдік, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс

Нарықтық экономика - бұл еркін баға құру механизмі. Еркін баға құру механизмі арқылы ол өзін-өзі реттеуге, тепе-теңдікті үнемі қалпына келтіруге қабілетті экономикалық жүйе болып табылады.

Макроэкономика микроэкономикаға қарағанда, жеке объектілер мен процестерді емес, олардың жиынтығын қарастыра-ды. Ол жеке бағаларды емес, жинақталған бағаны, жиынтық бағаны қарастырады.

Макроэкономкалық теңдікті табу үшін, ең алдымен, жинақталған сұраныс және жинақталған ұсыныс категория ларын қарастыру қажет. Өйткені, нарықтық макроэкономика - бұл жинақталған сұраныс пен жинақталган ұсынысты үнемі қалпына келтіріп отыратын механизм болып табылады.

Нарықтық механизм барлық шаруашылық кәсіпорындарына, фирмаларга, тауарондірушілерге пайда алуға ынталық, қызықтылық тудырады. Толыққанды нарық жағдайында тиесілі жинақталған сұраныс жүйесі қалыптасып реттеледі. Жинақталған сұраныс - бұл ұлттық өндірістің нақты көлемі, тұтынушының, кәсіпорынның (фирманың), мемлекеттің белгілі бір баға деңгейіндегі сатып алу қабілеті.

ұлттық өндірістің нақты көлемі мен баға деңгейі арасындағы тәуелділік, сұраныс қөзғалысына кері немесе қайшы бағытта болады.

Экономикалық тепе-теңдік кезінде өндірілген жиынтық өнімді сату актісі қамтамасыз етіліп, жинақталған сұраныс қанағаттандырылатын экономикалық жағдай алғы шарт болып ссептеледі. Қолда бар жұмыс күшін, өндіріс қуатын толық найдалану бұзылған тепе-теңдікті үнемІ қалпына келтірудің қолайлы шарты.

Экономикалық тепе-теңдік - бұл барлық нарық түрлерінің, агап айтқанда, тауарлар рыногының, жұмыс күші рыногының, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының сәйкестелінген тепе-теңдік рыногы.

Нарықтардың тепе-теңдік дамуға қол жеткізуі, тепе-теңдікті орнатуы экономикадағы барлық салалардың, сфералардың, әлементтердің тепе-теңдік жүйелі дамуы, өзгеруі процесінде ішкі және сыртқы нарықтардың өзара байланысуы арқылы, ұлттық шаруашылықтың әлемдік шаруашылықпен байланысуы негізінде қол жеткізіледі.

Жинақталған ұсыныс - бұл әр түрлі баға деңгейінде үсынуға мүмкін тауар мен қызметтің жалны саны. Жинақталған ұсынысты жалпы ұлттық өнімге немесе ұлттық табыс көлеміне теңестіруге болады. Жинақталған ұсыныс баға деңгейіне тәуелді. Өте жоғары баға тауардың өндірісін және оған ұсынысты ынталандырады, қызықтырады. Ал, өте төмен баға керісінше өндірісті және тауарға ұсынысты қысқартады.

Жоғарыда жинақталған сұраныс және жинақталған ұсыныс туралы айтылды. Алайда, ол екі категорияны, әр қайсысын жеке Караганда нақты сауда қандай бағада болатынын айта алмаймыз. Осы екі қөзғаушы күшті біріктірсек, он да тепе-теңдік бағасын, яғни нарықтық бағаны анықтауға мүмкіндік туады. Тауар және қызмет көрсетулер толық ақшаға айырбастала алатын бағаны нарықтық баға дейміз.

Бүкіл әлем дәрежесінде тарихи аспектіде қарағанда, жалпы экономикалық тепе-теңдік теориясын экономист-математик Л.Вольрос жасап үсынған. Оның теориясы бойынша кез келген нарықтық шаруашылықтың тепе-теңдікке ұмтылуы беталыс (тенденция) түрінде жүргізіледі. Ол тепе-теңдікке қол жеткізудің негізгі құралы - айырбас деп есептеген.

Л. Вольрос, В.Перето, Дж.Хикс экономикадағы тепе-теңдіктің шарттары мен оларға қол жеткізу әдістерін қалыптастырды.

Ортақталынған экономикада, яғни, социалистік жүйе кезіндегі тепе-теңдік нарықтық реттеуіштермен емес, әкімшілік-әміршілік жолымен жүзеге асырылды.

Нарықтық экономика кезінде тепе-теңдікке қол жеткізу - өте күрделі, қайшылығы көп, ұзақ мерзімді экономикалық процесс

Тепе-теңдікке, тиІмділікке қол жеткізу - әлеуметтік-экономикалық, жүйелік, институционалдық кайта құрулар, экономикалық реформалар арқылы жүзеге асады.

Тепе-теңдіктің негізгі реттеушілері болып нарық механизмінің әлементтері - сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке болып саналады. Нарықтық экономика жағдайында барлық өндірілген өнімдер (жиынтық өндіріс) тауарға айналуға тиісті (жиынтық ұсыныс), яғни, сатылуға тиісті (сатудың жиынтық көлемі), ал барлық табыстар (жиынтық табыс) тұтынылуға тиісті, яғни, жиынтық сұраныс жиынтық тұтынысқа айналуы тиіс.

Тек осы жағдайда ғана төлем қабілеті бар сұраныстың жиынтық көлемі және тауарлық ұсыныс көлемі сәйкестелінеді, теңдеседі.

Нарықтық экономикадағы осындай мінсіз (идеальный), іс жүзінде қол жете бермейтін жағдайды "экономикалық тепе-теңдік" дейтін ұғымы қалыптасқан. Солай бола түра нарықтық экономика үнемі қөзғалыста, даму үстінде болғандықтан жиынтық сұраныс пен жиынтьтқ ұсыныстың тепе-теңдігІ үнемі тепе-теңсіздікке айналып, үнемі бұзылу процесінде болады. Басқа сөзбен айтқанда, нарықтық экономика кезіндегі даму тепе-теңдік, тепе-теңдіктің үнемі бүзылып, үнемі қалпына келтіру процесі тепе-теңдіктің үнемі ауытқу процесі арқылы дамуда болады.

Сонымен, экономикалық тепе-теңдік жиынтық сұраныс пен жиынтық өндірістің сәйкестігін тең брлуын талап етсе, экономикалық даму тепе-теңсіздікке әкеледіі, яғни, тепе-теңдікті бұзып, оны орнына, қайта қалпына келтіріп[ отырады. Нарықтық экономика өзінің табиғи жаратылысымен,: әр түрлі реттеуші әдістерімен қайшылығы мол осы екі өзара кері талапқа жауап беріп отырады.

Табиғи-нарықтық және институционалдық механизм осындай таңқаларлық тепе-теңдік құбылыстарға макроэкономикалық үлгі-лер (модельдер) жасау арқылы шешуге тырысады. Бүдан шығатын қорытынды: жиынтық сұраныс - бұл тұтынушылар, кәсіпорындар, үкімет тарапынан мүмкін болған баға арқылы сатып алуға дайын ұлттық өнімнің нақты көлемі. Мұндай өнім көлемінің қалыптасуы

көптеген факторлар мен жағдайларға байланысты.

Солай бола тұра, мұнда келесідей заңдылық бар: баға деңгейі неғүрлым төмен болса, соғұрлым тұтынушылар, кәсіпорындар, үкімет ішкі нарыққа ұлттық өндірістің үлкен бөлігін сатып алуға тырысады.

Жиынтық ұсыныс ел ішінде түрлі баға деңгейінде өндірілетін ұлттық өндірістің нақты көлемінен тұрады. Бірмезгілде неғұрдым жоғары баға деңгейі жаңа тауар өндіруде тауарөндірушілер үшін қосымша ынталандырушы, қызықтырушы болып табылады. Осындай жағдайда ұлттық өнім көлемі мен баға деңгейінде тура тәуелділік туындайды.

Тарихи аспектіде түрлі мектеп өкілдерінің осы мәселені талдау мен бағалауға көзқарастары әр түрлі, бұлар экономикалық теориядағы классикалық және неоклассикалық, сол сияқты кейнсиандық бағыттар.