Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

2. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы

Әлеуметтік экономикалық әдебиетте нарық жағдайында ұлттық өндірісті реттеу механизмінің негізгі екі бағытын бөліп көрсетуге болады.

Біріншісі, нарық жүйесін автоматты түрде өзін-өзі реттейтін классикалық бағыт. Оның өкілдері: А.Смит, Д. Рикардо, Д.Ст. Миень, А.Маршалл және А.Тигу.

Екіншісі, нарық жүйесіне міндетті түрде мемлекеттің араласуын қажет ететін кейнсиандық бағыт, яғни, нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу.

Бірінші, классикалық бағыт үшін негізінен микроэкономика-лык талдау тән, классиктер сияқты неоклассиктерде де неғүрлым кең ауқымды мәселелерді зерттеу болды. Бірақ, макроэкономика терминін олар қолданбады.

Классикалық бағыт өкілдері жалпы экономикалық тепе-теңдік жөнінде айтты, бірақ, оны тек қысқа мерзімдік кезеңде жетілген бәсекелестік жағдайында қарастырды. Бұл мәселені жетілген бәсекелестік тұрғыдан неғұрлым толық қарастырған француз экономисі Жан Батист Сэй (1832) болды. Ол ерікті бәсеке пөзициясын басшылыққа алды. Ол да тауар ұсыныстары өзінің жеке таласты тугызуы жөніндегі тезисті негіздеді.

Экономикалық теория мен тәжірбиеге бұл жағдай Сэй заңы деген атпен енді. Оған сәйкес, ерікті бәсекелестік жағдайда ұлттық нарықта өндірілген өнім көлемі автоматты түрде барлық жасалатын тауарлардың күнына тең келетін табысты қамтамасыз етеді. Сэй анықтамасы бойынша табыс иелері ақшаға емес міндетті түрде материалдық игіліктерге қызығушылық танытты.

Сэй заңы бойынша "өндіріс өзінің сүранымын жасайды". Басқаша айтқанда, адамдар өздеріне қажет заттарды сатып алу мақсатымен тауарларды өндіреді және сатады. Егер сатып алуға кейбір өнім қажет болмаса, онда өндіруші оны шығаруды тоқтатып, басқа сұранымы бар тауар өндіруге кіріседі. Сонымен егер тек сүранымы бар тауарлар ғана өндірілсе, он да оларды сатудан түскен табыс (пайда), міндетті түрде сол өндірушіге қажетті тауарларды сатып алуға жұмсалады, яғни, ұсыныс өз сұранымын жасайды. Басқаша айтқанда, тауарлардың артық өндірілуі де және ұзақ жұмыссыздық болуы да мүмкін емес. Олар тек қысқа мерзімді болуы мүмкін, бірақ, ешқашанда ұзаққа сөзылмайды.

30 жылдардағы ұлы депрессияның басталуы, көптеген жылдар боны кең тараған жұмыссыздық және тауарлардың артық өндірілуі, Сэй заңы билігінің түбіне жетті, өмірдің өзі Сэй заңын теріске шығарды.

Классикалық мектеп өкілдері үшін тауардың табиғи бағасы, яғни, тауардың құны өндірістік шығындарға тәуелді.

Осымен, олар еңбек құны теориясына бастама қосады. Сонымен қатар, нарықтық баға көптеген сыртқы нарықтық факторларға байланысты.

Нарықтық тепе-теңдік аумағындағы классикалық теорияның негізгі жағдайында неоклассикалық бағыт жақтаушылары өздерінің геориялық түжырымдарына негізделеді. Соңғылары 19 жылдың аяғы мен 20 жылдың басында қалыптасып 20-жүзжылдықтың 30-жылына дейін еркін бәсекелестікті айтып билік етті. Неоклассиктер

реттелетін нарықтық экономиканың көп аспектілі талдауымен айналысты, осы максатта сұраныс және ұсыныс, бағалық механизм, экономикалық ресурстар сияқты экономикалық категориялар кең қолданылған түрлі экономикалық үлгілердің құрылымын қолданды. "Жетілмеген бәсекелестік теориясы" ұсынылды, оның экономикалық монополиялануға тәуелді екені айтылды. Бұл бағыттың өкілдері А.Маршалл, Джон Робинсон (1903-1983); Эдвард Чемберлин (1899-1967).

Профессор Джон Робинсон өзінің күдіксіз емес бәсекелестік термині сатушылардың баға тағайындауда, күдіксіз бәсекелестікке қарағанда артық, аса таза бәсекелестік немесе олигополия жагдайында сату нәтижесінде бұл еркіндікке ие болады. Джон Робинсон күдіксіз емес бәсекелестікті капиталистік жүйенің кемшілігі деп түсіндірді. Оның айтуына қарағанда, компаниялар өз тарауларының бағасын күдіксіз бәсекелестік жағдайынан жоғары тағайындап, түсіретін пайдасын көбейте бермек, ал тұтынушылар оның нәтижесінде аз ақшаларын артық шығындауға мәжбүр болады. Ал осы уақытта экономика мүмкінділігінше ең үлкен жұмысбастылықпен тауар және қызмет көрсетулерді қамтамасыз етпей-ақ жұмыс істей береді. Осының барлығы, өз кезегінде өндіріс дамуының тоқтауына және жұмыссыздыққа, яғни, соңында саяси тұрақсыздыққа алып келеді.

Экономист-классиктер бағаның икемділігінің, жалақының, пайыздық мөлшерлеменің, яғни, сұраныс пен ұсыныс арасындағы балансты көрсететін еңбекақы мен бағаның еркін жоғары немесе төмен жылжуын көрсетеді. Олардың пікірінше жиынтық ұсыныс, ІҰӨ өндірудің элеуеттік көлемін көрсететін тік сызықты көрсетеді. Бағаның төмендеуі жалақының төмендеуіне экеледі, сондықтан толық жұмысбастылық сақталады. Накты ЖҰӨ көлемінің қысқаруы болмайды. Мұнда барлық өнім басқа баға бойынша сатылады. Басқаша айтқанда, жиынтық сұраныстың темендеуі ЖҮӨ мен жұмысбастылықтың төмендеуіне емес, тек бағаның төмендеуіне әкеледі. Сонымен классикалық теория мемлекеттің экономикалық саясаты өндіріс көлемі мен жұмысбастылыққа емес, тек баға деңгейінде ғана әсер етеді деп санайды. Сондықтан оның өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты реттеуге араласуы қажет емес.