Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

4. Циклді өндірісті нарықтық және мемлекеттік реттеу

Қазіргі замандағы нарықтық экономиканың қызметі мемлекеттІң белсенді әсер етуі арқылы жүргізіледі. Мемлекеттің экономикаға әсер етуі арқылы экономикалық цикл, дағдарыстың тереңдігі мен жиілігі, циклдің фазаларының ұзақтығы және олардың арақатынастары өзгереді.

Мемлекеттің экономикалық циклге әсер етуінің әдіс-тәсілдері - несие-ақша, бюджет, салық жүйелері, түлғалары болып табылады.

Дағдарыс кезеңінде мемлекеттік шаралар - өндірісті ынталандыру, ал көтерілу кезеңінде - оны тежеу, үстау болып табылады. Мәселен, мемлекет экономиканың "қыздырылуын" элсірету мақсатында циклдің көтерілу фазасында несиені қымбаттатуға әсер етеді, салықтардың жаңа түрін енгізеді, ескі салықтарды көтереді, тездетілген амортизацияны және жаца инвестицияға арналған салықтың жеңілдіктерін алып тастайды.

Қорытып айтқанда, нарықтық экономиканың циклдік дағдарыс арқылы өзін-өзі реттейтін механизмі мемлекеттік реттеу арқылы жүзеғе асырылды. Әйтсе де, циклді мемлекеттік реттеудің өзі де дағдарысқа үшырауда. Бұл қазіргі замандағы циклдік дағдарыстардыц ерекшеліктері. Осының салдарынан мемлекеттің экономикалық қызметі экономиканың тұрақсыз дамуының қосымша себептеріне айналды.

Дағдарыс цикліне қарсы бағытталған мемлекеттің саясаты инфляцияға қарсы саясатқа ауыстырылды.

Инфляция қазіргі экономикалық циклідің қүрамдас бөлігі болып есептелінеді, ол экономиканың циклдік қөзғалысына әсер етіп, циклдің механизмін өзгертеді. Бұл өзгеріс бағаның нарықтық сұранысының дағдарыстық тарылуьша, әлсіреуіне экеледі.

Сонымен инфляция дегеніміз не?

Инфляция дағдарыстың ең жойқын белгілерІнің бірі больш табылады. Ол бейне тат сияқты экономиканың негізгі тіректерін, і үлғаларын бұлдіреді, кәсіпорындармен халықтың жиған-тергеніи құнсыздандырады, сөйтіп, эконо-миканың жандануына мүмкіндік бсрмей, ұлттық валютаны элсіретеді. Бағаның тынымсыз өсуі

адамдардың жүйкесін, жүйке тамырын әлсіретіп, келер күнге сенімсіздІгін күшейтіп, болашақты жоспарлаудың, болжаудың мүмкіндігінен айырады.

Болып жатқан инфляцияны әлсіретудің (тоқтатудың) бір амалы ретінде үкімет ұлттық банкпен бірлесіп, инфляцияға қарсы қатаң қаржы-несие саясатын жүзеге асыруды, кәсіпорындардың салық ауыртпалығын төмендету және нарықтық қайта құруды жүзеге асыруға арналған мемлекеттің шығынын инфляциясыз арттыру бағытына біртіндеп көшіруді ескере отырып, жалғастырды.

Қазіргі нарықтық экономикада қағаз ақшаның алтынға тәуелділігі мүлдем үзілген, ақша айналымының дәстүрлі заңы бүзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Мұның себебі мынада, көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару карқынын көтерді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігінен де асып кетті.

Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, барлық шаруашылық пропорциялары бүзылады. Жоғарыдағыны ескере отырып, мынадай қорытындыға келуге болады.

Қазіргі заманғы инфляция - бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкестіктің жоқтығы және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялары бұзылуының нәтижесі, сонымен қатар, ол - бағаның орта деңгейінің көтерілу үрдісі. Бұл тұтас сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімнен шығаруға әсер беретін ақшалай нарықтың құбылысы.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзак уақыт бойы өмір сүреді.

Инфляцияның омірдегі көрінісі - тауар бағаларының күрт өсуІ. Осы көріністі американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт "ақшаның тауарды қууы" деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебі айналымдағы ақша массасы мен сатылуға тиіс тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы. Мұндай диспропорция,

біріншіден, өндірістің күрт қысқаруынан, екіншіден, айналымдағы тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет ез шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны коп шығаруынан болады.

Алайда, айналымдағы ақша массасы тұрақты болған кезде де кейбір жағдайларда инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 40-70-жылдарда АҚШ-та айналымдағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтің келемі қысқарып, инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша айналымының жылдамдығын арттырудыц нәтижесінен болған инфляция еді. Ақша айналымының жылдамдығын арттыру өзінің экономикалық тиімділігі жағынан, басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын шығарумен тең.

Инфляция - өндіріс процесінІң бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссия саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі кәп факторлы құбылыс.

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни, ақшаның алтынға қатысы құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның осуі тауарға сұраныстың артық болуына байланысты. Белгілі бір тауар рыногында сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінің бұзылуы элі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайларда да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дагдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) смсс, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуіне байланысты болды. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның мі)іюполиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, Салықтың жаңа молшерлемелерін енгізуге, ақша олшемінің (ввальвациялануы мен ревальвациялануына, нарық коньюктурасы-НЫҢ өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына

байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.

Коньюнктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдің түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе, XIX ғ. аяғы - XX ғ. басы кезіне тән "классикалық түрі") бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне экелуі тиіс. Циклдік толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығын инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы қүрылыс матери алдарының бағалары өседі. Бұл қүрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.

Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкестіктермен байланысты екенін еске үстап, оның ішіндегі ең бастыларын айтайық.

Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, балаистың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер тапшылық Орталық эмиссия банкісінен қарыз арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда, "ақша станогы" белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін (MV=PO) еске түсірсек, М мен Р көрсеткіштерінің өсуінің байланысы анық.

Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе, экономиканы милитаризациялаумен байланысты инвестиция инфляцияны өрістетеді. Ұлттық табысты эскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - олар қоғамдық байлықты текке рәсуә етеді. Әскери ассигнациялардың өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне үрындырады.

Үшіншіден, баға деңгейІнің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем үқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық нарық. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдануға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін үстап түру үшін өндірІс пен тауар үсынуды қысқарту арқылы тапшылық жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салага жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстыц сәйкес келмеуі көмектеседі.

Төртіншіден, ел экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарына тартылуы барысында "импорттық" инфляция қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дагдарыс) сырттан экелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауьша экелді. "Имлорттық" инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау, ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ, ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, алайда бұл дүниежүзілік нарықта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.

Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол "инфляцияны күту" нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің коптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.

Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің мсханизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жагдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық іауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды.

ДүниежүзІлік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда, бұл құбылысты қөздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық, Батыс Еуропада II дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлар тапшылығынан пайда болды. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатынасы, инфляциялық індеттің басқа елдерден келуі және т.б. факторлар себепші болады. Бүрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік (диспропорция) жатады, ол әміршілдік-экімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай ЖҰӨ-дегі эскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу, және қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жоғарғы деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т.б. ерекшеліктер.

5. Қазақстандағы дағдарыстың және дағдарыстан кейінгі экономика дамуының ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы нарық экономикасына кэшу кезеңінде аса ауыр экономикалық және әлеуметтік дағдарысты басынан өткізуде. Экономикалық дағдарыстың көздерін, бастапқы себептері мен ерекшеліктерінің беттерін ашу қазіргі күн тәртібіне қойылған үлкен мәселе.

Республикамызда болып жатқан дағдарыстың қайнар-бастаулары қайда жатыр, оның бастапқы себептері неде? Ол үкімет жүргізіп отырған реформалардан және басқа факторлардан туындаған ба элде нарық экономикасына көшіруден туындаған ба деген заңды сұрақтар туындауда.

Мұндай сұрақтарға жауапты мынадай мемлекеттік маңызы бар бағдарламалардан іздеуге болады. Олар республикамызда жасалып іске қосылған "Дағдарысқа қарсы төтенше шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы" (1994 ж.); "Нарықтық қайта құруларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э. Назарбаевтың 1994 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесіне жолдауы. "Дағдарысқа қарсы төтенше шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы" республикамыз шаруашылығын нарықтық негізде қайта құруға, әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың негізін қалауға, халықты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін жасауға, экономикалық дағдарыстан елімізді аман-сау алып шығуға бағытталған.

Қазақстанда болған экономикалық дағдарыстың негізгі ерекшелігі - дағдарыс ұлттық экономиканың барлық жағын қамтиды, оның ішінде, эсіресе, халықтың күнделікті өмірлік тұрмыс дәрежесін әлсіретті.

Дағдарыстың зардабы және ерекшеліктері нақтылап айтқанда, төмендегідей болады:

Біріншіден, дағдарыс - нарықтық экономикамен біте қайнасып жатқан кұбылыс. Дамудың нарықтық үлесіндегі барлық дамыған елдер элсін-әлсін және қазірдің өзінде де дағдарыстың қандай да бір нысандарын бастан кешіріп отырады. Оның зардабын, ауыртпалығын жеңілдетуге және зардаптарын азайтуға, одан шығудың қарқынын жеделдетуге бағытталған көптеген шаралар жасалып іске асырылып жатады. Бірақ, эзірге дағдарыстан ешбір ел қүтылған емес. Ал Қазақстан болса, өзін нарыққа өту жолының басын өкінішке орай, дағдарыстық фазадан бастады.

Екіншіден, Қазақстан экономиканы басқарудың түгесіліп біткен әкімшілік әдісінің нәтижесінде эбден беті ашылып асқынған дағдарыстың ауыр көріністері айқын біліне бастаған кезде егемендікке ие болып, дербес дамуға бағыт алған еді.

Үшіншіден, республикамыз басынан кешіріп отырған дағдарыс бүрынғы экономикалық жүйенің ыдырауының және сапалық түрғыдан жаңа жүйені қалыптастыру қажеттігінің тумасы.

КСРО-ның ыдырауы экономикадағы дағдарыстың ушығуы-

ның негізгі себептерінің бірі болды. Егемендік алған кезде Қазақстанның экономикасы Одақтың тұтас та мызғымас экономикасының өзіне тән оқшау міндетін орындайтын бір "тілім" ғана болатын.

Қазақстан бүрынғы кеңес империясының шикізат отары ретіндегі сыңар жақ дамуының салдарынан оның салмағын бүкіл салалар элі күнге дейін айқын сезінуде. Кей кезде дағдарыстың бір себебі осы ма деп қаласың.

Біздің пікірімізше, дағдарысқа келтірген реформалар емес, қайта керісінше, ыдыраған одақтан мұраға қалған дағдарыс, одан шығудың жолдарын іздестІруге итермелеп, реформалар жолына түсуге мэжбүр етті. Республикамыз егемендіке ие болған кезде экономикамыздың іріп-шіру дертіне душар болғаны белгілі. Қазақстанда жалпы ұлттық өнімнің құлдырауы ол кезде (1990 ж.) 7 пайыз болды. Бірақ, бұл тек алғашқы дабыл қоңырауы еді.

Нарыққа өту жылдары республикамыздың даму бағыты дағдарыстың объективті зияндылыктарын бастан кешіп, осыған байланысты қиыншылықтарды арқалап жүріп өтуге және дүниежүзілік дамудың ережелерімен әрекет етуге мәжбүр болды. Дағдарыстан дүниежүзінің бірде-бір елі айналып өтіп кете алмағаны белгілі. Америка, Франция, Англия, Түркия, Германия, Үндістан және басқа елдер үлы күйзеліспен қүлдырауды бастан кешірді. Дағдарыстан шығудың және экономиканы тұрақтандыру-дың басты бағыты - нарық экономикасына өтуді қамтамасыз ету болды.

Аталған бағдарламада нарыққа өтудің кезеңдері айқындала-ды. Алғашқы кезең 1990 жылдың аяғына дейінгі, екінші кезеңі 1991 жылы, үшінші кезеңі 1992 жылды қамтиды. Нарықтық қатынастарды дамыту және экономиканы тұрақтандыру жайында әрбір кезеңнің алдына нақтылы міндеттер қойылды. Осы міндеттердің іс-жүзіне асырылуына байланысты экономикалық дағдарыстан шығып, тұрақты даму, экономикалық өсу жайында мынадай дәлелдер бар.

Егер 1998 жылға дейін республикамыздың ұлттық экономикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде өндірістің жылдан жылға құлдырауы байқалса, басқа сөзбен айтқанда, республикамыздың экономикасы дағдарыс жағдайында болса, 1999 жылдан бастап жағымды, оң макроэкономикалық бетбұрыс байқалады. 1999 жылды 1998 жылмен салыстырғанда, жалпы ішкі өнімнің өсуі - 2,7 %, 2000 жылды 1999 жылмен салыстырағанда - 9,6%, 2001 жылды 2000 жылмен салыстырғанда-10%, 2002 жылды 2001 жылмен салыстырғанда - 9,0 %, 2003 жылды 2002 жылмен салыстырғанда 8-9% болды. Осы келтірілген көрсеткіштер Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасы тұрақты экономикалық өсу жолында екенін айқын көрсетеді. Егер осыған дейін қазақстандықтар нарық экономикасына жұмыс істесе, енді нарықтық экономика қазақстандықтар үшін жұмыс істеуге кірісті, ягни, нарықтың шежІресі енді-енді басталды десек те болады.

Қазіргі макроэкономика саясатының басты бағыты - бәсекеге қабілетті экономиканы құрьш дамыту.

Қазақстан Республикасының Президент! Н.Э. Назарбаев өзінің Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,бәсекеге кдбілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін деген Қазақстан халқына 2004 жылгы 19 наурыздағы жолдауында бәсекенің рөлін анықтай келіп, былай деген: "Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті мәселесін шешу қабілетінен мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді". Бұл түсінікті де.

Бәсекелік - нарықтық механизмнің маңызды әлементтерінің бірі болып табылады. Бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілердің өндіру жағдайы неғүрлым үтымды болуы үшін жанталасқан күрес. Неғұрлым сапасы жоғары, аз шығын жұмсап өндірілген өнімдерге деген сұранысты қанағаттандыру, яғни, оны өндірушінің тұтынушыларды өзіне тарту үшін күресте басқалардан артықшылы-гы бар деген сөз. Сөйтіп, бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілердің бетін тұтынушыларга бүратын, тауарды тұтынушылардың сұранысына сәйкес өндіріп, сырттай мэжбүр ететін қуатты қөзгаушы күш, ал мемлекет деңгейінде - үлкен саясат.

Ел экономикасы дамуының жаңа кезеңінде, яғни, экономикалық өсу кезеңіндегі дамудың басым бағыттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э. Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деген Қазақстан халқына 2004 жылгы 19 наурыздагы жолдауында былайша анықталған:

-экономиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрократиясыздандыру;

  • Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;

  • индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;

  • инфрақұрылымдарды дамыту.

Ендігі міндет еліміздің алдына қойылған осындай басты бағыттарын іс жүзіне асыру. Бұл үшін республикамыздың күш-қуатын, халқымыздың бойындағы барлық жақсы қасиеттерІн, парасат пен зият күшін бір бағытқа жұмылдырып, оның күллі әлеуетін барынша пайдалану қажет. Еліміздің ұзақ мерзімдік стратегиясында (2030) тынбай алга баса беру бүкіл халыктық, үлкен мемлекеттік саясатка айналуда.